- •«Фармацевтикалық химия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
- •Б арлық сағат 360 сағат
- •1. Жалпы мағлұмат:
- •2.Бағдарлама:
- •2.3 Оқудың тапсырмалары:
- •2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
- •2.5 Реквизитке дейінгі:
- •2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері.
- •2.9 Білім бағасын бағалау:
- •2.10 Ұсынылатын әдебиет:
- •2.11 Тіркеу:
- •«Фармацевтикалық химия» пәні бойынша силлабус
- •Барлық сағат (кредиттер) 360 сағат/8 кредиттер
- •1.Жалпы мағлұматтар:
- •1.7 Оқытушы туралы мәлімет:
- •1.9 Тәртіптік дисциплинасы:
- •2 Бағдарламма:
- •2.3 Оқытудың мақсаты:
- •2.4 Оқытудың соңғы талаптары:
- •2.9 Ұсынылған және қосылған әдебиеттер:
- •2.10 Оқытушыларды үйрету тәртібі:
- •Тақырып №16 - Пиридин туындылары: пиридинметанол туындылары
- •8 Семестр
- •Тақырып №21 8 – алмасқан хинолин туындыларының дәрілік заттарын талдау: хинозол, хиниофон, нитроксолин.
- •Тақырып № 22: Бензилизохинолин туындыларының, дәрілік заттарын талдау. Папаверин гидрохлорид және оның синтетикалық аналогы – дротаверин гидрохлориді.
- •1. Тиамин хлорид (бромид)
- •2. Тиамин бромид
- •1. Кокарбоксилаза гидрохлорид және бенфотиамин
- •1. Кокарбоксилаза
- •2.Бенфотиамин
- •1.1.Мурексид сынамасы (пурин туындыларына жалпы реакция):
- •Дәрілік препараттардың сандық анықтауын орындау.
- •Дәрілік препараттардың негіздігін анықтаңыз
- •Дәрілік препараттардың сандық анықтауын орындау
- •Фенотиазин туындыларының, дәрілік препараттарының негіздігін анықтау:
- •Дәрілік препараттардың негіздігін анықтау
- •Тазалығын анықтау
- •Сандық талдауды орындау.
- •8 Семестр
- •8 Семестр
- •Бақылау-өлшеу құралдары Аралық бақылау № 5
- •Тропан туындысы препараттарын сандық анықтауда қандай химиялық, физико-химиялық әдістер қолданылады.
- •Аралық бақылау № 6
- •Аралық бақылау № 7
- •Аралық бақылау № 8
- •Емтихан тест тапсырмалар
- •Соңғы бақылауға арналған тестр.
Тақырып №16 - Пиридин туындылары: пиридинметанол туындылары
Мақсаты: пиридинметанол туындыларының препараттар топтарының талдау әдістерімен және құрылыстарының ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру: пиридоксин гидрохлорид (витамин В6), пиридоксальфосфат, пиридитол және пармидин.
Дәрстің тезисі: пиридинметанол туындыларының пепепараттарының биологиялық қасиеті, құрылысындағы функционалды топтарға тікелей байланысты. Осы топқа мына препараттар кіреді: витамин В6 (пиридоксин гидрохлорид), пиридоксальфосфат, пиридитол, пармидин. Жеке препараттардың химиялық құрылысында фенол гидроксил тобы, пиридин цикілі, альдегид және екісульфид топтары бар. Соларға сай олардың физико-химиялық қасиеттері және фармакологиялық әсерлері анықталады. Пиридин топтарының дәрілік заттары, негізінен амфотерлік қасиет көрсетеді, құрылысындағы қажетті элементтерге байланысты. УК аумағындағы сіңіру спектрлерінің нәтижелері рН ортаға тәуелді.
Жалпы талдау әдістері пиридин цикіліне және функционалды топтарға негізделген. Осы топтардың молекуласындағы үшінші азотқа байланысты. Тұнбаға түсіретін жалпы алкалоидті реактивтермен комплексты қосылыстар түзеді. (реактивтер: Люголя, Драгендроф, Майер, фосфорномолибден, кремневольфрам қышқылының, танинның және т.б. ерітінділері). Фенол гидроксил тобын темір хлориді (ІІІ) ерітіндісімен әрекеттесуі арқылы дәлелдейді. Марки реактивімен аурин бояуы, азобояуы және индофенол бояуларының түзілуі арқылы анықтайды. Пиридоксальфосфатта альдегид тобын, фенилгидразинмен Шифф негізін құру реакциясы арқылы табады. Пиридитолда екісульфид тобын, препаратты мырыш ұнтағымен су моншасында қыздыру арқылы идентификациялайды. Пиридинметанол туындыларының субстанцияларын сандық талдауда қышқылды-негізді титрлеу әдісімен сусыз ортада жүргізеді. (мұзды сірке қышқылы және титрант 0.1м хлорлы қышқылының ерітіндісі)
Иллюстрациялық материал: пиридинметанол туындыларының құрылысы және химиялық реакциялары, идентификациялауда және сандық талдауға
негізделген схемалары, слайдтары берілген.
Литература
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан. 2 т. – Алматы: Изд. дом «Жибек жолы», 2009. – 804 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Пиридоксин гидрохлоридінің азотты органикалық негіз екендігін дәлелдейтін химиялық реакцияға және реагенттерге мысал келтіріңіз.
Пиридоксин гидрохлоридінің сандық анықтау әдісін көрсетіңіз.
Пиридоксин гидрохлоридінің молекуласындағы фенол гидроксил тобын дәлелдейтін реакцияны көрсетіңіз. Реакция теңдеуін жазыңыз.
Пармидиннің қышқылдық-негіздік қасиетін түсіндіріңіз. Өздеріне тән реакцияларды көрсетіңіз.
Пармидиннің уретандарға тиістілігі негізінде реакция теңдеуін жазыңыз.
Тақырып №17 - пиридин-3-карбон және пиридин 4-карбон қышқыл туындылары.
Мақсаты: студенттерді пиридин-3-карбон және пиридин 4-карбон қышқыл туындыларының препараттарының физикалық, химиялық қасиеттерімен және олардың фармакопеялық талдау әдістерімен таныстру.
Дәріс тезисі:
Пиридин-3-карбон және пиридин 4-карбон қышқыл туындыларының дәрілік препараттарына жататындар: никотин қышқылы, никотинамид, диэтиламид никотин қышқылы, пикамилон, изониазид, фтивазид, метазид, ниаламид және т.б. олардың молекуласында функционалды топтар кездеседі (карбоксилді, амидті, фенолды және т.б). Физикалық, химиялық қасиеттері және фармакологиялық әсері осы препараттардың молекуласындағы функционалды топтарға байланысты.
Пиридин жүйесіне негізделген-пиролиз, лимон қышқылы және сірке ангидридімен жүретін түсті ерітінді, полиметин бояуының құрылуы (Цинке реакциясы) талдаудың жалпы анықтау әдістеріне жатады. Молекуласындағы үшінші азотқа байланысты, тұнбаға түсіретін жалпы алкалоидты реактивтермен комплексты қосылыстар түзеді. Қышқылдық - сілтілік және тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Изоникотин қышқылының препараттарын МФХ талабы бойынша сандық анықтауда кері иодометрия әдісін ұсынады. Никотин қышқылының препараттарын, никотин қышқылын – куприметрия; никотинамидті - қышқылды-негізді ортада, мұзды сірке қышқылында (титрант 0.1М хлорлы қышқылының ерітіндісі); диэтиламид никотин қышқылын - қышқылды-негізді ортада сірке ангидридінде (титрант 0.1м хлорлы қышқылының ерітіндісі); пикамилонды - қышқылды-негізді ортада сірке қышқылымен сірке ангидридінің қоспасында (титрант 0.1м хлорлы қышқылының ерітіндісі) титрлейді.
Иллюстрациялық материал: пиридин-3-карбон және пиридин 4-карбон қышқыл туындыларының идентификациясының және сандық талдауының химиялық реакцияларының слайды берілген.
Литература
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан. 2 т. – Алматы: Изд. дом «Жибек жолы», 2009. – 804 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Фтивазидтің қышқылдармен және сілтілермен әрекеттескенде түсінің өзгеруі неге байланысты.
Никотин қышқылын басқа туындылардан (амид и диэтиламид) қалай ажыратуға болады. Химиялық реакция теңдеуін жазыңіз. Сандық талдауда осы реакциялардың қолдану мүмкіншілігін түсіндіріңіз.
Никотин қышқылының мыс сульфатымен әрекеттескенде құрылысының ерекшеліктерімен химиялық қасиетіне байланысты қандай реакция береді.
Изониазид және фтивазидтің тотығу тотықсыздану реакциясына түсу қабілеттілігін көрсетіңіз.
Изониазид және фтивазидті сапалық және сандық талдауда қандай тотығу тотықсыздану реакциялары пайдаланады.
Тақырып №18 - Тропан туындылары
Мақсаты: студенттерді тропан туындыларының құрылысының ерекшеліктерімен, физика-химиялық қасиеттерімен және оларды талдау әдістерімен таныстыру.
Дәрістің тезисі:
Бұл дәрілік заттар тобына алкалоидтар және олардың синтетикалық аналогтары жатады. Олардың негізін тропан туындысы құрайды – 8-метил-8-азобицикло-(3,2,1)-октан. Оларды 2 кіші топқа бөледі.1) тропиннің аминоспиртті туындылары (атропин, гиосциамин, скополамин) және 2) экгониннің оксиаминоқышқылының туындылары (кокаин). Тропинде спирттік топ аксиальды жағдайда, ал экгонинде экваториалды жағдайда орналасқан. Тропан туындыларының дәрілік заттарының кеңістік құрылысы фармакологиялық әсерімен тікелей байланысты. Тропан туындылары холинерлікке қарсы әсер көрсетеді, кокаин – жергілікті анестезия ретінде қолданады және оның наркотикалық әсері бар.
Тропан топтары және экгонин дәрілік заттары үшінші немесе төртінші аммоний негіздерінің тұздары болып саналады. Сол себепті олар бәріне бірдей жалпы алколоитар реактивтерімен әрекеттеседі. Күрделі эфир есебінде, жоғарыда көрсетілген препараттар гидроксам сынамасы, гидролитикалық ыдырау және этерификациялау реакцияларын береді.
Атропинді, скополаминді және гоматропин гидробромидінің сандық анықтауына сусыз ортада титрлеу әдісін қолданады. Мұзды сірке қышқылды ортада титрант ретінде 0,1М хлорлы қышқылды қолданады. Соңғы екі препаратты анықтауда сынап ацетатын(ІІ) қосады.
Кокаин гидрохлоридті идентификациялауда жоғарыда аталған этерификациялау реакциясынан басқа перменганат калиймен беретін өзіне тән кристалдар түзетін реакцияны ұсынады. Осы препараттың сандық талдауын сусыз ортада, мұзды сірке қышқылын және сынап ацетатын(ІІ) пайдаланып анықтайды.
Иллюстрациялық материал: тропан туындыларының негізіне жататын идентификациялау және сандық талдаудың химиялық реакциялары және схема құрылысы слайдта берілген.
Литература
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан. 2 т. – Алматы: Изд. дом «Жибек жолы», 2009. – 804 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Тропан тобының және оның синтетикалық аналогтарының дәрілік заттарының құрылыс формуласын жазыңыз. Азотты негіздерге жататындығын дәлелдейтін реакцияны көрсетіңіз.
Тропан тобының дәрілік заттарының бір-бірінен қалай ажыратуға болады.
Синтетикалық тропан туындылары қандай фрагменттермен өзгертілген.
ФС бап бойынша гоматропин гидробромидінің идентификациялауын қандай физика-химиялық әдістер арқылы кепілдейді.
Тропан туындыларын сандық анықтауда қандай әдістерді қолданады. Ерекшеліктерін жазыңыз.
Тақырып №19 – хинолин және хинуклидин туындылары, 4-алмасқан хинолин туындылары.
Мақсаты: студенттерді хинолин, хинуклидин және 4-хинолин туындыларының алу жолының ерекшеліктері, физика-химиялық қасиеттері және сапасын талдау жолдарымен таныстру.
Дәрістің тезисі:
Хинолин – бенз[b]пиридин – хин ағашының алкалоидтар молекуласында кездеседі. Хинолин туындыларының көпшілігін 4 топқа бөлуге болады: цинхонан, 8-оксихинолин, 4-аминохинолин және 4-хинолин туындылары. Хининнің және оның оптикалық изомері хинидиннің химиялық құрылысының негізінде, гетероциклді цинхонанның құрылысы жатыр. Цинхонан, хинолин ядросы, метилен тобы арқылы байланысқан хинуклидин ядросынан, құралған онда виниль тобы бар Хинуклидин фрагментінде көміртегінің 3 асимметриялық атомы бар. Хинин препараттары безгекке, дене қызуын басатын дәрі есебінде қолданылады.. Хинин жатырдың бұлшық еттерін қуаттандырғыш, ал хинидин – антиаритмияға қарсы зат есебінде пайдаланады.
Хинин препараттары азотты негіздердің тұздары есебінде жалпыалкалоидтар (тұнбаға түсетін) реактивтерімен әрекеттеседі. 6'-метоксицинхонан топ алкалоидтарына жалпы топты реакция талейохин сынамасы болып саналады. Басқа алкалоидтар, 6-жағыдайда осы функционалды топ жоқ болса бұл реакцияны бермейді.
МФ талабына сай, хининнің жеке тұздарын гравиметриялық әдіспен анықтайды. Ерітіндіге натрий гидроксидін қосқанда хининнің негізі тұнбаға түседі. Бөлініп алынған негізді хлороформ арқылы экстракциялап бөліп алады, содан кейін хлороформды ұшырып, қалдықты кептіріп өлшейді. МФ реті бойынша хининнің препараттарын бірден 2 әдіспен анықтайды: сусыз ортада қышқылды-негізді титрлеу арқылы және броматометрия әдісі.
Иллюстрациялық материал: хинолин, хинуклидин және 4-хинолин туындыларының негізіне жататын идентификациялау және сандық талдаудың химиялық реакциялары және схема құрылысы слайдта берілген.
Литература
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Хинолиннің химиялық құрылысын жазыңыз?
Хининге қандай реакция жалпы топтық реакция болып есептеледі?
Хининге жататын алкалоид топтарын атаңыз?
Көп алкалоидтардың құрылысының негізін қандай жүйе атқарады?
Гидроксихлорохин сульфаттың қандай фармакологиялық әсері бар?
Тақырып № 20 – 8-алмасқан хинолин туындылары. Фторхинолондар
Мақсаты: студенттерді 8-алмасқан хинолин туындыларының және фторхинолиндардың физикалық, химиялық қасиеттерімен және препараттардың сапалық, сандық талдау жолдарымен таныстыру.
Дәрістің тезисі:
8-алмасқан хинолин туындылары бактерияға қарсы дәрілік заттар: хинозол, нитроксолин (5-НОК), хлорхинальдол. Химиялық жағынан олар амфолиттік қасиет көрсетеді. Бірақ олардың қышқылдық қасиеті күштірек жай фенолдарға қарағанда, фенолдық гидроксил тобындағы белсенді сутегінің гетероатомындағы азотқа әсер етуіне байланысты. Нитроксолиннің және хлоральдолдың молекуласындағы электроноакцепторлық атомға байланысты, олардың қышқылдық қасиеттері күшейеді.
Хинозолды идентификациялауда натрий карбонатының ерітіндісін әрекеттестіреді, түнба түседі (8-оксихинолин), ол реактивтің артық мөлшерінде ериді. 8-оксихинолин туындылары ауыр металдар иондарымен (Mg2+, Fe3+, Cu2+ и др.) хелатты комплекстер түзеді. Амфотерлік қасиеті олардың әр түрлі диссоциацияға алдын ала түсуіне әсерін тигізеді. Қышқылды және сілтілі ортада УК аумағында өздеріне тән спектр сіңіру нәтижелері де өзгереді.
Препараттарда сандық анықтауда жалпы топтық әдістер: 1) сулы және сусыз ортада қышқылды-негізді титрлеу; 2) комплексонометрия; 3) гравиметрия (ерімейтін комплексті қосылыстардың түзілуіне байланысты).
Иллюстрациялық материал: 8-алмасқан хинолин және фторхинолон туындыларының негізіне жататын идентификациялау және сандық талдаудың химиялық реакциялары және схема құрылысы слайдта берілген.
Литература
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Нитроксолиннің және хлорхинальдолдың құрылыс формуласын жазыңыз. Препараттардың химиялық құрылысымен фармакологиялық әсері арасындағы байланысты көрсетіңіз?
Нитроксолиннің молекуласындағы нитротоптың барын дәлелдейтін реакцияны жазыңыз?
Хлорхинальдолдың молекуласындағы органикалық байланыстағы хлор атомын талдаудағы ерекшеліктерін көрсетіңіз?
Фторхинолон топтарының дәрілік заттарының құрылысының формуласын жазыңыз. Химиялық құрылысы мен фармакологиялық әсері арасындағы байланысты көрсетіңіз?
Фторхинолон топтарының бактерияға қарсы заттар есебінде тарихи дамуы қандай?
Тақырып № 21 – Изохинолин туындылары: бензилизохинолин туындылары
Мақсаты : студенттерді изохинолин туындыларының алкалоид топтарының алу көздерімен, олардың физикалық, химиялық қасиеттерімен, сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістерімен таныстру.
Дәрістің тезисі:
Изохинолин туындыларының медицина саласында кең қолданылуы, көкнәрдағы алкалоидтерді зерттеп үйренуге байланысты. Көкнәрдың сүттіген шырынды жасыл қораптарында 25-ке жуық алкалоидтар болады: морфин, кодеин, тебаин, наркотин, папаверин т.б. Изохинолинның алкалоид топтары негізінен бензилизохинолин, морфинан және апоморфин туындыларына жатады. Бензилизохинолин туындыларына дәрілік заттар болып алкалоид папаверин гидрохлорид және оның синтетикалық аналогі – дротаверин гидрохлорид (но-шпа) жатады. Олар азотты негіздің тұздары болып есептеледі.
Папаверин гидрохлоридінің тотықсыздандырғыш қасиеті молекуласындағы екі ароматикалық фрагментке, метилентобы арқылы байланысқан, және де 4 метоксид топтарға негізделген. Папаверин жалпы алкалоидтар реактивтерімен әрекеттеседі. Оған күшті тотықтырғыштарды қосып қыздырғанда түрлі түсті өнімдер береді. Марки реактивімен сары ерітінді береді. Ол қызыл сары түске ауысады. Осы қосылысқа бром суын және аммиак ерітіндісін қосқанда кір-күлгін түсті тұнба береді. Ол спиртте ериді де күлгін немесе қызыл-күлгін түсті ерітінді береді.
Папаверин гидрохлорид және дротаверин гидрохлорид сусыз ортада сірке қышқылы және құмырысқа қышқылының қатысында 0,1М хлорлы қышқылмен титрлейді.
Иллюстрациялық материал: изохинолин туындыларының алкалоид топтарының негізіне жататын идентификациялау және сандық талдаудың химиялық реакциялары және схема құрылысы слайдта берілген.
Литература
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан. 2 т. – Алматы: Изд. дом «Жибек жолы», 2009. – 804 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Папаверин гидрохлоридінің құрылыс формуласын және латынша атын жазыңыз. Препараттың азотты негіз екенін сипаттаңыз.
Папаверин және дротаверин гидрохлоридінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакцияны жазып көрсетіңіз.
Морфин гидрохлоридінің және кодеиннің құрылыс формуласын жазыңыз. Олардың физикалық қасиетіне сипаттама беріңіз.
Морфин гидрохлоридмен кодеиннің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты, осы дәрілік заттарды бір-бірінен ажырата алатындығын көрсетіңіз.
Изохинолин туындыларының алкалоид топтарының алу көздерін атаңыз.
Тақырып № 22 – Пиримидин-2,4-дион (урацил) туындылары
Мақсаты: студенттерді пиримидин туындыларының препараттарының құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері, фармакологиялық әсері және сапасына қойылатын талаптар, талдау әдістерімен таныстыру.
Дәрістің тезисі:
Осы топқа жататын дәрілік препараттар, гетероциклді пиримидин – 1,3-диазин туындыларына жатады. Урацил және оның гомологі тимин нуклеин негіздері болып есептеледі. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді де нуклеозидтер және нуклеотидтер түзейді. Урацил мен тиминнің негізінде бірқатар дәрілік препараттар синтезделген. Олар нуклеин негіздерінің метаболиттері(метилурацил) және антиметаболиттер (фторурацил, фторафур, цитарабин) болады.
Химиялық қасиеттері: қышқылды-негізді реакциялар; гидролитикалық ыдырау; электрофильді алмасу реакциясы. Пиримидин-2,4-дион топтарының дәрілік заттары NH-қышқылдарға жатады. Көрсетілген препараттардың қышқылды түрі ауыз арқылы ішетін дәрілік қалыптар түрінде қолданылады. Ал тұздары инъекция ерітінділері және инфузия түрінде пайдаланылады. Басқа NH-қышқылдар сияқты (мысалы, барбитураттарға) урацил тобының дәрілік заттары, ауыр метал тұздарымен Cu2+ және Co2+ әрекеттесіп түсті тұнбалар құрайды. Ал Ag+ тұзымен ақ тұнба береді.
Урацил топтарының препараттарының сандық анықтауының жалпы әдістері: 1) сусыз ортада қышқылды-негізді титрлеу; 2) жанама нейтралдау әдісі; 3) аргентометрия; 4) броматометрия; 5) спектрофотометрия, ФЭК, ЖЭСХ т.б.
Иллюстрациялық материал: пиримидин туындыларының негізіне жататын идентификациялау және сандық талдаудың химиялық реакциялары және схема құрылысы слайдта берілген.
Литература
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан. 2 т. – Алматы: Изд. дом «Жибек жолы», 2009. – 804 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Фторурацил мен фторафурдың құрылыс формуласын жазыңыз. Химиялық құрылысы мен фармакологиялық әсері арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Мына препараттардың физикалық қасиеттерін атаңыз: метилурацил, фторурацил және фторафур.
Фторурацилде және фторафурде органикалық байланыстағы фторды табу әдістерінің түрлерін көрсетіңіз.
Урацил тобының препараттарының сандық анықтау әдістерін атаңыз.
Пиримидин-2,4-дион туындыларының қатарындағы препараттардың сандық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Тақырып № 23 – Пиримидин-тиазол туындылары
Мақсаты: студенттерді пиримидин-тиазол туындыларының қатарындағы препараттардың алу әдістерімен, физикалық химиялық, фармакологиялық қасиеттерімен, сапасына қойылатын талаптармен және талдау әдістерімен таныстыру.
Дәрістің тезисі:
Пиримидин-тиазол туындыларының препараттары- В1 витамин тобы. Тиамин нан дәндерінің кебектерінде (әсіресе күріш кебектерінде) және ашытқыда кездеседі.
Тиамин екі қышқылды негіз болып есептеледі. Сол себепті екі түрлі тұздар құрайды- хлоридтер және гидрохлоридтер (бромидтер және гидробромидтер). Фосфотиамин және кокарбоксилаза – тиаминнің кұрделі эфирлері. Тиамин мен фосфор қышқылының, яғни коферменттері. Бенфотиамин – синтетикалық дәрілік препарат. Құрылысы жағынан тиаминге жақын және оның коферменттер түрінде. Тиамин және оның туындылары –витамин қосылыстарының ішіндегі ең тұрақсыз түрі. Олардың ыдырауы ауадағы оттегінің әсерінен жүреді. Тотықсыздандырғыш заттардың әсерінен, күшті қышқылды және сілтілі ортада, жарықтың әсерінен (УК-сәулеленудің), жоғары температурада бұзылады
Тиаминге және оның препараттарына жалпы топты өзгеше реакция болып, тиохром түзу реакциясы есептелінеді. Тиамин препараттары азотты негіздердің тұздары есебінде жалпыалкалоид (тұнбаға түсіру) реактивтерімен (реактивтер, Драгендорф, Майер, гетерополиқышқылдармен – кремневольфрам, пикрин, танин және т.б.) әрекеттесіп өздеріне тән түсті тұнбалар түзеді.
Витамин В1 туындыларының дәрілік заттарының химиялық құрылысына байланысты, сандық анықтауда әртүрлі химиялық және физика-химиялық әдістерді пайдаланады: 1) қышқылды-негізді титрлеу (сулы және сусыз ортада); 2) аргентометрия (түнбаға түсіру); 3) спектрофотометрия, ФЭК, нефелометрия; 4) гравиметрия;
Иллюстрациялық материал: пиримидин-тиазол туындыларының негізіне жататын идентификациялау және сандық талдаудың химиялық реакциялары және схема құрылысы слайдта берілген.
Литература
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан. 2 т. – Алматы: Изд. дом «Жибек жолы», 2009. – 804 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Тиаминнің химиялық құрылысының негізін қандай химиялық қосылыстар құрайды?
Тиаминнің синтезінде қолданылатын негізгі бір әдісті көрсетіңіз. Барлық этаптардағы реакция теңдеулерін жазыңыз.
Тиамин тұздарының физикалық қасиетін көрсетіңіз және идентификациялау әдістерін түсіндіріңіз.
Фосфотиамин, кокарбоксилаза гидрохлорид және бенфотиамин қандай химиялық қосылыстар тобына жатады.
Фосфотиамин және бенфотиаминдердің сандық анықтауы, қандай физика-химиялық әдістердің негізіне жатады.
Тақырып № 24 – Пурин туындылары
Мақсаты: студенттерді пурин туындыларының кейбір дәрілік препараттар тобының құрылысының ерекшеліктерімен, фармакологиялық, физика-химиялық қасиеттерімен, идентификациялау, сандық талдаумен және сақтау жағдайларымен таныстру.
Дәрістің тезисі:
Пурин тобының қосылыстары өсімдіктерде және жануарлардың тінінде бос күйінде кездеседі. Және де нуклеозидтердің, нуклеотидтердің және нуклеин қышқылының құрамына кіреді. мысалға, кофеин шәйдің жапырағында кездеседі. Шәйдің жапырағында теофиллин де кездеседі. Ал бұрышақтас какаода – теобромин кездеседі. Пурин туындыларына дәрілік заттардың көп тобы жатады. Олардың фармакологиялық белсенділігі әртүрлі, бронхолитке, зәрді жүргізуші зат есебінде, кардиотоникалық, қатерлі ісікке қарсы, орталық жүйке жүйесіне әсерлері бар зат есебінде қолданылады. .
Химиялық құрылысының негізінде, аталған дәрілердің пуриннің екіцикілді жүйесі жатыр. Ол 2 изомерден тұрады. Осы топтың препараттарын табиғи көздерден және синтетикалық жолмен алады. Пурин – ароматикалық жүйеде π-электрондарының жылжымалығы күшті, сол себепті әртүрлі комплекс түзіуде зор роль атқарады. Пурин тобының дәрілік заттары – әлсіз негіздер, қышқылдармен тұрақсыз тұздар түзеді, 9-ші жағыдайдағы гетероатом азотпен.
Пурин топтарына жалпытоптық реакция болып мурексид сынамасы жатады. Реакцияны былайша жүргізеді: қышқылды ортада тотықтырғыштармен (Н2О2, Br2, HNO3) препараты су моншасында қыздырады. Содан кейін аммиак ерітіндісін қосады. Қызыл түсті бояу байқалады. Осы топ препараттарының сандық талдауын мына әдістер арқылы жүргізеді: 1) сулы және сусыз ортада қышқылды-негізді титрлеу; 2) жанама нейтралдау әдісі; 3) тұнбаға түсіру (аргентометрия); 4) йодометрия; 5) гравиметрия 6) бірқатар физико-химиялық әдістер (УК спектрофотометрия, ГСХ, ЖЭСХ).
Иллюстрациялық материал: бірқатар пурин туындыларының дәрілік препараттарының негізіне жататын идентификациялау және сандық талдаудың химиялық реакциялары және схема құрылысы слайдта берілген.
Литература
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Пурин тобының дәрілік затының номенклатурасының байланысын және химиялық құрылысын түсіндіріңіз.
Пурин тобының дәрілік затының химиялық құрылысымен олардың физика-химиялық қасиеттері және фармакологиялық әсері арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Пурин тобының препараттарының қышқыл-негізді қасиеттерінің олардың молекуласындағы электронды құрылысына тәуелділігін түсіндіріңіз.
Пурин тобының препараттарына жалпы топтық қандай реакция болады.
Пурин тобының препараттарын сандық талдауда, қандай әдістер қолданылады.
Тақырып № 25 – Птеридин туындылары
Мақсаты: студенттерді птеридин туындыларының препараттарының құрылысымен биологиялық белсенділігі арасындағы байланыс, олардың физикалық, химиялық қасиеттері, сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістерімен таныстыру.
Дәрістің тезисі:
Птеридин туындыларына фоль қышқылының витамин топтары жатады және синтетикалық витаминге қайшылық әсері бар (аминоптерин, аметоптерин, метотрексат) препараттар. Химиялық құрылысының негізіне птерин сақинасы кіреді. Ол конденсирленген жүйеден екіцикілді пиримидин және пиразин цикілінен тұрады. Гидроксил немесе амин топтары молекуласына негізделген ерігіштігі өте айқын төмендейді. Себебі ішкі және молекула аралық сутектік байланыстың болуына негізделген, яғни функционалды топтардағы сутегі атомы мен гетероциклдағы азотқа байланысты.
Фоль қышқылының өзіне тән УК және ИҚ спектрлері бар ол амфолиттік қасиет көрсетеді. Қышқылдық қасиеті жоғары. Бірнеше қышқылдық орталықты игеруіне байланысты ол, бір, екі және үш-алмасқан сілтілермен, карбонаттармен, гидрокарбонаттармен және аммиакпен еритін тұздар түзеді. Және де ауыр металдардың тұздарымен ерімейтін кешендер береді. Фоль қышқылы оңай тотығады және гидролизденеді. Ол белгілі бір жағыдайда азобояу реакциясын береді. Ол препараттың сандық мөлшерін ФЭК немесе полярография әдістері арқылы анықтайды.
Фоль қышқылының құрылысын сәл өзгерткен жағдайда, витаминдік белсенділігі жоғалады да витаминге қарсы әсерін иеленеді. Фоль қышқылының метаболиті– метотрексат – қатерлі ісікке қарсы қолданады. Химиялық қасиеті жағынан фоль қышқылына жақын, сол себепті идентификациялау әдістері біркелкі. Метотрексаттың сандық анықтауын хроматоспектрофотометрия әдісімен жүргізеді.
Иллюстрациялық материал: птеридин туындыларының негізіне жататын идентификациялау және сандық талдаудың химиялық реакциялары және схема құрылысы слайдта берілген.
Литература
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан. 2 т. – Алматы: Изд. дом «Жибек жолы», 2009. – 804 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Фоль құрылысының формуласын жазыңыз. Физикалық қасиетін сипаттаңыз.
Фоль қышқылының идентификациялау әдісіне мысал келтіріңіз.
Фоль қышқылының химиялық қасиетінің негізіне сүйене отырып, азобояу жүру реакциясының жүру мүмкіндігін түсіндіріңіз. Препараттың сапасын бағалауда осы реакцияны қолдану.
Фоль қышқылының қышқылдардың және сілтілердің әсеріне тұрақсыздығын көрсетіңіз.
Метотрексаттың физикалық қасиетін сипаттаңыз.
Тақырып № 26 – Изоаллоксазин туындылары
Мақсаты : студенттерді изоаллоксазин туындыларының препараттарының физикалық, химиялық қасиеттерімен, фармакологиялық әсерімен, сапасын бағалайтын әдістермен және медицина саласында қолданылуымен таныстыру.
Дәрістің тезисі:
Бұл топқа В2-витаминдік белсенділігі бар табиғи заттар жатады. Бұлардың химиялық құрылысының негізінде конденсирленген гетероциклді жүйе бензптеридин жатады. Витамин В2 (рибофлавин) представляет собой 6,7-диметил-9-(D-1-рибитил)-изоаллоксазиннің өкілі. Медицина саласында, одан басқа оның кофермент түрі – рибофлавин мононулеотид қолданады.
Рибофлавин және оның туындылары көп функционалды заттар есебінде қышқылды-негізді және тотықсыздандырғыш қасиеттерін игереді.және де гидролитикалық ыдырауға бейімделген. Олар амфотерлік қосылыстарға жатады. Негіздік қасиеті, қышқылдық қасиетіне қарағанда әлсіздеу, себебі N9 және N10 жағыдайдағы азоттардың электронды жұптары жоғалған. Рибофлавин негіз ретінде мұзды сірке қышқылында, минерал қышқылдарда ериді, жалпыалкалоид реактивтерімен тұнбалар береді. Сүйытылған рибофлавин ерітінділері УК сәуледе қарағанда ашық жасыл флюоресценция береді. Егер қышқыл немесе сілті қосса флюоресценция жоғалады.
Рибофлавиннің химиялық құрылысына лайықты сандық анықтауына әртүрлі химиялық және физика-химиялық әдістерді қолданады: 1) УК спектрофотометрия (λmax = 267 нм); 2) көрінетін аумақтағы спектрофотометрия (λmax = 444 нм); 3) флюориметриялық әдіс; 4) перйодтық тотығу (Малапрада реакциясы); 5) ацетилдеу әдісі;
Иллюстрациялық материал: изоаллоксазин туындыларының дәрілік заттарының негізіне жататын идентификациялау және сандық талдаудың химиялық реакциялары және схема құрылысы слайдта берілген.
Литература
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан. 2 т. – Алматы: Изд. дом «Жибек жолы», 2009. – 804 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Рибофлавиннің құрылысының формуласын жазыңыз. Оның физикалық, физика-химиялық қасиетін сипаттаңыз.
Рибофлавиннің қышқылдық-негіздік қасиеттерін сипаттаңыз. Осы қасиетін сипаттайтын сынаққа мысал келтіріңіз.
Рибофлавиннің қайтымды тотығу-тотықсыздану процесіне қатысу мүмкіншілігін дәлелдеңіз.
Рибофлавиннің қышқылдың және сілтінің әсеріне тұрақсыздығын түсіндіріңіз.
Рибофлавиннің жарыққа тәуелді екенін сипаттаңыз. Бөлінген өнімді жазыңыз. Препараттың қасиетінің оны сақтау кезіндегі және тазалығын бағалаудағы маңызын көрсетіңіз.
Тақырып № 27-28 – Фенотиазин туындылары (2 дәріс)
Мақсаты : студенттерді фенотиазин туындыларының препараттарының құрылысының ерекшеліктерімен, физикалық, химиялық қасиеттерімен, фармакологиялық әсерімен, сапасын бағалайтын әдістермен және медицина саласында қолданылуымен таныстыру.
Дәрістің тезисі:
Фенотиозин туындыларының дәрілік заттарының химиялық құрылысының негізінде гетероциклді фенотиазин (Дибентиазин) жуйесі жатыр. 10-жағдайда азоттың гетеор атомы және 9-жағдайда күкірттің гетеро атомы енген. Номер 10-жағдайдағы орынбасарларының белсенділік олардың фармакологиялық эффектілеріне әсерін тигізеді. Фенеотиазин топтарының препараттары фармаколигиялық әсерлері бойынша психиалық ауруға қарсы немесе ниролептик (оларға 10 алкил туындырапы жатады) және аритмияға қарсы (10-ацил туындылары) жоғарыда көрсетілген аурулардан да баска фенотиазин топтарын басқа да белсенділікті көрсетеді: гистаминге қарсы (аллергияға), холиномиметикалық, гипотермальді т.б.
Фенотиазин топтарының препараттары өздерінің өзгеше УК және ИҚ сіңіру спектрлері бар. Осы препараттарды талдауда физика химиялық әдістер пайдаланады (ЯМР, спектроскопия, ЖЭСХ, ЖҚХ, және т.б).
Фенотиазин топтарының дәрілік заттарының көпшілігі күшті минерал қышқылдардың тұздары болып келеді және органикалық азотты негіздер. Препараттардың ерітінділеріне сұйытылған сілтілерді, карбонаттары аммиакты қосқанда негіздер бөлінеді. Азотты негіз тұздары есебінде олар жалпыалкалоидтар (тұнбаға түседі) реактивтермен (Майер, Драгендорф, танин, пикрин, қышқылы және т.б.) әрекеттеседі. Осы ерітіндіні ФЭК әдісімен дәрілік қалыптарының сандық анықтауын жургізеді.
Фенотиазин топтарының препараттарының ең маңызды қасиеті, сапасын анықтайтын талдауда, ең тез және тотығуында. Бұл процестер in vitro және in vivo жағдайларда жүре алады. Осы процестердің нәтижесінде алынған түсті өнімдер, С2 жағдайдағы радикалдың, табиғатына тәуелді, ал тотықтырғыштарға тәуелді емес. Препараттардың гидрохлорид тұздарында хлорид – ионды анықтайды, алдын-ала сілті ерітіндісін қосып негізді тұнбаға түсіреді. Этмозин және этацизиннің молекуласында уретан топтарының болуына байланысты, олар гидролитикалық ыдырауға ұшырайды. Этанол қалдықтарын иодоформ сынамасы арқылы дәлелдейді. Осы препараттардағы номер N10 – жағдайдағы амид тобының болуына байланысты гидроксам сынамасын жүргізеді жәнеде гидролизден кейінгі өнімдерді анықтайды.Жеке препараттарды сандық анықтауда құжаттарға сәйкес . қышқылды-негізді титрлеу сусыз ортада жүргізіледі.Сандық анықтаудың мүмкін басқа тәсілдері қолданады олар
1. Алкалиметрия байланыстағы қышқыл қалдықтары бойынша
2. Гравиметрия (салмақ формасы- препараттың негізі бойынша немесе жалпыалкалоид (тұнбаға түсіру) реактивтермен түскен тұнба өнімдері арқылы
3. Кьельдаль әдісі
4. Нефелометрия (жалпыалкалоид) тұнбаға түсіру, реактивтерімен әрекетесуі
5. Экстракционды фотометрия
7. Басқа физико химиялық (спектрофотометрия, ЖЭСХ)
Иллюстрациялық материал: фенотиозин тундыларының дәрілік заттарының негізіне жататын идентификациялау және сандық талдаудың химиялық реакциялары және құрылысы, алу схемасы слайдта берілген.
Әдебиеттер :
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Государственная фармакопея РК. Т.1. - Алматы: Изд. дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. фенотиазин тобының дәрілік заттарының жалпы химиялық формуласын жазыңыз құрылысының айырмашылығын көрсетіңіз.
2. фенотиазин туындыларының препараттының молекуласындағы орынбасарларына және байланыс қасиеттеріне негізделген химиялық құрылысымен фармакологиялық әсері арасындағы байланысын түсіндіріңіз
3. фенотиазин туындыларының дәрілік заттарының қышқылды негізді қасиетін сипаттаңыз. Теңдеу реакцияларын жазыңыз.
4. фенотиазин тобының дәрілік заттарының молекуласмындағы хлор-ионды және ковалеттік байланыстағы хлорды анықтаудың ерекшіліктерін түсіндіріңіз.
5. фенотиазин препараттарының сандық анықтауында мүмкіншілік әдістерін келтіріңіз
Тақырып № 29-30 – 1,4 – бензодиазепин туындылары (екі дәріс)
Мақсаты: Студенттерді 1,4 - бензодиазепин туындыларының препараттарын физикалық, химиялық қасиеттерімен, фармакологиялық әсерімен, сапасын бағалайтын әдістермен және медицина саласында қолданумен таныстыру.
Дәрістер тезисі:
1,4- бензодиазепин туындылары: хлозепид, сибазон, нитрозепам, фенозепам, нозепам, мазепам. Осы топтың препараттары фармакологиялық әсерлері бойынша седативтік заттарға жатады. Яғни қозғалғыштық және ойлау функцияларына шамалы тыныштандырғыш эффект көрсетеді. Химиялық құрылысының негізіне 1,4- бензодиазепиннің бициклды жүйесі жатады. Осы топтың дәрілік заттардың молекуласында С5 жағдайда фенил 6 радикалы орналасқан, соған орай олар 5-фенил-3Н-1,4-бензодиазепиннің туындылары болып саналады (хлозепид) , ал 1,2-дигидро – 3Н- 1,4-бензодиазепин-2 онға (сибазон, нитрозепам, нозепам, фенозепам, т.б) жатады.
Осы топтардағы препараттардың түстері әлсіз сарыдан лимон – сарыға дейін болып келеді. Олар суда өте нашар ериді. немесе мүлде ерімейді. Ол мынаған байланысты, бензодиазепиндерің молекуласында азометин фрагменті кездеседі. Ол ішкі Шифф негізі, суда ерімейтіндік қасиет көресетеді.
Жалпы бензодиазепин радикалы, фенил радикалымен, карбонил тобымен және кейбір орынбасарлармен құралған тіркестер, УК және ИҚ аумақтарда жарықты жұту қабілеттілігін алдын – ала көрсетеді. 1,4-бензодиазепиннің топтарының препараттарының синтездеу әдістері әртүрлі. Өте ыңғайлы және жиі қолданылатын әдіс – ішкі заты болып аминобензофенондарды қолданады.
1,4-бензодиазепин топтарының дәрілік заттарының құрылысының ерекшеліктеріне сай олардың қасиеттерін және реакцияларын былайша жіктеуге болады: 1) қышқылдық- негіздік қасиеті; 2) тотығу реакциясы; 3) гидролитикалық ыдырау, осы гидролиздің өнімдерін анықтау; 4) ковалентті байланыстағы галоген атомдарынын дәлелдеу; 5) жеке реакциялар;
Хлозепид және мезапам айқын негіздіқ қасиет көрсетеді. Нитрозепам, фенозепам, нозепам, амфолит болып келеді. Негіздік қасиетті азометин фрагментіне байланысты ал қышқылдық қасиеті лактим- лактам және кето-энолді таутомерияларындағы метилен тобындағы белсенді сутегі атомына негізделген.
Органикалық байланыстағы галоген атомының, минерализациялау арқылы галогенид-ион түріне айналдырып күміс нитратымен анықтайды. Жекеше бензодиазепин тобының дәрілік заттарының сандық анықтауын қышқылды негізді титрлеу әдісі арқылы, сірке ангидриді немесе мұзды сірке қышқылы ортасында жүргізеді. Сандық талдауда нитритометрия, Кьельдаль әдісі аргентометрия (галоген атомдарының минерализациялап, оны колбадағы оттегі арқылы жағу әдісі) әдістерін қолдануға болады.
Иллюстрияциялық материал: 1,4-бензодиазепин туындыларының д.з-ның негізіне жататын идентификациялау және сандық талдаудың химиялық реакциялары және схема құрылысы слайдта берілген.
Әдебиеттер :
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан. 2 т. – Алматы: Изд. дом «Жибек жолы», 2009. – 804 с.
Бақылау сұрақтары:
1. 1,4 бензодиазепиннің тобының дәрілік заттарының құрылысның формуласын жазыңыз. Ондағы жалпы және құрылыстарындағы айырмашылық фрагментерін көрсетіңіз.
2. бензодиазепин тобының препараттарының физикалық және физико-химиялық қасиеттерін сипаттаңыз.
3. бензодиазепин туындыларының препараттарының қышқылды-негіздік маңызын көрсетіңіз, олардың сапасын бағалауда қандай роль атқарады.
4. бензодиазепин туындыларының препараттарының гидролитикалық ыдырауға бейімділігін сипаттаңыз.
5. бензодиазепин тобының кейбір препараттарының азобояу реакцияға тусу бейімділігін түсіндіріңіз. Химизм реакциясын жазыңыз және осы препаратты талдауда оның маңызын көрсетіңіз.
Практикалық сабақтарға методикалық нұсқаулар
Тақырып № 1 - Фенол және хинон топтарының дәрілік заттарының талдауы: фенол, тимол, резорцин, тамоксифен, викасол (3 сағат)
Мақсат: Нормативтік құжаттардың талабы бойынша фенол және хинон топтарының дәрілік заттарының анализі.
Сабақтын міндеті: Ароматты қосылыстар тобымен танысу,мазмұндамасымен, фармакопеялық әдістермен танысу, ҚР МФ берілген, фенол және хинонның химиялық қасиеттерін меңгеру, жалпы және жеке әдістерін.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Негізгі фармакопеялық талабы бойынша фенол және хинонның сапалық талдауы?
2 Дәрілік препарат анализінің протоколының сызбасы?
3.Дәрілік препараттардың синтетикалық алу жолы?
4. Зерттелген,анықталған нәтижелердің кестесін құру?
5. Лабораториялық жұмысты қорытындылау?
Оқып үйрету әдістері: Сабақ тақырыбы бойынша негізгі сұрақтардың ақпараты?
Әдебиеттер
Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. – М.: Медицина, 2001. – 384 с.
Лабораторные работы по фармацевтической химии /Под ред. В.Г. Беликова. – М.: Высшая школа, 1989. – 375 с.
Бақылау сұрақтар, тестер:
Қандай дәрілік препараттар фенол және хинон класының туындыларына жатады?
Ароматты қосылыстардың химиялық қасиеттерін сипаттаңдар және нафтахинон туындыларының биологиялық активтілік қатарын және химиялық құрылысының арасындағы байланысты көрсетіңдер?
К1- витамині , синестрол және диэтилстильбестрол алуда қандай синтетикалық әдістерді ұсынуға болады?
Тамоксифен сапалығы қандай нормативті құжаттарға жауап береді?
«Phenolum purum» және «Vikasolum» дәрілік препараттарының сапасын бақылау үшін МФ-ның ІХ және Х басылымында қандай анализ әдістері қабылданған?
Ароматты қатардың дәрілік заттары және фенол алу әдістерінің аналитикалық практикада бар мүмкіндіктері қандай?
Синестрол синтезінің қайда жүзеге асады және ол немен қорытылады?
Синестрол ацетилдеу әдісі неге негізделген?
Нафтахинон туындыларының қандай препараттарын сандық талдауда цериметриялық әдіс қолданады?
ҚОСЫМША
Тапсырма 1.
Resorcinum – дәрілік препаратының фармакопеялық анализін жүргізу.
- негізділігін анықтау
10 мл препарат ерітіндісіне (1:200) 3 тамшы темір хлориді ерітіндісін қосқанда көк-күлгін түс пайда болады. Аммиак ерітіндісін қосқанда қою-жасыл түске айналады.
- фенолдың алынуы
1 г препаратты 2 мл сумен су моншасында (монша температурасы 40-500) қыздырсақ фенолдың иісін сезу керек емес.
- қышқылдық және сілтіні анықтау.
10 мл препарат ерітіндісіне (1:20) 1 тамшы көк бромфенол ерітіндісін қосамыз. Ерітінді түсі аздап 0,1 мл 0,02 н күйдіргіш натрий немесе тұз қышқылын қосқаннан өзгеруі тиіс.
Тапсырма 2.
Solutio Vikasoli 1% pro injectionibus: дәрілік препаратына сапалық анализ жүргізу.
- 5 мл препаратқа 1 мл 1 н күйдіргіш натрий ерітіндісі қосамыз,сары түсті қауыз тәрізді тұнба түседі.
- ерітінді түсін анықтау.
Ерітінді боялуы № 5а эталонынан интенсивті болмауы керек.
- рН анықтау 2,5-3,5 (потенциометриялық)
Тапсырма 3. Thymolum: дәрілік препаратын сандық анықтау.
0,5 г препарат сыйымдылығы 100 мл колбада 5 мл күйдірілген натрий ерітіндісінде ерітеді және су ерітіндінің көлемін сызыққа дейін жеткізеді. 10 мл алынған ерітінді тығындалған колбаға ауыстырылады, 0,5 г калий бром қосады, 40 мл сұйытылған тұз қышқылын ,3 тамшы метил күлгін және күшті араласқан 0,1 н калий бромат ерітіндісімен титрлейді. Титр аяғында тағы 2 тамшы метил күлгін ерітіндісін қосадыү. Сұйықтықтың ашық-қызыл бояуының жоғалуы титрлеудің аяқталғанын көрсетеді.
1 мл 0,1 н калий бромат ерітіндісі 0,003755 г С10Н14О, пен сәйкестік препаратта 99,0 % кем болмауы керек.
Тақырып № 2 - Дәрілік заттарды талдау: бензой қышқылы, натрия бензоаты; салицил қышқылы, натрия салицилаты, оксафенамид, ацетилсалицил қышқылы (3 сағат)
Мақсат: МФ талабына сәйкес ароматты қышқылдық туындыларының дәрілік заттарының анализі.
Сабақтың міндеті: Ароматты қышқыл топтарымен танысу,фармакопеялық әдістермен жалпы танысу, ароматты қышқылдар химиялық қасиеттерін үйрену, МФ жалпы талабынан ароматты қышқылдар сапасын бақылаумен танысу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
МФ келісімімен препараттардың физикалық және химиялық қасиеттері?
Ароматты қышқыл топтарының дәрілік препараттарының сандық және сапалық,талдау әдістері?
Дәрілік заттардың сандық талдау әдістері?
Тазалығын анықтау?
Алу әдістері?
Салицил қышқылының күрделі эфирін препаратын титрлеу ерекшеліктері?
Оқып үйрену әдістері: Сабақ тақырыбына сәйкес негізгі сұрақтарға ақпарат.
Әдебиеттер
Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. – М.: Медицина, 2001. – 384 с.
Лабораторные работы по фармацевтической химии /Под ред. В.Г. Беликова. – М.: Высшая школа, 1989. – 375 с.
Государственная фармакопея Республики Казахстан: первое издание. – Астана: Изд. дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.
Государственная фармакопея СССР, ХI издание. – М.: Медицина, 1987.
Бақылау сұрақтар, тестер:
Ароматты қышқыл және оның тұздарына жалпы мінездеме беріңдер?
Кольбе-Шмидт реакциясы мен механизмі?
Бензой және салицил қышқылының сандық талдауы неге негізделген?
Ароматты қышқылдардың алынуының қандай әдістері бар?
Фенолқышқыл туындыларының алуда қандай химиялық процестер бірге жүреді?
Салицил қышқылы броматометриялық титрлеу әдісінде контрольдік бақылауды қай мақсатта жүргізеді?
Тесттер
Салицил қышқылының күрделі эфирінің қандай препараттары Х МФ берілген?
A) Салицил қышқылы
B) Ацетилсалицил қышқылы
C) Оксафенамид;
D) Бензой қышқылы
E) Синестрол.
«Acidum acetylsalicylicum» берілген концентрациясында жіберілетін қоспасы:
A) Салицил қышқылы
B) Натрий салицилаты
C) Фенол
D) Фенилсалицилат
E) Метилсалицилат.
3. Салицил және бензой қышқылының тұзының негізділігін қандай ион арқылы анықтайды?
A) Кальций ионы
B) Темір ионы
C) Натрий ионы
D) Магний ионы
E) Цинк ионы
4. Натрий салицилаты және натрий бензоатының нейтрализациялау әдісімен титрлеудің соңғы нүктесін анықтау үшін нені қолданады?
A) Фенолфталеин индикаторы
B) Метил күлгін индикаторы
C) Тимолфталеин индикаторы
D) Аралас индикатор
Е) Фенолқызыл индикаторы
5. Ароматты қышқылдардың тотығу –тотықсыздануы қандай әдіске жатады?
A) ацидиметрия;
B) броматометрия;
C) аргентометрия;
D) нейтрализация;
E) комплексонометрия.
6.Натрий салицилатын титрлеу әдісінде эфир қандай мақсатта қолданады?
A) Натрий салицилатын бөліп алу үшін
B) Салицил қышқылын бөліп алу үшін
C) Эквиваленттік нүктесін бекіту үшін
D) рН ортасын өзгерту үшін
E) Реакция өнімін алу үшін
ҚОСЫМША
Тапсырма 1.
Natrii benzoas-дәрілік препаратының фармакопиялық анализін орыңдандар:
- негізділігін анықтау
2 мл нейтралды бензоат ерітіндісіне (0,01-0,02 г бензой ионы) 0,2 мл темір тотығының хлоридін қосады, ашық-қызыл-сары түсті тұнба түзіледі.
- негізділігін және қышқылдылығын анықтау
Препарат ерітіндісіне (1 г препаратқа 10 мл таза қайнатылған және суытылған су) бірнеше тамшы фенолфталеин қосады; ерітінді түссіз қалу керек 0,75 мл 0,05 н күйдіргіш натрий ерітіндісінен аздап қосқанда ашық қызыл түске боялу қажет.
- құрғатқан кездегі жоғалтқан массасын анықтау 0,5 г жақын препаратты (дәл өлшем) 100-1050 С - та тұрақты массаға дейін құрғатады,жоғалтқан масса 3 % дан аспау қажет.
Тапсырма 2.
Acidum acetylsalicylicum - дәрілік препаратының сапалық анализін анықтау:
негізділігін анықтау:
0,5 г препаратты 5 мл күйдіргіш натрий ерітіндісімен 3 мин қайнатады, сосын суытады және сұйықтықтын күкірт қышқылымен қышқылдайды ақ кристалды тұнба түзіледі.Ерітінді басқа пробиркаға құйылады және оған 2 мл спирт және 2 мл конц.күкірт қышқылын қосылады;ерітінді сіркеэтил эфирінің иісі болады.Тұнбаға 1-2 тамшы темір хлориді ерітіндісін қосқанда күлгін түс пайда болады.
бос салицил қышқылының қоспасын анықтау:
0,3 г препарат 5 мл спиртте ерітіледі және 25 мл су (зерттелетін ерітінді) қосылады. Осы ерітіндінің 15 мин бір цилиндрге орналастырады,ал басқасына – осы ерітіндіден 5 мл, 0,5 мл 0,01% салицил қышқылының сулы ерітіндісі. Сосын 2 цилиндрге де 1 мл қышқылды 0,2% теміраммонилі ашудас ерітіндісін қосады. Зерттелетін ерітіндінің боялуы эталондық ерітіндіден (препаратта 0,05 % дан көп емес) интексивті болмау керек.
- органикалық қоспаларды анықтау:
0,5 г препарат 5 мл конценьрлі күкірт қышқылы да ерітінді, ерітінді боялуы №5а эталонынан интенсивті болмау керек.
Тақырып № 3 - Пара-аминобензой қышқылының эфирлерінің дәрілік заттарын талдау: бензокаин, прокаина гидрохлорид, тетракаина гидрохлорид (3 сағат)
Мақсат: МФ талабымен сәйкес пара-аминобензой қышқылының эфирінің дәрілік заттардың анализі.
Сабақтың міндеті: Пара-аминобензой қышқылының эфир тобына жалпы шолу фармакопеялық анализ әдісімен танысу, химиялық құрылысы және биологиялық әсер арасындағы байланысты үйрену, сандық талдау әдісін және тазалық сынағын, теңестіру бойынша МФ жалпы талабын орындау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Пара-аминобензой қышқылының эфирінің химиялық қасиеті?
Берілген топтағы қосылыстардың дәрілік препараттарының сапалық бақылау әдістері?
Дәрілік препараттардың сапасына қойылатын жалпы фармакопеялық талаптар?
Сапасын анықтау?
Алудың синтетикалық жолдары?
Сулы және сусыз ортада қышқылды – негізді титрлеу?
Оқып үйрету әдісі: Сабақ тақырыбы бойынша негізгі сұрақтардың ақпаратты дидактикалық блогы.
Әдебиеттер
1.Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. – М.: Медицина, 2001. – 384 с.
2.Лабораторные работы по фармацевтической химии /Под ред. В.Г. Беликова. – М.: Высшая школа, 1989. – 375 с.
3.Государственная фармакопея Республики Казахстан: первое издание. – Астана: Изд. дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.
4.Государственная фармакопея СССР, ХI издание. – М.: Медицина, 1987.
Бақылау сұрақтар, тестер:
1. Пара-аминобензой қышқылының эфирінің қышқылдық - негіздік қасиетін дәлелдеңдер?
2. Пара-аминобензой қышқылының эфир қатарының химиялық құрылысы және биологиялық әсер арасындағы байланысты анықтаңдар?
3. Бензококаин,прокаин гидрохлориді тетракаин гидрохлоридінің жергілікті жансыздандырғыш әсері немен анықталады?
4. Бензококаин алу үшін қандай сандық талдау әдістері бар?
5. Прокаин гидрохлоридінің сусыз титрленуі?
6. МФ Х парааминобензой қышқылының эфирінің тазалығына қандай талап қойылған?
7. Нитрометриялық әдісінің химиялық реакциясын көрсетіңдер?
Тесттер
1.Пара-аминобензой қышқылының эфирлерінің қандай препараттары МФ Х берілген?
A) прокаин гидрохлориді
B) фторотан
C) оксафенамид
D) бензокаин
E) тиопентал натрий.
2. Органикалық негіздердің гидрохлоридіне қандай ионын анықтау реакциясы жатады?
A) сульфат;
B) фосфат;
C) нитрат;
D) хлорид;
E) карбонат.
3.Органикалық негіздің гидрохлоридіне қандай ерітіндімен тұнба түсу реакциясы жатады?
A) натрия гидрофосфаты
B) натрия гидроксиді
C) аммония хлориді
D) калий хлориді
E) мырыш сульфаты
4.Пара-аминобензой қышқылының соңғы өнімі?
A) бензой қышқылы
B) пара-нитробензой қышқылы
C) пара-аминосалицил қышқылы
D) салицил қышқылы
Е) мета-аминобензой қышқылы
5.Нитритометриялық әдісімен титрлеу қайда өтеді?
A) Сілтілік ортада
B) Ацетат буферінің қатарында
C) Қышқылдық ортада
D) Бейтарап ортада
E) Диметилформамид ортада
6. Бензокаинді титрлегенде эквиваленттік нүктені қандай индикатор көмегімен анықтайды?
A) нейтралды қызыл
B) тропеолин 00 метилен көгімен
C) тропеолин 00
D) кристалды күлгін
E) иодкрахмалды қағаз
ҚОСЫМША
Тапсырма 1.
Procaini hydrocloridum - дәрілік препаратының фармакопеялық анализін орындау.
- негізділігін анықтау:
0,05 г препаратты 2 мл 3 тамшы сұйытылған тұз қышқылымен қышқылдатылған суда ерітеді, оған 3 тамшы 0,1 М натрий нитратын қосады және шайқайды,алынған ерітіндіге 3 мл β-нафтолдың сілтілі ерітіндісін қосады; қою-қызыл бояу түзіледі немесе сарғыш-қызыл тұнба түзіледі.
- ерітіндінің түсі және мөлдірлігін анықтау:
5 мл қайнатылған және суытылған судағы 0,5 г препарат мөлдір және түссіз болу керек;
қышқылдығын анықтау:
Препарат ерітіндісіне (5 мл қайнатылған және суытылған судағы 0,5 г препарат) 1 тамшы метил қызыл ерітіндісін қосқанда ашық қызыл түске боялуы мүмкін, 0,15 мл ден көп емес 0,05 н күйдіргіш натрий ерітіндісін қосқанда сары түске айналуы керек.
Тапсырма 2.
Tetracaini hydrocloridum - дәрілік препаратының сапалық талдауы.
- негізділігін анықтау:
0,01 г препаратты фарфор ыдысқа араластырады,2-3 тамшы конц.азот қышқылымен ылғалдайды және су моншасында кепкенше құрғатады.Суытылған тұнбаға бірнеше тамшы күйдіргіш калидің спирттік ерітіндісін қосады; қою-қызыл бояу түзіледі.
- қышқылдығын анықтау:
1 %ерітінді рН 4,5-6,0 (потенциометриялық);
- құрғатқан кездегі жоғалтқан массасы:
0,5 г жуық препарат (дәл өлшем) 100-1050 С та тұрақты массаға дейін құрғатылады. Жоғалтқан массасы 0,5 % дан аспау керек.
Тапсырма 3.
Benzocainum - дәрілік препаратының сандық талдауы:
0,2 г жуық препарат (дәл өлшем) 10 мл су және 10 мл сұйытылған азот қышқылында ерітіледі. Суды 80 мл-ге дейін жеткізеді,1 г калий бромидін араластыра отырып, титрлеу басында минутына 2 мл тездікпен, ал соңында эквивалент санына дейін 0,5 мл минут сайын 0,05 мл қосылады.
Титрлеу 18-20 0 С тан жоғары емес температурада өтеді, кейбір жағдайда 0-10 0 С дейін суыту талап етіледі.
Ішкі индикатор қолданған жағдайда нейтралды қызыл немесе тропеолин 00 мен метилен көктің қоспасын қолданады.
1 мл 0,1 мол натрий нитриті ерітіндісі 0,01652 г 99,5 % кем емес С9Н11NО2 сәйкес келеді.
Тақырып № 4 - Пара-аминосалицил қышқылының және фенилпропион қышқылының туындыларының дәрілік заттарын талдау: натрия пара-аминосалицилат, ибупрофен (3 сағат)
Мақсат: Пара-аминосалицил және фенилпропион қышқылының туындыларының дәрілік препараттарының анализін тану әдістері.
Сабақтын міндеті: Дәрілік препараттардың сапалығын анықтауда титриметриялық әдістің қолданылуы, спектрофотометриялық әдісті қолдану арқылы дәрілік заттың сапасын анықтау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Препараттың сапасына фармакопеялық талаптар?
Титриметриялық анализ әдістері?
Фенилпропион қышқылдарының туындыларының дәрілік заттарының сандық талдауының балама әдістері?
Медициналық практикада қолданылуы.
Препараттырдың сапасына фармакопеялық талаптар.
Оқып үйрету әдістері: Теориялық сұрақтарды талқылау және титрлеудегі есептерді қолдауға өзіндік орындау жұмыстарды жүргізу.
Әдебиеттер
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. – М.: Медицина, 2001. – 384 с.
Лабораторные работы по фармацевтической химии /Под ред. В.Г. Беликова. – М.: Высшая школа, 1989. – 375 с.
Государственная фармакопея СССР, Х издание. – М.: Медицина, 1968.
Бақылау сұрақтар, тестер:
Натрий пара-аминосалицилатын титрлеу үшін қандай сандық талдау әдісін ұсынады?
Пара-аминосалицил қышқылының дәрілік препаратындағы біріншілік ароматты амин топтары қалай анықталады?
Натрий пара-аминосалицилатының сапалығы қалай анықталады?
Ибупрофен дәрілік препаратының сапалық және сандық талдау әдістерін сипаттаңдар?
Тесттер
1. Натрий пара-аминосалицилатының сандық талдауы қандай әдісте өтеді?
A) комплексонометриялық титрлеу
B) нитритометриялық титрлеу
C) потенциометриялық титрлеу
D) полярография
E) нейтрализацияны жою
Натрий пара-аминосалицилатын спектрофотометриялық анықтауда ... пайдаланады?
стандартты және зерттелетін ерітіндінің концентрациясының қатынасы.
2 ұзын толқынның оптикалық тығыздығы мен қатынасы
Реагирленетін зат және химиялық реагент мөлдірінің қатынасы
Эталоннын молярлық массасы және зерттелетін ерітіндінің қатынасы
Анализденетін ерітіндінің тығыздығы.
Натрий пара-аминосалицилат анықтаудың нитритометриялық әдісі неге негізделген?
азобояулардың түзілуіне
аз диссоциацияланатынқосылыс түзілуіне
диазоний тұзының түзілуіне
натрий нитриті түзілуіне
натрий салицилатының түзілуіне
Натрий пара-аминосалицилат препаратының негізділігін дәлелдейтін реакцияны көрсетіңдер?
A) мурексидті сынама
B) параформа түзілуі
C) азобояудың түзілуі
D) диазоний тұзының түзілуі
E) хиноидты қосылыстың түзілуі
ҚОСЫМША
Тапсырма 1.
Натрий пара-аминосалицилат негізділігі:
А) 0,01 г препарат 10 мл суда ерітіледі, 20-3 тамшы сұйытылған тұз қышқылымен қышқылдайды және 2-3 тамшы темір хлориді ерітіндісін қосады; сұйықтық күлгін-қызыл түске боялады. Алынған ерітінді 3 сағатқа қалдырылады,тұнба бөлінуін бақылау қажет емес
Б) 0,02 г препарат 10 мл суда ерітіледі 1 мл сұйытылған тұз қышқылымен және 1 мл 0,1 мол натрий нитриті қосылады, 1 мл алынған ерітіндіге 5 мл β-нафтола сілтілік ерітіндісі құйылады; қызыл бояу түзіледі.
В) 1,50-1,56 арасында болатын толқын ұзындығы 265 және 299 нм препаратының оптикалық тығыздығы 0,001 % ерітіндімен қатынасы. Өлшем қалындығы 1 см қабатта кюветада өтеді.
Г) Препарат натрийге Б характерлі реакциясын береді: натрий тұзы енгізілген түссіз жалынды сары түске бояйды.
Тапсырма 2.
Пара-аминосалицилатының фармакопеялық анализін орыңдандар.
Ерітіндінің мөлдірлігі мен түстілігі. 1 г препарат 10 мл қайнатылған және суытылған суда мөлдір және түсі №5б эталонға сәйкес болу керек. Ерітіңдінің түсін
Сілтілігі және қышқылдылығы. Алынған ерітіндіге бірнеше тамшы фенолфталеин ерітіндісі қосылады. 0,05 н тұз қышқылының ерітіндісі немесе күйдіргіш натридің 0,1мл ден қосқанда, ерітінді түсі өзгеруі керек.
Хлоридтер. 1 г препарат 25 мл суда ерітіледі, 2 мл сұйытылған азот қышқылы қосылады және фильтрленеді 10 мл фильтрат.
Анықтау келесі тәртіпте жүргізіледі: азқт қышқылымен немесе аммиак ерітіндісімен нейтралданған 10 мл зерттелетін ерітіндіге 0,5 мл азот қышқылы,0,5 мл күміс нитратының ерітіндісі қосылады, араластырады және 5 мин кейін 10 мл 0,0002% хлор ерітіндісі және зерттелетін ерітіндіге қосылған көлемінен тұратын эталонмен салыстырады.
Зерттелетін ерітінді лайлану эталонынан аспау керек.
Сульфаттар. Анықтау келесі тәртіпте жүргізіледі. HNO3 немесе NH3 ерітіндімен нейтралданған 10 мл зерттелетін ерітіндіге 0,5 мл HNO3, 1мл BaCl2 ерітіндісі қосылады, араластырады және 10 мл кейін 10мл 0,001 % сульфат ерітіндісі және зерттелетін ерітіндіге қосылған көлемінен тұратын эталонмен салыстырады.
Зерттелетін ерітіндідегі пайда болған лайлану эталоннан аспай керек.
Сандық талдау 0,4 г жуық препарат (дәл өлшем) 180 мл суда ерітіледі. Ерітіндіге 20 мл сұйықтысын HNO3, 3 г KBr қосылады және 0,1 мол натрий нитриді ерітіндісінен 50 С температурада жайлап, 3 мин соң алынған натрий нитритін қосқаннан кейінгі ерітіндінің тамшысы йодкрахмалды қағазында көк түс бергенше титрлейді. 1 мл 0,1 мол натрий нитриті ерітіндісі 0,02112 г 99,0 % кем емес C7H6NNaO3*2H2O сәйкес келеді.
Тапсырма 3.
Ибупрофеннің сандық талдауын жасаңдар.
Сандық талдау. 0,4 г препаратты алдын-ала фенолфталин ерітіндісімен нейтралданған зерттілетін ерітінділердің 100 мл де (750 г/л) ерітінді. Карбонат натрий гидроокисімен (0,1 моль/л) титлейді. Индикатор ретінде этанолдағы фенолфталеин ерітіндісін титрлейді. Зерттелетін ерітіндісіз операцияны қайталайды және түзетулет жүргізеді. Карбонатсыз натрий гидроокисі (0,1 моль/л) ерітіндісінің 1 мл-не 20,63 мг C13H18O2 сәкес келеді.
Тақырып № 5 - Йодталған арилалифатикалық амин қышқылдарының дәрілік заттарын талдау: тиреоидин, дийодтиронин, дийодтирозин, тироксин (3 сағат)
Мақсаты: МФ талабымен сәйкес йодталған арилалифатикалығ аминқышқылдарын дәрілік заттарының анализі. Сабақтың міндеті; йодталған арилалифатиқалық дәрілік заттарының анализі.
Сабақтың міндеті: Йодталған арилалифатикалық аминқышқылдарының дәрілік затының фармаколиялық анализі (МФ талабы бойынша негіздігі тазалығын және сандық талдау әдісі).
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
МФ Х басылымының жеке статьясы бойынша қалқанша без грмоны препаратының жалпы сипаттамасы.
Организмдегі қалқанша без гармонының биосинтезі.
Қалқанша без гсрмонының дәрілік препаратының сапалығын тексеру әдістері.
Қалқанша безі гармоны аналогтарының алудың синтетикалық әдістері.
Дәрілік препараттардың фармыкопиялық әдісінің анализі.
Оқып үйрету әдістері: Сабақ тақырыбының негізгі сұрақтары бойынша ақпаратты-дидактикалық блок.
Әдебиеттер
Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н.
Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. – М.: Медицина, 2001. – 384 с.
2. Лабораторные работы по фармацевтической химии /Под ред. В.Г. Беликова. – М.: Высшая школа, 1989. – 375 с.
3. Государственная фармакопея Республики Казахстан: первое издание. – Астана: Изд. дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.
4.Государственная фармакопея СССР, ХI издание. – М.: Медицина, 1987.
Бақылау сұрақтар, тестер:
МФ Х басылымындағы «Thyreoidinum» жеке статьясындағы қалқанша без гармонының препаратының жалпысипаттамасы.
Организімдегі қалқанша без гармонының биосинтезі қалай жүзеге асады.
Тиреодин үшін қандай сапалылығын тексеру әдістері ұсынылады?
Дийодтиронин, тироксин қалай алынады?
Тиреоидинниң сапалық талдауы қалай өтеді?
МФ Х да дииодтирозин және тиреоидин үшін қандай фармакопиялық талаптар қойылған?
Тиреоидиннің иодометриялық анықталыуның химиялық реакциясы
Дииодтирозинді анықтау үшін қандай аргентометриялық титрлеу әдісі ұсынылады?
Тесттер.
Дииодтирозиннің негізділігін ... мен анықтайды?
А) хлор орган байланыс
В) фтор орган байланыс
С) бром орган байланыс
Д) иод орган байланыс
Е) кальций ионы
Нингидринді сынама дииодтирозинде ... бар екенін дәлеледейді?
А) иод орган боайланыс
В) аминқышқыл
С) карбоксильді топтар
Д) гидроксильді топтар
Е) аминтоптар
3. Дииодтирозиннің аргентометриялық әдісінде ... жүзеге асады.
А) конц. H2SO4 қатарында минерализациялық
В) конц. HNO3 қатарында минерализациялық
С) KNO3 және Na2 CO3 қоспасының
Д) мырыштық қышқылды ортада тотықсыздануы
Е) сілтілік ортада Zn шаңымен қыздыру
4. «Тиреоидин» препаратын ... ерітіндіде қайнатылғаннан кейін сары түске боялуынан белокты анықтайды.
А) калий фосфаты
В) натрий гидроксиді
С) аммоний сульфаты
Д) тұз қышқылы
Е) азот қышқылы
5. Тиреоидиннің иодиментриялық титрлеу әдісі ... кейін өтеді
А) сілтілі ортада қайнатқаннан
В) Zn тық қышқылды ортада тотықсызданудан
С) Сутек пероксиді препаратының конц H2 SO4 қоспасымен бұзылуынан
Д) KNO3 және Na2SO3
Е) Сілтілік ортада Zn шаңымен қыздырылуынан
6. Иод органикалық байланысқан препаратты айқындау үшін алдын-ала не бұзады?
А) конц. H2SO4 қатарында минерализациялық
В) конц. HNO3 қатарында минерализациялық
Д) қышқылды ортада мырыштық тотықсыздануы
Е) сілтілік ортада Zn шаңымен қыздырылуымен
ҚОСЫМША
Тапсырма 1.
МФ Х басылымындағы «Thyreoidinum» жеке статьясы бойынша дәрілік препараттардың анализін орындандар
Негізділігі. А) 0,02 г препаратты 1 мл күйдіргіш натрий ерітінсімен қайнағанша қыздырады, ерітінді сары түске боялады, бір неше тамшы сұйытылған күкірт қышқыл ерітіндісін қосқанда ерітінді түссізденеді және ақ коллоидты тұнба бөлінеді.
В) 0,5 г препарат 2 г HNO3 және Na2CO3 (5:7) қоспасымен араластырады және қалдық 20 мл суда ерітіледі және фильтрленеді. Фильтратқа 5 мл хлороформ және бір неше мл хлор суы немесе хлорамин Б ерітіндісі, сұйытылған күкірт қышқылы әлсіз қышқылды реакцияға дейін қосылады. Қоспаны жайқағаннан кейін хлороформды қабат қызыл күлгін түске боялады.
Тазалығын тексеру.
Йодиттер. 0,5 г препаратты 20 мл сумен 1-2 мин бойы шайқайды және фильтірлейді. Фильтратты бір неше тамшы сұйытылғын күкірт қышқылы мен қышқылдайды, 5 мл хлороформ, бір неше мл (3-4) хлор суы немесе хлорамин Б ерітіндісі қосылады. Және қоспаны шайқайды. Хлороформды қабат қызыл күлгін түске боялмауы керек.
Майлар. 2 г препарат экстракционды аппаратта толық масызданғынша экстрагерленеді. Эфир айдалады және кальций хлоридінің тұрақты массасын қалғанша вакум эксикаторды қалдықты құрғатады. Құрамында май 2 % көп болмауы тиіс.
Құрғатқан кездегі жоғалтқан массасы 1 г жуық препаратты 100-1050 С тұрақты масса дейін құрғатады жоғалтқан массасы 6 % аспау керек. Ауыр метал және күлі 0,5 г препараттағы күл 5 % дан аспау керек және ауыр металдарымен реакцияға түспеу керек.
Тапсырма 2.
МФ Х басылымындағы жеке статьясы бойынша «Tabulettae Diiodthyrosini 0,05»: дәрілік препаратының сандық талдауын анықтандар?
Сандық талдауы. 1,7 г жуық ұнтақталған таблетканы сыйымдылығы 50 мл колбада 15 мл суда ерітеді, 20 мл 0,1 н күйдіргіш калий ерітіндісін қосады. Қоспаны сақтықпен араластырады және ерітінді көлемін белгіге дейін сумен жеткізеді және фильтрлейді. 25 мл фильтратқа 15мл күйдіргіш калий ерітіндісі, 1 г мырыш шаңы қосылады және 30 мин бойы кері тоңазытқышта абайлап қайнатады суытылад, тоңазытқыш 10 мл суме жуылады, ерітіндіге 15 мл сұйытылған сірке қышқылы қосылады және үлкен емес фильтрмен фильтрленеді. Колбадағы және фильтрдегі қалдық сумен жуылады (15мл ден 3 рет). Фильтратқа 5 тамшы 0,5 % натрий эозинат ерітіндісі қосылады және қалдық сары түстен малина түске өзгергенше 0,1 н күміс нитраты ерітіндісімен титрлейді қалдықпен ерітіндіні жақсы араластыра отырып титрлеу соңында күміс нитраты ерітіндісін тамшылап косады. 1мл 0,1 н күміс нитраты ерітіндісі 0,02345 г 98, 5% кем емес С9H9I2NO3 ∙2H2O, сәйкес келеді.
Тапсырма 3.
Tabulettae Thyreoidini 0,1 aut 0,2 obductae (0,1 г және 0,2 г тиреоидин таблеткасы қабықпен қапталған) 1 таблетканын құрамынды.
Тиреоидин ................... 0,1 г және 0,2 г
Көмекші заттар ... таблетканың 0,11 г немесе 0,22 г массасын алғанша (қабықсыз).
Сипаттамасы. Ақ түспен қапталған таблеткалар. Көлденең кескенде екі қабаты көрінеді.
Негізділігі. «Thyreoidinum» статьясында көрсетілгенде ұнтақталған таблетка негізділік реакциясын береді.
Сандық талдау. 2-3 ұнтақталған таблетканы 700 мл колбаға салып, 20 мл 5 % KMnO4 қосады және 20 мл конц. H2SO4 колба қабырғасының реакционды массасын жуа отырып, абайлап бөліп құяды. 10 мин қалдырады. 10 мл су қосып әр 2-3 секунд 1 тамшыдан NaNO2 ерітіндісін колбадағы ерітінді түссізденгенше және марганец (ІІ) оксиді қоспасы ерігенше қосады сосын 1 г мочевина қосады. Ерітіндіні газ көпіршіктері жоғалғанша араластырады, оны 300 мл сумен сұйылтады, 1 мл калий иодидін қосады. Бөлінген йодты 0,01 н натрий тиосульфатымен титрлейді (индикатор-крахмал).
1 мл 0,01 н натрий тиосульфаты ерітіндісі 0,0002115 г йод сәйкес келеді, ал 1 таблеткада 0,00017-0,00023 г немесе 0,00034-0,00046 г сәйкес болуы керек.
Тақырып № 6 - Фенилалкиламиндердің дәрілік заттарын талдау: адреналин, норадреналин және олардың тұздары, изадрин, эфедрина гидрохлорид, фенотерол, сальбутамол (3 сағат)
Мақсат: МФ талабы бойынша фенилалкиламин дәрілік заттың анализі.
Сабақтың міндеті: Фенилалкиламин тобыен танысу, химиялық қасиеті, фениаминің сапалылығын талдауда МФ жалпы талаптарымен танысу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйрек үсті безінің милы қабатының гармоны және олардың синтетикалық аналогтары.
Ароматты қатардың алкалоидтары
Фенилалкиламин туындыларының дәрілік заттарының талдау әдістері
Тазалығын талдау
Бүйрек үсті безінің алыну тәсілдері
Өсімдік шикі заттарынан алкалоидтардың бөліну әдістері
Оқып үйрету әдістері: Сабақ тақырыбының негізгі сұрақтары бойынша ақпарат.
Әдебиеттер
1.Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. – М.: Медицина, 2001. – 384 с.
2.Лабораторные работы по фармацевтической химии /Под ред. В.Г. Беликова. – М.: Высшая школа, 1989. – 375 с.
3.Государственная фармакопея Республики Казахстан: первое издание. – Астана: Изд. дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.
4.Государственная фармакопея СССР, ХI издание. – М.: Медицина, 1987.
Бақылау сұрақтар, тестер:
Эфедрин гидрохлоридінің химиялы қасиеттері
Эфедрин гидрохлоридін сусыз титрленуін түсіндір
Эфедрин гидрохлориді мыс сульфатының ерітіндісімен әрекеттескенде қандай комплекстер түзіледі
Адреналин, норадреналин және олардың тұздарын анықтауда қандай әдістерді қолданады.
Изадрин, фенотерол, сальбутамолдың сандық талдауында қандай әдістер қолданылады.
Эфедрин гидрохлоридінің фармакологиялық әсері
Фенилалкиламин тобының препаратының сақтауы
Тесттер
Бүйрек үсті безі милы қабатының гармоналдық дәрілік препараттарын көрсетініз
А) эфедрин гидрохлориді
Б) синестрол
В) норадреналин гидротартрат
С) диэтилстильбестрол
Д) кофеин
2. МФ Х адреналин аналогтарына қандай ерітіндімен жалпы түсті реакция ұсынылған
А) натрий хлориді
Б) натрий гидрооксиді
С) диметилформамит.
Д) темір ІІ хлориді
Е) темір ІІІ хлориді
3. Х МФ адреналин немесе норадреналин гидротартраттарының сандық анализіне қандай әдіс ұсынылған
А) аргентометриялық титрлеу
В) сусыз титрлеу
С) сулы ортада нейтралдау
Д) бромометриялық титрлеу
Е) йодометриялық титрлеу
4. 0,1% натрий метагидросульфат стабилизаторы инъекциялық адреналин және норадреналин ерітіндісіне не үшін қосылады
А) тотықсыздану процесін бәсеңдету үшін
В) тотығу процесін бәсеңдету үшін
С) гидролиз процесін тоқтату үшін
Д) органикалық байланысқан карбонил тобын бұзу үшін
Е) изомерлену процесін тоқтату үшін
5. Қай әдісте эфедрин гидрохлоридімен мыс сульфатының ерітіндісінің түсті реакциясы қолданылады
А) фотоколориметриялық
В) бромометриялық
С) аргентометриялық
Д) нейтралдық
Е) комплексонометриялық
6. эфедрин гидрохлоридының химиялық атауын көрсетіңіз
А) 1-1-(3:4 диоксифенил)-2- аминоэтанол гидротартраты
В) 1-1-(3:4 диоксифенил)-2- метиламиноэтанол гидротартраты
С) 1-(М-оксефенил)-2- метиламинэтанол гидротартраты
Д) 1-1-фенил-2- метиламинопропанол-1 гидрохлорид
Е) 1-1-(3:4 диоксифенил)-2- метиламинометанол гидротартраты
ҚОСЫМША
Тапсырма 1.
Solutio Adrenalini hydrotartratis 0.18 % pro injectionibus дәрілік препаратына фармакопялық анализ жүргізу.
Негізділігі.
А) 5 мл препаратты 5 мл суда ерітеді, 1 тамшы темір хлоридінің ерітіндісін қосады, жасыл түс пайда болады. 1 тамшы аммияк ерітіндісін қосқанда шие қызыл түске кейін сарғыш қызыл түске өтеді.
В) 1 мл 0,2 % препарат ерітіндісіне 5 мл pH 3,56 гидротартрат буфер ерітіндісін және 2 мл 0,1 н йод қосады. 5 мин қалдырады. 3 мл 0,1 н натрий тиосульфатының ерітіндісімен араластырады. Осыны 10 мл рН 6,5 буфер ерітіндісімен қайталайды қызыл күлгін түс пайда болғанша.
Тапсырма 2.
Solutio Noradrenalini hydrotartratis 0,2 % pro injectionibus дәрілік препаратына фармакопялық анализ жүргізу.
А) 5 мл препаратты 5 мл суда ерітеді, 1тамшы темір хлоридінің ерітіндісін қосады, жасыл түс пайда болады. 1 тамшы аммияк ерітіндісін қосқанда шие қызыл түске кейін сарғыш қызыл түске өтеді.
В) 1 мл 0,1% препарат ерітіндісін pH 3,56 10мл гидротартрат буфер ерітіндісімен сұйылтады. 1 мл 0,1 н йод ерітіндісін қосады, 5 мин қалдырады. 2 мл 0,1 н натрий тиосульфатының ерітіндісін қосады. Ерітінді түсіз немесе ақшыл қызыл болу керек (адреналиннен айырмашылығы) осыны 10 мл рН 6,5 буфер ерітіндісімен қайталайды. Қызыл күгін түс пайда болады рН 3,0-4,5 (потенциометриялық)
Тапсырма 3.
Tabulettae Ephedrini hydrochloride 0,025 дәрілік препаратының сандық анықтауы.
0,8 г ұнтақталған таблетканы 10 мл мұзды сірке қышқылында ерітеді. Суытып 5 мл алдын ала нейтралданған натрий ацетат ерітіндісін қосады. 0,1 н хлор сутек ерітіндісімен көгілдір түске дейін титрлейді (индикатор-кристалды күлгін)
1 мл 0,1 н хлор сутек ерітіндісі 0,02017 г C10H15NO*NCl сәйкес келеді. 1 таблетканың орташа салмағына 0,0225-0,275 г сәйкес келеді.
Тақырып № 7 - Нитрофенилалкиламиннің дәрілік заттарына талдау: левомицетин және оның эфирлері (3 сағат)
Мақсат: МФ талабы бойынша нитрофенилалкиламин дәрілік заттарының анализі
Сабақтың міндеті: Фенилалкиламин қатарындағы нитрофенилалкиламин тобымен танысу, физико-химиялық қасиеттері, левомицитин және оның эфирлеріне МФ жалпы талаптарымен танысу.
Тақырыптын негізгі сұрақтары:
1. Нитрофениалкиламин қатарының изоменрлері
2. Ароматикалық қатардағы антибиотиктер
3. Нитрофенилалкиламин туындыларының дәрілік заттарының талдау әдістері
4. Тазалығын анықтау
5. Антибиотиктердің синтетикалық алу жолы
6. Дәрілік қалыптар және медицинада қолданылуы
Оқып үйрету әдістері: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ақпарат
Әдебиеттер
1.Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. – М.: Медицина, 2001. – 384 с.
2.Лабораторные работы по фармацевтической химии /Под ред. В.Г. Беликова. – М.: Высшая школа, 1989. – 375 с.
3.Государственная фармакопея Республики Казахстан: первое издание. – Астана: Изд. дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.
4.Государственная фармакопея СССР, ХI издание. – М.: Медицина, 1987
Бақылау сұрақтар, тестер:
Левомицетин және оның эфирлерінің физикалық және химиялық қасиеттері
Левомицетин және левомицетин стеараты негізділігін қандай реакцияларымен дәлелдеуге болады
Нитрофенилалкиламин туындыларының нитритомитриялық титрлеу ерекшеліктері
Адреналин, норадреналин және олардың тұздарын анықтайтын қандай әдістер бар
Изадрин, фенотерол. Сальбутамол препараттарының сандық талдауы
Эфедрин гидрохлоридінің фармакологиялық әсері
Фенилалкиламин тобы препаратының сақталуы
Тесттер:
1.Нитрофенилалкиламин тобының қандай антибиотикалық дәрілік препаратын көрсетіңіз
А) эфедрин гидрохлориді
В) синестрол
С) норадреналин гидрохлорид
Д) диэтилстильбестрол
Е) левомицетин
2. МФ қандай препаратқа натрий гидрооксидімен жалпы реакциясына ұсынады ...
А) синестрол
В) кофеин
С) прозерин
Д) левомицетин сукцинаты
Е) натрия-парааминосалицилаты
4.Левомицетин мен левомицетин стеаратының сандық анықтау әдісі ...
А) аргентометрия
В) нитритометрия
С) сулы ортада нейтралдау
Д) броматометрия
Е) йодометрия
5.Левомицетин стеараты концентрлі тұз қышқылы қатысында гидролизге ұшырайды, себебі ол...
А) карбон қышқылы
Б) ароматикалық қышқыл
С) күрделі эфир
Д) амин қышқылы
Е) бір атомдық спирт
6.Қай әдісте левомицетиннің азобояу реакциясын қолданады?
А) нейтралдау
В) броматометрия
С) аргентометрия
Д) фотоколориметрия
Е) комплексонометрия
7.Левомицетин қай саңырауқұлақтың культуралық сұйықтығында табылған?
А) Penicilium chrisogenum
В) Streptococcus faecalis
С) Staphylacoccus aureus
Д) E. coli
Е) Streptomyces venezuele
Сөйлем.
Тапсырма 1.
Левомицетиннің негіздігін анықтау:
А) 0,1 г препаратқа 5 мл күйдіргі натрды қосып, қыздырамыз. Сары түс пайда болады, кейін қызыл-сары түске өтеді. Осы ерітіндіні қайнатса кірпіш-қызыл тұнба пайда болады және аммиактың иісі сезіледі. Фильтратты азот қышқылымен қышқылдағанда хлоридтерге реакция береді.
Хлоридтер: 2 мл хлорид ерітіндісіне 0,5 мл сұйытылған азот қышқылын және 0,5 мл күміс нитратын қосамыз. Ақ түсті тұнба пайда болады. Ол аммиак ерітіндісінде ериді.
Б) Препараттың ерітіндісі 95 % спиртте поляризация бұрышы оңға, ал этилацетатта солға бұрылады.
Тапсырма 2.
Левомицетин стеаратының тазалығын анықтау.
- жеке стеарин қышқылының қоспасын анықтау: 0,5 г препаратты 50 мл ендік колбаға салып, су моншасында фенолфталейнмен нейтралданған 25 мл 95 % спиртте ерітеміз. Суыған соң 0,1 н күйдіргі натр 0,02845 г стеарин қышқылына сәйкес келеді. Стеарин қышқылы 3,0 %-н аспау керек.
Тапсырма 3.
Левомицетин препаратын сандық анықтау.
0,5 г препаратқа 200-250 мл ендік колбаға салып, 20 мл концентрлі тұз қышқылын және 5 г мырыш ұнтағын аз-аздан қосамыз. Кейін 10 мл концентрлі тұз қышқылын қосамыз. Цинк ұнтағы толық ерігеннен кейін ерітіндіні диазоттау стаканына аударамыз. Мұзбен салқындатып, 3 г кобальт бромидін қосамыз. Кейін 0,1 н натрийнитритімен титрлейміз. Йодкрахмал қағазы көгергеннен кейін титрлеуді тоқтатамыз.
1 мл 0,1 н натрий нитриті 0,03231 г препаратқа сәйкес келеді. Левомицетин препаратта 98,5 %-н кем болмау керек.
Тақырып № 8 - Бензолсульфаниламидтің дәрілік заттарына талдау: стрептоцид, сульфацил-натрия, бисептол, сульфадиметоксин, сульфален, фталазол, салазопиридазин (3 сағат)
Мақсат: Фармакопея талабы бойынша сульфаниламидтік препараттарды талдау.
Сабақтың міндеті: Мемлекеттік Фармакопея талабы бойынша бензолсульфаниламидттердің сапасын бақылау бойынша физико-химиялық қасиеттерін талқылау.
Тақырыптын негізгі сұрақтары:
1. Сульфаниламидтік препараттардың синтезі.
2. Физика-химиялық қасиеттері.
3. Сапалық свнаулар.
4.Тазалыққа берілген сынаулар.
5.Сандық анықтау әдістері.
6.Сақтау және қолдану.
Оқып үйрету әдістері: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ақпарат
Әдебиеттер
1.Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. – М.: Медицина, 2001. – 384 с.
2.Лабораторные работы по фармацевтической химии /Под ред. В.Г. Беликова. – М.: Высшая школа, 1989. – 375 с.
3. Государственная фармакопея Республики Казахстан: первое издание. – Астана: Изд. дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.
4.Государственная фармакопея СССР, ХI издание. – М.: Медицина, 1987.
Бақылау сұрақтар, тестер:
1.Сульфаниламидтік препараттардың синтезінің жауабына конкуренттік антагонизм теориясы неге негізделген?
2.Біріншіден стрептоцид кіммен синтезделген?
3.Қандай химиялық реакциялардың нәтижесінде сульфанил қышқылының амиді синтезделеді?
4.Бисептолды комбинирлеу үшін қандай әдістер қолданылады?
5.Стрептоцид, сульфыцил натрий, сульфадиметоксин, сульфален, фталазол, салазопиридазинге қандай анықтау
әдістерін қолданады?
6.Сульфаниламидтер фармакологиялық әсері бойынша қандай препараттарға бөлінеді?
7.Сульфаниламидтік препараттарға қандай сақтау әдістері жіберіледі?
Тесттер:
1.Сульфаниламидтердің галогендеу реакциясына мына сандық анықтау әдісі қолданылады.
A) аргентометрия
B) нейтралдау
C) броматометрия
D) нитритометрия
E) меркуриметрия
2.Сульфаниламидтік препараттарға күкіртті орнатуға болады ...
A) қышқыл ортада молекуланың органикалық бөлігін цинк шаңымен қалпына келтіру
B) молекуланың органикалық бөлігін азот қышқылымен тотықтыру
C) 30 % натрий гидроксиді ерітіндісін қосып
D) ауыр металлдардың тұздарымен реакцияға түсіріп
E) термиялық ыдыратып
3.МФ Х бөлімі сульфаниламидтік препарттарға мына титрлеу әдісін ұсынған ...
A) аргентометрия
B) нитритометрия
C) сулы ортада нейтралдау
D) броматометрия
E) йодометрия
4. МФ Х бойынша фталазолды неден синтездейді?
A) натрий сульфиті
B) салицил қышқылы
C) фталь қышқылы
D) цистеин
E) мочевина
5.Қай әдісте сульфаниламидтердің күміс тұздарының түзілуін қолданады?
A) нейтралдау
B) броматометрия
C) аргентометрия
D) фотоколориметрия
E) комплексонометрия
6.Шифф негіздерінің түзілу реакциясы...
A) мурексид сынамасы
B) гидраксам сынамасы
C) лигнин сынамасы
D) тиохром сынамасы
E) таллейохин сынамасы
Сөйлем
Тапсырма 1.
Сулфацил-натрийдің негіздігін анықтау.
A) 0,05г препаратты 3 тамшы сұйытылған тұз қышқылымен қышқылдандырылған 2 мл суда ерітіп, 3 тамшы 0,1 н натрий нитритін қосып, араластырамыз, алынған ерітіндіні 3 мл сілтіленген в-нафтол ерітіндісіне қосамыз. Шие-қызыл немесе сары-қызыл тұнба пайда болады.
B) 0,1 г препаратты 3 мл суда ерітіп, 1 мл мыс сульфатын қосамыз, көк-жасыл түсті тұнба пайда болады.
Тапсырма 2.
Фталазолдың тазалығын тексеру.
- бос фталь қышқылының қоспасын анықтау:
1 г препаратқа 50 мл су қосып араластырамыз, су моншасында 700 С температурада 5мин қыздырамыз. Тез суытып, фильтрлейміз. 5 мл фильтратты 3 тамшы фенолфталейнді қосып, 0,35 мл көп емес 0,05 н күйдіргі натрды қосқанда қызғылт түс пайда болу керек.
- норсульфазолдың қоспасын анықтау:
1 г препаратқа 10 мл сұйытылған тұз қышқылын қосып, 15 мин араластырып, фильтрлейміз. Фильтратқа 40 мл су, 0,5г калий бромидін, 2 тамшы тропеолин 00 ерітіндісін және 1 тамшы метилен қосып 0,1 н натрий нитритімен жасыл түс пайда болғанша титрлейміз.
Титрлеуге 0,2 мл 0,1 н натрий нитритінен артық кетпеу керек.
1 мл 0,1 н натрий нитриті 0,02553 г препаратқа сәйкес келеді.
Фталазол 0,5 %-н кем болмау керек.
Тапсырма 3.
Стрептоцид препаратын сандық анықтау:
0,25 г препаратты 10 мл суда және 10 мл сұйытылған тұз қышқылында ерітеміз. Сумен 80 мл дейін толтырамыз. 1 г калий бромидін қосып 0,1 н натрий нитритімен минутына 2 мл жылдамдықпен титрлейміз.
Титрлеуді 18-200 С температурада жүргіземіз, бірақ кейбір жағдайда 0-100 С температураға түсіру керек болады. Ішкі индикатор ретінде тропеолин 00-ң метиленкөгімен қоспасын қолданады.
1 мл 0,1 н натрий нитриті 0,01722 г стрептоцидке сәйкес келеді. Ол препаратта 99,0 %-н кем болмау керек.
Тақырып № 9 - Фуран және 5-нитрофуран туындыларын дәрілік заттарына талдау: фурацилин, фуразолидон, фурадонин, фурагин (3 сағат)
Мақсат: МФ бойынша фуран және 5-нитрофурантуындыларын талдау.
Тақырыптын жалпы сұрақтары:
1.Фуран туындылары дәрілік зат ретінде.
2.5-нитрофуран туындыларын конденсациялау реакфиялары арқылы синтездеу.
3.5- нитрофуран туындыларын жалпы сапалық анықтау реакциялары.
4.Препараттағы қоспаларды анықтау.
5.Әлсіз қышқылдар үшін сусыз ортада қышқыл-сілтілі титрлеу.
6.Медициналық практикада қолдану.
Оқып үйрету әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша мағлұмат
Бақылау сұрақтар, тестер:
1.Фуран тобындағы қайсы препараттар Х МФ енген?
2.Әлсіз қышқылдар үшін сусыз ортада титрлеудің ерекшеліктері?
3.Фуран туындыларын анықтау реакцияларының қандай ерешеліктері бар?
4.Фурациллин үшін қандай сандық анықтау реакциялары Х МФ енген?
5.Фуразолидон, фурадонин, фурагинге қандай сандық анықтау әдісін ұсынуға болады?
6.5-нитрофуран туындыларына қандай дәрілік препараттар жатады?
7.Х МФ бойынша йодометриялық титрлеуде фурацилиннің эквиваленттік молярлық массасын есептеңдер.
Тесттер:
1.5-нитрофуран препаратарын синтездеу келесі заттардың конденсациясына негізделген ...
A) альдегид тобы
B) амино топ
C) фенолдық гидроксил
D) нитротоп
E) карбонил тобы
2. МФ Х 5-нитрофуранға мына ерітінділермен жалпы түстік реакцияларын ұсынған...
A) натрий хлорид
B) үш валентті темір хлориді
C) кальций хлориді
D) екі валентті темір хлориді
E) натрий гидроксиді
3. МФ Х бойынша фурацилиннің сандық анықталуы ...
A) аргентометрия
B) сусыз ортада титрлеу
C) сулы ортада нейтралдау
D) йодометрия
E) броматометрия
4.5-нитрофуран синтезделеді ...
A) бензолдан
B) фурфуролдан
C) фталь қышқылынан
D) 3-оксихинуклидиннен
E) дифенилсірке қышқылынан
5. Семикарбазид қоспасы мына препаратта анықталады ...
A) фурагин
B) фуразолидон
C) фторотан
D) фурацилин
E) фурадонин
6.5-нитрофуран туындылары гидролитикалық байланысын іске асырады ...
A) аммоний тұзы ерітіндісінде
B) күйдіргіш сілті ерітіндісінде
C) қышқылдарда
D) сұйытылған қышқыл ерітіндісінде
E) натрий хлориді ерітіндісінде
Сөйлем:
Тапсырма 1.
Фурадониннің негіздігін анықтау:
A) 0,01 г препаратты 5 мл сумен 5 мл 30 % күйдіргі натр ерітіндісінің қоспасында ерітеміз. Қою-қызыл түс пайда болады.
Б) 0,01 г препаратты 3 мл диметилформамидте ерітеміз. Сары түс пайда болады. Оған 50 % спиртте еріген 2 тамшы 1 н күйдіргіш калийді қоссақ қоңыр-сары түске өтеді.
Тапсырма 2.
Фуразолидонның тазалығын тексеру:
0,2 г препаратты 500 мл өлшеуіш колбасына салып, 4 г натрий хлоридін, 300 мл суды қосып, су мопшасында 70-800 С температурада ерітеміз. Суыған соң сумен белгіге дейін толтырамыз. 5 мл 0,01 н йод ерітіндісіне 0,1 н күйдіргіш натр және 5 мл зерттелетін ерітіндіні қосамыз. 1-2 минуттан кейін ерітіндіге сұйытылған күкірт қышқылын қосып, бөлінген йодты 0,01 н натрий тиосульфатымен титрлейміз. Индикатор-крахмал.
Паралель жардайда бақылау тәжірибесін жүргіземіз.
1 мл 0,01 н йод ерітіндісі 0,000495 г фурацилинге сәйкес келеді. Ол препаратта 97,5 % кем болмау керек.
Тақырып № 10 - Кумарин туындыларынның дәрілік заттарына талдау: неодикумарин, фепромарон, нитрофарин (3 сағат)
Мақсаты: МФ талабы бойынша кумариндерді талдау.
Оқу есептері: Кумариндер тобымен танысу, химиялық формуласын үйрену, сапасын бақылау бойынша МФ талаптарымен танысу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.4-оксикумарин туындыларының жалпы мінездемесі.
2.4-оксикумарин туындыларының идентификациясы.
3.Неодикумариннің лактон сақинасының ыдырауына қандай реакция негізделген?
4. МФ Х неодикумаринге қандай сандық анықтауды ұсынады?
5.Неодикумаринге, фепромаронға, нитрофаринге қандай сапалық анықтау әдісін қолдануға болады?
6.4-оксикумарин туындыларын қайтіп қолданады?
7.4-оксикумарин тобының дәрілік препараттарын қайтіп сақтайды?
Бақылау сұрақтар, тестер:
Тесттер:
1.Неодикумариннің қасиеттерін көрсет ...
A) сұр тұтқыр масса
B) ақ түсті шыны тәрізді дене
C) ақ түсті крем дақты криссталды ұнтақ
D) түссіз газ
E) сироп тәрізді маса
2. МФ Х бойынша неодикумарин мына ерітіндімен түсті реакция береді ...
A) натрий хлориді
B) натрий гидроксиді
C) диметилформамид
D) темір екі хлориді
E) темір үш хлориді
3. МФ Х бойнша неодикумариннің сандық анықталуына мына әдісті ұсынады ...
A) аргентометрия
B) сусыз титрлеу
C) ацетонды ортада нейтралдау
D) броматометрия
E) йодометрия
4.Неодикумарин балқыған кезде калий гидроксидін не үшін қосады?
A) бензол сақинасын бұзу үшін
B) лактон сақинасын бұзу үшін
C) гидроксил тобын нейтралдау үшін
D) күрделі эфир тобын бұзу үшін
E) нейтралдау процессінің алдын-алу үшін
5.Неодикумарин қолданылады...
A) витаминдік препарат ретінде
B) тікелей емес антикоагулянт ретінде
C) коранарокеңейткіш ретінде
D) тікелей антикоагулянт ретінде
E) тамыртарылтқыш ретінде
6.Неодикумарин мына топтың антивитамині...
A) А
B) В
C) С
D) К
E) Е
Сөйлем:
Тапсырма 1.
Неодикумариннің негіздігін анықтау:
А) 0,05 г препаратты 3 мл спиртте қыздырып ерітеміз. 2-3 тамшы темір үш хлориді ерітіндісін қоссақ қызыл-қоңыр түс пайда болады.
Б) 0,1 г препаратты птобиркаға салып, 2-3 мл концентрлі күкірт қышқылын қосып, әлсіз қыздыра отырып, қатты үйкейміз. Бірінші сары, кейін қызыл-сары түс пайда болады.
Алынған ерітіндіге 10 мл су қоссақ ақ тұнба түседі. Пробиркадағы заттарды екіге бөледі. Біріншісіне 8 мл күйдіргіш натрды қоссақ сабан-сары пайда болады. Екіншісіне 5 мл аммиак ерітіндісін қоссақ түссіз ерітінді пайда болады.
Тапсырма 2.
Неодикумарин таблеткасының 0,05 г және 0,1 г препаратына фармакопеялық талдау жүргізу.
Бір таблетканың құрамы:
Неодикумарин - 0,05 г немесе 0,1 г
Көмекші заттар - 0,2 г немесе 0,25 г таблетка алу үшін.
Сипаттамасы: ақ түсті крем дақты таблетка.
Негіздігі:
А) 0,05г препаратты 5 мл спиртте қыздырып ерітеміз, 2-3 тамшы темір үшхлориді ерітіндісін қоссақ қызыл-қоңыр түс пайда болады.
Б) 0,1 г препаратты пробиркаға салып, 2-3 мл концентрлі күкірт қышқылын қосып, қатты үйкей отырып қыдырамыз. Бірінші сары кейін қызыл-сары түс пайда болады.
Алынған ерітіндіге 10 мл су қоссақ ақ тұнба түседі. Пробиркадағын екі бөлікке бөлеміз. Біріншісіне күйдіргіш натр ерітіндісін қоссақ сабан-сары түс пайда болады. Екіншісіне 5 мл аммиак ерітіндісін қоссақ түссіз ерітінді пайда болады.
Сандық анықтау:
Ұнтақталған таблетканың 0,4 г 150 мл ендік колбаға саламыз. Фенолфталейнмен нейтралданған 10 мл 95 % спирт құямыз. Оны 15 минут су моншасында кері мұдатқышпен қайнатамыз. Колбаның шетінде жабысып тұрған заттарды ерітіндіге түсіреміз. Қыздыру біткен соң мұздатқыштың түбін 4-5 мл спиртпен сол колбаға шаямыз. Колбадағы заттарды 0,05 н күйдіргіш натр ерітіндісімен көк түс жасылға өткенше титрлейміз. Индикатор-аралас.
1 мл 0,05 н күйдіргіш натр 0,02042 г неодикумаринге сәйкес келеді. Неодикумарин 1таблеткіде 0,045-0,055 г немесе 0,09-0,11 г болу керек.
Тапсырма 3.
Неодикумаринді сандық анықтау:
0,4 г препаратты 30 мл ацетонда ерітіп, 20 мл су қосамыз. 5 мл аралас индикатор қосып 0,1 н күйдіргіш натр ерітіндісімен титрлейміз.
Паралель жағдайда бақылау тәжірибесін жүргіземіз.
1 мл 0,1 н күйдіргіш натр ерітіндісі 0,04084 г неодикумаринге сәйкес келеді. Ол препаратта 98,5 % кем болмау керек.
Тақырып № 11 - Хроман қосылыстарынның дәрілік заттарына талдау: Е витамин топтары
Мақсат: Хроман қосылыстары туындыларын талдау әдісін түсіну.
Оқу есептері: Препараттарды сапалық анықтау үшін тотығу-тотықсыздану реакцияларын қолдану, препараттарды сандық анықтау үшін фотоклориметрия әдісін қолдану.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Е тобы витаминдерінің табиғи көзі.
2.Е тобы витаминдерін фармакопеялық талдау.
3.Цериметрия әдісі.
4.Медициналық практикада қолдану және сақталуы.
Оқу және оқыту әдістері: Теориялық сұрақтарды сараптау және титрлеудің есебін жүргізу.
Бақылау сұрақтар, тестер:
1.Е витаминінің қандай алыну көзі бар?
2.Токоферрол ацетатына қандай тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісін қолданады?
3.Е витаминінің сандық анықталуы неге негізделген?
4.токоферол ацетатына әртүрлі тотықтырғыш реагенттерімен әсер еткенде қандай заттар түзіледі?
5.Абсолютті спрттегі 0,01 % токоферол ацетатының жұтылу көрсеткішін қайтіп анықтаймыз?
6.Е витаминдік активтілігі бар заттардан қандай токоферолдар ерекшеленеді?
Тестер:
1.Токоферол ацетатының сандық анықталуын мына әдіспен жүргіземіз...
A) комплексонометрия
B) нитритометрия
C) потенциометрия
D) цериметрия
E) нейтралды ығыстыру
2.Токоферол ацетатының цериметриялық титрлеуде грамм эквиваленті тең ...
A) М.м/2
B) М.м
C) 2М.м
D) М.м/4
E) М.м/6
3.Токоферол молекуласындағы метил топтарына байланысты жіктелуі ...
A) 12 токоферол
B) 2 токоферол
C) 5 токоферол
D) 7 токоферол
E) 6 токоферол
4.Токоферол ацетатының негіздігін анықтайтын реакцияларын көрсет ...
A) концентрлі азот қышқылымен титрлеу
B) калий гидроксидпен
C) диазоний тұзымен
D) диметилформамидпен
E) тұз қышқылындағы ванилин ерітіндісімен.
Сөйлем:
Тапсырма 1.
Токоферол ацетатын бағалау:
Сипаттамасы: Ашық-сары, мөлдір, әлсіз иісті, тұтқыр май тәрізді сұйықтық. Жарықта тотығып қараяды.
Ерігіштігі: суда іс жүзінде ерімейді, 95 % спиртте ериді, спиртте, ацетонда, өсімдік майларында оңай ериді.
Негіздігі: 0,02 г препаратты 10 мл абсалютті спиртте ерітеміз, 2 мл буланған азот қышқылын қосып, 15 минут су моншасында 800 С температурада қыздырамыз, қызыл-сары түс пайда болады.
Тапсырма 2.
Токоферол ацетатының тазалығын тексеру:
Сыну көрсеткіші 1,4960-1,4985. Жұту көрсеткіші Е1см1%=42-47 285 нм толқын ұзындығында.
Тапсырма 3.
Токоферол ацетатын сандық анықтау:
0,12 г препаратты 10 мл абсолютті спиртте ерітіп, абсолютті спирттегі 10мл күкірт қышқылын қосып, су моншасында кері мұздатқышпен 2 сағат қайнатамыз. Суыған соң қоспаны 50 мл өлшеуіш колбасына құйып, абсолютті спиртпен белгіге дейін жеткіземіз. Ерітіндінің 20 мл-не 20 мл абсолютті спирт, 10 мл су, 2 тамшы дифениламин қосып, 0,01 н церий сульфатымен 10 секундта 25 тамшы жылдамдықпен күн сәулесінен тыс жерде, 10секунд тұрақты болатын көк-күлгін түс пайда болранша титрлейміз.
Паралель жағдайда бақылау тәжірибесін жүргіземіз.
1 мл 0,01 н церий сульфаты 0,002364 г токоферолға сәйкес келеді. Ол препаратта 95,0 %-н кем болмау керек.
Ескерту: Күкірт қышқылының абсолютті спирттегі ерітіндісін дайындау. 75 мл абсолютті спиртке 20 концентрлі күкірт қышқылын қосамыз.
Тақырып № 12 - Фенилхроман қосылыстарынның дәрілік заттарына талдау: рутин, кверцетин, дигидрокверцетин (3 сағат)
Мақсаты: МФ талабына сай фенилхроман туындыларын талдау.
Оқу есептері: Фенилхроман туындылары туралы жалпы түсінік, МФ талабының әдістерімен танысу, дәрілік препараттарды талдау кезінде талаптарды орындау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Флаваноидтар
2.Р-витаминдік активтілігі бар флаван туындыларының жіктелуі.
3.Фенилхроман туындыларының сапалық талдауына қойылатын талаптар.
4.«Рутин» препаратындағы рұқсат етілетін және рұқсат етілмейтін қоспаларды анықтау.
5. Фенилхроман туындыларының алыну көзі.
6.УК-облысындағы спектрофотометрия.
Оқу және оқыту әдістері: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық блок.
Бақылау сұрақтар, тестер:
1. Р-тобы витаминдері табиғатта қалай таралған.
2. Флаван туындыларының жіктелуі.
3. Р-гипо және авитаминозының профилактикасы мен емі қалай жүргізіледі.
4. «Рутин» препаратындағы қоспаларға қандай фармакопеялық талаптар бар
5. Кверцетиннцң талдауына қандай талаптар қойылады?
6. Рутинді сандық анықтау үшін УК-облысында спектрофотометрия әдісін қайтіп жүргізеді.
7. Халкон түзілуінің химиялық реакциясын көрсет.
Тестер:
1. МФ Х енген кверцетиннің 3-рамногликозиді...
A) камфора
B) ибупрофен
C) оксафенамид
D) рутин
E) триметоприм
2.Рутиннің негіздігін анықтау үшін МФ Х мына ерітіндімен түсті реакцмяны ұсынған...
A) аммоний сульфаты
B) натрий гидроксиді
C) натрий гидрокарбонаты
D) натрий хлориді
E) нингидрин
3.Кверцетин ненің агликоны?
A) глюкоза
B) аминалон
C) пирацетам
D) рутин
E) рибофлавин
4.Рутиннің алыну көзі...
A) таскөмір смола
B) шпинаттың жасыл жапырағы
C) гречиханың жасыл массасы
D) кокаиннің жапырағы
E) скополия тамыры
5. МФ Х рутиндегі кверцетиннің қоспасын анықтайды...
A) сусыз ортада нейтралдау
B) хлорамин-Б мен реакция
C) зертелетін зат пен қоспаның стандартты ерітіндісінің қағаз хроматограммасын салыстыру
D) әртүрлі толқын ұзындығында оптикалық тығыздығын салыстыру
E) күміс нитратының аммиакты ерітіндісімен реакция
6.Рутиннің сандық анықталуының фармакопеялық әдісін көрсет...
A) фотоколориметрия
B) УК-облысындағы спектрофотометрия
C) нитритометрия
D) комплексонометрия
E) меркуриметрия
Сөйлем:
Тапсырма 1.
Рутиннің негіздігін анықтау:
А) 1 г препаратты 100 мл 0,5 % тұз қышқылы ерітіндісінде қайнатып, фильтрлейміз. 5 мл фильтратқа 0,3 мл күйдіргіш натр және 3 мл Феллинг реактивін қосамыз. Қайнаған кезде қызыл түс пайда болады.
Б) 5 мл препаратқа 5 мл 1 н күйдіргіш натрда ерітеміз. Қызыл-сары түс пайда болады.
В) 0,02 г препаратты 5 мл 95 % ыстық спиртте ерітеміз, бірнеше тамшы концентрлі азот қышқылын және 0,05 г магний ұнтағын қоссақ, біртіндеп қызыл түс пайда болады.
Тапсырма 2.
Рутиннің тазалығын тексеру:
- спиртте ерімейтін қоспаны анықтау:
0,1 г препаратты 6 мл 95% спиртпен су моншасында кері мұздатқышпен 5-6 минут қайнатады. Ерітінді мөлдір болу керек.
- эфирде еритін хлорофилді және пигменттерді анықтау:
0,1 г препаратты 5 мл эфирмен аралстырамыз. Эфир түссіз болу керек.
- алкалойдтарды анықтау:
2-3 мл препараттың спиртті ерітіндісіне 2-3 мл пикрин қышқылын қоссақ , тұнба түзілмеу керек.
- кептіргенде салмағын жоғалту:
0,5 г препаратты 1350 С температурада тұрақты массаға жеткенше кептіреді. Массаның жоғалуы 6 %-н кем және 9 %-н жоғары болмау керек.
Тапсырма 3.
Рутиннің құрамын анықтау:
Реактивтер:
1. 0,5 % стрептоцидтің 10 % күкірт қышқылындағы ерітіндісі
2.0,2 % күйдіргіш натр ерітіндісі
Стандартты ерітінді: 1 мл стандартты ерітіндіде 95 % сирттегі 0,02 г рутин бар.
Әдістеме: 25 мл өлшеуіш колбасына 10 % күкірт қышқылын 1 мл стрептоцид ерітіндісін және 2 мл натрий нитритін құйып, 2минут араластырамыз. Кейін рутиннің 1 мл зерттелетін ерітіндісін және 1 г күйдіргіш натр ерітіндісін құямыз. Қоспаны 1 минут араластырып, сумен белгіге дейін жеткіземіз. ФЭК-мен көк светофильтрде 10 мм кюветада оптикалық тығыздығын анықтаймыз. Салыстырушы ерітінді ретінде 1мл стрептоцид ерітіндісі, 2 мл натрий нитриті, 1мл спирт және 2,1 мл су қолданылады.
Калибрлік графикті тұрғызу: 25 мл 5 өлшеуіш колбасына 1 мл-н стрептоцид, 2 мл натрий нитритін құйып шығамыз. Қоспаны араластырып, 2 минуттан кейін сәйкесінше 0,1, 0,3, 0,5, 0,8, 0,9 мл-н рутиннің стандартты ерітіндісін құйып шығамыз.
Тақырып № 13 - Пиррол туындыларынның дәрілік заттарына талдау: цианокобаламин – витамин В12, гидроксикобаламин, кобамид (3 сағат)
Мақсаты: МФ талабына сай пиррол туындыларын талдау.
Оқу есептері: Пиррол туындыларының микроциклдық тобымен танысу, физика-химиялық қасиеттерін үйрену, цианокобаламинді талдаудың фармакопеялық талаптары.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Корриндік витаминдер
2.Цианокобаламипді өндірісте алу.
3.Цианокобаламин молекуласында кординациялық комплекстің кездесуі.
4.Пиррол туындыларын сапалық талдауына фармакопеяның талабы.
5.В12 витаминін өндірісте алу.
6.Пиррол туындыларын медициналық практикада қолдану.
Оқу және оқыту әдістері: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ақпарат.
Бақылау сұрақтар, тестер:
1.Актиномицет Streptomyces griseus-тен В12 витаминін өндірісту алу.
2.Цианокобаламиннің нуклеотидтік фрагментін көрсет.
3.Цианокобаламиннің сапалық және сандық талдауына Х МФ талабы.
4. Гидрирленген пиррол циклндегі цианокобаламиннің құрылысын көрсет.
5.Пиррол туындыларына қандай сандық анықтау әдісін қолдануға болады.
6.Пиррол туындыларының сақталуына қойылатын талаптар.
7.Цианокобаламиннің кординациялық комплексіне не кіреді?
Тесттер:
1.Цианокобаламиннің координациялық комплексіне мына атом кіреді...
A) темір
B) мырыш
C) кобальт
D) мыс
E) сынап
2.Цианокобаламин молекуласының нуклеотидтік фрагментінде кездесетін элементтің құрылысы...
A) Д-1-аминопропанол-2
B) 1-пропиламин-3
C) хлорпропил-бис-амина гидрохлориді;
D) метоксихинолилі;
E) циклогексені.
3. Қай заттың әсерінен цианокобаламиндегі кобальттың ішкікомплекстті қосылысы пайда болады?
A) нафтолдың;
B) диметилформамидтің;
C) гидроксиламиннің;
D) нитрозды-R-тұздары;
E) β-аланиннің.
4. Цианокобаламиндегі оң зарядты ионы, қандай заттың теріс зарядты ионымен нейтралданады?
A) аминокапронды қышқылына;
B) сутек хлоридінің қышқылына;
C) күкірт қышқылына;
D) азот қышқылына;
Е) фосфор қышқылына.
5.Цианокобаламиннің қай сандық анықтау әдісі электромагнитті сәуленің жұтылуына негізделген?
A) нейтрализация;
B) УК-спектрофотометрия;
C) аргентометрия;
D) потенциометриялық титрлеуінде;
E) комплексонометрия.
6. Цианокобаламинді жанама тағам ретінде қай заттың өндірісінде алады?
A) терпингидраттың;
B) стрептомициннің;
C) аминалонның;
D) пирацетамның;
E) табиғи пенициллиннің.
ҚОСЫМША
Тапсырма 1.
Цианокобалминнің негізділігіне тәжірибе жасау:
А) 0,00 2% препарат ерітіндісінің максимум жұтылуы 278+1 нм, 361+1 нм и 548+2 нм.
Б) 1 мг препараты, 0,005 г бисульфат калиймен фарфорды тигельде балқытады, суытады, 3 мл су қосып, балқыма ерігенше қыздырады. Содан кейін фенолфталейн бойынша күйдіргі натр ерітіндісімен нейтралдайды, 0.5 г натрий ацетатын қосады, 0,5 мл сұйылтылған сірке қышқылын және 0,5мл 0.5% нитрозды-Р-тұзының ерітіндісін қосады. Қызыл түс пайда болу керек, оған 0,5мл. тұз қышқылын қосып, 1 минутта қыздырады. Түс жойылып кетпеу керек.
Тапсырма 2.
Cyanocobalaminum дәрілік препаратына тазалығына тәжірибе жасау:
- псевдоцианокобаламиннің қоспаларын анықтау.
1 мг препаратты суда ерітеді, оны бөлгіш воронкаға енгізеді, оған енді дайындалған крезол мен төрт хлорлы сутекті бірдей мөлшердегі 5 мл қоспасын құйып, 1 мин бойы жақсылап шайқаймыз. Оны қабаттар толық бөлінгенше қалдырып қоямыз. Астынғы қабатты басқа бөлгіш варонкаға аударамыз, оған 5 мл сұйылтылған күкірт қышқылын қосамыз, қатты шайқап, оны қабаттарға бөлінгенше қалдырады. Жұмысты тездету үшін толық бөлінуді центрифугирлеу арқылы алуға болады. Жоғарғы қабат түссіз немесе оның түсі 0,15 мл. 0.1 н калий перманганатынан 250 мл-ге дейін сумен толтырылған эталонынан аспау керек.
Тапсырма 3.
Cyanocobalaminum дәрілік препоратының сандық анықталуын анықтаңыз:
1000 мл ерітіндіні алғанша, 0.03 г препаратты (дәл өлшемі) жеткілікті суда ерітеді. 1 см қабатының қалындығымен кюветадағы осы ерітіндінің жұтылуын анықтайды. 1 см қабатының максимумы 361нм - дегі кюветадағы осы ерітіндінің жұтылуын анықтайды, және 20,7 (Е 1см 1% = 207) жұтылу биіктігін пайдалана отырып С63Н88Cо2N14О14Р құрамын анықтайды.
Кептірген кезде цианокобаламин 96,0 аз емес 102,0 % көп емес С63Н88Cо2N14О14Р болу керек.
Тақырып № 14 - Пиразол туындыларынның дәрілік заттарына талдау: антипирин, анальгин, бутадион (3 сағат)
Мақсаты: Пиразол туындыларының дәрілік заттарына фармакопеялық анализі
Оқыту тапсырмалары: Пиразол туындыларының дәрілік заттарының фармакопеялық талаптарымен танысу, пиразол туындыларын синтетикалық әдіспен алуды үйрету, Мемлекеттік фармакопея бойынша дәрілік заттарының сапасын анықтаудағы қойылатын талаптар.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Пиразол топтары.
Антипириннің техникалық процессінің өндірісінде, химиялық өзгерістерінің түрлері.
Пиразол туындыларының қышқылдық-негіздік қасиеттері.
Пиразол туындыларының дәрілік заттарының сапалық бағасына қойылатын фармакопеялық жалпы талаптар.
Антипириннің өнеркәсіптегі өндіріс тәсілі.
Медицина практикасындағы пиразол туындыларының қолданылуы.
Үйрету және оқыту әдістері: Сабақ тақырыбының жалпы сұрақтары бойыншамәліметтер
Әдебиеттер
1.Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. – М.: Медицина, 2001. – 384 с.
2.Лабораторные работы по фармацевтической химии /Под ред. В.Г. Беликова. – М.: Высшая школа, 1989. – 375 с.
3. Государственная фармакопея Республики Казахстан: первое издание. – Астана: Изд. дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.
4.Государственная фармакопея СССР, ХI издание. – М.: Медицина, 1987.
Бақылау сұрақтар, тестер:
1.Қандай дәрілік препараттар пиразол тобына кіреді?
Антипириннің техникалық процессінің өндірісінде, химиялық өзгерістерінің түрлерін көрсетіңіз.
Пиразол туындыларының қышқылдық-негіздік қасиеттері сипаттаңыз.
Пиразол туындыларының дәрілік заттарының сапалық бағасына қойылатын фармакопеялық жалпы талаптарды айтыңыз?
Антипириннің өнеркәсіптегі өндіріс тәсіл беріңіз.
Медицина практикасындағы пиразол туындыларының қолданылуы бойынша осы қатар заттарға жиктеуді айтып кетіңіз.
Тесттер:
1.Антипириннің химиялық аталуы …
A) натрий 5,5-диэтилбарбитураты;
B) 1-фенил-2,3-диметилпиразолон-5;
C) 2-бензилбензимидазол гидрохлориді;
E) кальций5-бензоиламиносалицил.
М.Ф. Х басылымы антипириндегі қоспалардың анықталуын ұсынады …
A) апоатропиннің;
B) гидразобензолдың;
C) м-аминофенолдың;
D) тиотиаминнің;
E) натрий бензолсульфонаттың.
Амидопиринді тазартуына әсер ететін қоспаларды көрсетіңіз …
A) су;
B) барий;
C) хлоридтер;
D) метил спирті;
E) сульфатная зола.
Бутадион дәрілік препаратының тазалығын тексеруде М.Ф.Х басылымы қандай қоспаларды анықтауды ұсынады…
A) бос сілтілер;
B) параформ;
C) мертиолат;
D) формалиннің қалдығын;
Е) гидразобензол.
Препараттағы амидопириннің сандық мөлшерін М.Ф.Х. қандай әдіспен анықтауды үсынады?
A) сулы ортадағы қышқылды негізді титрлеуді;
B) сулы емес ортадағы қышқылды негізді титрлеуді;
C) араласқан еріткіштердегі қышқылды негізді титрлеуді;
D) комплексометриялық титрлеу әдісімен;
E) аргентометриялық титрлеу әдісімен.
6. Пиразол тобының дәрілік заттарын өндірісте негізінен қай затпен алады?
A) хлоргидрат хлорэтиламина;
B) 1-фенил-3-метил-5-пиразолон;
C) 5-нитрофурфурол;
D) метилпирролидон;
E) изоникотин қышқылының гидразиді.
ҚОСЫМША
Тапсырма 1.
Антипирин негізділігіне тәжірибе жасау:
А) (1:100) қатынаста дайындалған 2 мл препарат ерітіндісіне темір тотығы хлорид ерітінідісінің 1 тамшысын қосқанда, интенсивті қызыл түс пайда болады.
Б) Сол қатынасты дайындалған ерітіндіге нитрит натрий ерітіндісінің 1 тамшысын және сүйытылған күкірт қышқылының 10 тамшысын қосу кезінде изумруд-жасыл түс пайда болады.
Тапсырма 2.
Antipyrinum дәрілік препаратына тазалығына тәжірибе жасау:
- хлорид қоспаларын анықтау.
1:10 қатыныста дайындалған препараттың 10 мл ерітіндісі хлоридтерге берілген сынауды өту керек (препаратта 0,002 % -тен аспау керек).
органикалық қоспаларды анықтау.
0,1 г препаратты 2 мл концентрлі күкірт қышқылында ерітеді. Дайындалған ерітіндінің түсі № 5 а эталон түсінен аспау керек.
бензолсульфонат натрийді анықтау.
10 мл дихлорэтандағы 1 г препараттың ерітіндісі түссіз және мөлдір болу керек.
Тапсырма 3.
Antipyrinum дәрілік препаратының сандық анықталуын анықтаңыз:
250 мл тығындалған пробкасы бар колбада 0,25 г препаратты (дәл өлшемі) 25 мл суда ерітіп, 2 г натрий ацетатты, 0,1 н йод ерітіндісінің 50 мл және 0,2 мл сүйытылған сірке қышқылын қосып ерітіндіні дайындайды. Ерітіндіні қатты араластырады және оған 5 минуттан кейін 15 хлороформды қосады. Дайындалған ерітіндіні тұмба ерігенші араластырады және йодтың артық мөлшерін натрий тиосульфатттың 0,1 н ерітіндісімен титрлейді (индикатор - крахмал).
Параллель түрде бақылау тәжірибе жүргізіледі.
1 мл 0,1 н йод ерітіндісі 0,009411 г антипиринге сәйкес келеді. Ол препаратта 99,2 % кем болмау керек.
.
Тақырып № 15 - Имидазол туындыларының дәрілік заттарына талдау: пилокарпина гидрохлорид, дибазол, клофелин, метронидазол (3 сағат)
Мақсаты: Имидазол туындыларының дәрілік заттарына талдау әдістерін терен білу.
Оқыту тапсырмалары: Дәрілік препараттарының сапасын бағалауда химиялық әдістерді қолдану, НТҚ талаптарына сайкес дәрілік препараттардың сапасын анықтау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Имидазол туындыларының алкалоидтарына табиғи алу жолдары.
2.Имидазол тобының дәрілік препараттарына фармакопеялық талдау.
3. Ығыстыру нейтралдау әдістері.
4.Медицина практикасында қолданылуы және сақтау жолдары.
Үйрету және оқыту әдістері: Сабақ тақырыбының жалпы сұрақтары бойыншамәліметтер
Әдебиеттер
1.Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. – М.: Медицина, 2001. – 384 с.
2.Лабораторные работы по фармацевтической химии /Под ред. В.Г. Беликова. – М.: Высшая школа, 1989. – 375 с.
3. Қазақстан республикасының Мемлекеттік фармакопеясы: бірінші басылымы. – Астана: Бас. үйі «Жибек жолы», 2008. – 592 б.
4. СССР Мемлекеттік фармакопеясы, ХI басылымы. – М.: Медицина, 1987.
Бақылау сұрақтар, тестер:
1.Имидазол туындыларының алкалоидтарына табиғи алу жолдарын айтып кетіңіз?
2.Имидазол тобының дәрілік препараттарына фармакопеялық талдау тұралы нені айтады?
3. Имидазол тобының қатарында ығыстыру нейтралдау әдістері тұралы нені айтуға болады?
4. Имидазол тобының қатарындағы дәрілік препараттарына қандай сақтау жолдарын айтуға болады?
Тесттер
1.Пилокарпин гидрохлоридіне сандық анықтауды келесі әдіспен жүргізеді …
A) комплексонометриялық титрлеу арқылы;
B) нитритометрия титрлеу арқылы;
C) потенциометриялық титрлеу арқылы;
D) цериметрия арқылы;
Е) ығыстыру нейтралдау арқылы.
2.Аргентометриялық титрлеуде дибазолдың грамм-эквиваленті нешеге тең?
A) М.м./2;
B) М.м.;
C) 2 М.м.;
D) М.м./4;
E) М.м./6.
3.Химиялық аталу бойынша метронидазол …
A) 2-этил-5-нитрохинолинил-1,4-пентандиамина фосфат;
B) 7,8-диметил-10-изоаллоксазин;
C) преги-4-ен-3,20-дион;
D) пиперазин-2-окси-1,23-пропантрикарбоксилат (3:2);
E) 2-метил-5-нитроимидазол-1-этанол.
4.Метронидазол препаратына негізділігін дәлелдейтің реакцияны көрсетіңіз …
A) Фелинг реактивімен;
B) сульфамин қышқылымен және натрий нитритымен;
C) дигидрофосфат калиймен;
D) диметилформамидпен;
Е) тұз қышқылында ванилин ерітіндісімен.
ҚОСЫМША
Тапсырма 1.
Метронидазол негізділігіне тәжірибе жасау:
Негізділігі. 10 мг препаратқа ұнтақ түрде мырыштың 10 мг-ң, судың 1 мл, (250 г/л) түз қышқылының 0,25 мл қосады және су моншасында 5 минуттың арасынды қыздырады; мұзда суытады, (100 г/л) натрий нитрит ерітіндісінің 0,5 мл қосады және натрий нитриттің артық мөлшерін (50 г/л) сульфамин қышқылының ерітіндісімен жойылтады. 0,5 мл дайындалған ерітіндісін 0,5 мл 2-нафтолдан және 2 мл (80 г/л) натрий гидроксид ерітіндісінен тұратын қоспаға қосады; қызғылт-қызыл түс пайда болады.
Тапсырма 2. Метронидазол дәрілік препаратына тазалығына тәжірибе жасау:
- кептіру кезінде массасын жоғалту.
1050 С температурада тұрақты массаға дейін кептіреді; жоғалту шамасы 5,0 мг/г келу керек.
Тапсырма 3. Метронидазол дәрілік препаратының сандық анықталуын анықтаңыз:
0,35 г препаратты (дәл өлшемі) 30 мл мұзды сірке қышқылында ерітеді, индикатор түрде 1-нафтолбензеин ерітіндісінің 3 тамшысын қосып (0,1 моль/л) хлорлы қышқылмен титрлейді.
1 мл 0,1 моль/л хлорлы қышқылдың ерітіндісі 17,2 мг С6Н9N3О3 сәйкес келеді.
Тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар
