- •III. Глоссарий
- •Пән бойынша берілген тапсырмаларды орындау және тапсыру графигi
- •Пәнді оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету картасы
- •IV. Дәрістер кешені
- •1.1 Таяау және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі тәлім-тәрбие
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •1.4 Орта ғасырда және Қайта өрлеу дәуiрiндегi Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер:
- •1.5 Ақш пен Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, мектеп және педагогика
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер:
- •2. 2 XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.3 1917-1941 Ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылған дебиеттер:
- •2 .4 1941-1980 Ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.5 1980-1991 Ж. Ж. Аралығындағы тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •3. I. Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерi
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. 3 Хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. 4 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі және мектептер тарихы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •V. Практикалық сабақтар
- •1.1 Практикалық сабақ тақырыбы: Таяау және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі Шумер тәлім-тәрбиесі
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •1.3 Практикалық сабақ тақырыбы: Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.1 Практикалық сабақ тақырыбы: X-XVIII ғ. Ғ. Ресейдегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ой-пікір
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.2 Практикалық сабақ тақырыбы: XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Реферат тақырыптары:
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •2.3 Практикалық сабақ тақырыбы: 1917-1941 ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.4 Практикалық сабақ тақырыбы: 1941-1980 ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •3. I. Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерi
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •3.2 Практикалық сабақ тақырыбы: хү-хүiii ғ.Ғ. Қазақ хандығының құрылуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •3.3 Практикалық сабақ тақырыбы: хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пiкiрлер
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •2. 2 XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Өзбетінше орындалатын тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •2.3 1917-1941 Ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •2.4 1941-1980 Ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •3.3. Хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
Мемлекеттің экономикалық дамуы білім беруге мейілінше ықпал етті. Баланы өмірге даярлау отбасында жүргізілді. Ата-аналар балаларына отбасында өмірге қажетті еңбек дағдыларын меңгертті. Балаларды әр сословие өзінің дәстүрлі кәсібіне үйретті. Кәсіпті меңгеру атадан балаға беріліп отырды. Кей кездерде балаларға белгілі бір кәсіпті үйрету үшін сол сословиенің шеберіне баласын шәкірттікке беріп отырды.
Балалар сауат ашу, оқу, есеп шығару біліктерін сауатты туысынан немесе “сауат ашу шеберінен” үйренді. Онда олар қолдан жазылған кітаптар арқылы хат тануға 2-3 жыл уақыт кетірді. Жазу құралдары болмағандықтан, жазуды меңгеру қиындыққа түсті. Татар-монгол шабуылына ілікпеген немесе аз іліккен жерлерде орыс мәдениеті әжептәуір өріс жайды (Новгород жері, Тверь, Владимир княздіктері). ХIV ғасырдың аяғынан бастап Мәскеу княздігі дами бастады.
ХIV- XV ғасырларда Новгород экономикасы мен саудасы дамыған ірі мемлекет орталығына айналды. Қалада қолөнері жақсы дамыды, шетелдермен сауда байланысы күшейді. Новгород қаласында кітап көшірушілер көп болды. Ол қолөнердің бір түрі болып саналды. Новгород жеріндегі ірі монастырларда кітаптар көшіріліп жазылды. Қолмен көшірілген Новгородтық энциклопед сөздіктерідің бірқатары біздің заманымызға дейін жетті. Ол кітаптардың ішінде астрономия, философия, табиғаттану жөніндегі мақалалар кездеседі.
XVI ғ. соңында алғашқы баспа оқулық - әліппе пайда болды. Кітап басу негізін қалаған Иван Федоров (1510-1583 ж. ж. шамасы) деп көрсетіледі. 1574 жылы басылған “Әліппе” кітабының түсініктемесінде, оның балалар мен ата-аналарға арналғаны айтылады, бұдан сауат ашу отбасының міндетіне жүктелгенін байқауға болады.
XVI ғасырда орыс жері Мәскеу княздігі қарамағындағы бір орталыққа бағынған мемлекет болып құрылды, ал кейін Еділ өзенінің бойы, Сібір жері қосылғаннан кейін, Ресей феодалдық мемлекетке айналды.
Балалардың діни тәрбиесіне шіркеу жауапты болды. Дін иелері бұқара халыққа христиан дінінің ұстанымдарын уағыздап, шіркеуді және үкіметті құрметтеуге тәрбиеледі. Діни-адамгершілік тәрбие элементарлық біліммен байланыстырылды. Училищелердің көпшілігі діни ғибадатханаларда орналасты. Мектеп ұғымы шіркеу ұғымымен теңестірілді. Сөйтіп, Ресей феодалдық мемлекетінде оқыту отбасылық, шіркеулік және монастырлық түрде жүзеге асырылды.
Түйіндей келе, сол кезеңдегі қалыптасқан оқыту тәжірибесі мемлекет пен қоғам сұранысын қамтамасыз еткендіктен, білім беруді жетілдірудің қажеттігі болған жоқ. Сондықтан XVII ғ. дейін орыс жерінде мемлекеттік сауат ашу мектебі болған емес. Отбасында балаларға тұрмыстық ережелер үйретілді.
Сол кезеңдегі ең сауатты сословие дін иелері болды. Олар дәстүрлі білім көлемімен бірге, адамгершілік-діни тәрбие алып, өздерін рухани тұрғыдан жетілдірумен айналысты. Монастырларда терең білім алуға болатын еді. Дін иелері шіркеудегі қызметтерінен босағаннан соң кітап оқып, қолжазбаларды көшірді. Монастырларда кітап қорлары жиналып, олар кітап жазу орталықтарына айналды.
XVII ғасырдағы батыс православиелік бауырластықтар (Львов, Виленск, Могилев, Луцк, Киев т.б.) оқу - ағарту ісіне көп көңіл бөле бастады, оны православиелік сенімді және шіркеуді нығайтуға пайдаланды. Львов және Луцк мектептерінің біздің заманымызға дейін сақталған жарғысынан ондағы мектептердің демократиялық принципте құрылғандығы көрінеді. Мектеп ректоры мұғалімдер ұйымының жалпы жиналысында сайланған. Оның үстіне мектеп жұмысын бақылайтын екі қамқоршы өкіл сайланған. Баласын мектепке берерде баланың әкесі мектеппен келісім-шарт жасайтын болған. Ол келісім-шартта мектептің баланы неге үйрететіні, ата-ананың мектеп алдындағы міндеті (ата-ананың мектептен баланы оқу аяқталған соң алуы және оқуға үзбей баруына кедергі келтірмеу) жазылған. Жарғыда мұғалімнің жеке басының үлгісі туралы да айтылған.
Мектепке барлық сословие балалары оқуға тартылып, олар панасыз балалар ұйымының есебінен оқытылды.
Туысқандық мектеп жарғысында мұғалімдерге демократиялық талаптар қойылды: мұғалім балаларды бірдей оқытып, бірдей жақсы көруі, бай, кедейге бірдей қарауы тиіс болды. Әр оқушыны шамасына қарай оқытты. Мұғалім сабаққа келмеген оқушының себебін анықтауы керек болды. Мұғалім алдымен үй тапсырмасын тексеріп, сонан кейін сабақ өткізетін еді, үйге тапсырма беріліп, сенбі күні апта бойы оқытылған сабақ пысықталды. Туысқандық мектептерде ана тілін оқытуға ерекше көңіл бөлінді.
Бауырластық мектептер алғашында элементарлық, онан кейін орта және жоғары мектептерге айналды. Мәселен, Киев-Могилян академиясы ашылды. Орта мектеп діни сипат алып, діни семинария рөлін атқарды.
Бауырластық мектептер жеке меншік те, отбасылық та емес, қоғамдық мектеп болды. Бұл мектептер діни-шіркеулік қызмет атқарды. Онда барлық діни рәсімдер қадағаланып, құдайға күнделікті құлшылық ету талап етілді. Сонымен бірге шіркеу жарғысын қадағалау, шіркеу оқуларына қатысу, топтасып діни ән айтуға жаттығу міндеттелді. Діни “Киелі” кітаптар оқытылып, грек-латын тілдері және православиелік тұрғыдан қажетті делінетін “жеті түрлі өнер” үйретілді. Бауырластық мектептер білім деңгейін көтеру үшін кітаптар жинады.
Бауырластық мектептердің ішінде ерекше сипатқа ие болған Львов бауырластық мектептері болды. Олар басқа бауырластық мектептерге мұғалім даярлады.
1615 жылы Киевтегі бауырластық мектеп Киев-Могилян коллегиумы, сонан кейін академия болып аталды.
Бұл орыс жеріндегі ең алғашқы жоғары оқу орны болды. Оның үш бөлімінде (төменгі, орта, жоғары) 1200 адам оқыды. Онда философия, дін, құқық пәндері оқытылды. Оны бітіргендердің білімі батысеуропалық схоластикалық стандарт деңгейінде болды.
Оқушыларының саны көп оқу орындарының бірі - Баспаханалық мектеп 1681 жылы ашылды. Ондағы оқу бағдарламалары кеңейтіліп, славян және грек тілідері оқытылды. Төменгі сыныптарда 50 адам сауат ашу, ал ересек сыныптарда бірінші жылы 10 адам діни оқу оқыды. Уақыт өте келе баспаханалық мектеп, бастауыш мектеп рөлін атқарса, кейіннен баспаханаға аудармашылар даярлайтын училищеге айналды.
1685 жылы Мәскеуде Богоявлянский монастырында мектеп ашылды. Бұл мектептің типі батысеуропа университеттеріне жақын болды. Мұнда баспаханалық мектептер мен Чуд монастырлық мектебін бітіргендер оқуларын жалғастырды. Онда грек-латын тілдері оқытылды.
Түптеп келгенде, XVII ғасырдағы Русьте орта мектеп пен жоғары мектеп арасында айтарлықтай өзгешелік болған жоқ. Білім сапасы мектептердің бағытына және ондағы мұғалімдердің білім деңгейіне сәйкес жүргізілді.
1687 жылы Мәскеудегі ең бірінші жоғары оқу орны - эллин-гректік, кейіннен славян – грек - латын академиясы болып ашылды. Академияны ашуда білімді ағайынды Лихудылар үлкен еңбек сіңірді. Олар жоғары сыныптарда риторика және философиядан сабақ берді, грек, латын тілінде грамматика мен риторикадан оқулықтар құрастырды. Кейіннен олар Новгородта славян-грек-латын училищесін ашты. Осының үлгісімен XVIII ғасырдың басында Новгород жерінде 14 грамматикалық мектеп ашылды.
Мәскеу академиясы Киев академиясының үлгісімен құрылды. Оның ашылуына еңбек сіңірген Симеон Полоцкий (1629-1680) болды. Ол латын тілді мектепті қолдады. С.Полоцкий өзінен кейін бірнеше оқу кітаптарын «Псалтырь», «Славян тілінің әліппесі», т.б. қалдырды.
Полоцкий әлемді құдайдың жазған кітабы ретінде қабылдайды. Мұғалім оқушыны осы кітапты оқуға үйретуі қажет деп көрсетті. Ол оқытуды латын, грек және орыс тілінде жүргізу керектігін айтты.
Бұлардан кейін білім берудің таза шіркеулік-діни кезеңі аяқталып, оқу орнында дінмен қатар, ғылым да оқытыла бастады. Дегенмен ғылыми пәндерді оқытудың өзі де дінге тәуелді болды, барлық ғылым православиелік дін тұрғысынан түсіндірілді.
Мәскеу академиясы XVIII ғасырдың соңына дейін жалғыз жоғары оқу орны болса, кейіннен ол тек діни мекемеге - діни семинарияға айналды.
Бұл академияның қабырғасында М.В.Ломоносов, көрнекті жазушы А.Д.Кантемир, архитектор В.И.Баженов және т.б. мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер оқыған еді.
XVII ғасырдың екінші жартысында Ресейде оқыту мен тәрбиенің латын тілді, византия-ресейлік, славян-грек-латын, старобрядты -начетты төрт бағыты сарапталды:
Бұлар Ресейдің алдағы қоғамдық даму жолын бағалау жағынан екі бағытты ұстанды. ХIХ ғасырда олар батыстық бағытты және славяндық бағытты ұстанушылар деп аталды.
Сол кезеңдегі педагогикалық ой-пікірдің жетістігін бейнелейтін белгілі қайраткер Сильвестрдің тілі көркем, мазмұны қызықты жазылған «Домострой» шығармасын атауға болады. «Домострой» шығармасын атауға болады.
«Домострой» үш бөлімнен тұрды: Бірінші бөлімінде өмірге байланысты діни ақыл-кеңес берілді. Мұнда ата-аналардың басты міндеті балаларына адамгершілік-діни тәрбие беру керек делінді.
Кітаптың екінші бөлімі отбасылық қарым-қатынасқа арналды. Күнделікті тұрмысқа қажетті еңбекке, сауаттылыққа және кітап «ғылымын» үйрену жөнінде кеңес берілді.
«Домостройдың» үшінші бөлімінде үйді жабдықтауға, шаруашылық жұмыстарға қатысты кеңестер берілді.
Ресей XVIII ғасырдың басында ортағасырлық тығырықтан шығып, өзінің экономикасын, саясатын, мәдениетін дамытуды көздеді. Оған білімді мамандар - офицерлер, теңізшілер, артиллеристер, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар, үкімет қызметкерлері, мұғалімдер қажет болды. Осынан білім саласын жетілдіру қажеттігі пайда болды.
Петр I-ші мемлекетті дамыту мақсатымен шіркеуді өз билігіне көндірді. Шіркеу бірден-бір білім бақылау құқынан айырылды. Бұнан былай білімді бақылау мемлекет қарамағына алынды. Сонымен Ресейдегі оқу-ағарту жұмысы үкімет мүддесіне қызмет етуге бағытталды.
1721 жылы Петр I-нің тікелей қатысуымен Феофан Прокопович «Рухани регламент» жасады. Онда мемлекеттің шіркеуге үстемдік етуі бекітілгенмен де, халықты адамгершілікке тәрбиелеп, ақыл-кеңес беру үшін шіркеудің білім деңгейін жетілдіру көзделді. «Рухани регламентте» мемлекеттің мүддесі басым болды. Ф.Прокопович жаңа мектепке ғылыми сипат беруді көздеді, онда түрлі пәндерді оқыту, оқытуды көрнекілікке негіздеу, кітапхананың болуы міндеттелді, өйткені «кітапсыз академияның жаны жоқ» деп көрсетілді.
Академияның оқу жоспарындағы пәндер:
- грамматика тарихпен және жағрафиямен бірге;
- арифметика геометриямен бірге;
- логика мен диалектика бірге;
- риторика мен тақпақ шығаруға жаттығу бірге;
- физика қысқаша метафизикамен бірге;
- қысқартылған саясат;
діни оқу (мерзімі 4 жылдан 2 жылға қысқартылды).
Шет тілдері (латын тілін міндетті түрде оқыту; егер мұғалім табылса, грек және еврей тілін оқыту) сабақ уақытындағы екі пәннің арасында оқытылуы тиіс болды.
Оқу мерзіміне 8 жыл бөлінді. Оқуды бітіргендерге дін немесе ғылым жолына түсуге мүмкіндіктер берілді.
“Регламентте” элементарлық мектеп жайы атап өтілді, әр эпископ өз үйінде дін иелерінің балаларын оқытып, дін жолына түсетін қызметкерлер даярлауға міндеттелді. Ең бастысы Ф.Прокоповичті толғандырып, мазасыздық тудырған мәселенің бірі - мұғалімдердің саны мен сапасын көтеру болатын. Өкінішке орай Ф.Прокоповичтің идеясы мен пікірлері дін иелері тарапынан қолдау тапқан жоқ, өйткені олар Петр I-нің білімді қайта құруына қарсы болды.
I Петр заманындағы мектептің жайы. Петрдың қолындағы «Рухани регламент», білімді қайта құру жобасын толықтай жүзеге асырмады. Дегенмен сол жобаның ықпалынан Петрге дейінгі қалыптасқан бір типті білім екі бағытқа бөлінді - шіркеулік және дүнияуи, соңғысының аясында түрлі кәсіби мектептер пайда болды. Петр заманындағы жаңадан ұйымдастырылған білім сипатына тоқталсақ, біріншіден, ол кәсіби бағыт алса, екіншіден, сословиелік жіктелуді күшейтті, өйткені бұл тұста дворяндарды қолдау саясаты күшті жүргізілді.
Петрдің алғашқы бастамасы, мемлекеттік мектепті бұхара халықтардың балаларын оқыту үшін - циферлік мектептер ашуынан басталды. Ол мектеп патша жарлығымен 1714 жылы 10-15 жас аралығындағы бұхара халықтың балаларынан, мемлекеттік қызметтің төменгі деңгейіне қызметкер даярлауды көздеді. Негізінен онда әскери қызметке, завод және кеме жасайтын жұмысшылар даярланды. Циферлық мектептер кәсіби мамандыққа арналған даярлық кезеңі болып саналды.
Оқу мазмұнына сауат ашу, арифметика, бастапқы геометрия қамтылды. Ондағы мұғалімдік қызметке мәскеулік математика мектебі мен кеме жүргізу (навигация) мектептерінің шәкірттері тартылды. Бірақ циферлік мектептің ғұмыры қысқа болды, себебі ондағы оқуға төленетін қаржыны бұхара халықтың жағдайы көтермеді. Алайда, бұл мектептің жұмысы педагогикалық тәжірибені арттырды.
XVIII ғасырдың басында әскери адамдар мен теңіз мамандарының балаларын оқытатын армия мен флоттың төменгі басшылық құрамына қызметкерлер, кеме жасау және жүргізу мамандарын даярлау қажеттігі туды. 1698 жылы Преображенск полкінің жанынан артиллерия мектебі ашылды. Онда сауат ашу, есепке үйрету, артиллериялық іске баулу жүргізілді. 1721 жылы ондай мектептерді әр әскери полкте ашу жайлы бұйрық берілді.
Кәсіби жұмысшыларды даярлау үшін кен-заводтық мектептер ашылды. Мұндай мектеп 1716 жылы алғаш Карелияда ашылды. Ол мектепке кедейленген дворян отбасыларының 20 шақты баласы алынып, оларға оқу-жазу, арифметика, геометрия, кен және артилерия ісін меңгертті.
1701 жылы Мәскеуде артиллерия-инженер мектебі, 1703 жылы Мәскеу инженер мектебі, 1719 жылы Петербург артиллерия мектептері ашылды.
1707 жылы Мәскеудегі әскери госпиталь жанынан хирургия мектебі ашылды.
Мәскеудегі математика және навигация ғылымдары мектебі сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы мектеп саналды. Сол кезде, 1707 жылы Петр I-нің жарлығымен түрлі келеңсіз жағдайларды болдырмау, оқу сапасын арттыру мақсатында оқушыларды қатаң жазалау шарасы енгізілді. 1715 жылы бұл мектеп Петербургке көшіріліп, Теңіз академиясы деп аталды.
1725 жылы Санкт-Петербургте Ғылымдар Академиясы құрылды. Оның уставы Петр I-нің тұсында жарияланды. Академия үшін Батыс Еуропа елдерінен ғалымдар шақырылып, керекті жабдықтар сатып алынды. Петр I -нің жобасы бойынша академия жанынан университет, гимназия ашылды. Академияның жұмысына М.В.Ломоносов белсене араласты.
Петр I-ден кейінгі кезеңде таққа келген оның мұрагерлері, ата-бабасының бастаған істерін қолдағандай болды. Сөйтіп, Петр заманындағы оқу-ағартудағы белгілі жетістіктер біртіндеп өзгеріске түсіп, дворяндық тәрбиеге назар аударыла бастады.
Дворян иеліктеріндегі отбасында білім беру үшін шетелдерден мамандар шақырыла бастады.
Дворян иеліктеріндегі отбасы тәрбиесіне түрлі жағдайлар ықпал етті: отбасының қаражаты, қоғамдағы әлеуметтік орны, үй иесінің негізгі іс-әрекетіне қарай бала тәрбиелейтін гувернерлер мен мұғалімдерді жалдау қажет саналды.
Дворяндардың балалары 7 жасқа толғанда Петербургке әкелініп, бірінші байқаудан өткізіліп, арнайы тіркеуден өтуі керек болса, ал Мәскеу мен губерниялық қалаларда губернаторларда тіркелу керек болды. Екінші байқау 5 жылдан кейін өткізілді. Ол кездегі жеткіншек «недоросль» жеткіншек өз оқу дағдысын жақсы меңгеріп, есеп шығара білуі тиісті болды.
Оқудың келесі сатысы үйде немесе мемлекеттік мектепте жалғасуы қажет еді. Онда олар арифметика мен геометрияны, Құдай заңын оқыды. Сөйтіп, дворяндық тәрбие (7-16 жас ) дворяндық иеліктердегі үйде жүзеге асырылды. 16 жасқа толғаннан кейін оның білімін сенат тексерді. Дворян баласы оқуын онан ары үйде немесе мемлекеттік мектепте жалғастырып, жағрафия мен тарих, фортификацияны меңгеруі тиісті еді.
Инженерлік, артиллериялық, гарнизондық мектептердің оқушылары Петербургтегі Әскери коллегия мүшелерінің немесе гарнизондар мен қала губернаторы, коменданты, «ғылым адамдары» алдында емтихан тапсырды.
Дворян балаларына - болашақ офицерге керекті - білім беретін арнаулы әскери оқу орындары – кадет корпустары ашылды. Бұл оқу орындары Қазан төңкерісіне дейін сақталды.
1731 жылы Санкт-Петербургте дворян балаларын әскери және мемлекеттік қызметке даярлайтын алғашқы кадет корпусы ашылды. Бұл мектепте әскери даярлықпен бірге жалпы білім берілді. Онда 4 сынып болды. Әр сыныпта оқу екі жылдан төрт жылға созылды (барлығы 10-12 жыл) Алғашқы екі сыныпта жалпы дәрежелі білім берілді (әдебиет, математика, тарих, жағрафия оқытылды). Жоғары сыныптарда арнаулы пәндер оқытылды. Сонымен қатар атқа салт мініп жүру, қылыштасу, би, музыка өнерін үйренуге көңіл бөлінді. Кадет корпусында оқыған жастар не әскери қызметке, не мемлекеттік қызметке қажетті мамандық алатын болды. Бұл типті оқу орындарында эстетикалық және дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Кадет корпустарының кітапханасы, театры болды және журнал басып шығарып тұрды.
М.В.Ломоносовтың педагогикалық идеясы. Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) - әлемдік ғылымда аты қалған орыстың алғашқы академигі. Ол Ресейдің ғылымы мен мәдениетінің барлық саласының негізін қалаған бір туар ғалым: әдебиетші, ақын, түрлі тілдерді меңгерген тілші, тарихшы, жағрафияны жетік меңгерген, кен зерттеуші, темір қорытушы, физик, химик, суретші, ұстаз болды. Ол барлық ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді, мемлекеттің байлығын арттыруды көздеді. М.В.Ломоносов ағартушы ретінде Ресей мемлекетінің мүддесіне, ғылым және оқу-ағарту саласында қажырлы еңбек етті.
Мәскеу университетінің (1755) құрылуы М.В.Ломоносов атымен тығыз байланысты – ол қазіргі кезеңдегі әлемдегі жетекші университеттердің бірі болып саналады. Ломоносов осы университетті құру жобасы мен оқу бағдарламасын жасады. Ғалымның ұсынысы бойынша университет қабырғасында гимназия ұйымдастырылды, 1812 жылға дейін өз қызметін жалғастырып келді.
Университеттің жанынан екі гимназия ашылды. Бірі дворян балалары үшін, екіншісі- крепостной шаруалардың балаларынан өзге, әр түрлі шендегі сословиелердің балаларына арналды. Бұдан кейін Мәскеу гимназиясының үлгісімен Қазанда да гимназия ашылды.
Мәскеу университетінің жанында орыс архитекторлары Казаков пен Баженовтың мектептері жұмыс істеді. Бұл университеттің профессорлары ірі педагогикалық зерттеулермен айналысты. Олар оқыту әдістемелерін зерттеді. Жеке пәндерді оқыту туралы бағалы құрал жасап ұсынды. Ол құрал “Университетке түсушілерді оқытудың әдістері” (1771) орыс, латын, неміс, француз тілінде шықты.
Мәскеу университетінің жанынан Ресейдегі алғашқы оқытушылар семинариясы жұмыс істей бастады. Бұл семинария гимназиялар мен басқа мектептер үшін мұғалімдер даярлады.
Мәскеу университетінің ашылуы М.В.Ломоносовтың жоғары демократиялық мектеп жайлы арманын іске асырды. Онда барлық сословиенің өкілдері оқуға мүмкіндік алды.
Мәскеу университеті алдындағы қиындықтарға қарамастан өз қызметінің аясын кеңейте бастады. Онда әдеби және ғылыми бірлестіктер құрылды. Сонымен бірге “Баспаханалық бірлестік” те бой көтеріп, баспадан кітаптар шығарып, оны сататын дүкендер ашты.
60-жылдары М.В.Ломоносов Санкт-Петербугтегі академиялық гимназия мен университетті басқарды. Ол жалпы жұмыс жоспары, оқу жоспары, ондағы жұмыс тәртібі жайлы “ Академиялық гимназия регламентін” жасады. Ломоносов алғаш рет Санкт-Петербург университетінде дәрісті орыс тілінде оқыды, бұрынғы ғылым тілі Еуропа мен Ресейде латын тілінде оқылатын еді.
М.В.Ломоносовтың ағартушылық қырының бірі орыс тілінде қажетті оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазды: “Риторика” (1748), “Орыс тілінің грамматикасы” (1758) сол кезеңдегі жарты ғасыр бойындағы ең жақсы оқулық болып саналды. Тарихқа байланысты кітаппен бірге “Кен ғылымын алғашқы негіздеу” кітабын жазды. “Студенттерге арналған физика кітабын” латын тілінен орыс тіліне аударды.
М.В.Ломоносовтың ең ірі педагогикалық жетістігі чех педагогы Ян Амос Коменскийдің “Суретті әлем” деген шығармасын мейілінше насихаттап, гимназия оқулығы ретінде пайдалануды ұсынды.
М.В.Ломоносовтың педагогикалық жетістігінің екінші бір қыры, Ресейде ең алғаш рет академия мен университеттерге сыныптық-сабақ жүйесін енгізді, кейіннен сол үлгі бойынша, кадет корпустарына да сыныптық-сабақ жүйесі енгізілді.
М.В.Ломоносовтың біліктілігі мен көрегендігі оның жасаған бағдарламалары мен ғылыми еңбектерінде көрініс тапты.
Александр Николаевич Радищев (1749-1802) – ХVIII ғ. екінші жартысындағы Ресейдегі революцияшыл педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды. Ол крепостнойлық тәртіптің күшті кезінде халықты қанауға батыл қарсы шыққан орыс дворяндарының бірі еді.
А.Н.Радищев табиғат, адамның пайда болуы және оның санасы жөнінде орыстың философиялық материализімінің алдыңғы қатарлы идеяларын жақтады.
А.Н.Радищев тәрбиенің негізгі міндеті – азаматтық санасы және жоғары моральдық қасиеттері бар, мейілінше Отанын сүйетін патриот адамды қалыптастыру деп санады. Ол шын мәніндегі патриот деп қаналушы халықтың мүддесі үшін патшамен белсенді күрес жүргізген адамды ғана санауға болады дегеді айтты. Бұл пікір оның “Отанының шын ұлы кім екендігі туралы әңгіме” деген еңбегінде көрініс тапты.
Оның “Петербургтен Мәскеуге саяхат” атты негізгі шығармасында шаруа балаларының помещиктік қанауынан тартып отырған азабын ашып көрсетті. Шаруа балаларының рухани дамуына крепостнойлық тәртіптің кедергі жасап отырғанын, олардың табиғи қабілеттерінің дамуына үкімет тарапынан қамқорлықтың жоқтығын сынады. Жас ұрпақтың тиісті тәрбие алуы мемлекеттің міндеті деп атап көрсетті, тәрбие беру арқылы жас ұрпақтан Отанының азаматын, шын мәніндегі патриотты тәрбиелеу қажет деп санады.
Отбасы тәрбиесіне байланысты балаларды қатаң тәртіппен бағындыруға болмайды, отбасындағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы олардың жеке басының ғана ісі емес, ол қоғамдық мәселе деп көрсетті.
