Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История УМК.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 35-46 б.

III - модуль. Қазақ даласындағы ойшылдардың педагогикалық ой-пікірлері

3. I. Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерi

Мақсаты: Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерiмен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1. Көне түркі мәдениетінің даму кезеңдері. Орхон-Енисей ескерткіштері.

2. ҮIII–IХ ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстан елдерiне араб-шығыс мәдениетiнің әсерi.

3. Орта Азия елдер мәдениетіне Хорезмидің қосқан жаңалықтары.

4. Орта ғасыр ойшылдарына (әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Жүйнеки, А.Иассауи) тәлімдік ой-пікірлері.

Көне түркі мәдениеті. Көне түркi мєдениетi жөнiнде атақты орыс тарихшысы Л.Гумилев өзiнiң “Көне түрiктер” атты кiтабында былайша баяндайды. II жєне III ғасырлар тоғысы кезiнде қағанат Батыс жєне Шығыс қағандықтары болып, екiге бөлiндi. 625ж. “Екi орасан зор коалиция құрылды. Бiр жағында - Қытай, Батыс түрiк қағанаты және Византия империясы, екiншi жағында – Шығыс түрiк қағанаты, Иран мен аварлар мемлекетi” болды. Олардың арасында дүниежүзiлiк соғыс басталды. Осы алапат соғыстың кесiрiнен екi қағанаттың екеуi де талқандалды. Сөйтiп, Батыс қағанаты бiржолата жойылса, ал Шығыс түрiктерi Ордосқа көшiп, Көк түрiк атын алып 679ж. Қағанатты қалпына келтiредi. Кейiн ұйғыр қағанаты оныњ мұрагерiне айналды.

Шығыс түрiк қағанаты сол кездегi өркениеттi Византия, Араб – Халифаты және Қытай империяларымен дипломатикалық қарым-қатынас жасап отырды. Ұлы түркi қағанаты бүгiнгi Түркия, Азербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрiкменстан, Ресейдегi – Татарстан, Башқұртстан, Якутия (Саха), Чувашия, Қытайдағы Шығыс Түркiстан (Шыңжан өлкесi) Европадағы Венгрия т.б. Шығыс Еуропа территориясын мекендеген халықтардың басын қосып, шығысында Алтай таулары, батысында Карпат таулары, солтүстiгiнде Сiбiр жоталары, ал оңтүстiгiнде бүгiнгi Қытай қамалына дейiнгi орасан зор территорияны иелендi. Көне түркiлердiң қоғамдық құрылысын “Әскери демократия деп атайды” дейдi.

Түрiк қағанаты тайпаларының VI-VIII ғ.ғ. өз жазулары болған. Оның мемлекеттiк әкiмшiлiк және дипломатиялық қызмет атқарғаны жөнiнде көне дерек көздерi 90 кездеседi. Мәселен, 568ж. Түрiк елшiсi Маниак Константинопольға “Скиф жазуымен” жазылған хат апарған.

Әлемде тарихқа төл алфавитiмен енген халықтар сирек кездеседi. Европаның қазiргi өркениеттi деп аталатын бiрде-бiр халқында өзiнiң төл алфавитi болған емес. Олай болса Орхон-Енисей жазба ескерткiшi көне түркiлердiң ежелден-ақ өзiндiк жазба мәдениетiнiң болғанын растайды.

Түрік мәдениетi – Шығыс мәдениетiнiң бел ортасындағы ерекше көзге түсетiн құрамдас бөлiгi. Түрік өркениетiнсiз Шығыс пен Батыстың арақатынасын ашып беру, екi әлемнiң мәдени қарым-қатынасын айқындау мүмкiн емес.

Түркi мәдениетi тарихшылардың топшылауынша үш кезеңнен тұрады. Бiрiншi кезең – б.з.д. III-II ғ.ғ. басталып осы дәуiрдiң ҮI - ғасырға дейiнгi мерзiмдi қамтиды. Ежелгi түркi мєдениетiнiң екiншi кезеңi – ҮI–ХI ғ.ғ. көне түрiк дәуiрiн, үшiншi кезең – ХI-ХҮ ғ.ғ. орта ғасырлық түркiлер мәдениетiн қамтиды.

Бүкiл Евразия құрлығына жайыла орналасқан түркiлердiң мекенi Ұлы Сiбiр Енисей, Моңғол-Орхон, Селенгi бойынан басталып, Қытайдың Шығыс Түркiстан өлкесiн басып өтiп, Орта Азияның Солтүстiк-батысы мен Қазақстан даласын көктей өрлеп, Едiл-Дон өзендерiнен өтiп Карпат тауына дейiнгi кең алқапты алып жатыр.

Түркiлер ғұндардың этникалық бiр тармағы. II-Ү ғасырларда Орта Азия мен Қазақстандағы ғұндардың бiр бөлiгi Батысқа қарай жылжыды. Осы Ұлы көште ғұндар Жерорта теңiзi арқылы Римге дейiн, ал батыста Карпатқа дейiн жеттi. Карпаттағы бүгiнгi болгарлықтар сол ежелгi ғұндардың ұрпағы.

Түрiк – Ұлы даладағы түрік тектес бiрнеше тайпалардыњ ҮI-ҮIII ғ.ғ. бiрiгуiне ұйытқы болған халықтың аты. “Түрiк” деген сөз тұңғыш рет 542 жылы қытай шежiрелерiнде айтылады. Түрік тектес тайпалар 545 ж. шамасында бiрiгiп жеке мемлекет болған. Ұсақ тайпалардың басын бiрiктiрген оныњ тұңғыш қағаны Бұмын болған. Бұммынның патшалығымен (шамамен 545-552 ж.ж.) Түрiк қағанаты - оның жас мемлекетi құрылады. Ол Қытай мемлекетiмен қарым-қатынас орнатты. Көршi теле, жуж-жань тайпаларын өзiне қаратты.

Қазiргi Моңғолияның Орхон өзенiнiң бойына 732 жылы орнатылған Күлтегiн тас ұсқыны (ескерткiшi) және басқа да Орхон-Енисей жазба ескерткiштерi ортағасыр дәуiрiнiң маңызды мұралары саналады. Күлтегiн атты түрiк қолбасшысына арналған 40 жол үлкен және 13 жол кiшi жазудан тұратын ескерткiш шамамен 732-735 жылдары орнатылған.

Күлтегiн тас ұсқынындағыдай Талас өзенi бойынан табылған жазбалардың Орхон-Енисей бойындағы тас ескерткiштегi, жазбалармен мазмұндық ұқсастығы көне түркiлердiң Еуразия даласында көшiп-қона жүрiп аумағы кең ен даланы жайлағанын дәлелдейдi.

Ескерткiштерде нақтылы тарихи оқиғалар туралы сөз қозғалады. Кезiнде бастылардың басын игiзген, Бұмын мен Естерістің iсiн ұрпақтары жалғастыра алмай ҮII ғ. ортасында түркi халңының табғыштарға (қытайларға) тiзе бүккенiне күйiнiш бiлдiре келiп, “Басқа елде сұлтан болғанша, өз елiңде ұлтан бол” деген мәтелмен түйiндегендей болады.

Тас мүсiннен шығатын тұжырым түрiк халқының ежелгi жауынгерлiк дәстүрi мен ел билеудегi даналық ой тұжырымының болғаны байқалады. Ол - азаттық идеясын ту ету, елiнiң азаттығы жолында құрбан болуды үлгi-өнеге тұтқандық.

Тарихтан белгiлi көне түркiлер ұрпағы – қазаќқтардың этногенезi туралы сөз қозғасақ, олар жоғарыда айтылған Енисей жазба ескерткiштерiндегi мәлiметтерге қарағанда және көне қытай, ұйғыр, моңғол жазбалары бойынша арғы тегi моңғол тектес ғұндар мен үндi-иран тектес қыпшақтар мен сақтардың, түркi тектес үйсiн мен қаңлылардың қосындысынан пайда болған Еуразия даласының көшпендiлерi екенi байқалады. Қазақтың этногенезiнде керейттер мен наймандардың, арғындар мен қоңыраттардың, алшын жаппас, шектiлердiң де болғанын тарих дәлелдеп отыр. Ол жөнiнде атақты тарихшы В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев, Х.Арғынбаев, Ә.Марғұлан т.б. еңбектерiнде дәйектi дәлелдер келтiрiлген.

Қазақ халқының ұрпақ тєәбиелеу дәстүрi халық педагогикасынан, оның ауыз әдебиетi үлгiлерi мен тұрмыс-тiршiлiгiмен байланысты туындаған салт-дәстүрiнен, ұлттық музыкасы мен өлең жырларынан, қолөнер түрлерi мен ұлттық ойындарынан бастау алады.

Ұлттық мәдениеттiң ұрпақ тәрбиелеудегi ерекшелiгiн зерттеу iсiмен ғылыми педагогиканың бiр саласы қазақ этнопедагогикасы айналысады. Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеу тәжiрибесiн, педагогикалық ой-пiкiр көзқарастарын, ұлтты ойлау ерекшелiктерiн, өнер туындыларын зерттей отырып, оның мазмұны мен тәлiмдiк мәнiн, тәрбие құралдары мен оны iске асырудың әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Этнопедагогиканың мақсаты – жастарға халықтық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениет түрлерiнен бiлiм, бiлiк, дағдыларды меңгерте отырып, олардың ұлттық сана-сезiмi мен дүниетану көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.

Қорқыт ата – ҮIII–IХ ғ.ғ. төңiрегiнде Сырдарияның орта және төменгi ағысын жайлаған оғыз-қыпшақ тайпаларының арасынан шыққан әйгiлi күйшi, музыкант, аңыздық кейiпкер, кемеңгер ойшыл. “Қорқыт ата кiтабы” – Орта Азия, Қазақстан және Азербайжан халықтары арасына кең тараған. Оның музыкалық-этнографиялық мұрасы – түркi тiлдес халықтардың бәрiне ортақ рухани мұра. Сондай-ақ Қорқыт айтты дейтiн ақыл-нақыл, афоризм, ұстаздық ұлағат сөздер көптеп кездеседi. Онда имандылық, iзгiлiк, қанағатшылдық, әрекетшiлдiк, тәубешiлiк мәселелерi сөз болады.

Қорқыттың бiр топ афоризм сөздерi жастарды ерлiкке тәрбиелеуге, тектiлiк мәселесiне, қонақжайлылыққа, мейiрiмдiлiкке арналған. Ол әйелдердiң бойынан жақсы адамгершiлiк қасиеттердi көрудi аңсайды. Қорқыт өсиеттерiнiң тәлiмдiк мәнi аса зор, қай заманда болмасын ескiрiп көнермейтiн асыл мұра.

IХ–Х ғ.ғ. Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б. бөлiнiп ыдырай бастады. Осы жағдайды пайдаланған Араб халифаты Орта Азия мен Қазақстан далаларын жаулап алып, ислам дiнiн, шығыс мәдениетiн таратуға күш жұмсады.

Араб басқыншылары Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алғанға дейiн де Орталық Азиядағы екiншi мәдениет орталығы – Согд, Маргиана, Парфия, Бактрия атты мемлекеттердiң болғаны тарихтан белгiлi.

ОрталыҚ Азияда, оның iшiнде қазiргi Оңтүстiк Қазақстан аймағында өнер-бiлiмнiң, әсiресе техникалық бiлiмнiң дамуына оның географиялық жағдайы, табиғи байлығы, ауа-райы үлкен ықпал еттi. Алғаш канал қазу, егiстiк жерлердi суландыру iсi қолға алынды. Орталық Азия халықтарында агротехникалық-ирригациялық бiлiмнiң аса жоғары болған.

Орта Азияның ежелгi Хорезм, Согд, Ферғана және Түркiстан, Тараз қалалары көршiлес Қытай, Таяу Шығыс, Кавказ жєне Шығыс Европа елдерiмен тығыз экономикалық байланыс жасап, сауда-саттық жұмысын жүргiзуiне атақты Жiбек жолы ерекше әсер еттi. Сол сияқты Орта Азия елдерi керамика, тоқыма, зергерлiк өнердiң де мекенi едi. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының музыкалық мәдениетiнiң жоғары болғанын, музыкалық аспаптар жасаушы шеберлердiң шыққанын мақтанышпен сөз етедi.

Өте ерте заманда Қазақстан мен Орта Азия жерiнде жазу өнерi де пайда болған, ол археологиялық қазбалардан табылған Согд жазулары жазылған ыдыс-аяқ сынықтары, ағашқа немесе терiге жазылған жәдiгерлер, бейiттерге қойылған тас ескерткiштердегi көне жазбалар растайды. Хорезмдiк ғалым әл-Бируни, ежелгi хорезiмдiктердiң ғылыммен шұғылданғанын, оның нәтижесiн өздерiнiң күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгiнде пайдаланғанын жазады.

Бұған қоса ҮIII–IХ ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстан елдерiнiң араб-шығыс мєдениетiн қабылдауы да түркi халықтарына игi әсер еттi. Түркi халыңтарыныњ ұлы ғалымдары: Хорезми, Фараби, Фердауси, Авиценна, Бируни, Ибн-Сина, Низами, Науаи, Қашғари, Иасауи, Баласаұғын т.б. араб тiлi мен мәдениетiн меңгердi. Оның үлкен прогрессивтiк маңызы болды. Көптеген шаһарларда дiни медреселер ашылып, ғылым мен бiлiм деңгейi артты. Медреселер дiни iлiмдермен ғана шектелiп қалмай, арифметика, медицина, жаһаннама (философия), дiнтану, астрономия қєлемдiк маңызы зор дәрiснама берудi мақсат еттi.

Бұхарада, Отырарда аса iрi кiтапханалар ашылды. Онда Гераклиттен бастап көне грек философтарының кiтаптары сақталды. Бұл кiтаптар Самархандтан әкелiнген қағазға басылған едi. Самарқанд ол кезде қағаз өндiрiсiнiң орталығы болған. Оның үстiне алғашқы медресе де осы Бұхарада ашылғаны мәлiм. Хорезм шахтары да ғылымға қамқорлық жасап, басқа қалалардан ғалымдарды шақырады. “Мамүн академиясы” немесе “Даналыќ үй” деп аталған ғылыми орталық құрды. Оны өз заманыныњ ұлы ғалымы Әбу Райхан әл-Бируни басқарды. Академияның жұмысына сол замандағы көрнектi ғалымдар Әбу Нәсiр ибн-Ирак, Әбу Әли ибн-Сина, Әбусахиль Мәссах, Әбiлхасан ибн әл-Хұммар, ибн Мүкәулих т.б. белсене қатысты. Осылардыњ iшiнде алгебраның атасы – ұлы ғалым Мұхаммед әл-Хорезми (780-850) еңбегiне ерекше тоқталуға тура келедi. Ол 780 жылы шамасында Хиуада туып, 850 жылы Бағдатта қайтыс болған. Ислам дiнiнен бұрын Хорезмде зоастра дiнi болған. Ол дiндi ұстаған адамдарды арабтар «мағи» немесе «мәджүс» деп атап, оның абыздарының басым көпшiлiгiн басқыншылар қырып тастаған. Хорезмидің аталары да араб басқыншылары тарапынан қуғын көрген. Хорезми жергiлiктi медреседе оқып сауатын ашады, өз бетiмен бiлiмiн көтередi. Орталық Азияның бiрталай қалаларында болып, өзiнiњ тарих, география, астрономия жөнiндегi мағлұматтарын толықтырады. Ана тiлiмен қатар парсы, араб және Үндiстанның ежелгi әдеби тiлi – санскриттi үйренедi. Кейбiр деректерге қарағанда ескі еврей тiлiн де бiлген. Жиырма жасында керуенге iлесiп, ғылым iздеп, Бағдатқа келген. Онда ғылыми жұмыстармен шұғылданып, ескi грек тiлiн үйренген. “Даналық үйiндегi” кiтапханадан кiтаптар оқып, гректер мен үндiлердiң ғылыми мұраларын меңгерген. Бес тiлдi еркiн меңгерген математик, астраном, географ, тарихшы, дәрiгер Хорезми Бағдатта бас ғалым ретiнде танылған. Кiтапхана мен обсерваторияны басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу 35 жастағы Хорезмиге сенiп тапсырылған. Ол осында өзiнiң “Астрономиялық таблицалар” атты еңбегiн жариялайды. Бұл кiтап Ньютон мен Гершельге дейiн астрономияның Европадағы негiзгi құралы болып келдi.

Хорезми жер меридианының ұзындығын анықтаумен тұңғыш айналысқан. Хорезми – ұлы географ. Оның “Китаб сурәт әл-ард” (“Жер түрлерi жайындағы кiтап”) атты еңбегi араб географиясының негiзгi арқауы болды. Онда сол кездегi теңiз, өзен, көлдер, таулар мен мемлекеттер, олардың халқы мен географиялық жағдайларына сипаттама берген. Кiтапта 4 карта бар. Әсiресе Азов теңiзi бассейнiнiң картасында жер аттарын арабша жазумен бiрге, жергiлiктi және парсы тiлiндегi атаулары берiлген. 70 географ Хорезмидiң басшылығымен үлкен атлас жасаған. Хорезми шет елдерге бiрнеше рет саяхат жасаған. Соның iшiнде Волга бойы мен Византиға барған экспедициясы ерекше. Ғалым Волга өзенiнiң хазар тiлiнде “Итiл” деп аталғанын (қазақ және татар тiлiнде Волганың “Едiл” атануы осы “Итiлден” шыққан) баяндайды. Волгадан қайтып келгеннен соң Хорезмидi құранда айтылатын аңызды анықтау үшiн Византиядағы “Эфес” деген үңгiрде “алланың ємiрiмен” ұйықтап жатқан жетi баланың (олар “тамақ iшпей, өлмей, мәңгi ұйқыда болады-мыс”) шындығын анықтау үшiн экспедицияға жiбередi. Хорезми мәселенiң анық-қанығын дәйектей келе “үңгiрде бала түгiлi, тышқан да жоқ, бос аңыз” екенiн дәлелдейдi.

Хорезми тарихи-этнографиялық, медициналық кiтаптар да жазған. Бiрақ, ол еңбектер сақталмаған. Хорезми “Алгеритми айтады” атты екi кiтап жазып қалдырған. Оныњ бiрiншiсiнде арифметикалық, ал екiншiсiнде алгебралық есептердi шығару жолдары көрсетiлген. Автор арифметикалық есептердi – “үндiлер есебi” деп атап, алғаш он цифрлы системаны үндiлердiң ойлап тапқанын дәлелдейдi.

Ал алгебралық есеп кiтабы үш бөлiмнен тұрады: 1) тењңеулердi шешу жолдары; 2) өлшеу және геометриялық есептердi шығару; 3) адамның өлер алдындағы өз мүлкiн жақындарына қалдыру (бөлу) жайындағы өсиеттер. Хорезмидiң мұрагерлiк жайындағы есеп шарттарының Тәуке ханның “Жетi жарғысында” қайталануы Хорезми есептерiнiң бүкiл әлем халықтары күнделiктi тұрмысында заң ретiнде қолданылғанын растайды.

Хорезми еңбектерiнiң басты ерекшелiгi – түсiнiктiлiгi, өмiрмен, тәжiрибемен байланыстылығында деуге болады. Ол жазған алгебралық есептер он екi ғасыр өтсе де ескiрмей, күнi бүгiнге дейiн өмiрде қолданылып келуi оның шынайы өмiршеңдiгiн дәлелдей түскендей.

Хорезмидiң iзiн баса өмiрге келген, Отырардың перзентi, шығыстың екiншi Аристотелi атанған ғұлама ғалым Әбу Нәсiр әл-Фарабидi (870–950) ерекше атауға тура келедi. Ол ойшыл-философ, социолог, математик, физик, астраном, лингвист, психолог, педагог, музыка зерттеушiсi болған.

Мәдениетi өркендей түскен мұсылман дүниесiнде жас Әбу Насыр әл-Фарабидiң ғылым мен өнерге деген құмарлығы ерте оянды. Ол 20 жасқа дейiн бiлiмдi туған топырағы Отырарда алды. Кейiн Бұқара, Мерве, Хоране, Александрия, Бағдат, Каир, Дамаскi, Шам, Халеб сияқты мұсылмандық шығыстың көптеген қалаларында өмiр сүрiп, түркi, араб, парсы, грек, латын, санскрит және т.б. тiлдерiн жетiк меңгердi.

Әл-Фараби “Бақытқа жетудiң жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” трактаттарында “Жан қуаты”, “бақыт” дегеннiң не екендiгiн, оған жетудiң жолдарын қарастырады. Ұлы ғұлама “Бақыт – қайырымды адамдардың мәртебесi, кемелденушiнiң жаны мен тән қуатының жетiстiгi, тұтас дүниедегi үйлесiмдiлiкте өмiр сүру қабiлетi”- дегендi айтады.

Әл-Фараби жоғарыдағы еңбектерiнде оқыту әдiстерiнiң түсінікті, дєйектi, жүйелi, көрнекi болуын ескертедi, сондай-ақ дағды, әдет, қабiлет, икемдiлiк, мiнез т.б. тәлiм-тәрбиелiк ұғымдарға түсiнiк бередi. Көз жеткiзу, иландыру, мойын ұсындыру тәрiздi әдiс-тәсiлдерге талдау жасайды. Ол өзiнiң “математикалық трактаттарында” жүзден астам геометриялық есептердiң шешiлу әдiстерiн, шығару жолдарын түсiндiредi.

Ол Аристотельдiң жан туралы iлiмiн одан әрi дамыта отырып, Шығыс әлемiнде тұңғыш рет психологиялық терминдерге түсiнiктеме бередi. Ол жан жүйесi туралы iлiмнiң сан-салаға бөлiнетiнiне (музыкалық, педагогикалық, қоғамдық, медициналық болып), түрлi iс-әрекеттерге қарай жетiлуiне тоқталады.

Фараби мұралары Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының философиялық, психологиялық және педагогикалық ой-пiкiрлерiнiң өрiс алуына ерекше ықпал еттi. Мәселен Х–ХҮ ғасырлар аралығында Орталық Азия мен Қазақстан топырағында медресе шәкiрттерiне арналған математика, логика, этика пєндерi бойынша көптеген оқу құралдары жарық көрдi. Тавтазани жазған “Мантик” (логика) атты оқу құралы медреселерде ұзақ жылдар бойы қолданылып келдi.

Әл-Фарабидiњ iзiн қуа Орта Азияның ұлы перзентi, атақты ғалым, ұлы гуманист Әбу Әли ибн Сина 980 жылы Бұхара қаласының маңындағы Афшана деген қыстақта тәжiк отбасында дүниеге келген.

Ибн Сина беске толғанда әкесi сол кездегi феодалдық мемлекет астанасы – Бұхара қаласына көшiп келедi. Ибн Синаның әкесi сарай маңында қызметке орналасып, баласын бастауыш мұсылман мектебiне бередi. Ибн Сина (Құсайын) өзiнiң оқуға алғырлығымен көзге түседi. Оның үстiне Орта Азия, Таяу Шығыс, тiптi алыстағы араб елдерiнен – Мысырдан (Египеттен) келген оқымысты қонақтар үлкен әсер етедi. Олар шығыс елдерiнiң тұрмыс-тiршiлiгi, әдет-ғұрпы, салт-санасы, философиясы, көркем өнерi жайында келелi әңгiмелер шертедi. Құсайынды он жасында әкесi жеке мұғалiм жалдап оқытады. Бұл мұғалiмдер оған дiни бiлiмдермен бiрге математиканы, физиканы, астрономияны, географияны, философияны, логиканы, заң ғылымдарын үйретедi. Ибн Сина ескi грек философиясымен, логика, физика, астрономия т.б. ғылымдарымен терең танысады. Содан кейiн медицинаны қолға алып, оны да терең меңгередi. Ерте заманның ұлы дєәiгерi Гиппократ пен Галеннiң шығармаларын, шығыс медицинасын еркiн игередi.

Бұхара әмiрi Нұх ибн Мансұрды емдеп жазып, Құсайынның атағы әлемге тез жайылады. Құсайынға риза болған Бұхар әмiрi өзiнiң сарайындағы бай кiтапханамен пайдалануға рұқсат бередi.

Замандастары Ибн-Синаны “Шейх ар-райс (“ғалымдардың атасы”) деп атаған.

Ибн Сина Хорезмде жүрiп өзiнiң атақты екi кiтабын жазды. Оның бiрi “Медицина ғылымының заңдары” (“Каноны”) екiншiсi – “Саулық сақтау кiтабы”. Бiрiншi кiтапта дєрiгерлiк емдеу тәсiлдерi сөз болса, екiншi кiтапта – физика, математика, астрономия, логика т.б. қоғамдық ғылымдар туралы айтылады. 1017 ж. Ғазна шахы Махмуд Ғазнауи Хорезмдi басып алып, патша сарайына жақын адамдарға қуғын көрсетедi. Ибн Сина 20 жылдай қуғында жүрiп, өзiнiң үлкендi-кiшiлi жүзден астам ғылыми еңбектерiн жазады. Өкiнiшке орай, олардык көпшiлiгi жоғалып кеткен. Солардыњ iшiнде “Әдiлеттiк кiтабы” атты 20 томдық философиялық еңбегi де бар. Орталық Азияның даңқты перзентi 1037 ж. маусым айында шетелде жүрiп қайтыс болады. Денесi Иранның Хамадан деген қаласының маңына жерленедi.

Ибн Сина – ұлы гумманист. Оның ойынша мемлекетке “жалпы адамзатқа арналған қаржы (қор)” болуы керек. Кемтарларға сол қор есебiнен көмек көрсетiлуге тиiс деген.

Әбу-Райхан әл-Бируни (973-1048) – атақты астроном, математик, географ, геолог, философ, филолог, тарихшы және этнограф, дәрiгер және ақын. Әбу-Райхан Мұхаммед ибн Ахмет әл-Бируни 973 ж. 4 октябрьде ежелгi Хорезмнiң астанасы Қият қаласының iргесiндегi қыстақта дүниеге келген. Қазiр Қияттың орнында Бируни қаласы бар. Ол – Қарақалпақстанға қарайтын аудан орталығы. “Бируни” деген сөз “ќала маңындағы жатақ” деген мағынаны бiлдiредi. Демек Бируни жатақтардан шыққан. Қият кейбiр деректерге қарағанда бұрынғы Хорезм мемлекетiнiң астанасы, iрi мєдениет орталығы болған. Онда өз заманына сай мектеп-медреселер мен кiтапханалар жұмыс iстеген.

Бируни ата-анадан жастайынан жетiм қалып, балалық шағын жоқшылықпен өткiзедi. Өз бетiмен оқып хат таниды. Көп iзденiп Хорезми, Фараби, Жауһари, Ферғанидiң т.б. бiлiмпаздардың кiтаптарын оқиды. Керуенмен iлесiп “бақыршы бала” атанып, Орталық Азия мен Солтүстiк Иранныә әр қалаларында болып бiлiмiн көтередi. Жиырма жасында көрнектi ғалым болып қалыптасады. Ол дiн мәселесi жөнiнде қарматтар жағында болады. Қарматтар – сырттай ислам дiнiнiң ережелерiн қабқылдап, iс жүзiнде оған қарсы шыққандар едi. “Дiнсiздердi” қолдағаны сезiлiп қалғандықтан Бируни Хорезмде тұра алмайды. 995 жылы өз елiнен кетiп, өмiрiнiң ұзақ жылдарын шетте өткiзедi. Ол “Өткен буындардың ескерткiштерi”, “Ел қоныстанған жерлердiң шекараларын белгiлеу” атты еңбектерiн жазады. Онда Арал, Каспий теңiзi, Сырдария өзенi, Отырар, Сауран қалаларын жазып, қазақтардың тұрмысын сипаттайды. 1010 жылы Хорезм мемлекетiнiң жаңа астанасы Үргенiшке келiп, қала әкiмi Мамұнға қызметке тұрады. Мамүн Үргенiшке белгiлi ғалымдарды жинап Академия ашып, оны басқаруды Бируниге тапсырады. Бирунидiң ғылыми iспен шұғылдануына мүмкiндiк болмай, көбiнесе саяси-дипломатиялық iспен айналысуына тура келедi. Ауғаныстанның Ғазна қаласының сұлтаны Махмуд көршi елдерге қанды жорықтар жасап, жеңiске ие болады. Ол бұл соғысты “дiн үшiн соғыс”, “ѓазауат” соғысы деп жариялайды. Махмуд Үргенiштiң әмiрi Мамұнды өлтiрiп, Бируни бастаған бiр топ ғалымдарды Ғазнаға әкелiп тұтқындайды. Оған өзiнiң зұлымдықтарын дәрiптеп кейiнгi ұрпаққа батыр етiп көрсетiп еңбек жазуды талап етедi. Махмуд данышпан ақын Фердоусидi де шақырып алып, “патшаға лайықты” кiтап жазуды тапсырады. Фердоуси “Шаһнаме” (“Патшалар кiтабы”) атты атақты кiтабын 30 жыл жазып Махмудқа ұсынады. Кітапқа көңілі толмаған Махмуд оны асау пiлге тепкiлетiп өлтiртпек болады. Фердоуси қашып құтылып, өз аулында өледi. Патша ұлы ақынды көпшiлiктiң зиратына көмуге рұқсат бермей, оның сүйегi өз үйiнiң ауласына жерленедi. Осы уақиғадан кейiн Махмуд Бируниге өзі туралы еңбек жаздырмақ болады. Бiрақ Бируни сыйлықты алудан бас тартып, “Күмiстiң кететiнiн, ғылымның тарихта мәңгi қалатынын, ақыл-парасатты ақшаға айырбастамайтынын” ашық бiлдiредi. Махмуд сұлтан Бирунидi Үндiстанға жер аударып, бес-алты жыл бақылауда ұстайды. Бируни үндi халқының тарихын, әдет-ғұрыптарын, календарын зерттеп, “Үндiстан” атты еңбегiн жазады. 1030 ж. Махмуд өлiп, орнына баласы Масғұт таққа отырады. Масғұт Бирунигеқ қамқорлық жасап, еркiндiк бередi. Жаңа патшаның құрметiне Бируни “Масғұт таблицасы” атты еңбек жазады. 1041 Масғұтты өзiнiң iнiсi таққа таласып өлтiредi. Осы кезде Түркменстанның селжук түрiктерi ғазна әскерiн талқандап, Селжук мемлекетiн құрады. Мемлекет басына Масғұттың баласы Маудұт отырды. 1048 ж. 13 декабрьде данышпан ғалым Әбу Райхан әл-Бируни Маудұттың сарайында дүниеден қайтады. Оның сүйегi сол Ғазна қаласына жерленедi.

Орта ғасыр ойшылдары iшiндегi көрнектiлерiнiң бiрi – Махмұт ибн әл-Хусейiн ибн Мұхаммед немесе Махмұт Қашғари (ХI ғ.) болды. Ол қазiргi Ыссыкөл жағасындағы (кейбiр деректерде Шу бойындағы) Барсхан қаласында туып өскен. Оның әкесi әскери-дипломатиялық қызмет атқарып Қашгарияда көп жыл тұрған. Махмұттың балалық шашы Ќашғарияда өткендiктен оны Қашгарлық Махмұт деп атап кеткен. Ол Қашғарда алған бiлiмiн Бұқара, Нишапурда, Бағдатта жалғастырған. Түрiк тiлiмен қатар парсы, араб тiлдерiн жетiк меңгерген. Ол өзiнiң атақты “Диуани лұғат ат-түрк” (“Түркi сөздерiнiң жинағы”) атты еңбегiн жазып қалдырған. Онда түркi тiлдерiнiң грамматикасын түзiп, оқулығын жасап, тiл өнерiнiң өресiн кеңейттi. Үш жинақ, сегiз кiтаптан тұратын бұл еңбек (1072–1078 ж.ж. жазылған) бүкiл түрiк ұлысының тiлтану энциклопедиясы болып саналды. Махмұт Қашғари бұл еңбекте ата жұрт, ата мекен, жер, су аттарының қойылу тарихына, этимологиялық ерекшелiктерiне қатысты ғылыми анықтамалар беруге баса назар аударан.

Оның бұл еңњбегi Ресей, Германия, Англия, Франция, Швеция, Голландия, Финлаяндия, Италия, Жапония, Қытай елдерiнде сақталған.

ХI–ХII ғасырларда қазақ жерiнде түркi тiлiнде жазылған этикалық-педагогикалық трактаттар көп тараған. Солардың iшiндегi ең шұрайлы еңбектiң бiрi – Жүсiп Баласағұнидiң “Құдатғу бiлiк” (“Құтты бiлiк”) атты кiтабы. Бұл еңбек – 85 тарау, 6520 бәйiттен және 124 қосымша бәйiттен тұратын дидактикалық дастан. “Құтты білік” –түркi тектес халықтардың мiнез-құлықтарын, моральдық-этикалық, рухани қазыналарын негiзге алатын ескерткiш мұра. Мұнда адамға бiлiмнiң қажеттiлiгi, оның тiршiлiктегi мәнi, бақыт туралы адамның iс-әрекетiнiң оңы мен терiстiгi, тiлден келетiн пайда мен зиян, ел билеушi әкiмдерге қажеттi асыл қасиеттер, әртектi жұртшылық өкiлдерiнiң тiлiн таба бiлу т.б. хақындағы ой-толғамдар бар. Сондай-ақ отбасы мен неке, ұл мен қыздың өнегелi тәрбиесi, бала мен ата-ананың қарым-қатынасына байланысты мәселелер жан-жақты сөз болған.

Көне түркiлерден шыққан екiншi бiр ойшыл – Ахмет Жүйнеки (ХII ғ.). Оның ойшылдық дүниетанымы, философиялық тұжырымы, көркемдiк-эстетикалық көзқарасы “Ақиқат сыйы” атты дастанымен әйгiлi болған. Дастанның бас арқауы – әлем мен адамның ара қатынасы, адамның өмiрлiк мақсаты мен сол мақсатқа жету жолы. Ол адамдар бойындағы ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық қасиеттердi атап қана қоймай, сонымен бiрге бiрсыпыра тәлiмгерлiк ақыл-кеңестер де бередi.

Сопылық iлiмнiң Түркiстан өлкесiнде негiзiн қалаушылардың бiрi Қожа Ахмет Иассауи (1094–1167) болды. Ол түрiк әлемiнiң ойшылы. Оның “Дүнияуи Хикмет” атты дастанында дүниенi жаратушыға табыну, оны танып бiлу – өзiңдi-өзiңнiң танып бiлуiң дегендi айтады. Адамдықтың басты мақсаты – ақиқатқа жету. Адам өзiн-өзi тану және жетiлу арқылы адамдық биiкке көтерiледi. Осы тарихат жолында адамды ұстамдылыққа жетiлдiруге шақырады. Сол шынайы қасиеттер арқылы сүйiспеншiлiк пен махаббат идеясын ұсынады. Тарихаттың нұсқайтын жолы “Өзiн бiлгенi – хақты (жаратушыны) бiлгенi, құдайдан қорқып ынсапқа келгенi”дейдi.

Ахмет Иассауидiң ойынша “шариғатсыз – тарихат”, “тарихатсыз – мағрифат”, “мағрифатсыз – хақиқат” болмайды. Әдiлдiк жолына түсу үшiн, ақиқатты iздеп табыну керек. Адамның рухани өмiрiнiң таза болуы үшiн ислам шариғаттарын мойындау қажет және оларды әркiм өзiнше түсiнiп қабылдауға ерiктi. Адамның кемелденуi жаратушыға да қажеттi. Адам баласы бұл дүниенiң қызығына елiгiп арамдық жолға түседi. Мәңгiлiк өмiрге адам рухының тазарып баруы үшiн жаратушыға құлшылық етiп, тiршiлiкте еткен күнәларын ой елегiнен өткiзiп, тазарып баруы керек. Аллаға ғашықтық - сопылықтың бiр көрiнiсi. Ғашықтық адамның иман жүздiлiгi, жүрегiнiң ашық пердесi, имани тазалық – рухани тазалық дегендi айтады. Сөйтiп, Иассауи өзiнiң адамгершiлiк жөнiндегi ойларын дiн арқылы, дiни мораль арқылы түсiндiредi. Екiншiден, Ахмет Иассауи түрiк мәдениетiн – тәңiр дiнiн араб мәдениетiмен исламмен ұштастырды. Үшiншiден, ислам дiнi арқылы адамды жан-жақты жетiлдiруге болады деп ұқты. Алланы тану арқылы адам өзiн-өзi танып бiлуге, өзiне-өзi сын көзiмен қарауға талпынады дегендi айтты. Яғни адам өзiн-өзi дiн арқылы тәрбиелеуi керек деген идеяны ұстанды.

Қожа Ахмет Иассауи еңбектерiндегi сопылық идея өзiнен кейiнгi ақын-жырауларға (әсiресе Бұхар, Ақан серi, Әсет т.б.) қала бердi жазба әдебиетiнiң өкiлдерiне, тiптi ұлы Абайға да азды-көптi әсерiн тигiздi.