Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дзз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
363 Кб
Скачать
☆

2.Географиялық ізденістердегі аэрокосмостық әдістері мен олардың негізгі түсініктерін атаңыз

Географиялық қабықты немесе оның кешендерін қарастыруда географтар аэрокосмоық әдістер арқылы фотосуреттерден олар туралы ақпарат алады,сонымен қатар түсірілім аппараттарының көмегімен мыңдаған киллометр қашықтықта орналасқан обьектіні зерделеуге мүмкіндік береді. Қашықтық арқылы зерттеп қарастыру аэрокосмостық әдістің негізі болып табылады.

Қашықтықтан зерделеу әдістері географиялық зерттеулерде өте ертеден қолданылып келе жатыр. Алғашында арнайы салынған суреттер арқылы қарастырылып отырған обьектінің кеңістікте орналасуын анықтаған. Фотографияның шығуына байланысты жер бетін түсіруге арналған фототеодалиттік түсірілім пайда болды, осы перспективалы фототүсірілімдер арқылы таулы өңірдің картасы құрастырылды. Авицияның дамуы қарастырылып отырған аймақтың үстінен аэро фото түсірілімдер алу мүмкіндігін туғызды. Жерді ғылыми тұрғыда зерттеу көзі аэро әдістер болып табылды.

Космостық түсірілімдер өңірлік және жаһандық деңгейдегі географиялық проблемаларды шешудегі геоинформацияны қарастырады.

Қашықтықтан және аэрокосмостан зерттеу әдістері.

Ешқандай қатынассыз, аралықтарындағы алшақтыққа қарамастан қашықтық әдіс арқылы кез келген обьектіні оқып зерттеуг болады. Аэрокосмостық әдіс арқылы зерттеуде жойылған обьекті туралы ақпараттарды арнайы электромагниитті сәуле арқылы жіберуге болады, электромагнитті сәуле интенсивтілігімен, спектральды құрамымен,поляризациялығымен және таралу бағыттарының болуымен сипатталады.

Аэрокосмостық әдістердің ерекшелігінің бірі ретінде мынаны алып қарастыруға болады: қарастырылып отырған аумақ пен тіркеуші аппараттың арасында әр дайым бұлыңғыр емес атмосфера қабаты болады. Сондықтанда зерттеулерді зона спектірінің электромагниттік толқындарының жекелеген бөліктерінде жүргізеді, олар өз кезегінде анық терезе деген атауға ие. Сонымен қатар бұлттылықта айтарлықтай кедергі келтіреді.

Аэрокосмостық түсірілімдер: арнайы түсірілім аппараттарының көмегі арқылы жүргізіледі. Бір мезетте бірнеше спектральды зоналарда суреттер алу мүмкіндігі бар түсірілім аппараттары көпзоналды деп аталса, ал ондаған немесе жүздеген тар спектралды зоналардағы түсірілім аппараттары гиперспектралды деп аталады.

Аэрокосмостық зерттеулердегі жан жақтылық және кешенді принципі бір суреттпен ерекшеленбейді, ол оның масштабына, обзорлығына, ракурстылығына, түсіріс уақытына,спектралдық диапазонына, тіркеулік полярлық шағылуына қарайды.

Аэрокосмостық зоналау ғылыми дисциплина ретінде. Тәжірбиелік тұрғыдан зерттеу әдісінің бірі болып саналып келе жатқандықтан қазіргі кезде ақырындап жеке ғылыми дисциплинаға айналуда. Дисциплинаның заманауи мазмұны бір бірімен тығыз байланысты екі бөлімнен тұрады: табиғи ғылыми яғни ол қарастырылып отырған обьектіні толық танып білуге мүмкіндік туғызсса, инженерлік техникалық бөлімі аэрокосмостық әдістер арқылы зерттегенде қазіргі заманға сай дамыған техникалар мен техноголиялардың көмегімен зерттеуді айтамыз.

Аэрокосмостық түсірілім сәулелену тіркелудің анағұрлым кеңінен таралған зерттеліп жатқан обьектінің геоақпаратын тасымалдаушы,географиялық тапсырмаларды шешуде көп орын алатын универсалды формасы.

Отандық Ресурс космостық жүйесі, жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап қолданыста. Табиғи ресурстарды қарастыруда, қоршаған ортаны бақылауда, геоақпараттық хабарлама алудың базалық және оперативтік түрімен қамтамасыз ететін, жалпы мемлекеттік әрдайым қызмет атқарып тұратын жүйе ретінде құрылған. Бұл жүйеге фотографиялық суреттері бар Ресурс Ф, құрылықты бақылауға арналған Ресурс О және мұхитқа арналған Океан О автоматты космос аппараттарынан тұрады.

Ресурс Ф серіктері 200-300км биіктегі өңірді толық түрде бірнеше апта ішінде түсіруге мүмкіндік береді. 600-900км биіктіктегі ақпараттарды тез және ылғида видео ақпараттар арқылы жер бетіндегі қабылдағыш пункттерге радиканалдар арқалы жіберіп отырады. Қабылдағыш пункттерінің екі классы бар стационарлық яғни,үлкен диаметрлі антенналары бар жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін үлкен ақпараттар легін тіркейтін , кезекті салыстырмалы жоғарғы сапалы түсірілмдер алуға мүмкіндік береді.

Ландсат космостық америкалық жүйесі 1972жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Он алты күн ішінде спутник жер бетін көп зоналы түсірілім жасау мүмкіндігі бар. Спутниктерден сандық ақпарат радиканалдарға жер бетіндегі көптеген елдердегі сияқты қабылдау пункттеріне жіберіледі.

Түсірілім нәтижелері компьютерге жіберіліп сандық түрде көрсетіледі. Тарату қызметі интернет желісі арқылы әр елге таратады. Ландсат спутниктерінен түсірілген түсірілімдер ауылшаруагылық поляларына қалалық жерлерге сонымен қатар көптеген елдерде геологиялық экологиялық зерттеулер үшін қолданылады.

СПОТ француздық космостық жүйесі. 1986 жылдан бастап қызмет жасап келеді. Түсірілім сегіз жүз киллометр биіктіктен екі сканермен жүргізіледі. Ақпараттар Франция мен Швецияда екі негізгі радиоканал бойынша алынады сонымен қатар жиырма шақты өңірлік станциялар арқылы да алынады.