- •Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: натуралды, тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері
- •2.Дағдарыс түрлері, мәні
- •3.«Қазақстан-2030» Стратегиясының басымдықтары
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мерзімді
- •Аккордты
- •1.Кәсіпкерлік түрлері (қаржылық, өндірістік, инновациялық, классикалық, серіктестік, ао, шағын, орта, ірі және т.Б.), мәндері
- •2.Экономикалық өсу мәндері. Экономикалық өсудің негізі
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері
- •3.Банк дегеніміз не?
- •2.Негізгі капиталдың тозу түрлері
- •3.Мемлекеттік бюджет.
- •1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •2.Меншік объектілері мен субъектілірі
- •3.Экономикалық цикл себептері (неоклассикалық, кейнсиандық, ақша-несие, маркстік, толық тұтынбайтын концепция) мәні.
- •1. Микроэкономикалдық артықшылықтары:
- •2. Макроэкономикалық артықшылықтары
- •3. Шетелдік инвестициялар үшін пайдалы болуы
- •1. Маркстік тұжырым б-ша:
- •2. Маржинализм тұжырым б-ша:
- •3. Бәсеке түрлері
- •Макроэкономикалық көрсеткіштер, анықтамалары
- •Мұндағы: жұө1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
- •Ақша-несие саясатының құралдары, мәні
- •2)Шығындар түрлері(тұрақты, өзгермелі, жалпы, шекті, орташа, экономикалық, бухгалтерлік, айқын, айқын емес және т.Б.), олардың мәндері және оларға не жатады.
- •Ш ығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •3)Макроэкономика, микроэкономика дегеніміз не, нені зерттейді, негізгі мәселесі?
- •1)Валюта жүйе түрлері (алтын стандарт, алтын-девиздік және т.Б.), жылдары, мәні
- •2)Икемділік дегеніміз не?
- •3)Экономикалық ресурстар дегеніміз не?
- •1)Экономикалық жүйе дегеніміз не? Экономиканың негізгі үш мәселесі?
- •2)Экономикалық цикл фазалары: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу. Мәндері
- •3)Экономикалық жүйе түрлері, мәні.
- •Несие функциялары:
- •Несиенің түрлері
- •1.Сауда
- •2. Еңбекке сұраныс бағасы
- •1.Лоренц қисығы
- •2.Ақша-несие саясаты
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •3. Сұраныс заңы мен Ұсыныс заңы
- •1.Нарықтың негізгі элементтері
- •3.Халықаралық сауда
2.Негізгі капиталдың тозу түрлері
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.
Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.
Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:
жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;
табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.
Материалдық тозудың екі жағы болады:
техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;
құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.
Моралдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:
1. еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
2. құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.
Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді).
Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.
Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады. Демек. амортизация қоры өңдірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың косымша көзі ретінде қызмет етеді.
Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте манызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.
Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипаттайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндсгі айналым саны арқылы есептеледі:
п
=
мұнда П - айналым саны,
О - капитал айналымының өлшем бірлігі ( 1 жыл),
Т - берілген капиталдық айналым мерзімі (ай).
