Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
625 Кб
Скачать
☆

67. Ортағасыр мұсылман философиясындағы мутаккалимдер мен мутазалиттер.

Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады.Мутазалиттер (ерекше, айрықша) - ХІ ғасырдың бірінші жартысында гүлденген калам  мектебінің өкілдері. Олар Алладан  басқа ешкімді мойындамайды, ең құдіретті  Алла. Сондай-ақ мутазализм-шийттердің идеялық ағымы болып табылады. Мутазалиттер Ислам философиясын дамытқанымен, кейбір мәселелерді материалистик тұрғыдан түсіндірді. Мысалы:1.Исламның дамуының жаратылуы, дүниенің шығуы, тағдырдың жазылуы, т.б. туралы догмаларды рационализм мен материалистік тұрғыдан түсіндірді;2.Құдай туралы антропоморфты түсінікті(Құдайдың адам бейнелілігін) терістеді;3.Құдай мен Әлемді бір деп жариялады; 4.Адам ақылының күшіне сенді;5.Адам танымының күші мен мүмкіндіктеріне сенді. Мутазилиттік кезең Хасан аль Басри(728ж дүние салған) мен оның шәкірттері әрекеттерінен басталады.Ежелгігрек философиясынның әдістері мен идеяларын философиялық зерттеуге қолдануды дәл осы мутазилиттер бастады. Сондықтан мұсылмандық философиядық философияның тарихы белгілі дәрежеде ислам теологиясынан бөлініп шыққан мутазилиттерден басталады деуге болады.1)Мутазилиттер Құранды догма ретінде қарастыруға қарсы шығып, оның оның аллегориялық тұрғыдағы түсіндірмелік сипатын жақтады.2)Құранның мәңгіліктігі тезисіне қарсы шығып, оның жаратылғандығы идеасын жақтады.3)Олар құдіретті жазу догматына қарсы шығып, адам еркінің бостандығы идеасын демек, адамның өз іс әрекетіне жауаптылығын қорғады. 4) Мутазилиттер дүниенің атомарлы құрылымы туралы түсінікті жақтады; атомдар – әрқайсысын әрдайым Алла басқарып отыратын бөлшектер деп түсінілді.Мутазилиттер жиі талдайтын мәселе қатарына Жаратушы мен алғашқы жаратылу, және Құдай атрибуттары туралы сұрақтар енді. Ортодоксалды каламның классикалық кезеңінің негізін қалаушы – өз әрекетін мутазилит ретінде бастаған әл-Ашади (873-935), Матуриди (941) және әл-Газали (1058-1111) болып табылады.Мутазализмнің атақты өкілдері ал-Алляф, ан- Наззам, ал-Джахисс.Мутакалимдер- Радикалды исламды жақтаушылар. Мутакаллимдер мектебінің өкілдері исламның діни догмаларын негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды.

68. Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.

Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады. Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді. Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін. Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов).Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен күбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді. Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады.