Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhet_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177 Кб
Скачать
☆

56. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді

Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі дамыту бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдерді қамтитын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қазіргі заманғы жай-күйін кешенді талдау негізінде әзірленді, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында 2007 жылы корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделін құру бойынша жұмыс басталды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2007 жылғы желтоқсанда Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама бекітілді      Осы Тұжырымдаманың негізгі ережелерін іске асыру үшін 2008 жылы жаңа Бюджет кодексі қабылданды, ол «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын қабылдауға және нәтижелерге бағдарланған бюджеттеуге көшуді енгізуге негіз болды.    2009 жылы алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық бағыттар мен елді дамыту мақсаттары айқындалған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары қабылданды.    ҚРң 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мынадай құжаттары қабылданды және іске асырылуда.       1. Орталық деңгейде:       1) салалық және өңірлік дамудың түйінді бағыттары бойынша мемлекеттің тәсілдерін айқындау мақсатында қабылданған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;       2) индустриялық-инновациялық даму, денсаулық сақтау, білім беру, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым және мемлекеттік тілді дамыту салаларында 5 мемлекеттік бағдарлама;       3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы;       4) индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық дамуға, кәсіпкерлікті қолдауға, өңірлерді дамытуға және басқаларына бағытталған 43 салалық бағдарлама. Бүгінде мемлекеттік жоспарлау саласында қолданыстағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіруді талап ететін проблемалар бар:       1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары санының көп болуы, бұл оларды тиімді іске асыруды қиындатады.       2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасы.       3) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мен көрсеткіштерінің қайталануы.       4) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының босаңдығы.       5) тәуекелдердің тиімсіз басқарылуы.       6) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асырудың және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау тетіктерінің жетілмегендігі.       7) жоспарлау процесімен айналысатын кадрлардың біліктілік деңгейі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]