Шабуылдың желілік компоненттері.
Шабуылдың желілік компоненттері. – Серверлер. Серверлер ақпаратты сақтауға, немесе қызметтердің анықталынған түрлерін ұсынуға арналған. Сервер (ағылш.server) дегеніміз: 1)есептеу желілері құрамындағы бірнеше компьютерлерге ортақ шалғай құрылғыларды: лазерлік принтерді, дискілерді, модемді пайдалану кезегін тағайындап отыратын негізгі түйінді компьютер. Мұндай серверде нәтижесін бірнеше тұтынушы (клиенттер) пайдаланатын қолданбалы программа да жұмыс атқара береді; ол файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.Сервер - мамандандырылған бекет, арнайы процессор. 2) басқа программаларға (клиенттерге) қызмет ететін, солардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программа. - Жұмыс станциялары кез келген ақпараттық желінің негізгі компоненті болып табылады. Жұмыс станцияларына қатысты зиянкездердің негізгі мақсаттары болып қатты дискте аумақта сақталынатын ақпаратқа қол жеткізу, немесе пернетақта буферін көшіру жолымен оператормен егізілген парольдерге қол жеткізу болып табылады. Жоғарыда айтылып кеткендей, серверлер ақпараттық немесе есептелінетін ресурстарды ұсынады, ал жұмыс станцияларында олармен жұмыс жасайтын қызметкерлер орналасады. Негізінде кез келген ЭЕМ бір уақытта сервер де, жұмыс станциясы болуы мүмкін. – Ақпаратты жіберу ортасы. Ақпартты жіберу ортасына шабуылдың негізгі түрі болып оларды тыңдау болып табылады. Деректерді жіберудің әр түрлі орталықтары (эфирді, кабельді) оларды тыңдау кезінде зиянкестерден әр түрлі шығындарды талап етеді. – Желілердің коммутациясының түйіндері. Желілердің коммутациясының түйіндері зиянкестер үшін өздерін біріншіден, желілі трафиктің маршруттауының құралы ретінде, екіншіден, желінің жұмыс қабілеттілігінің қажетті компоненті ретінде ұсынады. Желілердің коммутациясының түйіндеріне шабуылдар екі мақсатта орындалады: желінің бүтіндігін бұзу ("сервисте бас тарту"), немесе трафикті зиянкеске қандайда бір пайдасы бар басқа бір трафикке алмастыру.
Ішінде вирусы бар файл немесе программа зақымданған программа немесе файл деп аталады.Вирус программаға еніп алғаннан кейін сол программаға зиян келтіріп, келесі бір программаға ауысады. Зақымданған программа басында қарапайым программа сияқты жұмыс істеп тұрады.Компьютерлік вирустар программаларға тығылып, сол жерде көбейіп, келесі бір системаларға зиянды әрекеттерін жасауға тырысып, басқаға көше бастайды.Осындай жағдайда біз вирустарға қарсы бағдарламалар арқылы компьютерді вирустан тазартуымыз керек. Қаншама вирусқа қарсы бағдарламалар көбейіп жатса да, бәрібір вирустардың түрлері көбейіп келеді. Мысалы: Орта есеппен 1 айда 300 вирус түрі шығады. Әрине вирустар өздігінен пайда болмайды, оны кракеры, хакерлер, программисттер жасап шығарады. Вируспен күресу үшін арнайы вирусқа қарсы бағдармалар жасалған. Олар: медицина тілімен айтқанда бағдарламаға диагностика жасайды, емдейді, вирусты жояды, сау, зақымдалмаған бағдарламаға « егу » жасайды.Вирусқа қарсы бағдармалар: Детекторлар, Фагтар, дизенфекторлар, Ревизорлар, Фильтрлі, күзетшілер
