Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emtikhan_s_1201_ra_1179_tary.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

22.Кеңістіктік симметрия топтары.

Кристалл құрылымында барлық мүмкін болатын симметрия түрлендірулерінің терулері кеңістік симметрия тобы д.а. нүктелік симметрия тобы кристалдың сыртқы пішіні мен оның макроскопиялық қасиеттерінің симметриясын сипаттағандай кеңістік симметрия тобы кристалл құрылымының симметриясын сипаттайды.

Әр нүктелік топқа бірнеше кеңістік топ сәйкес болады. Кристалдың кеңістік тобынан оның нүктелік тобын алу үшін ойша барлық трансляцияларды жою керек, яғни сырғанай шағылу жазықтықтарын қарапайым айналық жазықтыққа, ал бұрандалық осьтерді кәдімгі айналу осьтеріне айналдыру және қалған симметрия элементтерін бір нүктеге келтіру қажет.

Нүктелік топтан оған қатысты барлық кеңістік топтарын қорыту күрделі мәселе. Бұл жағдайда барлық мүмкін симметрия элементтерінің терулері мен Бравэ торларын сұрыптау керек. Мысалы егер нүктелік топқа 3 және 2 осьтер кіретін болса, онда кеңістік топта бұл осьтер келесі түрде болуы мүмкін. 3,31,32,2,21 және барлық осьтер мен трансляциялардың терулерін қарастыру керек. Осы әдіспен кристалл кеңістігінің 230 кеңістік үздіксіз симметрия тобы немесе Федоров симметрия топтары алынады.

Кеңістік топтарын белгілеу үшін халықаралық символдары, сондай-ақ Шенфлис символдары және Е.С.Федоров символдары қолданылады.

Нүктелік топ символдары сияқты кеңістік топтың халықаралық символында тек тудырушы симметрия элементтері жазылады. Жазудың реті өте маңызды. Кеңістік топ символында бірінші орында әрқашан Бравэ торының символы тұрады. Әрі қарай тудырушы симметрия элементтері, әрқайсысы берілген орында.

2.Вандер-Ваальс байланысы.

Ван-дер-Ваальс күштери. Салыстырмалы үлкен қашықтықтарда молекулалар арасында Ван-дер-Ваальс күштери деп аталатын тартылыс күштері әсер етеді.

Қ ұрамындағы теріс және оң зарядлары бир бирине салыстырғанда ауысқанда нейтрал молекула электрлік жақтан диполге айналады.

Дипол электр моментімен әсерлеседі. Дипол моменті заряд мәні мен осы заряд арасындағы қашықтықтың көбейтіндісіне тең (р = е*d). Дипол өзінің төңірегінде электр өрісін туғызады. Және сол өріс арқалы басқа дипольдармен әсерлеседі.

Тұрақты диполь моментіне ие молекулалар болады. Мұндай молекулаларды поляр молекулалар деп атаймыз. Әдетте поляр молекулалар өзара тартысады. Мұндай күштерді дипольдық-ориентациялық деп атаймыз.

36.Акустикалық толқындардың табиғаты.

Кристалдар акустикасы – акустикалық толқындардың кристалдарда таралу ерекшеліктерін, кристалдардың физикалық қасиеттеріанизотропиясының акустикалық толқындар сипаттамаларына (‘’олардың поляризациялануына, жұтылуына және шағылуына,дифракциясына’’) әсерін зерттейтін ғылым саласы. Кристалдарда көлемдік акустик. толқындар (КАТ) да, беттік акустик. толқындар (БАТ)да тарала алады. КАТ кристалдарда газдар мен сұйықтардағы сияқты кез келген бағытта тарайды. БАТ кристалдың бос беттерінің немесе екікристалдың бөліну шекарасының бойымен тарайды. Кристалдардың серпімділік қасиеттерінің анизотропиясы ондағы акустик. толқындардың таралуынаедәуір әсерін тигізеді.

Кристалдар акустикасы.Кристалдарда ‘’изотроп’’ты қатты денелерге қарағанда, әрбір бағытта үш серпімді толқын: қума және екі көлденең толқындар тарайды.Олардың кристалдағы таралу бағытына байланысты әрқайсысының өзінің фазалық жылдамдығы болады. Кристалдың серпімділік қасиетінің анизотропиясы салдарынан акустик. толқынның ‘’энергия ағыны’’ (Р) мен ‘’толқындық вектордың’’ (k) бағыттары сәйкес келмейді. Сондықтандисперсия болмаған кездің өзінде кристалдардағы топтық және фазалық жылдамдықтар бір-біріне сәйкес келмеуі мүмкін. Кристалдардың анизотропиясы әсерінен орталардың бөліну шекарасында акустик. толқындардың шағылу және сыну заңдары күрделенеді: түскен толқын шағылғанда және сынғанда әр типті бірнеше толқындарға, сондай-ақ, беттік толқындарға да ажырауы мүмкін. Кристалдық торлардың периодтығынан туындайтын кеңістіктік дисперсия ығысу толқынының поляризация жазықтығын бұрады (‘’бұл құбылысты акустикалық активтілік деп атайды’’). Кристалдардағы ультрадыбысты толқындар ультрадыбысты және гипердыбысты ұстау желілерін акустик.-оптик. және акустик.-электроник. құрылғыларды жасауға пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]