- •1.Дешифрлеудің тарихын айтыңыз.
- •2.Географиялық ізденістердегі аэрокосмостық әдістері мен олардың негізгі түсініктерін атаңыз
- •3.Әуеғарыштық зерттеулердің қысқаша даму тарихына сипаттама беріңіз
- •5.Шағылыстыруды тіркеудің әдістерін атаңыз
- •6.Түсіріс аспаптары мен оларды тасушыларды көрсетіңіз
- •7.Әуеғарыштық түсірілімдерді атаңыз
- •8.Әуеғарыштық түсіру түрлері және оның классификациясына сипаттама беріңіз
- •9.Суреттердің бейнелік қасиеттері және оларды дешифрлеуге түсініктеме беріңіз
- •10.Далалық және камералдық дешифрлеудің ерекшеліктерін атаңыз
- •11.Аэроғарыштық түсірілістердің генеризациялануына сипаттама беріңіз
- •12.Жердің әуеғарыштық зерттеулеріне түсініктеме беріңіз
- •13.Литосфералық зерттеулерді атаңыз
- •14.Биосфералық зерттеулерді атаңыз
- •15.Жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз
- •16.Әлеуметтік- экономикалық зерттеулерді атаңыз
- •17.Табиғи орта мен экологияға антропогендік әсері туралы айтыңыз
- •18.Табиғи обьектілердің спектрлі шағылу қасиеттерін көрсетіңіз
- •19.Электрлік бұзылулардың тіркемесіне сипаттама беріңіз
- •20.Ғарыштық түсірілімдерді атаңыз
- •21.Жердегі стереофотограмметриялық түсірілімдері және оның түрлері
- •22.Негізгі түсірілім түрлерінің сипаттамасы
- •23.Әуеғарыштық түсірілімдердің өзіндік бейнеленуі
- •24.Визуалдық дешифрленудің психологиялық және физиологиялық негіздері
- •25.Камералдық дешифрлеу
- •26.Аэроғарыштық түсірілімдегі Қатынас жолдарының бейнеленуі және олардың генерализациясы.
- •27.Әуеғарыштық түсірілімдегі Гидрографияны бейнелеу және оның генерализациясы.
- •28.Гидрогеологиялық зерттеулер
- •29.Топырақтардың динамикалық зеттеулері және оларды бақылау үрдістері
- •30.Гумустық топырақтарға анықтама
- •31.Өсімдіктер жамылғысы туралы айтыңыз.
- •32.Ғарыштық суреттердің негізгі түрлерін атаңыз
- •33.Стерофотограметрялық құралдарды сипаттаңыз
- •34.Әуеғарыштық түсірістерді дешифрлеу терминіне түсінік беріңіз
- •35.Арақашықтықтан зерделеу мәліметтерінің негізінде ландшафттарды зерттеудің тәсілдерін анықтаңыз
- •36.Далалық дешифрлеуге түсініктеме беріңіз
- •38.Аэровизуалды дешифрлеуге түсінік беріңіз
- •39.Сандық түсіріс жайлы түсінік беріңіз
- •40.Көпзоналды түсірістерде автоматты дешифрлендіру тәсілін атаңыз
- •42.Ғарыштан түсiрiлген суреттердiң масштабтарына түсініктеме беріңіз
- •44. Континенттiк деңгейдiң суреттерi.
- •45. Аймақтық деңгейдiң суреттерi.
- •46. Жергiлiктi (локальдық) деңгейдiң суреттерi.
- •47. Нақтылы (детальдық) деңгейдiң суреттерi.
- •48. Көп зоналық түсiру.
- •49. Фотографиялық түсiру Мкф камерасы.
- •50. Суреттердің масштабтары.
- •51. Түсiрудiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi.
- •52. Материалдарды өңдеудiң түрлерi.
- •53. Дешифирді анықтаудың түрлері.
- •54. Автоматтандырылған дешифрлеу
- •55. Дешифрлеудің белгілері
- •56. Дешифрлеудің түзу белгілері
- •58. Түсірілім кезіндегі жарықтар
- •59. Жерді пайдаланудың мониторингі:
- •60. Орман өсiмдiктерiнiң және өрт мониторингі
5.Шағылыстыруды тіркеудің әдістерін атаңыз
Аэрокосмостық түсіру жүйесінде сәулеленудің бірнеше түрлері тіркеледі, негізгі түрлері болып химиялық, жылылық және электрлі болып саналады.
Фотохимиялық сәулелену.Жақын уақытқа дейін кең таралған химиялық шағылу болып фотографиялық материалдар болып табылған, олар көптеген аэрокосмостық ақпараттар алуда қолданған.Ақ қара фотографиялық материалдар. Олардың негізін түрлі түсті сезімтал фотографиялық қабат құрайды. Қабаттың сезімталдығы олардың көлеміне байланысты: криссталдар неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым түрлі түсті сезімталдығы жоғары болады.
Оптикалық тығыздық. Фотография уақытында күміс кристаллдарына жарық әсер ететіндіктен металлға айналады. Күміс металлдары ұсақ кристаллдар түрінде көрініп, қара түске ие болады.
Фотографиядағы түстің қараюын ғылыми түрде оптикалық тығыздық деп атайды.Анықтылығы: фотоқабаттардағы кристаллдарға жарықтың жайылуынан сурет анық емес болуы мүмкін. Суреттің анықтылығы фотоқабаттың қалыңдығына байланысты.Түрлі түсті фотоматериалдар. Түрлі түсті сурет алу үшін түссезгіш фотографиялық қабатқа арнайы түс беретін компонент енгізеді. Кең таралған түс беретін компонентке сары,көгілдір түстерді жатқызамыз. Түрлі түсті сурет алу үшін көп қабатты фотоматериалдар қолданылады. Электрлік бұзылулардың тіркемесі.Электрлік сәуле қабылдағыштары бүкіл спектрдағы аэрокосмостық зерттеулерге қолданатын электромагниттік толқындарды тіркеуге мүмкіндік береді.
Фотоэлектрлік қабылдағыштар немесе фотоэлементтер ішкі және сыртқы фотоэлектрлік эффектіге негізделген.
Электроваккумдық фотоэлектрлік көбейткішке сезімтал элемент ретінде металлды қолданады. Көрінетін сәулелерге электороваккумдық фотоэлементтер анағұрлым сезімталдық танытады.
Термоэлектрлік қабылдағыштар. Жылы инфрақызыл сәулелерді тіркеуге арналған қабылдағыштар, сәулелерге сезімтал элементтің жылынуы арқылы жауап қайтарады. Электр қабылдағыштарға сәулеленуді қабылдаудың негізгі көрсеткіші ретінде әшкә шулы тоқты жатқызамыз.
Антенналар. Қарапайым антенна ретінде, қабылдағыш және радиодиапазондағы электромагниттік толқындарды немесе металл стерженьдарды айтуымызға болады.
6.Түсіріс аспаптары мен оларды тасушыларды көрсетіңіз
Түсірілім аппаратурасы.
Аэрокосмостық суреттерді арнайы түсірілім аппараттарының көмегімен алады. Өзінің атқаратын қызметіне ,сонымен қатар түсірілім жүйесіне, құрылысына байланысыт түсірілім аппараттарының негізгі түрлері бар: фотографиялық, оптика электрондық, радиоэлектрондық. Олар өз кезегінде бір бірімен тығыз байланысты құрылғылар мен құралдардан тұрады. Бірақ олардың ішінде ең негізгісі болып фотокамералар,сканерлер, және радиолокаторлар жатады олардың өздерінің де бірнеше түрлері бар. Түсірілім жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде жасалынып жатқан жұмысты автоматты түрде басқаратын борттық компьютерлерді жатқызамыз. Түсірілім аппараттары дәлме дәл ұшу уақытының координаттарын,құлау бұрыштарын есептеп табу үшін арнайы ГЛOHACC/GPS деп аталатын құрылғыларды пайдаланады. Осы құралдардың көмегімен алынған ақпараттарды жер бетінде орналасқан қабылдағыш пункттерге жіберуде борттағы құрылғылар ерекше орын алады. Ақпараттарды жіберудің екі түрі бар: алдын ала түсірлген видеоақпараттарды арнайы сақтау құрылғылары арқылы синхронды түрде жіберу және ұшу кезінде қабылдағыш пункттің үстінен лақтыру арқылы орындалады.
Фотографиялық аппараттар самолеттан түсіруге арналған кең таралған және универсальды түсіру аппараттары. Қарапайым фотоаппараттарға қарағанда оның салмағы ондаған килограммды құрайды.
Аэрофотоаппараттар. Біздің елімізде кеңінен таралған аэрофотоаппараттардың мөлшері 18x18 см құрайды. Сонымен қатар үлкен мөлшердегі кдарларда қолданылады.
Космостық фотоаппараттар. Аэрофотоаппараттардың модификациясы болып табылады. Осы аппараттардың көмегімен алынған суреттер ондаған метр биіктіктен алынады.
Оптико электрондық кадрлық камераларда суреттер фотографиялық үлгіде емес электрондық үлгіде болады. Ең алғаш космостық зерттеулерде қолданған телевизиялық элетронды түсірілім аппаратары электронды сәулелеі трубканың дамуына жол ашқан.
Тасымалды түсірілім аппараттары.
Белгілі бір жер бедерін суретке түсіру үшін арнайы тасымалды тсірім аппраттарын қолданады олар кеңістікте дұрыс бағдар алу үшін сонымен қатар түсіріліп аппаратын белгілі бір деңгеге көтеріп түсіру үшін қажет.
Түсірілім апараттарының екі түрі бар: авиационды және космосты.
Аэротүсіріс үшін сериялық самолеттар қолданылады, олар түсірілім аппараттарын арнайы бір ретке келтіріп отырады. Сонымен қатар ұшу экипажында штурман аэротасымалдағыш, бортоператор болады. Олар осы құрылғымен үзіліссіз жұмыс жасайды.
Географиялық экспедицияларда арнайы жеңіл самолеттар мен вертолеттарды қолданады. Кешенді ұшу лабораторияларымен жабдықталып үлкен мүмкіндіктерге ие бола алатын, самолет базасында әр түрлі ұшу техникасымен сипатталатын ТУ-134, ИЛ-18, АН-12 ұшақтары бар әдетте олар түсірілім аппараттрының көп түрлілігімен сипатталады: эрофотоаппараттар, сканерлер, радиолокаторлар.
Жердің жасанды спутниктері арқылы метеорологиялық, океанологиялық, табиғи ресурстық, картографиялық, барлау т.б. басқада кең таралған түрлерін тасымалды электронды құрылғылары арқылы тасуға мүмкіндік бар.
