- •№1 Емтихан билеті
- •№2 Емтихан билеті
- •№3 Емтихан билеті
- •Арабский тип
- •Персидский тип
- •Османский тип
- •№4 Емтихан билеті
- •3. Аббасид дәуіріндегі қала құрылысы. Бағдад – «Әлем қаласы».
- •№5 Билет
- •2. Әлемнің сұлулығы туралы ойшылдар мен ақындардың жазуы (Омар Хайям, Саади).
- •№6 Билет
- •1,Мұхаммедтің көзқарастары. Мұхаммедтің бірінші уағыздары.
- •2. Көркем жазу (каллиграфия) өнері. Қалам – көркем жазушылардың басты құралы.
- •3. Мысыр сәулет өнерінің өзгешіліктері: Каирдегі Ибн Тулуна мешіті, Мамлюктер бейітіндегі кесене.
- •№7 Билет
- •1. Мұсылмандардың басты мейрамдары.
- •2. Сұлулықтан ләззат алу, эстетикалық пайымдауға адамзаттың ұмтылысы (теолог және әдебиетші Ибн Хазм, 994-1064).
- •3. Тебріз миниатюра мектебі.
- •№8 Билет
- •1.Мұхаммед өміріндегі хашимит тайпасынанан шыккан Абд аль-Мутталиб пен Абу Талибтің рөлі.
- •2. Мұсылман әліппесі. Бұған не жазамыыыыыын білмедім((
- •3. Мавритандық Испания сәулет өнерінің ерекшеліктері: Кордовадағы Омейядтар мешіті.
- •13 Билет
- •1.Бәдәуилер жыры
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •№17 Емтихан билеті
- •1. Сирия және Иран – халифаттағы жаратылыстану ғылымдарының даму орталығы.
- •№ 18 Емтихан билеті
- •2. Хадиша – Мұхаммедтің адал жары.
- •3. Ислам этикасы
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Араб-парсы жырларының классикалық жанры – рубай, газель, месневи.
- •1. Ислам елдеріндегі тарих ғылымының дамуы.
- •2. Рибат және дарбазалар – ислам сәулет өнеріндегі қорғаныс құрылыстар.
- •3. Шарап туралы өлеңдер – хамрият.
№5 Билет
1. 622 жыл – хижра жылы. 16 шілде 622 жыл мұсылманша жыл санай басталуының жариялануы.
Һиджра (араб.: هجرة — көшіп жүру, қоныс аудару) — Ислам дінін ұстайтын мұсылман елдердегі жыл санау жүйесінің басталатын күні. Хижра күні біздің күнтізбеміз бойынша 622 жылдың 16 шілдесіне, жұма күніне келеді. Бұл күні Мұхаммед (ғ.с.) Меккеден Мединеге (бұрынғы аты Ясриб) қашып барып паналаған. Өйткені Меккедегі ислам дініне қарсы болған арабтар алғашқы кезде Мұхаммедті өлтірмекші болған. Хижра дәуірін Мұхаммедтің орнына отырған екінші халиф Омар (Ғұмар бин әл-Хаттаб) 637 жылы тағайындаған. Хижра күнтізбесінде жыл Ғұмардың жарлығы бойынша 12 айға бөлінген, тақ нөмірлі айлар 30 күннен, жұп нөмірлі айлар 29 күннен есептелген, айлардың белгілі атаулары болған. Сонда жыл 354 күн болады. Бертін келе арабтар күнтізбені табиғи маусымдарға сәйкес келтіріп отыру үшін, әрбір 30 жылда 11 рет жылды 355 күннен есептейтін болды. Осыған орай жылдың соңғы айы — зұлхиджа әрбір 30 жылдың 19 жылында бұрынғысынша 29 күннен, 11 жылында 30 күннен есептеледі. Зұлхиджаның қай жылдары 30 күннен алынатындығы жөнінде тиянақты ереже бар. Бұл күнтізбе ай Хижрасы деп аталады. Кейбір мұсылман дініндегі елдерде (Түркия, Иран, Ауғанстан, т.б.) жыл санау жүйесінің басы ретінде Хижра, яғни григориан күнтізбесінің 622 жылы алынады да, жылдың ұзақтығы григориан күнтізбесіндегідей, 365 (366) күннен есептеледі. Бұл күнтізбе күн Хижрасы деп аталады. Ай Хижрасы бойынша бір жылда 354 не 355 күн болады, ал біздің күнтізбеміздегі бір жылда 365 не 366 күн бар. Біздің жылымыздан ай Хижрасындағы жылдың 11, кейде 12 күні кем. Сондықтан бізше бір жылдың ішінде ай Хижрасын қолданатын елдер жаңа жыл мейрамын екі рет өткізуі мүмкін. Мысалы, ай Хижрасының 1396 жылы 1976 жылы 3 қаңтарда, ал оның 1397 жылы 1976 жылы 23 желтоқсанда басталды.
2. Әлемнің сұлулығы туралы ойшылдар мен ақындардың жазуы (Омар Хайям, Саади).
Араб-мұсылман эстетикасына тән негізгі ұғымдардың бірі- Әдемілік пен әсемдік — кемел адамды тәрбиелеу мақсатымен тікелей байланысты. Бұл жоғары қасиеттер пендешілік пен пайдакүнемдіктен арылуға себін тигізеді және құштарлық арқылы мінсіз жетілуге әкеледі. Араб-мұсылман эстетикасының өкілдері формалар мен әуендер сұлулығынан ләззат алу — сол формалар мен әуендердің адам табиғатына жақындығынан деп түсіндіреді. Бұл ағымның көрнекті өкілдері — ибн Хазм (994 — 1064) және ибн әл-Хайсам (965 — 1039). Философтар, ақындар әлем сұлулығы мен үйлесімділігі туралы жазды (әл-Фараби, ибн Сина, Омар һайям, ибн Рушд). Олар зиялылық пен имандылықты біріктіре білген сұлулықты дәріптеді. Сұлулық кейде Пифагор рухында түсіндіріліп, ғарыштың, пластикалық формалардың, түстердің және дыбыстардың жарасымдылығы тұрғысынан қаралды.
3. Аббасид дәуіріндегі қала құрылысы. Бағдад – «Әлем қаласы».
Бағдатты 762 жылы Мадинат ас-Салам (Бейбіт қала) деген атпен халиф Мансұр салдырып, Аббас әулеті халифатының астанасына айналдырады. Бұрын оның орнында шағын елді мекен болған. 9 ғасырда қала қолөнер кәсібі мен сауда-саттықтың, ортағасырлық араб мәдениетінің ірі орталығына айналған. Бағдат арқылы Үндістаннан, Арабиядан, Еуропа елдерінен тауарлар тасылды. Аббас әулетінің халифаты ыдырағаннан кейін өзінің саяси маңызын жоғалтқанымен, күллі шығыс жұрты табынған ғылым орталық болып қала берді. 13 ғасырда Бағдатта 30-дан астам кітапхана болған. Оның ішінде ең үлкені Бәйт әл- химе кітапханасы. 945 жылы Буида әулетінің, 1055 жылы Салжұқ әулетінің қол астына өткен. 1258 жылы Бағдатты Шыңғыс хан әулеті басып алып, қаланы қиратып, тонады. 14 ғасырдыңсоңы мен 15 ғасырдыңбасында Әмір Темір бұл қаланы екі рет жаулап алды. 16—17 ғасырларда Бағдат біресе түріктердің, біресе парсылардың билігіне өтіп отырды. 1638 — 1917 жылы қала Осман сұлтандығының құрамында болды. 1917 жылы ағылшын әскерлері басып алды. 1920 жылдан Британияның мандатымен басқарылатын территорияның әкімш. орталығы, 1921—1958 жылы Ирак әмірлігінің астанасы. Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың (1948, 1949, 1952, 1954 жылғы ірі көтерілістердің) ошағы болды. 1958 жылдан Ирак Республикасының астанасы.
