Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-Управление-и-экономика-фармации-4-курс-Фар...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Алматы, 2012 ж

Силлабусты Жұмыс бағдарламасына сәйкес «Фармацевт- менеджер» модулінің доценті Нұрахов Д.Б. және аға оқытушы Жұмаева Г.Ш. құрастырды, модуль мәжілісінде талқыланды және бекітілді «____»____________2012 жыл, хаттама №.

Модуль жетекшісі, доцент Шопабаева А.Р.

1.Жалпы мәліметтер

ЖОО-ның аты - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина

университеті

Модуль - Фармацевт- менеджер

Пән - Фармацияның басқарылуы және экономикасы

Мамандық - 051103 «Фармация»

Оқу сағатының көлемі - 8 кредит (360)

Оқу курсы және семестрі - төртінші курс; 7, 8 семестрлер

Кафедра оқытушылары туралы мәлімет:

№№ р/н

Ф. А. Ж.

Қызметі

Дәрежесі

1.

Шопабаева А.Р.

доцент

к.фарм. н

2.

Нурахов Дандыбай Бердиевич

доцент

к.биол.н.

3.

Бактыбаева Маржан Рустемовна

оқытушы

–

4.

Адибаева Гаипжамал Кабдолановна

оқытушы

–

5.

Жумаева Гульжан Шынтаевна

аға оқытушы

–

6.

Бидасова Гульмира Кенесбаевна

оқытушы

–

7.

Наурызалиева Жумагуль Тулеповна

оқытушы

–

Ақпарат

Мекен-жайы: Бөгенбай батыр к-сі, 94, № 2 оқу корпусы, екінші қабат.

Телефондар:

Пәннің саясаты

Студент міндетті:

  1. Дәріске, практикалық сабақтарға кешікпей келуге және халатпен қатысуға.

  2. Сабақты себепсіз қалдырмауға (ауруы бойынша ...), жіберілген сабақтарды өтеуге деканаттан берілген рұқсатты көрсетуге.

  3. Жіберілген сабақтарды оқытушы белгілеген белгілі бір уақытта өтеуге.

  4. Практикалық сабақтардың барлық тапсырмаларын талаптарға сәйкес рәсімдеуге және орындауға.

  5. Барлық жұмыс түрлерін белгіленген мерзімдерде тапсыруға.

  6. Үлгерімі, сабаққа қатысуы төмен болғанда, егерде студент келесі курсқа ауыстырылмайтын жағдай болғанда, оның жіберілген пәнді демалыс кезінде ақылы негізде өтеуге құқы бар.

2. Бағдарлама

Кіріспе

Фармацияның басқарылуы және экономикасы фармацевтикалық нарықта жұмыс жасайтын маманда кәсіби білімд, дағдыны және тәжірибені қалыптастыратын арнайы фармацевтикалық пәндердің бірі.

Бұл пән «Фармацевтикалық қызметтің негіздері» пәнінің логикалық жалғасы болып табылады және басқа оқуң пәндерінің негізінде дәрілік заттардың айналым субъектілерінің басқару және экономикалық қызметін қамтиды.

«Фармацияның басқарылуы және экономикасы» пәнінің оқу бағдарламасы дәріхана ұйымының қызметінің экономикалық көрсеткіштерін болжауға, талдау және заңдылық талаптарына сай заманауи есептің негіздерін оқып-үйренуге негізделген.

Пәннің мақсаты

Дәріхана ұйымдарының қаржылық-экономикалық және ұйымдастыру-басқару қызметі бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

2.3 Пәнді оқытудың міндеттері

Білім компетенциясын қалыптастыру: фармация экономикасының негіздері және фармация мекемелерінің экономикалық ерекшеліктері бойынша.

Практикалық дағдыларды қалыптастыру: дәріхана мекемелерінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау және жоспарлау бойынша.

Коммуникативті компетенцияны қалыптастыру: бұл компетенция фармацевтикалық мекемелердің қаржы-шаруашылық көрсеткиштерін жоспарлауда және есепке алуда, сонымен қатар көрсеткіштер туралы мағлуматтарды сыбайлас мекемелерге тапсырғанда қалыптасады.

Құқықтық компетенцияны қалыптастыру: Дәріхана мекемелерінің жұмысын талдағанда және жоспарлағанда нормативті, реттеуші құжаттарды дұрыс қолдану және олардың талабын орындау кезінде қалыптасады.

Өзін- өзі жетілдіру компетенциясын қалыптастыру:

  • фармацевтикалық мекемелердің қаржы-шаруашылық көрсеткиштерін жоспарлауда және есепке алуда нормативті, анықтамалық ақпараттарды қолдана білу.

  • фармация саласында жоспарлау және ғылыми ізденістер жасай білу.