Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Налоговый учет К4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

78. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?

1.Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды түлғаның салық салынатын табысын анықтау, корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі осы баптың және Салық Кодексінің 79-135-баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.2.Резидент емес заңды тұлғаның табыстарына тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.3.Егер резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе сондай қызметті Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын болса, осындай қызметтен түскен табыстар тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен түсетін табыстарға жатады.4.Салық Кодексіне сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен табыстар алуға тікелей байланысты шығыстар Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегерімге жатады.5.Резидент емес заңды түлғаның тұрақты мекемеге:1.осы резидент емес заңды тұлғаның меншігін немесе санаткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, қаламақылар, алымдар және басқа да төлемдер;2.қызмет көрсеткені үшін алынатын комиссиялық табыстар;3.осы резидент емес заңды тұлға берген заемдар бойынша сыйақылар;4.резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;5.құжатпен расталмаған шығыстар;6. резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстары ретінде ұсынылған соманы тұрақты мекемеден шегерімгежатқызуға құқығы жоқ.

  1. Қазақстан Республикасы салық жүйесіне анықтама беріңіз? 1

  2. Қазақстан Республикасы салық механизміне не жататынын атаңыз? 1

  3. Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз? 1

  4. Салық бақылауы мен салық тексерулері түрлерін атаңыз? 1

  5. Ұйымның салық саясатын қалай түсінесіз? 1

  6. Жылдық жиынтық табысқа (ЖЖТ ) анықтама беріңіз? 1

  7. Жылдық жиынтық табыстың (ЖЖТ )түрлерін атаңыз? 1

  8. Жылдық жиынтық табысты (ЖЖТ )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма ? 1

  9. Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады? 1

  10. Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады? 1

  11. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады? 1

  12. Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түріне не жатқызылады? 1

  13. Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс қалай танылады? 2

  14. Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс тануда бухгалтерлік есеп пен салық есебінде айырмашылық бар ма? 2

  15. Бағамдық айырма қай кезде пайда болады? 1

  16. Бағамдық айырма есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма? 1

  17. Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады? 1

  18. Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады? 1

  19. Салықтық есеп бойынша шегерімдер дегеніміз не? 1

  20. Шегерімдер түрлерін атаңыз? 1

  21. Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша шегерімдерге не жатқызылады? 1

  22. Еңбек ақы шығындары бойынша шегерімге қандай шығындар апарылады? 1

  23. Сыйақы бойынша шегерімдер қалай есептелінеді? 1

  24. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер қашан пайда болады? 1

  25. Күмәнді талаптарға анықтама беріңіз? 2

  26. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер қай кезде пайда болады және не себептен? 2

  27. Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма? 2

  28. Өкілдік шығындар дегеніміз не және ол қай мақсатқа пайдаланылады? 2

  29. Өкілдік шығындар бойынша шегерім қалай есептелінеді? 2

  30. Өкілдік шығындар есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма? 2

  31. Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар қай кезде пайда болады? 1

  32. Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар сомасының шегерімге қалай апарылады? 1

  33. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімдерді атаңыз? 1

  34. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім қалай есептелінеді? 2

  35. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бухгалтерлік есептегі салық шығындары сомасы мен бірдей болуы мүмкін бе? 2

  36. Сақтандыру сыйақылары және жарналары бойынша шегерімге не жатқызылады?1

  37. Теріс бағамдық айырма бойынша шегерім қай қезде пайда болады? 1

  38. Әлеуметтік төлемдербойынша шегерім дегеніміз не? 1

  39. Жұмыс берушінің қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға арналған шегеріміне не жатқызылады? 2

  40. Шегерімге апарылмайтын шығындарды атаңыз? 2 Шегерімге апарылмайтын шығындар бухгалтерлік есепте шығынға апарылмайды ма?

  41. Мүшелік жарна төлемі шегерімге қанша мөлшерде апарылады? 2

  42. Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша шегерімді қалай түсінесіз? 2

  43. Салық түрлері бойынша бюджетке төленген айыппұл мен өсімпұл шегерімге апарыла ма? 2

  44. Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз? 1

  45. Тіркелген активтерке не жатқызылады? 1 тіркелген активтер топтарын және шектік амортизация нормасын атаңыз? 2

  46. Бухгалтерлік амортизация нормасы мен салық есебіндегі нормада айырмашылық бар ма, бар болса атаңыз? 2

  47. Тіркелген актив бойынша құндық баланс қалай анықталады және оның сомасы бухгалтерлік есеп көрсеткіштері негізінде пайда бола ма? 2

  48. Тіркелген актив қалай кірістеледі және бухгалтерлік есеп бойынша кірістелуден айырмашылығы бар ма? 2

  49. Тіркелген актив қалай шығысталады және бухгалтерлік есеп бойынша шығысталудан айырмашылығы бар ма? 2

  50. Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады? 2

  51. Тіркелген активтер бойынша амортизация қалай есептелінеді? 2

  52. Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бухгалтерлік амортизация есептеу мен бірдей ма? 2

  53. Тіркелген активті ағымдағы жөндеу шығындары қайда апарылады? 2

  54. Тіркелген активті күрделі жөндеудің шығындары қайда апарылады? 2

  55. Табыстар мен шегерімдерді түзетуді қалай түсінесіз? 2

  56. Залалдардың салық есебі дегеніміз не? 2

  57. Тұрақты айырмаға қандай айырмалар жатқызылады? 2

  58. Уақытша айырмаға қандай айырмалар жатқызылады? 2

  59. КТС бойынша аванстық төлемдер дегеніміз не? 2

  60. Салық ставкасына анықтама беріңіз? 1

  61. Салық кезеңі дегеніміз не? 1

  62. КТС бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі қалай жүргізіледі? 1

  63. КТС бойынша аванстық төлемдер төлеу мерзімін атаңыз? 1

  64. Әлеуметтік салада қызмет ететін мекемелерге салық салу тәртібі қалай жүргізіледі? 1

  65. Салық режимін қалай түсінесіз? 1

  66. Арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата? 2

  67. Арнайы салық режимінде кімдер жұмыс істей алады? 1

  68. Патент негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата? 2

  69. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз? 2

  70. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата? 2

  71. Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз? 2

  72. Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата? 2

  73. Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз? 2

  74. Жер қойнауын пайдаланушы төлейтін арнайы төлемдер мен салықтарға не жатады?2

  75. ҚР қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер? 2

  76. ҚР қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі? 2

  77. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғалар кімдер? 2

  78. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?