- •II.Тарау
- •III.Тарау
- •I.Тарау «Аударма» - аударматанудың өзегі «Аударма» түсінігі
- •Аударма техникасы
- •Аударма түрлері
- •II.Тарау Аудармадағы балама туралы түсінік
- •Семантикалық балама
- •Аударма прагматикасы
- •3.1 Аудармада кездесетін сәйкестіліктер туралы түсінік
- •III.Тарау
- •3.2 Баламасыз тілдік бірліктер
- •3.3 Баламасыз тілдік бірліктерді аудару жолдары
Аударма техникасы
Теоретикалық модельдер мен аудармашының аудармашылық трансформациялардың көмегімен орындалатын аударма процесін суреттеу өз алдына аудармашыға нақты іс-әрекеттер мен аудармашылық мақсаттарды қажет етпейді. Мұндай суреттеу аударманың лингвистік процестеріне тән, түпнұсқа мен аударманың арасындағы қатынастар мен мәтіндегі жеке бірліктер, бұл бірліктер арнайы лингвистикалық қайта құрудың нәтижесі болып табылады. Осындай қайта құрулар аударма тәсілі ретінде қарастырылады және аудармашы осы тәсілдерді керекті кезде пайдалана алады.
Сондай-ақ аударманың лингвистикалық бейнелеу процесі аудармашының психолингвистикалық суреттеу барысында толықтырылуы мүмкін. Бұл кезде соңғы мақсаты аудармашының аудару барысында нақты стратегияларды ашу. Аудармашылық іс-әрекет көзқарас бойынша аударма эвристикалық процесс, бұл процесте аудармашы түрлі техникалық тәсілдерді пайдалана отырып, шығармашылық міндеттерді орындайды.
Нақты аударма процесі уақытпен тығыз байланысты, себебі берілетін ақпараттың көлемі шағын немесе көлемді болуы мүикін және аударма бірден орындалуы мүмкін емес. Аудармашы алдымен мәтінді жеке бөліктерге бөліп аударады. Бөліктердің ұзақтығы түрлі тілдер мен жеке аударма түрлерінде бірдей емес.көп жағдайда аударма процесіндегі минималды бірлік мәтінге бір түсініктеме береді. Егер мәтінде белгілі бір түсініктеме беруге ақпарат жеткіліксіз болса, және оған мәтіннің басқа бөліктерімен танысу қажет болса да, аудармашы осы бөлікті аудармай басқа бөлікке көшпейді. Мысалы мына мысалда аудармашы екі бірдей сөйлемді біріккен сөйлемге айналдырады:
One of the fundamental aspects of the greatly strengthened United States imperialism following World War 1 was its fightening grip upon the other countries of the Western hemisphere.This was especially the case in Latin America.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ империализмінің экономикалық өсуі болып оның батыс елдеріне өз үстемдігін нығайтуы болды, әсіресе Латын Америкасында.
Ал ауызша аудармада аудармашы мүлдем басқаша тәсілдерді орындайды.
Бір жағынан ілеселі аудармада аудармашы ақпараттың бірнеше аспектілерін есте сақтай отырып, оратордың сөзінен кейін аудара бастайды. Екінші жағынан, синхрондық аудармада түпнұсқадағы ақпаратты бір мезгілде аударуды талап етеді. Сондықтан да аудармашы ақпаратты алғаннан бастап оны аударуға әрекет жасайды. Аударма процесіндегі бірліктердің көлемі айтылу бөліктерімен анықталады.
Аударма процесінде аудармашы әрқашан аударылатын тіл мен аударылатын тілдік бірліктерді салыстырып отырады. Аударылатын тілді қолдана отырып аудармаштүпнұсқаның мағынасын түсінеді, аударылған тілдің көмегімен мәтінді аударады.
Осыған байланысты аударма процесінде бір-бірінен өзгешеленетін екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңге аудармашының түпнұсқадан ақпаратты алу әрекеті жатады. Екіншісіне- аударылған тілде жасалынатын барлық қажетті әдіс-тәсілдерді жатқызуға болады.
Ақпаратты алу кезеңі түпнұсқаның мағынасын түсінумен анықталады. Яғни бұл кезеңде аудармашы түпнұсқадағы барлық ақпаратпен танысып, оның толық мән-жайын түсінеді. Содан кейін аударуды бастайды. Кейде мәтіннің мазмұны күрделі ақпараттық жүйеден тұруы мүмкін, сондықтан да аудармашыдан ойлау қабілетінің жоғары болуы талап етіледі.
Аудармада түсінік ұғымын екі жолмен анықтауға болады: түпнұсқаның мағынасына жалпы қорытынды жасау мен аударылатын тілдің құрамын жасау. Аудармашы аудармның мазмұнын жете ұғынып, оны аудармада дәл жеткізу қажет.мысалы, мына сөйлемде:It is important to get clear which are the structural and instutional impediments that prevent Britain from making the best use of its resources.ағылшынның құрушысына (рецептор) institutional сөзінің нақты мағынасы қажет емес, себебі бұл сөз басқарма, көпшілік, жалпы әлеуметтік институтпен байланысты. Ал аудармашыға бұл сөздің жалпы әлеуметтік институтпен байланысты. Ал аудармашыға бұл сөздің жалпы мағынасыз жеткіліксіз, өйткені ол түпнұсқаның нақты мағынасын жеткізе білуі керек.
Мына сөйлемді аударғанда аудармашыда бірнеше қиындықтар туындауы мүмкін:Since F.D. Roosevelt was baited and frustrated by the right and adopted by the left, his political ego was enlisted in support of the popular view. Мұнда аудармашы baited, frustrated, adopted етістіктерінің айтылу мақсаттарын және his political ego –сөзінің нақты мағынасын беруі керек.
Соңғы болып аудармашы түпнұсқаның синтаксистік құрамасын талқылайды.Тhe level of future supplies depends on the farmers decisions taken well in advance and not always on the best information and advice. Бұл сөйлемде айтылу мақсатына қарай көмекші сөз on жалғанып тұр. Егер to depend етістігін басшылық етсе онда сөйлемнің аудармалы болашақтағы қойылым ең дұрыс ақпараттар мен кеңестен емес, шаруа қожалықтарының шешіміне байланысты байланысты болады. Егер екінші көмекші сөз on сөйлемнің басты мағынасы ретінде қолданса to take a decision on the best of information. Онда сөйлемнің мағынасы, болашақтағы қойылым ұзақ уақыт бойы шешілген ең дұрыс кеңестер мен ақпараттардың негізінде шаруа қожалықтарының төрайымдары арқылы шешіледі.
Аударма процесіндегі екінші кезең – аударылатын мәтін құрастыру үшін тілдік бірліктерді кездестіру және бұл жерде аудармашы тұрғысынан аударылған тіл кәдімгі тілдік қарым-қатынастардан өзгешеленеді. Бұл жерде аударылатын тілдің нормасына байланысты емес, екінші бір аударылатын мәтіннің ерекшеліктеріне байланысты.
Түпнұсқаның мағынасын баламалы түрде берілуінде аударылатын тілде ешқандай шектеулілік болмайды: аударма түпнұсқа мәтіннен жиі қолданылатын құрамымен, түпнұсқаның аналогиялық құрамы, жасанды тілдік бірліктердің көп мөлшерімен, лексикалық бірліктермен, түпнұсқада жиі айтылатын сөздерді қолдануымен ерекшеленеді. Ағылшын-орыс аудармаларында кейіпкерлер әулие Георгидің атымен ант береді. Бірақ айтқан уәделерінде тұрмайды. Кейде орысша мәтіндерде ағылшын тіліне сәйкес келмейтін сөздер бар оларға: барбос, безлюдье, даль, ежовый, исстари және т.б.Егер аударылатын тілде тарихи осы шақ қолданылмаса немесе жиі қолданса, орыс тіліне аударуда бұл формалар жиі кездесетін болады. Аударылатын тілдің көптеген аударма актісінің нәтижесі бойынша өзіндік жүйе қалыптасады.
Осы айтылған екі кезең аударма кезінде тығыз байланыста болады. Аудармашы аудару барысында екі тілдің бірліктерін іздестіріп, түпнұсқаға қажетті бірліктерді салыстыра отырып аударады. әсіресе аударма барысында аудармашы сөздіктермен жұмыс жасай білуі керек. Кейде сөздікте көрсетілген сөздер түпнұсқаның мағынасымен сәйкес келеді, мұнда аудармашы бұл сөздерді қолданады. Ал егер түпнұсқада берілген сөздер сөздікте болмаса, онда аудармашы аударылатын тілден керекті бірліктерді іздестіре отырып, сөйлемнің мағынасына қарай аударады. Аудармашы мына сөйлемді аударып жатыр деп есептейік:
The United States worked out a formula which later came to be known as dollar diplomacy.
БАРС бойынша formula сөзінің төрт түрлі мағынасы бар: «формула», «рецепт», «догмат» және «шаблон», бұлардың біреуін де берілген сөйлемге қолдануға болмайды. Бірақ аудармашы сөздіктегі нұсқалардың мынадай әдістерін қолдана алады: 1) formula сөзін сөздіктен іздеп табу: «формула рецепт»- «жұмысқа басшылық» 2) табылған сөзді нақты жағдайларға ауыстыру(біздің мысалда бұл саяси өмірге қатысты), саяси сөзде жұмысты басқару бұл бағдарлама, платформа, докторина. Енді сөйлемді аударайық:
АҚШ жақында саяси бағдарламаны ойлап тапты, уақыт өте келе бұл саясат долларлық дипломатия деп аталды. Түпнұсқаның жалпы мағынасы аудармада іздестіре берілмейді.
In a few days time this war criminal will be writing articles demanding that the German Army be praised and not blamed for its attitude in the last war.
Ағылшынның attitude сөзінің мағынасы сөздікте: «пікір, қарым-қатынас».
Бұл әскери қылмыскер бірнеше күннің өзінде-ақ мақалаға соңғы соғыстағы неміс армиясының іс-әрекеті туралы жазады.
Егер сөзде бір ғана нұсқаның мағынасы берілсе, аудармашы мұқият әрекет етуі керек.
The Tory leaders, skilful opportunists that they are6 immediately changed the tune and began to pose as great champions of peace.
Ағылшынның opportunist сөзінің аудармасы «оппортунист», бірақ бұл сөз сөйлемге сәйкес келмейді. Ағылшын тілінде бұл сөз саяси партияларда, бейімділік мағыналарында қолданылады. Аудармасы:
Саяси қайраткерлер жақында суреттеудің екінші кезеңіне аудармашының түрлі әдістерді қолдануын жатқызамыз. Аудармашы аудару барысында мәтіндегі басты элементтерді анықтап, грамматикалық және семантикалық тұрғыдан дұрыс сөйлем құрады. Аудару түрлері шығармашылық актінің басты бөлігі.
Аударма барысында нақты стратегия мен техникалық тәсілдер түпнұсқа мен аударылатын тілдің қарым-қатынасына тәуелді. Ең бастысы аудармашы түпнұсқаның мағынасын түсінуі керек. Тек қана түсінген мәтінді ғана аудармашы аудара алады. Бір жағынан түсінік түрлі деңгейде болуы мүмкін, ал екінші жағынан аудармада сәйкес келетін бірліктерді пайдалануымен түсіндіріледі.
Екінші принцип- аудармашының мақсаттарын анықтауға бағытталған және мұнда түпнұсқаның әріптерін емес, мағынасын аудару керек делінген. Түпнұсқаны әріптермен жеткізу бұл тек қана арнайы жағдайларда қолданылады, мысалы транскрипцияда немесе транслитерацияда. Мәтіннің толық мағынасы дұрыс тілдік бірліктерді қажет етеді. Егер аудармашы ағылшынның мына фразасын: He is a regular ass орыс тілінде аударса, онда “Он регулярный осел” болып аударылады. Regular сөзінің мағынасы орыс тіліндегі регулярный сөзімен алмастырылса да, сөздің мағынасы мүлдем басқа.
Үшінші принцип аударылған мәтіндегі маңызды элементтерді анықтауға бағытталған. Мысалы аудармашы түпнұсқаның мазмұнын толық түрде жеткізді дейік. Ол тікелей аударма барысында түпнұсқаның ең жақын лексикалық бірліктері мен аналогиялық синтаксистік бірліктерін қолданады. Бірақ аудармашыға түпнұсқаның мағынасы бірдей емес. Бұл жағдайда аудармашы түпнұсқада басыңқы және басты басты элементтерді анықтап алып, керек болған жағдайда басыңқы элементтің көмегімен басты элементті толықтай жеткізеді. Осы аудармада бір мезетте логикалық және түпнұсқаның коннотативті құрамын таңдауы тиіс:
The other shoe has been dropped by the company in its push into the computers market.
Компания рыноктық қатынастың нәтижесінде компьютер шығаруды бастады.
Аудармашы ғылыми-техникалық сөйлемде түпнұсқаның коннотивтік мазмұнын бермеуге бермеуге шешті, себебі бұл сөйлемнің мағынасын түсінуін қиындатады.(Компания тағы да бір етігін алып тастады). Ал келесі мысалда аудармашы керісінше сөйлемде коннотативтік мағынасын сақтаған:
The weight penalty of the automatic unit to the traditional gear box must be small.
Міндетті автоматтық қорапшалардың салмағының өсуі, қазіргі көзбен салыстырғанда анағұрлым аз.
Сөйлемнің басты элементтері болып тілдік бірліктегі лингвистикалық мағыналары болуы мүмкін. Мәтінде жәй берілген сөздер көп мағыналы немесе омонимдерден тұруы мүмкін. Бұл кезде сөйлемнің доминанты құрамы формалды байланысқа айналады.Байланыс ойын сөздердің аудармада құрамын сақтап қалуына көмектеседі.
“Can you herd sheep? “Do you mean have I heard sheep? (O. Henry)
Сіз қойларды баға аласыз ба?
Аудармашы айтылуы бірдей herd пен heard сөздерін «бағу» және «көмектесу» сөздерімен алмастыры.
Мәтіндегі доминанты құрамдарын анықтап, айтылған ойдың нақты мағынасын беру аудармашылық тәжірибенің басты бөлігін құрайды.
Аудармашының төртінші принципі постулатпен шектеледі, мұнда сөйлемнің жеке бөліктеріне қарағанда, жалпы мағынасы басты орын алады. Жоғарыда айтылып өтілген үш принциптен айырмашылығы оның ақпаратты жеке бөліктерге емес, оның жалпы мағынасын қамтиды.
"Isn't it nice here", she said, "All Dickensy. And look at that little waiter there with the funny guiff. He is utterly squoo".(J.Braine)
Бұл жер өте тамаша екен, солай ғой?-деп ойын білдірген Сьюзен. Тура Диккенсондікіндей. Мына кішкентай бойлы күтушіге қараңызшы, бет-әлпеті сондай күлкілі. Ол торай секілді толық .
Мысалда көрсетілген сөйлемнің құрамы өзгертілсе де, толық аударманы беріп тұр. Тағы бір айта кететін жайт- аударма аударылатын тілдің нормаларына сәйкес келуі керек. Аудармашы түпнұсқаның формасына байланыссыз, өзі тұрғысынан өзгертіп, әсемдеп табиғи пішінге келтіріп аудару керек.
Аударманың бағдарламалық принциптері арнайы техникалық әдістермен толықтырылады. Осы толықтырулар аудармада толық баламалықты береді. Көп жағдайда қолданылатын тәсілдерге орналастыру, қосу, лексикалық бірліктерді түсіру жатады.
Лексикалық бірліктерді орналастыру тәсілі түпнұсқаға жақын келетін сәйкес сөздерді қолдануды қарастырады.
Having corrupt alliance with the employers the AFL leaders sabotaged all efforts to organize the workers of other industries.
Ағылшынның corrupt сөзіне қазақша «сатылатын» сөзі сәйкес келеді .Бірақ қазақшада «сатылатын» болып адам да болуы мүмкін. Сондықтан corrupt alliance сөзінің толық аудармасы жоқ. Орналастыру әдісін қолдана отырып «сатылатын» сөзіне «лидерлер» сөзіне қосса болады:
Шешім қабылдаушылардың қылмыстық келіссөздер нәтижесінде АТФ-ң сатушы лидерлері шаруа қожалықтарына жұмысшылар бірлестігін ұйымдастыруды қолға алады.
Сөйлемде сөздерді орналастыру түрлі грамматикалық орын ауыстырулардың көмегімен жасалынады:
Even today, after twenty centuries of Christian Enlightment, half man's family goes hungry
Қазіргі жиырмасыншы ғасырдың христиан дінінің жаңару дәуірінде-ақ халықтың жартысынан көп бөлігі аштықтан күйзелуде.
Кейде аудармашы бөлек айтылған сөзді бір негізден екінші негізге ауыстыра алады:
I put on this hat that I'd bought in New York that morning. It was this red hunting hat, with one of those very long peaks.
Мен таңертең Нью-Йорктен сатып алған қызыл бас киімімді кидім. Бұл баскиім аң аулағанда киюге арналған.
Өздеріңіз көріп отырғандай сөйлемде «бас киім» зат есімнің қайталануының орнына «қызыл» сын есімін кірістіреміз.
Аударма барысында көп қолданылатын тәсілдердің бірі— лексикалық бірліктерді қосу. Түпнұсқада кейінгі ойдың құрамдас бөліктерінің көмескі немесе анықтап берілмеген сөздерді аудармада лексикалық бірліктердің көмегімен толықтырылуы тиіс. Ағылшын-орыс аудармаларында қосымша бірліктер атрибуттық сөз үйлесімділігінде пайдаланылады.
The amendment received 3‚622‚00 votes, while the Executive resolution received 4,090,000. Thus the Executive majority was only 468,000 in a vote of nearly eight million.
Бұл мәтінде ағылшын тредюниондар арасындағы конгресте өткізілген дауыс берудің нәтижесі. Executive Commitce resolution сөзінің толық формасы:“резолюция, комитеттің ұсынысымен орындалатын мәселелер, “дауыстың көп бөлігі резолюция исполкомына берілген”. Бұл сөзде эллиптика формасында тұрған «орындалатын резолюция» оқырмандарға түсініксіз болар еді.
Аудармада кейбір сөздер аналогиялық тәсілмен толықтырылып беріледі:strike― жалақыны көтеру мақсатымен болатын көтеріліс, gun licence― қаруды пайдалануға берілетін құқық , oil-countries-мұнай шығарумен айналысатын елдер.
Лексикалық бірліктерді қосу тәсілі аудармада мәтіннің жалпы мағынасын беру үшін қолданылады, мысалы:
No one would think now that Millicent had been the prettier of the two.
Әрқашан Миллисентті ең тәрбиелі әпкелерінің бірі екеніне қазір ешкім сенбес еді.
«Әрқашан» сөзін қосуы сөйлемнің өткен шақты көрсетіп тұр, ағылшын формасында бұл Past Perfect.
Ең басты қосу әдісі прогматикалық фактолармен негізделген мәтіннің мағынасын анықтауға бағытталған.
Тастап кету тәсілі қосу тәсіліне қарама-қарсы және мәтінде синоним сөздерді тастап кетуге негізделген. Аударылатын тілдің қайсысы болмасын мағыналары жақын синонимдес сөздердің біреуін түсіреді: just and equitable treatment- әділ қарым-қатынас, The treaty was pronounced null and void. Келісім жарамсыз деп танылды. The government resorted to force and violence. Басқару үкіметі зорлыққа көшті.
Ағылшын тілінде синонимдес сөздерді қолдану ораторлық стильге тән. Мысал ретінде бір делегаттың БҰҰ-ң Генералды Ассамблеясында сөйлеген сөзін ұсынайық..
Judging by all external appearances, this session of our Assembly is regular and normal. Yet the atmosphere is neither usual nor seasonal, for this session stands outside the pattern of the sessions held since the days of San Francisco. The fateful events that are rushing into the international area are neither of a usual character nor of an ordinary nature. It is unique session- happily and fortunately led by a unique President.
Мәтіндегі синонимдес сөздер түсіру әдісімен бір сөзге айналған:
Біздің Ассамблеяның ішкі белгілерінің жетістіктеріне байланысты бұл айрықша жиналыс. Сан-Францискода өткен конференциядан орын алған жиналыс басқа конференцияларға қарағанда ерекше. Дүниежүзілік аренада өтілген дүркін кезеңдерден кейін айрықша белгілерге ие. Жиналыстың жүргізушісі көрнекті басшы, сондықтан да бұл жиналыс жоғары дәрежелі жетістіктерге ие.
Ғылыми- техникалық стильде синонимдер техникалық терминдерді анықтауға көмектеседі.
Burning or combustion is the process of uniting a fuel or combustible with the oxygen in the air.
Бұл сөйлемде combustion және combustible техникалық терминдері оқырманға түсініксіз болуы мүмкін, бұл сөздерді түсінуге көмектесетін сөздер burning және fuel.
Жану- ауаның құрамында болатын ыстық оттегінің қосылысы.
So I paid my check and went out where the telephones were.
Мен ақшамды төлеп болған соң, телефон автоматтарына қарай беттедім.
Техникалық тәсілдерді қолдану аударманың барлық түрлеріне жарамсыз, ол тек қана аударманың бір кезеңінде қолданылады. аудармашылық трансформация ретінде сөзбе-сөз аударманы жатқызуға болады. Бұл кезде аудармашы түпнұсқаның бөліктерін сөзбе-сөз аударып, осыған сәйкес баламалы бірліктерді қарастырады.
