Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
738 Кб
Скачать
☆

3.«Қазақстан-2030» Стратегиясының басымдықтары

Бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстан республикасының жоғары индустриальды дамуға қол жеткізуді және дамушы елдер қатарынан, қазіргі «азиялық жолбарыстары» деп аталатын Оңтүстік Корея, Малайзия, Бруней, Сингапур, Тайвань сияқты Азияның гүлденген индустриальды елдер қатарына өтуін жүзеге асыру.1997 жылдың қараша айындағы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық қорытындының шығарылуы, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді. . Қазақстан-2030 Стратегиясының басымдықтары

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

  • Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.

  • Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

  • Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

  • Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

  • Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

  • Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

  • Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

№ 5 Емтихан билеті

1. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар,игіліктер

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері: Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.  Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.  Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы. Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.  Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды. Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:  1. Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады  2. Оларды мұраға қалдыруға болмайды.  3. Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.

2.Негізгі, айналмалы капитал . Оларға не жатады?

Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. . Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік. Капитал түсінігіне ең толық, жан жақты зерттеуді жүргізген К.Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. Капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар капиталдың заттық түрі болады көрсетті – машина, шикізат, құрал-жабдықтар. Кәсіпкерік сфераның қандайда болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы керек. Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:

  • капитал – деген құрал – жабдықтар жиынтығы,

  • капитал деген ақша сомасы.

Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.

Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды.Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал- бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.Материалдық тозу:негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:

  • жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;

  • табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.

Материалдық тозудың екі жағы болады:

  • техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;

  • құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.

Моралдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:

  1. еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

  2. құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.

Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді).

Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.

Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша қаражатын мақстаты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.

Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады. Демек. амортизация қоры өңдірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың косымша көзі ретінде қызмет етеді.

3.Экономикалық қажеттілік, игілік

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері: Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.  Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.  Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:  1. Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады  2. Оларды мұраға қалдыруға болмайды.  3. Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

№ 6 Емтихан билеті

1.Оукен заңы.

Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді? Эконом белсенділік пен жұмыссыздық арасындағы сандық өзара байланысты белгілеген Оукен заңы. Бұл заңға сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейден 1%-ке өсу ЖҰӨ көлемін 2.5%-ке азайтады. Осы 2,5 Оукен коэффициенті деп аталады. Бұл 1: 2,5 қатынасы жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздық пен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі. Мысалы, құлдырау жылдарында жұмыссыздық деңгейі – 9,5% немесе 6% табиғи деңгейден 3,5% -ке жоғары. Осы 3,5%×2,5 Оукен коэффициентіне көбейтіп ЖҰӨ -нің арта қалу көлемі 8,75% құрағанын көреміз. Басқаша айтқанда толық жұмысбастылық жағдайында жұмыссыздық деңгейі болатын болса ЖҰӨ 8,75% көп болған болар еді . Оукен заңы 2 бөліктен тұрады. 

1) ЖҰӨ өсімінің белгілі бір шамасы тек қана жұмыссыздық деңгейін өсірмеу үшін қажет. Жұмыс күшінің саны жыл сайын өседі, ал оны қолдану бұл кезде одан әрі өнімді болады. Осы себептер бойынша 2,5 тен 3 %-ке дейін нақты ЖҰӨ жыл сайынғы өсімі жұмыссыздықты бұрынғы деңгейде ұстап тұруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажет  2) Қарқынды өсім жұмыссыздықты азайтады, ал өсу қарқынының төмендеуі жұмыссыздардың үлесін ұлғайтады. Егер өсім қарқыны мысалы, 3 тен 5,5% -ке дейін өсетін болса, жұмыссыздық үлесі шамамен 1 % -ке түседі. Оукен заңының маңызды аспектісі оның екінші бөлігі, яғни 2:1 ережесі табылады. 2:1 ережесі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін эконом өсім қандай болуы тиіс екендігін көрсетеді. Айталық, жұмыссыздық үлесі 8%, ал үкіметтің міндеті оны 6%-ке төмендету. Бұл салықтық ынталандыру ақша саясаты арқылы экономикалық өсудің жоғарғы темпіне қол жеткізуді білдіреді. Бірақ экономикалық өсу қандай болуы тиіс? Жұмыссыздық жыл ағымында 2%-ке түсуі тиіс. Бұл үкімет алдағы жылы нақты ЖҰӨ өсу қарқынын шамамен 6,5% деңгейінде қамтамасыз етуі тиіс екендігін білдіреді. Оның 2,5% жұмыссыздық деңгейін өткен жыл деңгейінде сақтау үшін қажет, ал тағы да 4% жұмыссыздық деңгейін 2%-ке қысқарту үшін қажет.

02

2.Еркін экономикалық аймақ.

Еркін экономикалық аймақтар - ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін жеңілдікті экономикалық жағдайлар жасалған аймақтар.

Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады. ЕЭА-ның негізгі мақсаттары: Осы аймақты дамыту; Әлемдік тәжірибе алу; Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу. Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін: еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен қалалар

3.Адам және оның шаруашылық іс- әрекеті.

 Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «баласыздық» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің аркасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің калыптасу барысында өзіндік дамуыньгң объектісі ғана емес, сонымен катар субъектісі де екенін ескеру керек. Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ен маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және езін белсенді түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтьшсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген. Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Адамның белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдык қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның іс-әрекеті) оның себеп-салдарымен, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя білуімен, оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен байланысты.

№ 7 Емтиханбилеті

1. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің пайыздық көрсеткіші.

2. Филлипс қисығы.

3. Экономикалық ауытқу. Түрлері, мәні

1. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – бұл әлеуетті ЖІӨ-ге сәй-кес келетін толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикицондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең. Шетел-дік тәжірибеде жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша «NAIRU» деп атайды.

«NAIRU» (Non-Accelerations-Infliacion Rate of Unemployment) түсінігі – бұл инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың дең-гейі немесе инфляцияны тұрақтандыратын жұмыссыздықтың қалып-ты деңгейі. Жұмыссыз-дықтың табиғи деңгейін ресми бағалау алғаш рет АҚШ-та 1960-жылдары жүргізілді және оның шамасы 4%-ды құрады. Дегенмен, жоғарыда аталып өткендей, көптеген экономистер-дің айтуынша, әртүрлі елдерде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі-нің шамасы тәжірибе жүзінде 7%-дан 20%-ға дейінгі аралықта жүруі мүмкін.

2. Филлипс қисығы қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық пен инфляцияның арасындағы өзара байланысты көрсетеді.Кейнстің пікірінше, жұмыссыздық пен инфляция үдерістері карама карсы бағытта дамиды.Агылшын экономисі Албан Филлипс Кейнстің осындай қорытындысы негізінде жұмыссыздық пен инфляция арасындағы графиктік көрінісін ұсынды.Суреттен көріп отырғанымыздай инфляцияның аса жоғарғы қарқыны кезінде жұмыссыздық деңгейі

№ 8 Емтихан билеті

1. Девальвация, ревальвация.

2. Кәсіпкерлік

3. Ұлттық және коммерциялық банктердің қызметтері

Жауаптар

  1. Девальвация – валюта бағамының басқа валютамен салыстырғанда төмендеуі. Ревальвация – бұл валюта бағамының басқа валютаға қарай көтеріліуі.

Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта бағамының төмендеуі.

Ревальвация - ұлттық валюта бағамын ресми түрде жоғарылату.

  1. Кәсіпкерлік – бұл азаматтар мен бірлестіктердің мүліктік жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағатталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.

Кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен байланысты емес. Оның әртүрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылатын капиталдың толық меншікті болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын да қолдануға болады. Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі. Ал тәуекел дегеніміз жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы.

Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жаңалықты іздеу, игерумен тығыз байланыста болуы қажет. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық. Біріншісінің мәні бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максимальды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады. Екінші модель өзінде бар ресурстарын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.

Кәсіпкерліктің субьектілері жеке тұлғалар, әртүрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, кооперативтер және мемлекет. Кәсіпкерлік обьектілеріне шаруашылық қызметтің кез-келген түрі, коммерциялық, делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар жатады.

Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Бұл кәсіпкерліктің негізін өндіріс процесі құрайды.

  2. Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді сатып алу – сатумен айналысатын қызмет түрі. Өнім өндірісімен айналыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шеңберінде болса алыпсатарлыққа жатпайды.

  3. Қаржылық кәсіпкерлік – сатып алу- сату обьектісі ақша, бағалы қағаздар, валюта болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі.

  4. Делдалдық кәсіпкерлік – бір келісімге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызмет. Осындай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

  5. Сақтандыру кәсіпкерлігі – сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын ұаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.

  1. Ұлттық банктер – теңгенің тұрақтылығын, оның сатып алушылық қабілетін және шетелдің басқа валюталарымен салыстырғанда теңге бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету,ұлттық банк жүйесін дамыту және нығайту, есептеулер жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Коммерциялық банктер – уақытша бос акша қаражаттарын жұмылдырып, оларды мерзімділігі, төлемділігі және қайтарымдылығы жағдайында ұсына алатын, пайда табуға бағытталатын несиелік инститтура. Коммерциялық банктер несие беру, салымдарды қабылдау, төлемдер жүргізуде делдалдық таныту, акцияларды сатып алу, сенім бойынша мүлікті басқару, мемлекеттік қарыздарды орналастыру, қаржылық-несиелік мәселелер бойынша кеңес беру, жал оперциялардың үлкен көлемін нарықтық негізде жүзеге асыратын жеке банктер ретінде сипатталады.

Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

  • І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

  • ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.

Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:

  1. Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

  2. Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

  • мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;

  • Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;

  • Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

  • Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

  • Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

  • ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

  • Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

  • Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]