- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
- •Студенттерге арналған пән бағдарламасы (Силлабус)
- •Оқытушы туралы мәлімет
- •Пән туралы мәлімет: «Ағылшын тілі» пәні
- •Оқу сағатын бөлу
- •1 Семестр:
- •Пререквизиттер
- •4. Постреквизиттер
- •Курс туралы қысқаша сипаттама
- •I семестр
- •II семестр
- •8. Оқулықтар, әдебиеттер.
- •8.1 Негізгі әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
- •9. Курсқа қойылатын талаптар:
- •10. Білімді бағалау мәліметі
- •11. Бағалау саясаты Пән бойынша бағалау схемасы
- •1 Семестр
- •2 Семестр
- •Студенттің білімін бағалау шкаласы
Пререквизиттер
- ағылшын тілі (мектеп курсы)
- орыс тілі (мектеп курсы)
- тарих (мектеп курсы)
4. Постреквизиттер
- психология
- мәдениеттану
- әлеуметтану
- педагогика
- философия
Курс туралы қысқаша сипаттама
5.1 Бұл барлық мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге І,ІІ жартыжылдыққа арналған (А нұсқасы) практикалық сабақтар жиынтығы болып табылады.
5.2 Курс мақсаты шет тілдік білім беру үдерісіндегі тілдік емес мамандықтар бойынша оқитын студенттердің мәдениаралық коммуникативтік біліктілігін ең аз – жеткілікті А1, жеткілікті А2 деңгейлерде қалыптастыру болып табылады.
5.3 Курс міндеттері:
Жеткілікті деңгейді қалыптастыру кезеңінде сөйлеу формаларымен және қарым-қатынас сөйлеу тілінің типтерімен моделденетін диалог-сұрау, диалог пікір алмасу, диалог-әңгіме қолданылады. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас түрлері: сипаттама, баяндау, пікір таластыру, түсіндіру, анықтау, бағалау. Жазбаша жұмыс түрлері: дербес сипаттағы электрондық хат, мәтін, хабарлама, мазмұндама, өмірбаян.
Студент білуі тиіс: диалог барысында - әріптесінің назарын өзіне аударуы, қызығушылық танытуы, мәселені шешуі керек; монолог кезінде оқиғаны сипаттау, кітаптың немесе фильмнің сюжетін мазмұндау және осыған байланысты өзінің көзқарасын білдіру; жазбаша жұмыс барысында – қарапайым мазмұнды мәтіндерді жаза білу, таныс заттарды суреттеу: қызықтыратын тақырып бойынша шағын көлемді эссе жаза білу, тыңдап түсіну барысында – өткен тақырып бойынша қарапайым ақпараттық хабарламаларды, әңгімені, радио, телебағдарлама ақпараттарын түсіне білу; оқу жұмысы барысында – электронды және баспа мәтіндерінен керекті ақпараттар таба білу, керекті тақырып бойынша мәтіндерді оқып түсіне білу.
Курс соңында студент:
- күнделікті және оқу-кәсіптік сферадағы қарым-қатынасқа байланысты қарапайым ақпараттық хабарламаларды түсіне білу, оқытылатын тілдік тақырып аясында қарым-қатынасқа түсу, электронды және баспа көздерінен ақпарат ала білу және оны қарым-қатынас үдерісінде қолдана білу, түйіндеме толтыру, жеке сипаттағы хаттар жаза білу, берілген тақырып бойынша қарапайым мәтін құрастыру
5.4 Мәдениетаралық-коммуникативті қатынастағы тіл жүйесі мен пайдалану тәсілдерін меңгеру. (А1, А2) Фонетикалық материал: жаңа тілдік материалға қатысты есту-айту дағдыларын ары қарай жетілдіру. Лексикалық материал: жиі қолданыстағы мамандыққа қатысты лексиканы бекіту, 800-1000 лексикалық бірліктерді меңгеру арқылы сөздік қорын кеңейту, фразеологиялық комбинаториялық сөздіктермен, сөз тіркестерімен, морфо-синтаксистік және лексикалық-фразеологиялық байланысқан сөз тіркестерімен танысу.
ЖБП циклі бойынша “Шетел тілі” пәні мақсаттары мен міндеттері
Курстың негізгі мақсаты шет тілдік білім беру үдерісіндегі тілдік емес мамандықтар бойынша оқитын студенттердің мәдениаралық коммуникативтік біліктілігін ең аз – жеткілікті (А1), жеткілікті (А2) деңгейлерде, базалық жеткілікті деңгейде (В1), базалық стандарттық (В2), жоғары базалық стандарттық (С1-С2) деңгейлерде қалыптастыру болып табылады.
Пәннің мазмұны
