Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Salalar_boyynsha_1179_arzhyly_1179_esepi.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121 Кб
Скачать
☆

1.Туристік бизнес ұғымы және ұйымдарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері.

Негізгі ұғымдар: туристтік бизнес, турөнім, турагент, шоп-тур.

  • Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған сайын туристік бизнестік дамуыда өрлеуде. Отанымыз тәуелсіздік алған кезеңнен бастап туристтік бизнес құрылып даму жолына түсті. Бұл бизнестен түскен қаражат та мемлекеттің экономикасына өркендетуде. Сонымен қоса бізге жаңа бизнес түрі келді, жаңа ұғымдар пайда болды. Қазіргі жағдайда туристтік бизнес даму жолында. Туристтік бизнес негізінде Қазақстан Республикасына шетелден келушілер мемлекетті біле, тани бастады және оттандастарымыз алыс-жақын шетелдерге сапарын ұйымдастыра бастады. Осы қозғалыстар ел көріп, жер тануға, кәсіби іссапармен, спорттық, діни басқада жағдайларға жол ашты.

Сондықтан туристтік ұйымдар қызмктінің ерекшелігіне байланысты оларды қаржылық есепті ұйымдастыру ерекшеліктер туындайды.

«Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заң бойынша (15-бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2001 ж №1213 «туристік қызметті лицензиялау тәртібі» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар және турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізілімге енгізілгеді. Қазақстан Республикасы Туризм және спрот агенттігі төрағасының 09.01.2002 ж. №06-2-2/3 бұйрығымен лицензияны алу үшін туристік қызметтерді лицензиялау құжаттарының формалары бекітілген.

Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық-құқық сақтандыру келісімшартын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішінен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.

Туристік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыруы керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақтылы және шынайы жасап ұсынуы қажет, активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақтылы алу.

Туризм – ҚР-сы азаматының уақытша кетуі (саяхатқа), шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен – жайы мен азаматтығы жоқ тұлғалардың емделу, танымдық, кәсіби – іскерлік және т.б. сапарлары. Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР Конститутциясында, ҚР Азаттық кодексінде, 2001- ші жылдың 13- ші маусымындағы № 211- ІІ (22.02.02ж. № 296 –ІІ өзгертулермен) «ҚР –сында туристік қызметтер туралы» ҚР- сы Заңында реттелінген. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған Халықаралық стандартына сәйкес принциптердің екі тобы бөлініп көрсетіледі:

-негізгі принциптер (есептеу және үздіксіз қызмет);

- ақпараттарды сапалы көрсетуі (түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалы). Осымен қоса туристік қызметтер ұйымдары стандарттармен Заңға сәйкес есеп саясатын қабылдау міндетті.

Есеп саясатта қарастырылады: туристік бизнестің есептік ерекшелігі, қаржылық есеп шоттар жаспары, шаруашылық операцияларда рәсімделетін бастапқы құжаттар, түгендеу жүргізу тәртібін, қорлар мен мүліктерді бағалау әдістерін, құжат айналым тәртібі. Есеп саясатын ұйымның басшысы бекітеді. Туристтік бизнестің қаржылық есебін ұйымдастырып жүргізуі ҚР –сындағы басқа кәсіпкерлік шаруашылықтар тәртібімен бірдей.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]