Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
alimbaeva-anlog.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
94 Кб
Скачать
☆

10.Қосымшаларды тез өңдеу – rad

RAD (Rapid Application Devolopment) – қосымшаларды жылдам жасаудың әдіснамасы болып табылады.

RAD кезеңдері: жоспарлау,қолданушымен жобалау, құрастыру, енгізу.

RAD методологиясы – әзірлеушілер тобы кішкентай болғанда, жобаның мерзімі қысқа болғанда қолданылады. RAD методологиясымен бірге визуалды моделде және түп тұлғалау құралдар қолданылады.

RAD қолдануы:

  1. Жобаның мерзімі 3-4 ай,

  2. Программалық жабдықтаудың талаптары анық емес,

  3. Жобаның бюджеті шектеулі,

  4. Қолданушы интерфейсі ең маңызды жағдай,

  5. Жобаны функционалды компоненттерге болу мүмкін,

  6. Программалық жабдықтауды есептеулі күрделігі төмен.

Артықшылықтары:

  1. Программалық жабдықтауды теі шығаруы мүмкін,

  2. Қолданушы үшін ыңғайлы интерфейс,

  3. Жобаның жеңіл бейімделуі.

RAD әдіснамасы бойынша АЖ-дің ОЦ-і 4 кезеңнен тұрады: 1) талаптарды талдау және жоспарлау кезеңі;

2) жобалау кезеңі.

3) жобаны жүзеге асыру кезеңі;

4) жобаны енгізу кезеңі.

11.Программалық жабдықтаудың түптұлғалау

Түптұлғалау -жасалып жатқан өнімге ішкі интерфейспен, бөлек функцияны жасайтын программалық компонент.Түптұлғалауды жасау бірнеше итерация немесе спиральдың бөлігімен жасалады. Әрбір итерацияда өнімнің фрагменті жасалады, яғни жобаның мақсаты анықталып, алынған нәтиженің сапасы анықталады. Түпнұсқалауды жасаудың негізгі идеясы ол : қолданушыға қажет жүйе моделін құру үшін керек.Түпнұсқалауда: резервті көшірмесін жасау, ішкі мәліметтерді бақылау, мәліметтерді қайта қалпына келтіру сияқты детальдар ескерілмейді. Түпнұсқалау көмегімен клиенттің де абстрактілі деп саналатын идеяларын анықтауға болады. Оған қоса , түпнұсқалау көмегімен белгісіз болып қалатын талаптарды да біле аламыз. Түпнұсқалауды жүйені жасауда прогресс болып келе жатқанының да дәлелі ретінде қарай аламыз. Түпнұсқалаумен жұмыс істеу кезкелген арнайы құжатқа кедергі жасайды, яғни талаптар код түрінде көрінеді. Жүйе жұмыстарының детальдары талап түрінде көрінбей кетуі мүмкін.

Түптұлғалаудың бірнеше нұсқалары бар. Бірақ барлық әдістер негізгі екі әдіске негізделеді.

Тез түптұлғалау.Тез түптұлғалау кезінде (англ. rapid prototyping не throwaway prototyping) біз белгілі бір кезеңде алынып тасталынатын және дайын жүйеге енгізілмейтін макет құрамыз.

Бұл жолдың негізгі пайдасы — жылдамдығында: жүйенің жұмыс коды жазылмай тұрып, тапсырыс беруші өзінің сұранысына бірден жауап ретінде интерфейстің түптұлғалауын алады. Жұмыс коды әлі жазылмағандықтан өзгеріс құны бұл кезеңде өте төмен .Мұндай түптұлғалаудың өте кішігірім уақытта орындалуы өте маңызды,өйткені кейін қолданылмайтын жұмыс кодына уақыт пен ресурстар кетеді. Тез түптұлғалау құрастырылатын жүйе технологиясында және сол платформа шектеуінде орындалуы міндетті емес. Графикалық интерфейс қолданушы (GUI) түптұлғалауын жасау үшін стандартты HTML-парақтары қолданылуы мүмкін немесе түптұлғалау арнайы макет жасауға арналған программаларда (мысалға: Axure RP, Microsoft Expression Blend және тб.) орындалуы мүмкін.

Эволюциялық түптұлғалау. Эволюциядық түптұлғалау (англ. evolutionary prototyping) негізгі өнімге жақын жүйе макетін құруды мақсат етеді. Бұндай жолдың артықшылығы - әр қадам сайын жүйемен жұмыс істейміз және оны жетілдіреміз.Мұнда жұмыс кодына ресурс кетпейді. Түптұлғалаудың Эволюциялық түрінде жүйені құрастыруды бастағанда талаптар алдын ала белгісіз болады және ол талаптар программаны құру кезінде пайда болады.Сондықтан біз әр кезеңде тек белгілі, анық талаптарды ғана жүзеге асырамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]