Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Salalar_boyynsha_1179_arzhyly_1179_esepi.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121 Кб
Скачать
☆

3. Мал шаруашылық өндірісінің есебі, құжаттық рәсімдеуі.

Ауыл шаруашылық өнімдері биологиялық активтер ретінде танылады. Биологиялық актив дегеніміз - жануар немесе өсімдік. Биологиялық актив бастапқы таныған сәтте және баланстың әрбір күнгі жағдайы бойынша әділ құнын жеткілікті сенімді деңгейде өлшеуге болмайтын жағдайлардан басқа есеп айырысу өткізу шығыстарын қоспай әділ құны бойынша өлшенеді.

Мал шаруашылығында мал негізгі құрал ретінде және зат, өнім ретінде де есепке алынады. Сондықтан малдар өнім беретін мал, жұмыс малы, өсірілетін мал, бордақыдағы ересек мал түрлеріне ажыратады, олар іріктеумен анықталады. Өнім беретін мал болуы мүмкін ет беретін болып немесе сүт беретін болып. Жұмыс малын ұйым көлік ретінде пайдаланады (тасымалдауға, жер жыртуға). Өсірілетін жас мал- ол, алынған төл. Бордақыдағы ересек мал – арнайы салмақ қосу үшін жеке қойылған мал. Іріктеліп негізгі табыннан бөлініп алынған малдар құжаттармен рәсімделіп ведомосттарға жазылады.

Сатып алынған малдар сатып алу, жеткізу мен жол бойында малдарды азықтандыруға жұмсалған шығыстар бойынша есепке алынады. Осы қозғалыстарда малдың арам өлуі ысырап болып танылады.

Малдарды бағып-күту шығындары олардың тірілей артық салмақ қосуының нақты өзіндік құны болып саналады.

Мал шаруашылық кәсіпорындарында малшаруашылығы шығындарының есебі 8110“Негізгі өндіріс” шотында, ал қосалқы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының шығындар есебі – 8310 “көмекші өндіріс” және 841 «үстеме шығындар» шоттарында жүргізіледі.

Өндірісте әр қозғалыс өз бағытындағы құжаттармен рәсімделеді, төл кіріске алу Актісімен ресімеделеді. Оны төл алынған күнге төлдейтін малдар бекітіліп жауапты тұлғаның қатысуымен ферма меңгерушісі, зоотехник немесе бригадир толтырады. Кіріске алынған малдарға нөмірлеп белгі соғады.

Жеткізушілерден малдар сатып алу кезінде жеткізуші шот-фактура жазып береді, ол мал шаруашылық ұйымдарда жүктердің түсуін есепке алу журналында жазылады және накладной арқылы фермаға беріледі. Кіріске алу кезде «1 БА –қабылдап алу-беру актісі» толтырылады. Есепке алынған биологиялық активтерге № 4 «Есепке алу карточкасы» малдар, өсімдіктер бойынша жекелеп ашылады және № 5 «Есепке алу жөніндегі түгендеу карточканың тізімдемесі» жүргізіледі. Ферма меңгерушісі зоотехник және мал дәрігерімен бірге малдарды қабылдайды. Қабылданған малдар шот-фактура негізінде мал басының қозғалысы есеп кітабына жазылады, ал малдар малшының жауапкершілігіне беріледі Малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыруы малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру Актісімен ресімделеді. Ол актіні малдарды ауыстыру күні малдарды өткізетін және қабылдап алатын жауапты тұлғалардың қатысуымен ферма меңгерушісі, бухгалтер және зоотехник жасайды. Егер малдарды басқа топқа ауыстыру кезінде материалға жауапты тұлға өзгермейтін болса, ол акті сол жағдайда ғана жасалады. Осы акті негізінде ферма меңгерушісі малдардың ауыстырылуын мал басының қозғалысы есеп Кітабына жазады. Жарамсыз малдарды іріктеу негізгі табыннан жарамсыз малдарды іріктеп алуға арналған Актімен және малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру Актісімен ресімделеді.

Союға жататын малға, құсттарға шығарылу Актісі жазылып беріледі.

Малдың, төлдің, бордақыдағы малдың өлуі, сондай-ақ негізгі құралдар құрамында саналатын малдарды лажсыз сою, аурудан өлуі, кездейсоқ апаттар немесе қарамаудан өлуі жағдайларда комиссия құрылып актімен рәсімделеді. Ішкі қозғалыстың биологиялық активтеріне жауапты тұлғалар арасында № 2 «Ішкі қозғалысы өткізуге берілетін жүкқұжаты» жазылады.

Биологиялық активтерге түгендеу жасалғанда комиссиямен Түг 2 «Түгендеу тізімдемесі» және түг 13 биологиялық активтерді салыстырмалы тізімдемесі толтырылады.

Жыл ішінде түскен малдар мен құстар келесідей бағалаулар бойынша кіріске алынады:

Төл: сүттік табындағы бұзау – 1,5 центнер сүттің жоспарлы өзіндік құнына теңестірілетін 1 бас төлдің жоспарлы өзіндік құны бойынша; еттік табындағы бұзау – тірі бұзау массасына көбейтілген 1 кг. тірі массаның жоспарлы өзіндік құны бойынша; бота – түйелерді 120 азық-күнде ұстауды бағалау бойынша; аңдар мен қояндардың төлдеуі - әрқайсысының жоспарлы өзіндік құнының 50% мөлшерінде;

Сатып алынған малдар мен құстар – малдарды жолда азықтандыру мен жеткізу шығындарын қоса отырып, сатып алу құны бойынша;

өтеусіз алынған - өткізіп беру құжаттарына сәйкес бағалау бойынша;

өнімді малдардың негізгі табынынан нашарларын іріктеп алған соң бордақыға қойылған малдардың – есепке алу құны бойынша;

жұмыс күші және асыл тұқымды малдар – сатудан және жарамсыздыққа шығарудан (выбраковки) нақты түскен түсім сомалары бойынша;

өлген малдар – жыл басынан өлген кезге дейінгі кезең ішіндегі олардың массасына өнімнің жоспарлы бағасын қосумен есепті жыл басындағы құн бойынша.

Жыл соңында, мал басының тірі салмағы өсімінің нақты өзіндік құнын, жыл ішінде кіріске алған төлдің жоспарлы өзіндік құнын және шығарылып тасталған (кеткен) (өлгеннен басқа) төлдің салмақ өсімі мен құны анықталғаннан соң түзетулер енгізіліп және нақты өзіндік құны шығарылады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында мал басынан өзге тауарлық-материалдық қорлар құрамына: тұқымдар мен отырғызатын материалдар, азық, малдар мен өсімдіктерді қорғау құралдары (тыңайтқыш, улы химикаттар, гербицидтер және т.б.) кіреді. Есептен шығару барысында № 3 «Есептен шығару актісі» жазылады.

Биологиялық активтер шоттар 2510, 2520 активті, негізгі, инвентарлық шоттар болып саналады; олардың дебеті бойынша есепті кезеңнің басы мен аяғындағы, есепті кезең ішінде түскен малдардың тірілей салмағының нақты өзіндік құны көрсетіледі, кредит бойынша – шығарылып тасталған (кеткен) малдардың нақты өзіндік құны көрсетіледі.

Мал шаруашылықтың шығындар есебі 8110 шотта жүргізіледі. Ірі қара малдың сауын табыннан алынған сүт есебі 1320 Д-не жазылады К 8110. Төл есебі 1340 есепке алынып 2523 шотқа ауыстырылып жүргізіледі. Жұмыс мал есебі 2522 шотта жүргізіледі, өнім беретін малдың есебі 2521 шотта жүргізіледі, бордағыдағы, жемдеудегі малдың 2524 шотта есептеледі.

№

Операциялардың мазмұны

Құжат

Шот кор-сы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1.

Өз шаруашылығында алынған төлдің құны кіріске алынады

Малдардың төлін кіріске алу актісі

1340

8110,

8210

2.

Негізгі табын­нан іріктеліп алынған мал бордақыға қойылды

Негізгі та­бын­нан малдарды ірік­теп алу актісі

8110

2524

3.

сатып алынған малдар :

Жеткізушілерден сатып алу құнына

Шот-фактура, кіріске алу актісі

2520

3310

малдарды жеткізіп беру шығындары сомасына:

сырттағы көлікке

ТТН есеп айырысу

2520

3310

Өз көлік шаруашылығына

2520

8210

жолда малдарды азықтандыруға жұмсаған жем-шөп құнына

Жем-шөп шығындары ведомосы

2520

1310

есеп беретін со­ма­дан төленген мал­дар­ды азық­тан­ды­ра­тын шығындарға

Аванстық есеп

2520

1250

4.

Алынған малдар кіріске алынады:

өтеусіз тәртіпте жеке және заңды тұлғалардан алынған

Шот-фактура, кіріске алу актісі

2520,1340

6220

субсидия тәртібінде атқарушы билік органдарынан алынған

1340,2520

6230

7.

Сатып алу және жеткізу құны төленген малдар кіріске алынады

Шот-фактура, кіріске алу актісі

кассадан;

1340,2520

1010

есеп айырысу шотынан

1340,2520

1030

3.

өткізілген мал құны есептен шығарылады

Сатыпалушыға өткізу құнына

Шот-фактура

1210

6010

қосымша құн салығы сомасына

1210

3130

4.

Еңбек ақы есебіне өз жұмыскерлеріне өт­кі­зіл­ген мал:

өткізу құнына

Есеп айырысу ведомосы

3350

6010

5

Өткізілген малдардың нақты құны есептен шығарылады

7010

1340,

2520

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]