Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы араб мус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126 Кб
Скачать
☆

2. Сұлулықтан ләззат алу, эстетикалық пайымдауға адамзаттың ұмтылысы (теолог және әдебиетші Ибн Хазм, 994-1064).

Араб-мұсылман эстетикасы — мұсылман әлемі ойшылдарының орта ғасырлардағы араб тілінде жазған еңбектері арқылы қалыптасқан эстетикалық талғамдар мен талаптар жүйесі, адамзат өркениеті тарихындағы Ислам Ренессансы деп аталатын мәдени өрлеу кезеңінің жемісі. Араб-мұсылман эстетикасына тән негізгі ұғымдардың бірі — адаб. Ол антик. білімділік принципімен қоса кейінгі гуманизм идеясын да өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, адабтың эстетикалық мазмұны айқын — ол жоғары құндылықты білдіреді. Әдемілік пен әсемдік — кемел адамды тәрбиелеу мақсатымен тікелей байланысты. Бұл жоғары қасиеттер пендешілік пен пайдакүнемдіктен арылуға себін тигізеді және құштарлық арқылы мінсіз жетілуге әкеледі.Араб-мұсылман эстетикасының өкілдері формалар мен әуендер сұлулығынан ләззат алу — сол формалар мен әуендердің адам табиғатына жақындығынан деп түсіндіреді. Бұл ағымның көрнекті өкілдерінің бірі — ибн Хазм (994 — 1064).  Сол кезде бүкіл әсемдік пен көркем құбылыстардың ұштастырылуын эстетик. тұрғыдан баға беру өлшеміне айналдырды. Олар зиялылық пен имандылықты біріктіре білген сұлулықты дәріптеді. Әдебиеттануда өлеңдердің мазмұн, пішіні, дәстүр мен жаңашылдық, көркемдік талғамдар мен нормалардың өзгеруі, эстетик. таным проблемалары үлкен орын алды. Исламдағыбейнелеу өнеріне қойылған шектеулер көркем шығармашылықтың бұл саласын теориялық тұрғыдан жеткілікті зерттеуге мүмкіндік бермеді. Суретші шығармасындағы бояудың тазалығы мен қанықтығы, нәзіктік, үйлесімділік, жеңілдік — шеберлік үлгісі ретінде танылды. Махаббатты, гүлдерді, бақтарды бейнелеген әсем суреттер музыка сияқты көңіл-күйді қанаттандырып, қайғы-мұңды сейілте алады, рухани күш беріп, қажыр-қайратыңды шыңдай түседі деп ойлады. Хұснихат өнері жоғары бағаланды. Орта ғасырлардағымұсылмандардың эстетикалық идеялары әлемдік эстетикаға үлкен ықпал етті.

3. Тебріз миниатюра мектебі.

Тебриз мектебі — шығыс миниатюралық кескіндеме мектебі. XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында осы мектеп суретшілерінің алғашқы туындылары өмірге келді. Сақталған кескіндемелік туындылары тобынан Фирдоусидің “Шаһнамасына” (1330 – 1340) салынған иллиадаларды айрықша атауға болады. XVI ғасырдың басында Тебриз мектебі қалыптасты; ол, әсіресе, Тебриз қаласының билігі Сефеви әулетіне көшкеннен кейін Герат миниатюра мектебі дәстүрімен тығыз байланыста дамыды. Астаналық Тебриз қаласына арнайы шақыртылып алынған суретшілер қатарынан көрнекті шебер Бехзад 1510 жылдан осы қалада тұрып, кітап көркемдеу ісімен айналысты әрі оны өзінің асқан шеберлігімен миниатюралық өнердің шырқау шыңына жеткізу жолында жемісті еңбек етті. Тебриз мектебі сарайлық сипатта болғанымен, оның шеберлері канондық бейнелеуден қол үзіп, табиғат көрінісі мен қарапайым халықтың өмірін шынайы суреттеуге бой ұрды. Ғажайып шеберлікпен салынған көп тұлғалы композициялар Тебриз мектебі шеберлерінің жетістігіне саналады. Оның белгілі суретшілері: Қасым Әлі, Сұлтан Мұхаммед, Аға Мирек, т.б. XVI ғасырдың аяғында Тебриз мектебі Исфаһан миниатюра мектебіне жол берді. Тебриз мектебі шеберлері қолынан шыққан кейбір туындылар Лондон қаласындағы Британ музейінде, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]