- •1.Қр салық жүйесіне анықтама беріңіз
- •2.Қр салық механизміне не жататынын атаңыз
- •3. Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз?
- •5.Ұйымның салық саясатын қалай түсінесіз?
- •8.Жылдық жиынтық табысты (жжт )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма ?
- •9.Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады?
- •10.Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады?
- •11. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады?
- •12. Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түріне не жатқызылады?
- •14. Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс тануда бух есеп пен салық есебінде айырмашылық бар ма?
- •16, Бағамдық айырманы есептеудің бухгалтерлік ж/е салық есебінде айврмашылық барма
- •17.Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады?
- •18.Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады?
- •19.Салықтық есеп бойынша шегерім дегеніміз не
- •20. Шегерімдер түрлерін атаңыз?
- •21. Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер( бойынша не жатқызылады?
- •21.Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша шегерімдерге не жатқызылады?
- •22. Еңбек ақы шығындары бойынша шегерімге қандай шығындар апарылады
- •23. Сыйақы бойынша шегерімдер қалай есептелінеді?
- •24. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер қашан пайда болады?
- •25 Күмәнді талаптарға анықтама беріңіз
- •26. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер қай кезде пайда болады және не себептен?
- •27. Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма?
- •28. Өкілдік шығындар дегеніміз не және ол қай мақсатқа пайдаланылады?
- •29. Өкілдік шығындар бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •30. Өкілдік шығындар есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма?
- •31 Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар қай кезде пайда болады?
- •32. Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар сомасының шегерімге қалай апарылады? Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •33. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімдерді атаңыз? Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі
- •34. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •35. Салықты және бюджетке мөленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бух есептегі салық сомасымен бірдей болуы мүмкін бе
- •35.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бухгалтерлік есептегі салық шығындары сомасы мен бірдей болуы мүмкін бе?
- •36. Сақтандыру сыйақылары және жарналары бойынша шегерімге не жатқызылады?
- •37. Теріс бағамдық айырма бойынша шегерім қай қезде пайда болады?
- •38. Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерім дегеніміз не?
- •40.Шегерімге апарылмайтын шығындарды атаңыз? Шегерімге апарылмайтын шығындар бухгалтерлік есепте шығынға апарылмайды ма?
- •41. Мүшелік жарна төлемі шегерімге қанша мөлшерде апарылады?
- •44.Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?
- •50. Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады?
- •51.Тіркелген активтер бойынша амортизация қалай есептелінеді?
- •52. Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бух амортизация есептеу мен бірдей ма
- •56 Залалардың салық есебі дегеніміз не?
- •57.Тұрақты айырмаға қандай айырма жатқызылады
- •58. Уақытша айырмаға қандай айырмалар жатқызылады
- •59.Ктс бойынша аванстық төлемдер дегеніміз не?
- •60. Салық ставкасына анықтама беріңіз?
- •61. Салық кезеңі дегеніміз не
- •62. Ктс бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі қалай жүргізіледі
- •63. Ктс бойынша аванстық төлемдер төлеу мерзімін атаңыз
- •64. Әлеуметтік салада қызмет ететін мекемелерге салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •65. Салық режимін қалай түсінесіз?
- •66. Арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •67. Арнайы салық режимінде кімдер жұмыс істей алады?
- •68. Патент негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата
- •69. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?
- •Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •73.Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •74.Жер қойнауын пайдаланушы төлейтін арнайы төлемдер мен салықтарға не жатады.
- •75. Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер ?
- •76.Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •78. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
18.Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады?
Егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, танылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері табыс ретінде танылады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қоспағанда, бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұлдар) шегерімге жатпайды.
100.17.015 жолында:
А бағанына 100.00.014 жолы көшіріледі;
В бағанында айыппұлдар, өсімақылар және санкцияның өзге де түрлері бойынша табыстар көрсетіледі
19.Салықтық есеп бойынша шегерім дегеніміз не
шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуге тиіс. Салық Кодексінде шығыстарды нормалар шегінде шегерімдерге жатқызу жағдайлары айқындалған. Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады. Болашақтағы кезеңдердің шығыстары қай салық кезеңіне қатысты болса, сол кезеңде шегерілуге тиіс. Табиғи монополистер шеккен залалдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген нормалар шегінде шегерілуге жатады. Егер шығыстардың бірнеше баптарында белгілі бір шығындар көзделсе, салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсетілген шығындар тек бір рет шегеріледі. Мемлекеттік бюджетке енгізілуге тиістілерін қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы шегеріп тасталуға тиіс. Шегерімдер есептеу әдісі бойынша танылады, оған сәйкес жұмыстар орындалғанда, қызметтер көрсетілгенде тауарлар жөнелтілгенде оларды сату мақсатында және мүліктерді кіріске алғанда табыстар мен шығындар төлем уақытына байланыссыз есепке алынады. Табыс алумен байланысты құжаттармен расталған шығындар ЖЖТ – тан шегерімдерге жатады, сондықтан егер салық төлеуші мысалы, ЖЖТ алумен байланысты өнім өндіру кезінде материалдардың нормадан артық шығыны болғанын дәлелдейтін болса онда бұндай шығындар шегерімдерге Салық Кодексінің 104 бабының 1 тармағы (жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар шегерімдерге жатпайды) бойынша жатқызылуы қажет. Шығындарды шегерімдерге жатқызу олар нақты орын алған салық кезеңінде болашақ кезеңдер шығындарынан басқа орындалады. Яғни бір операция бойынша шығындар мен табыстар бір мезгілде табылады және мұндай резервтерді құру 5 БЕС талаптарына сәйкес орындалады.
20. Шегерімдер түрлерін атаңыз?
Шегерімдер есептеу әдісі бойынша танылады, оған сәйкес жұмыстар орындалғанда, қызметтер көрсетілгенде тауарлар жөнелтілгенде оларды сату мақсатында және мүліктерді кіріске алғанда табыстар мен шығындар төлем уақытына байланыссыз есепке алынады. Табыс алумен байланысты құжаттармен расталған шығындар ЖЖТ – тан шегерімдерге жатады, сондықтан егер салық төлеуші мысалы, ЖЖТ алумен байланысты өнім өндіру кезінде материалдардың нормадан артық шығыны болғанын дәлелдейтін болса онда бұндай шығындар шегерімдерге Салық Кодексінің 104 бабының 1 тармағы (жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар шегерімдерге жатпайды) бойынша жатқызылуы қажет.Шығындарды шегерімдерге жатқызу олар нақты орын алған салық кезеңінде болашақ кезеңдер шығындарынан басқа орындалады. Яғни бір операция бойынша шығындар мен табыстар бір мезгілде табылады және мұндай резервтерді құру 5 БЕС талаптарына сәйкес орындалады.Шегерімдерге жатқызылатын шығындарды сәйкесінше есепті ұйымдастырып шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:
І. Салық салынатын табысты анықтаған кезде толығымен шегерімдерге жатқызылатын шығындар:
іс-сапар шығындары;
еңбек ақы бойынша шығындар;
7 БЕС сәйкес ТМҚ өзіндік құнына қосылатын шығындар (Салық Кодексінің 65 бабының 3 тармағы (Салық мақсаттары үшін тауар-материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелерге сәйкес жүргізіледі);
уақытша еңбекке жарамсыздық күндеріне төлем ақы және жүктілік және жәрдем ақы төлемдеріне шығындар;
бюджетке енгізілуге жататындардан басқа айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыппұлдары;
болашақ кезеңдер шығындары (басылымдарға жазылу, сақтандыру полистері және т.с.с.);
міндеттік күнтізбелік, қосымша және төтенше салымдар сомалары (ұжымыдық кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктері үшін) және басқа табыс алумен байланысты және құжаттармен расталған сомалар.
ІІ. Шегерімдерге нормалар мөлшерінде және шектеулермен жатқызылатын шығындар:
іссапарлық шығындар (тәкліктік ақы);
табиғи монополистердің жоғалтулары;
өкілдік шығындар;
алынған несиелер, займдар, қаржылық лизингтер бойынша сыйақылар;
депозиттер бойынша сыйақылар;
өленген күдікті міндеттемелер;
төленуге тиісті (төленген) сақтандыру сыйақылары;
қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянның өтемін төлеуге шығындар;
теріс бағам айырмасы;
салықтар (әлеуметтік, көлік салығы, мүлік салығы және т.б.);
қалыпты еңбек жағдайын және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындар;
фирманың ЖЖТ алу мақсатында пайдаланатын жеке мүліктер үшін компенсациялық (орнын толтыру) төлемдері;
орындалған негізгі құралдарды жөндеу құны;
негізгі құралдар және материалды емес активтердың амортизация сомалары;
жер қойнауын пайдаланушының жасаған шығындар топтарына амортизациялық аударымдар сомалары (геологиялық зерттеу, барлау, дайындық жұмыстары, қол қойылатын бонус, коммерциялық табу сомалары және т.с.с.);
жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқыту шығындары;
жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік саланы дамыту шығындары;
100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) төмен ішкі топ балансының құны;
күдікті талаптар;
нақты орындалған бөлімдегі ұзақ мерзімді келісім-шарт бойынша шығындар.
