- •050207 – Аударма ісі мамандығының студенттері үшін
- •Пәннің оқу бағдарламасы (Силлабус)
- •Оқыту формасы Күндізгі
- •Астана - 2013
- •1. Оқытушы (office-hour):
- •4.2. Курстың міндеттері:
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж-дің мазмұны мен тапсыру уақыты
- •Пайдаланылатын әдебиет тізімі негізгі әдебиет
- •Қосымша әдебиет
- •Дәрістер кешені
- •Семинар сабақтар кешені
- •Күнтізбелік жоспар
- •Білімді бағалаудың жалпы кестесі
- •Студенттердің сабаққа қатысуы және ағымдағы үлгерімін бағалау өлшемдері
- •Студенттердің ағымдық үлгерімі мен сабаққа қатысуын бағалау өлшемдері
- •Оқу пәнін бақылаудың түрлері
- •Курстың саясаты:
- •Пән бойынша студенттермен жұмыс істеу барысы мен саясаты
- •Апелляция өткізу рәсімі
- •Кітаппен қамтамасыз ету – маусым 2013 ж.
- •Сөож, сөж-ді жаздыруға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Оқу пәнін бақылаудың түрлері
Бақылау түрлері:
Ағымдағы бақылау: библиографиялармен жұмыс істеу, белгілі бір тақырыпқа сәйкес дөңгелек үстелдер өткізу, тренингтер, реферат жаза білу, тақырыпқа сәйкес баяндама жаза білу, СӨЖ тапсырмаларын орындау.
Аралық бақылау (коллоквиумдер, жазбаша бақылау жұмыстары): ауызша әңгімелесу, реферат жазу, лексика-грамматикалық тестер мен тапсырмалар.
Қорытынды бақылау: емтихан – тест
Студент практикалық сабақтарға толық қатысуы керек, СӨЖ тапсырмаларын өз уақытында тапсыруы керек. Келмеген сабақтардың тапсырамаларын басқа белгіленген уақытта тапсыруы керек. Барлық сабаққа дайындалып келуі керек. Ол сабақтар тексеріліп отырады және ол бағалар қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
Коллоквиум тапсыруға қойылатын талаптар : қойылған сұрақтарға жауап бере білуі керек.
Жазбаша бақылау жұмыстарына қойылатын талаптар:
Студент өтілген тақырыпты меңгеруі тиіс, берілген тақырыпқа жазбаша баяндама жасай білуі керек.
СӨЖ тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар: әр студент тапсырманы жеке орындауы шарт және тапсырмалар белгіленген кесте бойынша тапсырылады.
Реферат жазуға қойылатын талаптар: реферат жазуда оның жазылу құрылымын, ресімделу тәртібін қатаң сақтай білу керек (жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі) Сыртқы беті стандарт бойынша компьютерде терілуі керек. Әдебиет тізіміне сілтемеде қолданылған дереккөздер кіреді. Орындалған жұмыстың көлемі басылған 15-20 беттен тұрады.
Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар:
Емтихан кешенді 2 кезеңде тестілеу түрінде өткізіледі. Қорытынды емтихан барлық өтілген материалды қамтып, студенттің білімін бақылауға арналады.
Қорытынды баға аралық бақылау мен емтихан бағасының қорытындысынан тұрады.
Курстың саясаты:
Студент барлық аудиториялық сабақтарға және пікірталастарға, дөңгелек үстелдерге, тренингтерге белсенді түрде қатысуы керек.
Сабаққа 100 пайыз қатысу қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
Тапсырманы өз уақытында орындау мен тапсыру міндетті талаптар болып табылады:
1) практикалық, жеке тапсырмалар
2) барлық өздік тапсырмалар (СОӨЖ);
3) барлық аралық және қорытынды бақылау (коллоквиум, бақылау жұмысы, емтихан).
Өз уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмен бағаланады. Емтиханда және жазбаша жұмыс орындауда көшіруге қатаң тыйым салынады. Осы талаптарды орындамаған студент емтиханнан шығарылып жіберіледі, жұмысы жоққа шығарылады.
Курсты өту барысында өз бетінше орындау үшін пәннің нақты тақырыбына сәйкес тапсырмалар беріледі. Жазбаша жұмыстың көлемі 2-3 беттен кем болмауы керек. Жұмыс жасау барысында студент қойылған міндетке шығармашылықпен қарап, әдебиетпен жұмыс жасай білуі керек. Тапсырма алған студентке оны орындауға 3 күн уақыт беріледі. Дәлелсіз себеппен сабаққа қатыспауға қатаң тыйым салынады. Аудиторияда тәртіп сақтау керек (ұялы телефондарын сөндіріп қоюы, кедергі келтіріп сөйлеспеуі, оқу құралдары мен үстелдерге жазбауы, сабақ уақытында аудиториядан шықпауы керек).
Пән бойынша студенттермен жұмыс істеу барысы мен саясаты
1. Ағымдағы бақылау төмендегіше бағаланады:
а) сабаққа қатысу – 1 балл
б) сабақтағы белсенділік – 1 балл
в) тапсырманы өз уақытында тапсыру – 1 балл
г) қосымша тапсырмаларға – 2 балл
2. Аралық бақылау (Р1; Р2) төмендегіше бағаланады :
а) Ағымдағы бақылау бойынша балл мөлшері аралық бақылау қорытындысы бойынша балл нәтижелерін құрайды
б) кешіккені үшін айып мөлшері – (0,5 б кешіккенге)
в) сабақтан қалғаны үшін айып мөлшері –(1 б қалғаны үшін)
г) аудиториядағы тәртібіне айып мөлшері ( 0,3 б бастап 1 б дейін)
д) өз уақытында тапсырылмаған жұмысқа айып мөлшері ( 0,3 б бастап 1 б дейін)
