Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АУДАРМА КУРСТЫК ЖУМЫС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
365 Кб
Скачать
☆

Аударма прагматикасы

Қандай да мәтін болмасын, оның құрамы бірнеше ақпараттан тұрады, және осы ақпаратты Рецептор қабылдап, түсінуі қажет.Ақпаратты қабылдай отырып, Рецептор мәтінге белгілі қарым-қатынас орнатады, бұл прагматикалық қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар әр түрлі мінездемеге тән. Олар интеллектуалды құбылысқа тән болуы мүмкін, мұнда мәтін Рецепторға тек қана мәліметтер беруші ретінде қолданылады және оған ешқандай қызығушылық тудырмайды.Сонымен қатар, алынған ақпарат Рецепторға терең әсер қалдыруы мүмкін. Ол оның сезіміне ерік беріп, белгілі эмоциональді іс-әрекет пен бір нәсеге құлшыныс білдіруі мүмкін. Мәтіннің мұндай әсер беруін, Рецептордың ақпаратқа қызғушылығын, басқа сөзбен айтқанда ақпарат алушыға прагматикалық әсер беру прагматикалық аспект немесе мәтіннің прагматикалық потенциалы деп аталады.

Мәтіннің прагматикалық потенциалы ― түпнұсқаның мазмұнындағы ақпаратты қабылдап және оны тілмен жеткізу тәсілінің нәтижесі. Қарым-қатынас мақсатымен оратор ақпаратты беру үшін тілдік бірліктерді таңдап, олардың арасында қажетті байланысты орнатады. Соның нәтижесінде мәтін арнайы прагмтикалық потенциалға ие болады.Мәтіннің прагматикалық потенциалы белглі мазмұнымен ақпараттық көлемі бойынша анықталады және мәтін құруда тәуелсіз болады.Кейде мәтіннің прагматикасы оратрдың ойымен толық сәйкес келмей қалады (ойынан жаңылысу немесе ойын дұрыс жеткізе алмауы). Мәтіннің прагматикасы брілген ақпарат пен оның берілу тәсіліне тәуелді және ол өздігінен белгілі затты түсінуге, талдауға болатын заттық мағынаны құрайды.

Рецептордың мәтінге прагматикалық қатынасы тек қана мәтіннің прагматикасына емес, сондай-ақ Рецептордың жеке басына, базалық біліміне, алдыңғы тәжірибесіне, псхикалық жағдайы мен басқа да ерекшеліктеріне тікелей тәуелді.Мәтіннің прагматикасын талдау дегеніміз тек қана қабылдаушының алдын-ала потенциалды әсер беруін анықтау.

Ақпарат алушыға прагматикалық әсер беру қарым-қатынас құралының басты бөлігін құрайды. Аудармада Рецептордың прагматикалық қатынас орнатуы аудармашының мәтін құрауда тілдік тәсілдерді таңдауына байланысты.Аударма процесінің нәтижесі ретінде түпнұсқаның прагматикалық потенциалын құру және аударма барысында Рецепторға әсер беруді прагматикалық аспект немесе аударма прагматикасы деп аталады.

Аудармашы, аударма процесінің бірінші кезеңінде, түпнұсқадан толық ақпаратты алуға талпынады, сол себептен ол білімді болуы қажет. Аудармашы сәтті жұмыс атқаруы үшін, жан-жақты саладан хабардар болуы керек, мысалы: тарихпен, мәдениет, әдебиет, салт-дәстүр, қазіргі кездегі саясат пен аударылатын тілдегі халықтың әдет-ғұрпымен таныс болу.

Түпнұсқаның қандай да Рецепторы секілді, аудармашыға берілетін ақпаратта жеке қатынастар қалыптасады.

Тіларалық қарым-қатынас орнатушы ретінде аудармашы мәтіннің аудармасын тура жеткізуге талпынады.

Аударманың екінші кезеңінде аудармашы беріліп жатқан ақпаратты түсіндіруге әрекет жасайды.

Аудармашының базалық білімінің болмауы, аударылатын мәтінге толықтырулар мен түсіндірме сөздерді енгізеді. Бұл көбінесе түпнұсқаның құрамында жеке атаулар, географиялық атаулар және түрлі халықтың мәдени салт-дәстүрін қолдануына байланысты.Америкалық географиялық атауларда Massachusetts, Oklachoma, Virginiа, канадалық Alberta, Manitoba немесе ағылшынның Middlesex, Surrey және т.б.атауларын қазақшаға немесе орысшаға аударғанда « штат, провинция, графство» сөздері қосылады. Оларды қазақ оқырмандарына түсінікті болуы үшін: Массачусетс штаты, Альберта провинциясы, Миддлекс графтігі және т.б.

Аудармада түсіндірме элементтерін қосу кейбір кәсіпорын, фирма, баспа орындарының атын айтқанда қосылады:

The strike movement in Spain is on the increase, «Newsweek» reports.

«Ньюсуик» журналының мәлімдемесі бойынша, Испания мемлекетінде көтерілістер саны күрт өсуде.

Аналогиялық қосымшалар өзге тілдегі ұжым мүшелерін түсіндіруде қолданылады:

…for desert you got Brown Betty, which nobody ate…

…тәттіге «ала Бетти» патокасы бар пудинг, бірақ ешкім тиіспеген...

Қосу тәсілі оқырманды «ала Бетти» мағынасына бас қатырмай, тез түсінуге мүмкіндік береді.

Кей жағдайда қажетті қосымша ақпарат аударма мәтіні арнайы анықтама ретінде берілуі мүмкін:

Against my will I felt pleased that he should have considered my remarks interesting, though I knew that it was Dale Carnegie stuff, a small apparently casual compliment.(J.Brainе)

Мені таңдандыратын жәйттердің бірі – оның менің ойымды әрқашан іске жарамды деп есептеуі, бірақ мен бұл арзымайтын іс-әрекетті Дэйл Карнегидің кездейсоқ кеңестерінің бірі екендігін түсінетінмін.

Бұл аудармада Дэйл Карнегиге анықтама беруге болады. Ол «Адамдармен қалай тіл табысу керек және қоршаған ортаға қалай бейімделу керек» атты атақты кітаптың авторы.

Аударманың адекватты түсінігін қамтамасыз етуде, аудармашы берілген ақпараттың түсініксіз бөлігіне қосымша ақпарат алмастыруына болады:

The Prime – Minister spoke a few words from a window in Number 10.

Кез-келген шетел азаматтарына Ұлыбритания премьері Лондон қаласының Даунинг-стрит көшесі № 10 пәтерінде тұратыны белгілі.

Кейде аудармада нақты сөздердің мағынасы жалпы сөздермен алмастырылады:

…a «swept » yard that was never swept where Johnson grass and rabbit – tobacco grew in abundance.

... «таза» аула ешқашан тазаланбағандықтан, керексіз өсімдіктер қаптап кеткен.

«The temperature was an easy ninety»,- he said.

«Күн неткен ыстық!»-деп ол өзінің ойын білдірді.

Бірінші мысалда АҚШ –тың оңтүстік штатының тұрғындарына белгілі қоқыс туралы айтылған. Қазақ оқырмандарына Джонсондық өсімдік танымал емес болар, сондықтан аудармада «керексіз өсімдік» деп алған жөн.Екінші мысалда «ninety» мағынасы «Фаренгейт бойынша 90˚ білдіреді». Қазақ ормандарына Фаренгейт жүйесі танымал емес. Мұны Цельсий жүйесімен алмастыруға болар еді, бірақ мұндай жүйе әсіресе іскерлік және ғылыми-техникалық мәтіндерде қолданылады.Берілген мәтінде мұндай жүйені қолданудың қажеті жоқ, себебі мәтін АҚШ-тың тұрғындарына қатысты емес.Аудармада генерализация берілген және бұл жерде температураның градусы маңызды емес, ауа райының өте ыстық болуы маңызды.

Аудармада генерализация жеке атауларды атағанда қолданылады:

Parked by a solicitor's office opposite the café was a green Aston – Martin tourer . Адвокат ғимаратына қарама-қарсы кафеде жасыл түсті әсем спорттық автокөлік тұрды.

I could see my mother going into Spaulding's…- Мен көз алдыма апамның спорттық дүкенге бара жатқанын елестеттім.

I lit a cigarette and got all dressed and then I packed the two Gladstones I have.- Мен шылым шегіп болған соң, киіндім, содан соң чемоданымды жинастырдым.

Аудару барысында автокөліктің фирмалық атауы, дүкен немесе чемоданның атауы аса қажет емес.

Аудармада мәтіннің прагматикалық потенциалын беруде нақтылау тәсілі қолдануы мүмкін, мұнда сөздер жалпы мағыналы сөздермен алмастырылады:

The British people are still profoundly divided on the issue of joining Europe.

Ағылшындарға қарағанда қазақ оқырмандарына Europe сөзі түсініксі болуы мүмкін, сондықтан түпнұсқа сөйлемін былай аударуға болады:

Ағылшын халқын көптне бері мазалап жүрген жәйттерінің бірі – ол Англияның «жалпы рыноктық қатынасқа» түсуі, бұл әлі де толығымен шешілмеген мәселелердің бірі болып табылады.

Аудармашының мәтінге адекватты түсінік беруінде жоғарыдағы көрсетілген тәсілдерді қолдануда ешқандай бір Рецептордың немесе арнайы Рецепторлар тобының қатысуынсыз жүзеге асырылады.Бұл аудармашының аударатын тілдегі халықтың әдет-ғұрпымен, базалық біліміне, мәдени-тарихи ерекшеліктерін жақсы меңгеруіне байланысты.

Сонымен бірге аудармашы түпнұсқаның прагматикалық потенциалын жеткізуде, ол арнайы Рецепторлар тобына жүгінеді, мұнда аудармашы олардың көмегімен ақпаратты толығымен түсінді. Екінші жағынан, егер аударма арнайы Рецепторлар тобына ұсынылса және олардың білімі таяз болса, онда ақпараттың көп бөлігі түсініксіз немесе кері мағыналы болады және де аудармада түсіндірулер мен толықтырулар саны күрт өседі.

Аудармаданың прагматикалық проблемасы түпнұсқаның жанрлық ерекшеліктері мен Рецепторлар түріне байланысты. Түпнұсқаның прагматикалық потенциалын жеткізуде аудармашыға ең қиыны көркем әдебиет. Қай тілде болмасын көркем әдебиет ең бірінші болып адамдарға арналады, сондай-ақ олар жалпы адамзаттық маңызға ие және өзге тілдерге аударылады. Сонымен бірге мұнда сол елдің тарихына байланысты деректерді суреттеу, түрлі әдеби бірлестіктер, салт-дәстүр, ұлттық тағам және ұлттық киімдер, т.б.мәселелер берілуі мүмкін.Осының барлығы ТТ мен АТ арқылы берілуі мүмкін.

Ғылыми-техникалық материалдарды аударуда прагматикалық қайта құрулар көп қажет етілмейді, арнайы мамандар бойынша есептелген материал сол аумақтағы білімге байланысты барлық елде ақпарат бірдей көлемге ие болады: мұндай ақпараттарды түрлі тілде сөйлейтін ғылымдар жақсы түсінеді және түсіндіруде тек қана фирма атаулары, ұлттық салыстыру бірлігінде, арнайы номенклатуралық атауларды және т.б. айтқанда қажет болады.

Ең басты қиындықтар мәтіннің прагматикалық аспектілерімен байланысты, бұл өзге тілдік ақпарат алушыға ұсынылады. Бұл жерде түрлі ақпаратты-пропагандалық құжаттар, өзге елдің дәрісханасына бағыттар және экспортқа жіберуші тауарларды жарнамалау туралы мәселелер қамтуы мүмкін.Осындай мәтіннің авторлары мәтінді шетелдік тыңдарманмен оқырмандарына сәйкес етіліп жазылуы керек. Мұндай кезде аудармашының міндеті мәтінді толық түсіндіруді қажет етпейді, себебі түпнұсқа авторы мұны алдын-ала ойластырған. Бірақ мұндай міндеттер түпнұсқада орындала бермейді, және аударашыға берілген ақпаратқа толық түзетулер енгізеді. Бұл кезде аударылатын мәтінді қайта құру, тіларалық қарым-қатынас процесінде басты рольді ойнайды.

Аударманың прагматикалық адекватын беруде социолингвистикалық факторлары да басты рольді ойнайды. Жалпы, Рецептордың аудару барысында қосымша қиындықтары ТТ-ң жалпыхалықтық нормаға сәйкес келмеуінен туындауы мүмкін және мұнда аумақтық-диалектикалық , социалды-диалектикалық субстандартты формаларын қолдану.

Түпнұсқада болатын аумақаралық диалектілер элементтері өзге тілге аударылмайды.

Аудармада мұндай диалектикалық формаларды қолдану, екі жақты құбылысқа ие. Бір жағынан, барлық түпнұсқа мәтін қандай да бір ТТ –гі диалектіде жазылуы мүмкін. Бұл кезде диалект қарым-қатынас ретінде қатысады және аударма жалпыұлттық тілді аударуы секілді орындалады (әрине, мұнда аудармашы берілген диалектіні жақсы меңгеруі қажет). Екінші жағынан, диалектикалық формалар көркем әдебиет саласында берілуі мүмкін, мұнда диалект белгілі аумақта халықтың бір-бірімен осы диалект бойынша түсінісуі. Бұл кезде аудармада ТТ-ң диалектикалық ерекшеліктерін беруде еш нәтиже шықпайды. Егер кейіпкер ағылшын түпнұсқасында лондондық диалектіде «кокни» сөйлесе, сөздерге һ дыбысын қосып, ағылшын тілінің нормасында бұл былайша айтылады:

('E' as a good here He has a good ear-нің орнына), онда қазақша аудармасы: (айталық , Хонның есту мүшесі өте жақсы), мұнда көріп отырғанымыздай, сөйлемнің ешқандай мағынасы жоқ . Сондай-ақ екі тілдегі диалектілер арасында ешбір сәйкестік болмайды және аудармада балама орнату мүмкін емес.

Аумақты диалектілердің көбісі оларды тұтынушылар арасындағы социалды құбылысымен тығыз байланысты және бұл сәтте түпнұсқа белгілі социалды топқа бағытталады. Басқаша айтқанда, олар социалды диалектінің функциясын атқарады. Социалды диалектінің лингвистикалық ерекшелігі жалпы, локалды емес құбылысқа тән, себебі аналогиялық социалды топтар, соның ішінде аналогиялық мамандықтар көп халықтар арасынан табылады. Сондықтан аудармада социалды диалектілерге қосымша ақпарат беру мүмкін.

Тәртіп бойынша, аудармашы ағылшын матростарының сөзін беруде кеңінен таралған орыс матростарының сөзін қолдануына болады.

Бұл міндетті шешу мына жағдаймен жеңілдетіледі, социалды диалектісі жалпыұлттық тілден «көрсетуші» (markers) белгілерімен ерекшеленеді. Мәтінде осындай көрсеткіш белгілердің аз ғана мөлшері болса да, ол сөйлемнің мазмұнын береді:

He do look quiet, don't 'e? D'e know ' oo'e is, Sir?

Оның түрі байсалды көрінеді, солай ғой? Сіз оның кім екенін білесіз бе, Сэр?

Аударманы беруде ең өзекті мәселелерінің бірі болып, шет ел азаматының имитациялық сөзі. Түпнұсқада контаминдік формалардың пайда болуы әдейі немесе күтпеген жерден болуы мүмкін.

Бірінші жағдайда оратор ТТ жақсы білмегендіктен, айтылған формаларды пайдалануы мүмкін. Бұл қателіктер мәтіннің түсінігін қиындатады және оратордың өзге тілдің мүшесі екендігін айқындайды. Тыңдаушы осы сөзді қабылдай отырып, ондағы қатені анықтап, дұрыс түсінуге тырысады. Аналогиялық образда, аудармашы өзге тілге аудару барысында контаминдік формаларды туралап, одан кейін аудара бастайды.

Екінші жағдайда контоминдік формалар шетел азаматының сөйлеу ерекшелігін көрсетеді және мәтіннің прагматикалық потенциалын құрудың бір тәсілі болып табылады. Осыдан барып, мәтіннің прагматикалық функциясын аудару аудармашының міндетіне кіреді.Аудармашы аудару барысында шетел азаматының сөзін не болмаса өздігінен ақпараттың контаминдік формасын берсе де өз еркі. Көп тілдерде адамныың дұрыс емес сөзін анықтайтын стандартты, жалпы қабылданған тәсілдері бар. Сөздің контаминдік формасы әр тілде әр түрлі және ол түрлі тілде болатын айырмашылықты анықтайды.

We blingee beer . Now you play.

Мен пиво әкелдім, енді сенің төлеуің керек.(Қытай азаматының контоминдік сөзі)

Аудармада контоминдік формалар жалпы немесе таңдамалы болуы мүмкін. Жалпы контоминде шетел азаматы сөзінің көп бөлігі беріледі.

Eet ees the story of a leetle Franch girl who comes to a beeg ceety just like New York, and falls een love wees a leetle boy from Brookleen.

Мына өлең кішкене француз қызы туралы, ол Нью –Йорк деген үлкен қалаға келіп, Бруклиндегі кішкентай балаға ғашық болады (француз азаматының контаминдік сөзі).

When you see him quid then you quick see him perm whale.

Сенікі ауды көргенде, онда сенікі жақында кашалотты көрді.(Канада азаматының конталиндік сөзі).

Сөйлемде конталиндік формаларды қолдануда күрделі грамматикалық формалар қолданылмайды. Айта кететін бір жәйт, сөздің дұрыс айтылмауы тек қана шетел азаматының сөзі емес, сондай-ақ білімі саяз адамдардың сөздері де жатады.

Аударманың прагматикалық мақсатына аударатын Рецепторға қарым-қатынас әсер беруі жатады. Қарым-қатынас әсері аудармада берілуі қажет және ол түпнұсқаның доминанты функциясын атқарады. Көркем әдебиет шығармалары үшін Рецепторға әсері, оның оқырмандар арасында танымалдығына байланысты. Аударылатын мәтіннің аса маңызды прагматикалық мақсаты Рецепторға аналогиялық әдеби-эстетикалық әсер беру. Қазақша аудармада ұлы Шекспирдің, Диккенстің немесе Бернстің шығармаларын оқығанда, қазақ оқырмандары түпнұсқа авторының әдеби талантын сезщіну керек, ол өзінің отанында неге ұлы драматург, жазушы немесе ақын деп саналатынын түсінуі қажет. Егер аудармашы осыған қол жеткізсе, онда аударма адекватты түрде беріледі деп есептеуге болады. Сонымен оқырманға ерекше әсер беру тікелей аудармашыға байланысты.

Ғылыми-техникалық материалдардың доминантты функциясына суреттеу, түсіндіру немесе заттың қоршаған ортаға бейімділігін көрсету жатады. Рецепторға прагматикалық әсер беру дегеніміз оған қажетті ғылыми немесе техникалық затты сипаттау үшін қажетті ақпарат беру болып табылады.

Егер ақпаратты алушы сол көрсетілген негізде тәжірибеде орындаса немесе берілген прибормен операцияны тура орындаса, онда мәтіннің қарым-қатынас әсеріне қол жеткізді деп есептеуге болады. Аналогиялық бейнеде, ғылыми-техникалық аударманың прагматикалық мақсаты Рецепторге қажетті істі орындау үшін, осындай жағдай жасау. Егер аударма Рецепторы аударылған мәтінді белгілі іс-әрекетте сәтті қолданса, онда түпнұсқаның прагматикалық әсері жайлы айтуға болады және бұл жерде түпнұсқа мен аударма арасындағы бірдейлік аса қажет емес.Кейде ғылыми-техникалық ақпараттың аудармасында сипатталған ақпарат тура және түсінікті түрде берілуі мүмкін, аударма басты прагматикалық мақсатты түпнұсқамен салыстырғанда жақсы орындайды.

Аудармашының ең қиын міндеттерінің бірі болып аударылатын мәтінге қажетті әсермен қамтамасыз ету. Бұл жерде аудармашы түпнұсқаның Рецепторының ойын алдын-ала бақылауы қажет. Тек қана адамның мінезі мен психологиялық жағдайын білген аудармашы оның ақпаратқа эмоциональді әсерін анықтай алады. Іс жүзінде, аудармашы өз алдына қарым-қатынас әсерін міндет етпейді. Егер осындай мақсат қойылса, онда мәтіннің прагматикалық адаптациясын орындау керек, бұл мәтіннің мазмұны түпнұсқа мен теңдеу болу деген сөз. Өзге тілде беру адаптациясына, мысалы, мәтін жарнамасы, бұл сол тауардың ерекшелігін суреттеу міндетті және аударылатын тілде жаңа мәтін құруға (co – writing) әкеліп соғады. Сонымен бірге аударылатын мәтін арнайы мамандар бойынша бақыланып отырады, олар мәтінге қажетті толықтырулар енгізеді. Ауызша аудармада аудармашы аударма Рецепторының реакциясын бақылауға мүмкіндік алады, бұл аудармашыға өзінің жұмысын сәтті жүргізуге ықпалын тигізеді.

Тіларалық қарым-қатынасты жүргізу барысында прагматикалық қиындықтар туындауы мүмкін. Ол аудармашының аударма Рецепторына қосымша прагматикалық міндеттерінің болуына байланысты. Осыған орай, аудармашы аударма міндетіне тәуелсіз қосымша міндетті мақсат етуі мүмкін және аударма процесінің нәтижесін қандай да бір мақсатта қолданады. Расында да, мұндай прагматикалық «жоғары міндет» аударма процесіне және оның нәтижесіне баға береді.

Прагматикалық «жоғары міндет» мынандай факторларды қамтиды: аудармашының АТ әсер беру әрекетін, аудармашының түпнұсқа авторының іс-әрекетіне қатынасы және мәтіннің кез-келген бөлігіне айрықша қызығушылық таныту.

Аударманың «жоғары міндетті» прагматикасын орындай отырып, аудармашы кейде баламаның максималды берілуінен бас тартуы мүмкін, аударманың жартылай немесе таңдаулы бөлікеріне қанағат етуі, аударма Рецепторына айрықша әсер беруін мақсат етеді.

Түпнұсқа мазмұнына тәуелсіз, аудармашының прагматикалық мақсаттары екі жақты рольмен байланысты, мұнда аудармашы екі жақты тіларалық қарым-қатынас процесіне қатысады.Бір жағынан, ол тіларалық функцияны атқарады, ал екінші жағынан ол ақпараттың қайнар көзі болып табылады, осы жерде аудармашы белгілі мақсаттарды көздей отырып, АТ жаңа мәтін қалыптастырады. Кез-келген іс-әрекеттің нәтижесі көп жағдайда оның мақсаты бойынша іске асады. Кейде аударма процесінің нақты мақсаты жалпы тіларалық қарым-қатынас мақсатына сәйкес келмейді.

Көп жағдайда, прагматикалық жоғары міндеттіліктің болуы аударма нәтижесінің бағасында анықтайды. Бұл кезде аударма тек қана түпнұсқа деңгейінің біркелкілігімен емес, сонымен қатар аударма қаншалықты аударымды орындау мақсаттарына сәйкес келуіне байланысты. Бұл сәйкестілік деңгейі «аударманың прагматикалық құндылығы» деп аталады. Аударманың прагматикалық құндылығы көп жағдайда дұрыс аударма деп танылады.

Аудармашының жоғары міндетті прагматикасы аудармада түпнұсқаның танылмайтын бөлігін жеткізумен байланысты болуы мүмкін, аудармада бұл ақпарат балама түрінде берілмейді. Бұл ТТ формальді – құрылымдық, мәдени-этнографикалық элементтерінің болуына байланысты, бұл элементтер ақпараттың функциональді рөлін атқармайды, бірақ ТТ ақпараттың концептуальді семантикалық ерекшеліктерін құруда септігін тигізеді. Мұндай прагматикалық құрылым АТ нормасының бұзылуына әкеліп соғады, соның салдарынан ТТ әріптік ерекшеліктері қолданылады. Ағылшынның аналитикалық формасында берілген сөйлем He is running down the street дұрыс емес аудармаға әкеледі «Ол өзі ғана көшеде жүгіруші» және ағылшынның кейбір сөйлемдері He is as cool as a cucumber немесе , A miss is as good as a mile мағынасыз аударманы береді: «Ол қияр секілді қатыгез», және «жіберіп алу қашықтық секілді әсерлі». Аударманы әріптермен аудару дұрыс емес. Мысалы мына сөйлемде: They locked the door to keep thieves out.- «Олар есікті құлыптады ұрыларды сыртта ұстау үшін». Көріп отырғанымыздай, әріптермен аудару сөйлемнің мағынасын өзгертеді.

Аудармашының басқа да жетістіктерінің бірі – оның аударылатын мәтінге заттық-логикалық мазмұнын беруі, бұл кезде аудармада ақпараттың эмоциональді – стилистикалық және образдық аспектілері берілмейді. Мұндай жағдай жиі кездесе бермейді, бұл әсіресе аудармашыға қысқа мерзімде аударма Рецепторына ақпараттың басты мазмұнын таныстырғанда ғана болуы мүмкін. Осыған орай аударманы үш түрлі категорияға бөліп қарастыруға болады, олардың әрқайсысы белгілі түрді талап етеді, соның ішінде обзорлық , жұмысшы және арнайы аударма (баспаға даяр). Аударманың бірінші категориясы белгілі бір жағлдайға байланысты, мұнда тек қана түпнұсқада не айтылса соны береді және АТ нормасына өзгерістер енгізіледі. Аударманың екінші категориясы түпнұсқаның толық заттық – логикалық мазмұнын береді (жағдайды суреттеу тәсілінде), АТ нормасын сақтайды. Бірақ түпнұсқаның коннотативтік аспектілерін беруде аударма адекватты болмауы мүмкін және аударманың үшінші тобы түпнұсқаның мазмұнын аударылатын тілде толық беруін қамтамасыз етеді. Бұл кезде түпнұсқаның құрамындағы басты функциональді элементтері мен прагматикалық потенциалы толықтай беріледі.

Прагматикалық жоғары міндеттің айрықша түрі болып, аудармашының түпнүсқаны модернизацияға талпынысы. Аударманың уақыты мен орны түпнүсқамен салыстырғанда қатты ерекшеленуі мүмкін. Уақыты жағынан артта қалған мәтіндер аудармашыға қосымша қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл кезде аударма қазіргі тілмен аударылмайды, аудармада хронологиялық күнтізбеге байланысты көнерген сөздерді қолдану қажет. Сонымен қатар АТ көнерген сөздер ұлттық реңкті суреттеуі тиіс.

Көнерген мәтіннің аудармасы тек қана көне лексика элементтерін пайдаланумен қатар, аудармашы қазіргі тілдің дамуы кезеңіндегі сөз немесе сөз таптарын қолдануынан бас тартады, себебі бұл сөздер ерте кезеңдегі өмірмен сәйкес келмейді. Айталық, түпнұсқа авторы, ерте Англияда 14 ғасырда өмір сүрді делік, мұндай кезде мәтін қазіргі қазақ тілі жүйесі бойынша аударыла алады. Бірақ түпнұсқадағы кейіпкерге байланысты, аудармада мынадай сөз тіркестері қолданылмайды: «командировкаға шығу», «бір затпен бастан аяқ шұғылдану», «күндіз-түні жұмыс істеу», «қиындық тудыратын мәселелерді шешу», «нашар маман болу», «күтпеген кездесулер өткізу», «кадрлар даярлау», «арнайы ерекшеліктерді бақылау», «экономика саласын басқару» және т.б.

Көнерген мәтінді аудару барысында аудармашы көрсетілген талаптардан бас тартуы мүмкін, бұл оның өз мақсаттарына байланысты, осыған орай, ол берілген ақпаратты жаңартуды қалауы мүмкін. Осы міндетті орындау барысында аудармашы аудармада бірнеше өзгертулер енгізеді, атап айтқанда көп қолданылмайтын көнерген сөздерден бас тартып және крісінше, қазіргі лексиканы кеңінен қолдану. Өзгертулер суреттеу тәсіліне тікелей қатысты. Егер ағылшын аудармасында інжілдегі Құдайға сенушілер, бір-бірімен бетінен сүю арқылы амандасса, (greeted one another with a holy kiss), онда жаңарту түрлерінде олар қолмен амандасуға алмастырылады (gave one another a hearty hand-shake all around.) Кей жағдайда жаңарту өзіне стилизация элементтерін, ескі атауларды жаңа атауларға алмастыруды, жеке эпизоттардың өзгертуін, атауларды қою, әдет-ғұрып және т.б . қосады. Жоғарыда айтылған анықтамаларға байланысты аударманың бұл түрі прагматикалық адаптация деп саналмайды.

Аударманың арнайы мақсаты аударма Рецепторына әсер беруімен түсіндіріледі, бұл түпнұсқаның мазмұны мен оның прагматикалық потенциалына тәуелсіз болады. Аударма процесі түпнұсқаның мазмұнын толық немесе жартылай беруде ғана емес, сонымен қатар, оның көмегімен басқа да мақсаттар кзделеді, бұл аудармашының жеке қасиетімен немесе оған кеңес беретін жұмысш ұйыммен байланысты. Аудармашы өзінің алдына пропагандалық немесе басқа да мақсаттарда қюы мүкін, бұл орайда ол аударма Рецепторын бір нәрсе жайлы көзін жеткізуі, өзінің ойын түпнұсқа авторына немесе бейнеленген оқиғаға байланыстыруы мүмкін, және оған мәтін тарапынан саяси ойлар, экономикалық немесе жеке таптың жағдайы, түсініспеушілік жағдайын болдыртпау, немесе, керісінше, оны жандандыру және т.б. мәселелері әсер беруі ықтимал. Мұндай тенденциялар аударма барысында түпнұсқаның құрамына нұқсан келтіреді, және, ережеге сәйкес маманданған аудармашы мұндай көзқарастардан бас тартады және аударма барысында бұны қолданбайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]