- •050207 – Аударма ісі мамандығының студенттері үшін
- •Пәннің оқу бағдарламасы (Силлабус)
- •Оқыту формасы Күндізгі
- •Астана - 2013
- •1. Оқытушы (office-hour):
- •4.2. Курстың міндеттері:
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж-дің мазмұны мен тапсыру уақыты
- •Пайдаланылатын әдебиет тізімі негізгі әдебиет
- •Қосымша әдебиет
- •Дәрістер кешені
- •Семинар сабақтар кешені
- •Күнтізбелік жоспар
- •Білімді бағалаудың жалпы кестесі
- •Студенттердің сабаққа қатысуы және ағымдағы үлгерімін бағалау өлшемдері
- •Студенттердің ағымдық үлгерімі мен сабаққа қатысуын бағалау өлшемдері
- •Оқу пәнін бақылаудың түрлері
- •Курстың саясаты:
- •Пән бойынша студенттермен жұмыс істеу барысы мен саясаты
- •Апелляция өткізу рәсімі
- •Кітаппен қамтамасыз ету – маусым 2013 ж.
- •Сөож, сөж-ді жаздыруға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Пайдаланылатын әдебиет тізімі негізгі әдебиет
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
Болғанбайұлы. Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы –А., 1997.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. –А., 1983
Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. -А.,1991
Қосымша әдебиет
1.Қалиев Б., Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері. –А., 2002
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі –А.,2004
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы//Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі - А.,1977
Смағұлова Г. Мағыналық фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. .-А.,1998
Қазақ грамматикасы. – А,, 2002.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –А., 1967.
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –Алматы, 1966.
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы,1977.
Динаева Б.Б. Қазақ тіліндегі паремиялардың танымдық-прагматикалық аспектісі. – Астана, 2006.
Исаев С. Қазақ тілі. – А., 1996
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. – А., 1992
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – А., 1998
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1992
Әміров Р. Жай сөйлемнің синтаксисі. –А., 1983
Есенов Қ. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі. – А., 1995
Сайранбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. – А., 1991
Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – А., 1994
Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары. – А., 1192
Қалиев Ғ., Оралбаева Н және т.б. Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. – А., 1997
Дәрістер кешені
1-тақырып
Фонетика. Фонология. Морфонология
Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесін, фонема мен дыбыстың айырмашылығын, интонема ұғымын, морфонологияның фонетикадан өзгешелігін ұғындыру
Тақырыптың сұрақтары:
Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
Фонология. және фонеманың айырымдық белгілері.
Дыбыс пен әріп.
Екпін. Интонация.
Морфонология
Тезистер: Қазақ тілінің дыбыстары дауыссыз және дауысты болып екіге бөлінеді. Олардың айырым белгілері: а) дауысты дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі толық тербеледі; ә) дауысты дыбыстар буын құрайды; б) дауысты дыбыстар жасалғанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай шығады. Дауыссыз дыбыстар: а) дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі кем тербеледі немесе мүлде тербелмейді; ә) дауыссыз дыбыстар буын құрамайды; б) дауыссыз дыбыстар жасалғанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында сөйлеу мүшелерінің бірінің кедергісіне ұшырап шығады.
Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстарының жүйесі 9 дауысты дыбыстан құралады. Олар: а, ә, ы, і, ұ, ү, о, ө, е. Дәстүр бойынша дауысты дыбыстардың құрамына қазақ тіліндегі дауыстылардың үндесім түрлерінің (вариант, аллофон) бәрін кіргізіп келеді. Сондықтан да қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар деген пікір қалыптасып қалған. Жалпы, қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтауда бір жүйелік жоқ. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Жалаң дауыстыларға а, ә, ұ, ү, ы, і дыбыстары, ал құранды дауыстыларға о, ө, е дыбыстары жатады.
Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстарының жүйесі 17 дыбыстан құралады. Олар: б, д, ғ-г, ж, з, й, , л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш. Дәстүр бойынша ғ-г, қ-к дыбыстарының жасалым айырмашылықтарын ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп есептеліп келеді. Қазіргі фонетикада олардың бір дауыссыздың үндесім варианты екендігі айтылып, олар бір дауыссыз деп қарастырылады. Дауыссыздар 1. Жасалу орнына қарай: а) ерін-ерінді дауыссыздар; ә) тіл ұшы дауыссыздар; б) тіл ортасы дауыссыздар; в) тілшік дауыссыздар деп, 2. Дауыс қатысына қарай: а) қатаң; ә) ұяң; б) үнді деп бөлінеді.
Қазақ тілі үндесім дыбыстары. Қазақ тіліндегі үндесім құбылысы. Тіл-тілде сөздің құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстарды ұйыстырып, бас-аяғы бүтін бір сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс болады. Ондай құбылыс барлық тілге бірдей ортақ болмайды, бір не туыстас тілдер тобына ғана тән болады. Қазақ (түркі) тіліне тән мұндай құбылыс – үндесім (сингармонизм) құбылысы. Үндесім заңы дыбыстарды алдымен буынға біріктіреді (егер сөз бір буынды болса), содан соң буындарды сөзге біріктіреді (егер сөз екі не көп буынды болса). Ендеше үндесім құбылысы – буын мен сөзге тән бірлік. Қазақ сөзін (буынан) сөз етіп тұрған үндесім болғандықтан, қазақ тіліндегі дыбыстардың нағыз құрамы мен жүйесін тек үндесім талдаудың нәтижесінде ғана табуға болады. Дәстүрлі қазақ фонетикасы дауысты дыбыстарды үндесім (фонология) тұрғысынан, ал дауыссыздарды «әліпби-дыбыс» (бейүндесім) тұрғысынан қарастырып келеді. Сөйтіп, қазақ дыбыстарының жартысы бір қисынмен, жартысы екінші қисынмен түсіндірілді. Осыған орай, «қазақ тілінде тек дауыстылар үндеседі, ал дауыссыздар көрші дыбыстардың ықпалында болады» деген ереженің жаңсақ екенін айта кету керек.
Бақылау тапсырмалары: «Сөздің фонетикалық жақтан мүшеленуі» тақырыбына реферат жазу
Әдебиет:
1. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
2. Аханов К, Тіл білімінің негіздері. –Алматы, “Санат”, 2003
3. Хасенов Ә. Тіл білімі. –Алматы, “Санат”, 2003
4. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, “Дарын”, 2003
2-тақырып
Лексикология және оның түрлері мен салалары. Тілдің сөздік құрамы. Семасиология
Дәрістің мақсаты: Тілдің актив және пассив лексикасы, сөздік қор мен сөздік құрам және оның дамуы, лексикадағы парадигмалық, синтагмалық байланыстар туралы түсінік. Лексикологияның негізгі нысаны – сөз.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Тілдің актив және пассив лексикасы, сөздік қор мен сөздік құрам және оның дамуы
2. Лексикадағы парадигмалық, синтагмалық байланыстар
3. Тарихи сөздер. Архаизмдер. Диалектілік лексика. Кәсіби сөздер.
4. Әлеуметтік лексика. Омонимдер. Антонимдер. Синонимдер.
.
Тезистер: Кез келген тілдің лексикасының негізі – сол тілдің негізгі сөздік қоры, яғни ежелден келе жатқан байырғы лексикасы. Байырғы лексика дегеннің ұғымы кең: бұған халық тіліндегі тбір сөздер, одан неше түрлі амал-тәсілдер арқылы туындаған түбірлес сөздердің бәрі кіреді. Байырғы лекискаға тілдегі заттармен күллі табиғат құбылысы атаулары, физиология, биология, геолгия т.б. қатысты сөздер, кәсіп құралдары, сын-сапа, іс-әрекет атаулары т.б. жатады.
Тілдің лексикасы үнемі даму, баю процесінде болады. Тіл өз дамуының заңдылықтары мен ішкі мүмкіндіктері арқылы лексикасын сан жаынан да, сапа жағынан да қорландырып, жаңа сөздермен толықтырып отырады. Тілдің сөздік құрам, негізінен, үш түрлі амал-тәсіл арқылы молаяды: бірінші – лексика-семантикалық тәсіл арқылы, екінші – лексиканың морфологиялық тәсіл арқылы қорлануы, үшіншісі – лексиканың синтаксистік тәсіл арқылы қорлануы Семасиология – лексикологияның үлкен бір саласы. Ол – тіл блімінде тілдік единицалардың мағынасын тексеретін ілім. Сөз мағынасының қыр-сыры көп. Белгілі бір сөз алдымен тура – номинативті мағынасында қолданылады, дәл осы сөз екінші бір тіркестерде, сөйлем ішінде тура мағынасынан басқа мағынада қолданылуы мүмкін, бір емес, бірнеше мағынада қолданылуы мүмкін. Сөздің қандай мағынада қолданылып тұрғанын дәл анықтайтын жер – контекст. Сөздің көп мағыналылығын полисемия деп атайды. Дәлірек айтсақ, сөздің әртүрлі контексте әртүрлі мағына беруін полисемия деп атайды. Полисемияға жататын сөздердің мағыналары арасында мағыналық байланыс, жақындық болады.
Бақылау тапсырмалары: «Сөз және оған тән белгілер» тақырыбына реферат әзірлеу
Әдебиет:
1. Аханов К, Тіл білімінің негіздері. –Алматы, “Санат”, 2003
2. Хасенов Ә. Тіл білімі. –Алматы, “Санат”, 2003
3. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, “Дарын”, 2003
4. Головин Б.Н. Введение в языкознание. – М., Высшая школа, 1966
5. Кодухов В.И. Введение в языкознание. –М., Просвещение, 1979
6. Маслов Ю.С. Введение в языкознание. –М., Высшая школа, 1975
7.Реформатский А.А. Введение в языкознание. –М., Просвещение, 2002.
3-тақырып
Лексикологиядағы сөз мағынасы және ақпарат.
Дәрістің мақсаты: Сөздің лексикалық мағынасы семасиологияда бірнеше түрге бөлінетіндігі турасында ақпарат беру
Тақырыптың сұрақтары:
Сөздің лексикалық мағынасының берілу жолдары
Сөз мағынасы және ақпарат.
Бағалауыштық мағына.
Тезистер: Қоғамның, тілдің тарихи дамуына байланысты кейбір сөздер лексикадан мүлдем шығып қалады. Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы, сөз мағынасын түрлі-түрлі тәсілдер арқылы ауыстырып қолдану, молайта түсу – тілдің лексикасын сан жағынан емес, сапа жағынан дамытып, дамытудың өнімді жолдарының бірі. Метафора – белгілі бір ұқсастықтарына қарай екі я одан да көп зат немесе құбылыстың бір атаумен аталуы. Бұл жерде ұқасастық дегеннің ұғымы кең: заттар мен құбылыстар түр-түсі жағынан ұқсас болып келуі мүмкін, бір атаумен аталатын зат немесе құбылыстың бірі өмірде бар, ақиқат болуы, ал осы дәл сол атаумен беріліп, белгілі бір сөз тіркесі құрамында қолданылған екінші бір заттың өзі нақты болмауы мүмкін. Метонимия – белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реалды байланыстылығына қарай мағына ауыстыру амалы. Метонимияның метафорадан айырмашылығы мынау: метафора, негізінен, ұқсас екі зат немесе құбылысты бір-ақ атаумен атаса, метонимия ойда сақталынып тұрған бірір сөзді айтпай-ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйдырып жібереді. Ондайда екі немесе одан да көп сөз мағынасы сол сөздер орнына қолданылған бір-ақ сөзден оп-оңай аңғарылады. Себебі, метонимия халық тілінде ертеден бермен қарай қалыптасқан ұғымдарға сәйкес жасалады. Синекдоха – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні немесе, керісінше, жалқының орнына жалпыны қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру тәсілі.
Сөздің мағыналық құрылымы түрлі семантикалық компоненттерден, ірілі-уақты мағыналық бөліктерден құралатыны белгілі. Қазіргі тіл білімінде мағынаның құрылымдық бөліктері семантикалық белгі, семантикалық компонент, сема, ұғым белгілері, мағына элементі, мағына бөлшегі сияқты көптеген атаулармен аталып жүр. Сөз мағынасының ең кіші мағыналық бөлшегі болып табылатын осы семантикалық белгілердің әрқайсысы таңбаланушының түрлі қасиеттері туралы мәлімет береді. Егер сөздің мағыналық құрылымына талау жасай бастасақ, онда әр семаның сөз арқылы ұғым жөнінде беретін жалпы ақпаратының жеке-жеке бөліктерін құрайтынына көз жеткізе бастаймыз.
Бақылау тапсырмалары: «Қазіргі қазақ тіліндегі бағалау мағынасы» тақырыбына ғылыми жоба әзірлеу
Әдебиет:
Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. –А., 1983
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. – А., 2003
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. – А., 2004
Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. -А.,1991
Қалиев Б., Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері. –А., 2002
4-тақырып
Грамматика және оның салалары. Грамматикалық форма және сөз формалары
Дәрістің мақсаты: Грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық форма туралы түсінік беру
Тақырыптың сұрақтары:
Грамматика және оның салалары.
Грамматикалық форма және сөз формалары туралы түсінік
Грамматикалық тәсілдер: аффиксация тәсілі, ішкі флексия тәсілі, қосарлану тәсілі, бірігу тәсілі, көмекші сөздер тәсілі, сөздердің орын тәртібі арқылы, екпін және интонация тәсілдері.
Тезистер: Сөзде лексикалық және грамматикалық мағына болады. Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әртүрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Олар мыналар: 1) аффиксация тәсілі, 2) ішкі флексия тәсілі, 3) қосарлану тәсілі, 4) көмекші сөздер тәсілі, 5) сөздердің орын тәртібі тәсілі, 6) екпін тәсілі, 7) интонация тәсілі.
Аффиксация тәсілі - түбірге немесе негізге аффикстер жалғану арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Бұл, әсіресе, түркі тілдерінде жиі қолданылады. Орыс тіліндегі түбір мен аффикстердің жымдаса, кіріге қосылуы – фузия, түркі тілдеріндегі жалғаса қосылу - агглютинация деп аталады. Ішкі флексия тәсілі – түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі. Ішкі флексия түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі, сыртқы флексия – жалғау қосылу.Ішкі флексия айрықша қызмет атқаратын тілдер флективті тілдер қатарына жатады. Қосарлану тәсілі – екі сөздің қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілу тәсілі. Көмекші сөздер тәсілі – көмекші сөздер арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Көмекші сөздердің түрлері көп, сондықтан олардың білдіретін грамматикалық мағыналары да әртүрлі. Олар – жалғаулықтар, септеуліктер, демекуліктер, көмекші етістіктер. Сөздердің орын тәртібі тәсілі грамматикалық тәсілдердің бірі. Сөз түрлендіруші формалары жоқ немесе аз тілдерде сөздердің орын тәрбінің мәні айрықша. Екпін тәсілі – сөз екпіні тиянақсыз, яғни жылжымалы болса, ол да грамматикалық тәсіл ретінде қызмет атқарады. Екпін бір буыннан басқа буынға жылжыса, әртүрлі грамматикалық мағынаны білдіреді.
Бақылау тапсырмалары: «Грамматикалық категория және олардың сөз таптарына қатысы» тақырыбына хабарлама әзірлеу
Әдебиет:
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –А., 1967
Исаев С. Қазақ тілі. – А., 1996
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі –А.,2004
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
5-тақырып
Сөздің морфемалық құрылымы және мағыналық бөлшектері. Түбір морфема және негіз. Аффикстік морфема және олардың түрлері. Морфология
Дәрістің мақсаты: Сөз таптары. Сөз таптары туралы мәселенің тіл білімінде қойылысы.
Тақырыптың сұрақтары:
Сөздің морфемалық құрылымы және мағыналық бөлшектері.
Түбір морфема және негіз.
Аффикстік морфема және олардың түрлері.
Морфологияның жалпы мәселелері.
Сөздің морфологиялық құрылымы
.
Тезистер: Сөз құрамы – морфологияның негізгі нысанының бірі. Сөз құрамы деген ұғым морфема деген ұғыммен тығыз байланысты. Өйткені тілдегі кез келген сөз ең кем дегенде бір бөлшектен құралады. Сол бөлшекті морфема деп атайды. Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі. Морфема сөз құрамы ішінде қолданылады. Сөз құрамындағы әрбір морфеманың өзіндік дербес мағынасы болады. Морфемалар үш түрлі белгісіне, біріншіден, білдіретін мағынасының сипатына қарай, екіншіден, сөз ішіндегі орнына қарай, үшіншіден, сөз ішіндегі атқаратын қызметіне қарай сараланып ажыратылады. Бірақ морфема сөздің дыбыстық құрылымына бағынышты болмайды; тіл-тілде сөз құрамындағы морфемалар жігі сол сөз ішіндегі буын жігіне сай келуі, сай келмеуі де мүмкін.
Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әртүрлі. Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндер де, грамматикалқ мағынаны білдіретіндері де бар. Лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады да, лексика-грамматикалық немесе грамматикалық мағыналарды білдіретін морфемалар аффикстік морфема немесе көмекші морфемалар деп аталады. Әртүрлі тілдердігі түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты әртүрілі болып келеді.
Түбір деп сөздің ешбір жұрнақсыз-ақ, заттық (кейде лексикалық) мағына бере алатын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін түп бөлшегін айтамыз. Негіз деп сөздіңң ешбір жалғааусыз-ақ (жұрнақсыз емес) өз алдына тұрып лексикалық мағына бере алатын, өзгермейтін, түрленбейтін негізгі бөлшегін айтамыз. Негіз, әдетте, түбірден де, түбір мен жұрнақтың қоысындысынан да жасала береді. Яғни түбір сөз де, туынды сөз де негіз бола алады. Осыған орай олар түбір негіз, туынды негіз деп аталады. Түбір сөз әр сөз таптарына ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Негіз белгілі бір сөз табына жататын әртүрлі формаларға ортақ морфема ретінде қызмет атқарады.
Түбір морфема мен аффикстік морфемалардың айырмашылығы – егер аффикстік морфемалар сөздердің белгілі бір тобының құрамында ғана қолданылса, түбір морфемалар бір емес, әр басқа сөз табына қатысты сөздердің құрамында ұшыраса береді.
Бақылау тапсырмалары: «Сөз таптары және олардың жіктелуі. Сөз таптарының шығуы мен дамуы» тақырыбына ғылыми жоба әзірлеу
Әдебиет:
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –А., 1967
Исаев С. Қазақ тілі. – А., 1996
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі –А.,2004
6-тақырып
Синтаксис. Сөз тіркесі синтаксисі
Дәрістің мақсаты: Қазіргі қазақ тілі синтаксисінің бүгінгі жайы, сөз тіркесі синтаксисі туралы мәселенің қойылысы туралы
Тақырыптың сұрақтары:
Сөздердің байланысу амалдары мен формалары.
Сөз тіркесі және оған тән басты белгілер.
Сөз тіркесінің түрлері
Тезистер: Сөз тіркесі сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолнанылуынан жасалады. Сөз тіркесі жасалу үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жағынан байланысты айтылуы шарт. Егр біз сөз тіркесін – толық мағыналы екі сөздің бір-бірімен байланысы десек, ол байланыс екі түрлі болады. Бірі – мағыналық жағынан, екіншісі – грамматикалық жағынан байланыс. Мағыналық жағына байланыс деп сөздердің сөз табы ретіндегі жалпы категориялық мағынасын, ал грамматикалық жағынан байланыс деп – бір сөздің басқа бір сөзге грамматикалық жағынан бағыныштылығын айтамыз. Яғни сөз тіркестеріндегі сөздер белгілі бір грамматикалық формада тұрып, олардың бірі – бағыныңқы (тәуелді), екіншісі – басыңқы (ұйытқы) жағдайда байланысады.Сөз тіркесіндегі басты рөлді оның басыңқы сыңары атқарады. Басыңқы сөздің қай сөз табынан болуынң үлкен мәні бар. Өйткенісөз тіркесінің құрылымы оның құрамындағы ұйтқы сөздің қай сөз табына қатысты болуына қарай айқындалады. Мәселен, басыңқы сөз зат есім болса, ол өзінің алдында тұрған анықтауыш сөздермен, яғни сын есім, сан есім, есімдік, есімшелермен тіркеседі. Сын есімдер басыңқы сыңар болғанда өзінің алдындағы есімдердің атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұруын талап етеді. Етістіктер ұйтқы сөздер ретінде өздеріне бағынышты зат есімдермен де, үстеулермен де, көсемшелермен де, еліктеу сөздермен де тіркесе береді. Синтаксистік байланыстың тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Қиысу деп – басыңқы сөз бен бағыныңқы сөздің бір-бірімен жекелік-көптік жағынан, септік жағынан, тек жағына байланысуын айтамыз. Қиысу орыс тілінде сөз тіркесіне де, сөйлемге де қатысты болса, қазақ тілінде ол тек сөйлемге қатысты. Ол предикаттық байланыс деп аталады. Матасу – ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысы. Меңгеру – басыңқы сөз (етістік) бағыныңқы сөздің (зат есім) атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұруын талап ететін байланыс. Қабысу - басыңқы сөз бағыныңқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысуы.
Жанасу – егер қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңары зат есім болса, жанаса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңары етістік болады. Тілдің сөз байлығын зерттейтін ғылым, лексикология. Тілдегі сөздердің шығу тегін зерттейтін ғылым этимология. Тілдегі сөздердің мағынасын тексеретін ғылым семасиология. Күнделікті қолданыстан шығып қалған заттар мен құбылыстардың атаулары архайзмдер. Қазір жаңа мәнге ие болған, заттар мен құбылыстардың атаулары, неологизмдер. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе алмастыруға болатын, еркін тіркес. Мағынасы біртұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, фразеологиялық тіркес. Көнбіс, момын мағыналарын білдіретін фразеологизм, ит жанды. Жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын сөздер, диалектілер. Синонимдік қатар: батыр, батыл, қаһарман, ер жүрек. Атын тура айтуға тиым салынған сөздер:табу. Тіліміздегі дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту: эвфемизм. Тұрақты тіркестер -екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері. Тас бауыр тұрақты тіркесінің мағынасы: мейірімсіз Қорқақ сөзінің фразеологизімі: су жүрек. «Көз ілмеді» фразеологизмінің синонимдік баламасы: көрер таңды көзімен атырды. Тұрақты сөз тіркесінің антонимдік жұбы: көзді ашып жұмғанша – ит арқасы қиянда. Басқа тілден енген сөздерді: кірме сөздер. Белгілі бір тілдегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын: диалект. Ауыспалы мағынаның берілу жолдары, метафора, метонимия, синекдоха. Лексикологияның зерттеу обьектісі, сөз мағынасы. Синонимдердің сөйлемдегі қызметі, анықтауыш. Көзді ашып-жұмғанша тұрақты тіркесінің баламасы: лезде, сәтте, тез. Лингвистика ғылымына байланысты терминдер, сема, синтагма, дифтонг. Тіркестер арасынан еркін тіркесті тап, жүрегі соғу. Тұрақты сөз тіркесі, жүрегінің түгі бар. Мақалдардағы антонимдік қолданыстағы сөздер, Жақсы көргенін айтады, жаман бергенін айтады.Еріндік дауыстылардан тұратын сөздер, су ту қу. Сөздердің дыбысталуы бірдей, мағыналары басқа болу құбылысы, омонимия. Сөздердің дыбысталуы басқа, мағыналары бір-біріне жақын болу құбылысы.синонимия Тілдің дыбыстық құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы, фонетика. Фонема -сөздер мен сөздердің мағынасын ажыратуға мүмкіндік беретін тілдік жүйенің ең кіші дыбыстық бірлігі.Тіл дыбыстарының физикалық сипаты мен ерекшеліктерін акустикалық фонетика зерттейді. Езулік дауыстылардан тұратын сөздер ала қала. Дауыссыз дыбыстардың түрі. Дауысты дыбыстардың түрі. Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы. Түбір морфема, сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі. Түбір морфемадан сөз тудыратын аффикстер - сөз тудырушы аффикстер. Толық мағыналы екі сөздің бір-бірімен байланысы- сөз тіркесі. Қазақ тіліндегі бастауыш пен баяндауыштың байланысы қиысу. Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысы-матасу. Бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен қосымшасыз, іргелес тұру арқылы байланысуы, қабысу. Бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен қосымшасыз, алшақ тұру арқылы байланысуы, жанасу. Сын есімдерге тән мағына, атрибутивтік мағына. Үстеуге тән мағына, адьвербиалды. Сөздің лексикалық мағынасына қосылған үстеме мағына, грамматикалық мағына. Мысалы, "Еріншектің ертеңі бітпес" сөйлеміндегі үстеудің синтаксистік қызметі, бастауыш."Бірталайымен қол алысып амандасты" сөйлемінде үстеу, толықтауыш. Толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөйлемді байланыстырып, әртүрлі грамматикалық мағына үстейтін сөздер, шылаулар. Зат есімдерден болған омонимдер: өң, түр, түс, келбет, пішін. Етістіктерден болған синонимдер:амандасу, сәлемдесу, есендесу.Үстеулерден болған синонимдер: тез, жылдам, шапшаң, лезде. «Ғажап» сөзінің синонимі: керемет. Морфологияның зерттеу обьектісі, сөздік қор, сөздер құрам, сөз таптары.
Грамматика - тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім. Лингвистика - тіл туралы ғылым. Морфология - тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім. Морфема -сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі. Пунктуация - тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала. Сингармонизм сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі. Фразеология тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім Төл сөз. Төлеу сөз. Тұрлаулы мүшелер. Тұрлаусыз мүшелер. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша. Жай сөйлемнің түрлері. Сын есімнің синтаксистік қызметі. Зат есімнің синтаксистік қызметі. Етістіктің синтаксистік қызметі. Үстеудің синтаксистік қызметі. Аналитикалық тәсіл қосмымшаны қажет етпейді, интонация, орын тәртібі, шылау арқылы байланысады.Синтетикалық тәсіл-құрамындағы сөздер жалғаулар арқылы байланысады. Аналитикалық - синтетикалық тәсіл аналитикалық – ситетикалық тәсілдің бірлесе келуінен туындайды. Сөздердің байланысу формалары сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесі. Тіркесімділік – бірнеше сөздің бағыныңқы-басыңқылық байланысын зерттейді. Тіркесімділіктің түрі (Актив,пассив). Предикативтілік-сөйлемді сөйлем ететін ең басты синтаксистік категория. Сөйлем мүшелерінің қызметі бар: бастауыш-субьектінің формасы, баяндауыш - предикаттың іс-сапасының формасы, толықтауыш - обьекті формасы, пысықтауыш - адьвербиалдың формасы, анықтауыш-атрибуттық форма т.б. Сөйлем мүшесі - грамматикалық мағынаға ие болып, сөйлемде белгілі бір қызмет атқаратын сөйлем бөлшегі. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтау, синонимдік қатарды көрсету, жалғауы үяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табу, тек үнді дауыссыздары бар сөзді табу, сейлемдегі есімдіктердің түрін анықтау, шартты райлы етістікті табу, бірыңғай тұйық буынды сөздерді табу, жекіру одағайын табу т.б. сияқты мәселелерді меңгерту.
Бақылау тапсырмалары: «Синтаксистік байоаныс деңгейлері» тақырыбына конспект әзірлеу
Әдебиет:
Исаев С. Қазақ тілі. – А., 1996
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. – А., 1992
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – А., 1998
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1992
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
7-тақырып
Синтаксис. Жай сөйлем және құрмалас сөйлем синтаксисі
Дәрістің мақсаты: Жай сөйлем түрлері, құрмалас сөйлемдер туралы қазіргі қазақ тіліндегі мәселелер туралы ақпарат беру
Тақырыптың сұрақтары:
Сөйлем және оған тән басты белгілер.
Сөйлемнің түрлері
Жай сөйлемнің жасалымы, түрлері
Құрмалас сөйлемнің жасалымы, түрлері
Тезистер: Сөйлем – ең басты тілдік бірліктердің бірі. Ол – коммуникативтік қызметі бар синтаксистік бірлік. Мұнадағы «коммуникативтік» деген сөз – «бір нәрсе жайында забар беру» дегенді білдіреді.
Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығы бар. Мысалы, жер жыртты деген мен жер жырту дегенді салыстырып көрелік. Мұның біріншісі – сөйлем, екіншісі – сөз тіркесі. Сөйлем бірдеме жайында хабар береді. Ал сөз тіркесі бір нәрсені атайды. Бұл сөйлем коммуникативтік қызмет, ал сөз тіркесі номинативтік қызмет атқарады деген сөз. Десек, сөйлемнің өзіне тән құрылымдық үлгісі болады екен. Ол үлгі – бастауыш-баяндаыштық құрылым, яғни предикаттық қатынас. Сөйтіп, сөйлем дегеніміз – құрылымдық үлгісі бар синтаксистік бірлік. Ол бірдеме жайында хабарлайды, коммуникативтік қызмет атқарады. Осы тұрғыдан қарағанда, тілімізде кездесетін Қап! Бәрекелде! Жақсы. Алло! Жақсы. Алло! Немене? Кеш жарық! Рахмет! Бар. Жоқ. Иә. Ей, жігіттер! Деген сияқты айтылыстар сөйлем бола алмайды. Өйткені оларда сөйлемдік, яғн, бастауыш-баяндауыштық құрылым жоқ және олар бір нәрсе жайында хабар бермейді.
Сөйлемге тән белгілердің бірі – интонация. Өйткені кез келген сөйлем белгілі бір интонациямен айтылад. Сондықтан сөйлем сөз тіркесінен құрылымдық үлгісі жағынан ғана емес, интонациясы жағынан да ажыратылады. Берілген хабардың мақсатына және құрылымына қарай сөйлемдер екі топқа бөлінеді: хабарлы сөйлемдер және сұраулы сөйлемдер. Хабарлы сөйлем де, сұраулы сөйлем де интонациялық тәсілдер арқылы лепті сөйлемге айналуы мүмкін.
Сөйлемдер өзін құрастырушы сыңарлардың сипатына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді. Жай сөйлем 2-3 сөз тіркестерінен жасалса, құрмалас сөйлем екі не үш жай сөйлемнен жасалады.
Бақылау тапсырмалары: «Сөйлем және пайымдау» тақырыбына реферат әзірлеу
Әдебиет:
Исаев С. Қазақ тілі. – А., 1996
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. – А., 1992
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – А., 1998
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1992
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
8-тақырып
Күрделі синтаксистік тұтастық. Синтаксистік құрылымдардың синонимдігі
Дәрістің мақсаты: Күрделі синтаксистік тұтастық ұғымы, «динамикалық» сөйлемді тізбекті күрделі синтаксистік тұтастық туралы, синтаксистік синонимия туралы түсінік
Тақырыптың сұрақтары:
Күрделі синтаксистік тұтастық
Синтаксистік құрылымдардың синонимиясы.
Тезистер: Синт-к синонимия реалды шындықтың сан алуан факторларының әртүрлі нәзік реңтерін синт-к құралдар арқылы дәл берудегі тілдің мол мүмкіндігін танытады; реалды қатынастардың анық берілуін қамтамасыз етеді; бір құрылымның орынсыз қайталана бермей, түрлі құрылымдарда келіп, соның нәтижесінде сөйлеу (жазу) тіліміздің сүлулана түсуіне әсерін тигізеді.
Әңгіме синт-к синоним жайында болғандықтан, мұндайда синт-к қатынастың жетекші орын алатыны түсінікті. Синт-к қатынас дегенде сол қатынастың бірдейлігі ескерілуі тиіс. Мәселен, Алматыдан келе жатыр мен Алматыға келе жатыр мысалдарында кеңістік қатынас болғанмен, бұл құрылымдар өзара синонимдес бола алмайды, себебі біріншісі, шыққан жерді білдірсе, екіншісі бағыт-бағдарды көрсетеді. Демек, синт-к синоним болу үшін екі құрылым да бір қатынасты білдіруі тиіс. Алматыдан келе жатыр-Алматы жақтан келе жатыр немесе Алматыға келе жатыр-Алматы жаққа келе жатыр.
Синт-к синонимнің екінші қағидаты – лексикалық құрамның ортақтығы. Айталық Алматыдан келе жатыр мен Мәскеуден келе жатыр құрылымдарының екеуінің де кеңістік қатынасты, оның ішінде шыққан жерді, бірыңғай қатынасты білдіргендеріне қарамастан, бір-бірімен синоним болмауының басты себебі – лексикалық құрамының әртүрлі болып келгендігінен деп қараған жөн. Нақтырақ айтқанда, екі құрылымның біріншісінде бар сөз (Алматыдан) екіншісінде жоқ және керісінше, екіншісінде бар сөз (Мәскеуден) біріншісінде болмай тұр. Сондықтан Мәскеуден келді-Мәскеу қаласынан келді болса ғана, синоним деп қабылдаймыз.
Дәл осы жағдайды тек сөз тіркесіне байланысты ғана емес, сөйлемге қатысты да айтуға болады. Мынадай жұп сөйлемдерді синоним деп есептеу дұрыс емес: Сен келмегендіктен мен кинаға бара алмадым Билет болмағандықтан, театрға бара алмадым немесе Сен маған не айтқың келіп еді?-Сенің маған не көрсеткің келіп еді. Ал зейінділігін арқасында жақсы оқыды-зейінділігімен жақсы оқыды тіркестері синоним деп танылуы тиіс.
Лексикалық құрамның бірдейлігі дегенде, толық мағыналы сөздердің немесе «атауыш сөздердің» синонимдік қатар жасайтын құрылымдарда қайталанып келуін ескереміз. Ал көмекші сөздерге келетін болсақ, олар өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған, лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағыналарының басым болу себебінен, көбінесе, әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіріп, әр қилы грамматикалық қызмет атқаратын «жәрдемші сөз» болғандықтан, лексикалық құрамға айтарлықтай өзгеріс енгізе алмайды. Синт-к конструкциялардың (сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем) әртүрлі болуларына байланысты көмекші сөздердің де синонимге қатынасу дәрежесі әр алуан болып келеді. Қалай болғанда да, көмекші сөздердің синоним жасаудағы қызметін теріске шығарудың еш реті жоқ. Қайсыбір жағдайларда көмекші сөздің бір құрылымда болмай қалуының өзі осы екі конструкцияның синоним болуына мүмкіндік туғызады.
Сөз тіркестерінің синонимиясында бағыныңқы сыңарлардың әр тұлғада келуі міндетті деп есептеледі де, басыңқы сыңарлардың тұлғаларында еркіндік басым, яғни басыңқы тұлғалардың бірдей де, әртүрлі де болуы мүмкін.
Басыңқы сыңар қызметіндегі сөздердің қанша болуы синонимияда шешуші рөл атқармайды. Мысалы, синонимдік қатардағы бір сөз тіркесінде басыңқы сыңар орнындағы сөз бір ғана болуы мүмкін де, екінші сөз тіркесіндегі сөздің саны көп болуы да мүмкін. Таза сан жағынан алғанда олардың синонимдікке «кері әсері» байқалмайды. Осыған орай, екіншіден, синоним болатын сөз тіркестеріндегі басыңқы сыңар қызметіндегі негізгі (атауыш) сөздің түбірлес болып келуі заңды деп есептеледі: есіктен шықты-есік арқылы шығып бара жатты
Дәрістерді пысықтау жаттығулары
Орман еліміздің негізгі байлықтарының бірі. Сондықтан да ағаш дайындаумен бірге оны өсірудің де жолдарын кеңінен ойластырған жөн. Бұл ретте көшеттердің неғұрлым тез және жақсы өскені пайдалы (Ж.А.). Бізде жыл сайын мүғалімдер мәжілісі өтеді.
Институт маңы әдемі безендірілген екен. Қазір жүздеген гектар жердің егіні дестеленді. Бала су басынан кетпеді. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас (Абай). Бұл сөз Мұқаттың құлағынан өмір бойы кеткен жоқ.
Елінен безген ер оңбас. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір (Мақал). Оларға кішкентай қыз бала есікті ашты (М.Ш.), Адам деген даңқым бар (Абай). Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады (Мақал). Келген кісі Сәтжанмен танысқысы келетінін айтты (С.Б.) Қазір біз телефон арқылы ауылмен сөйлесіп тұрамыз (Р.М.). Түннің бір уағында бұлар Таушелекке жетті (С. Б.). Сатырлап жаңбыр жауып тұр. Көше қараңғы. Бір кезде машинаның жарығы түсті (Н.Р). Ырыс алды — ынтымақ (Мақал) Таң бозында атқа мінген үш салт атты суыт жүріп келеді (Р.С.). Жаңа – ескіге өлшеуіш. Жақсылар мен жайсаңдар келді. Бас бәйгеге ірі қара тігілді.Төртеу түгел болса, төбедегі келеді… Үшеуі келді. Екіншісі ақ көңіл кісі екен. Екі-үшеуі қатарласып келеді. Жиналғандардың оннан бірі ауыл адамдары екен. Мен сенің қателіктеріңді қайталамаймын. Өз қатеңді өзің түсін. Мұны сезген ешкім жоқ. Бұл – колхоз бағы. Сендерге не жетпейді? Бәрі ұмыт болады т.б. Бүгін - өткеннің нәтижесі. Еріншектің ертеңі бітпес. Аллаңнан ойбайым жақсы. Құстардың қиқулары құлақ тұндырады. Қарқын басылды. Балғаның тарсылы саябырлады т.б. Директордың табалдырығын тоздыру басталды. Тапа-тал түсте із жасыру оңай емес. Ішінде іліп алары жоқ. Оның кәсібі- кілем тоқу. Шопандар қалашығында электр шамы жарқырайды. Сәуленің ағасы сонда. Біз - бесеуміз. Қазақстан егемендік алды. Біз үнемі көңілді журеміз. Жақсы көпке ортақ. Үшеуі қосылып өлең айтты. Білім алу - студенттің ең басты борышы. Жалқаудың ертеңі бітпес. Келе жатқан күзетші Мәмет қарт көрінеді (Ғ.М.). Түсі ақ сұр келген, өзі қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей осы отырғанның бәрінен де сұлу.Сақал-шашы бір реңдес, қара бурыл Сүйіндік ...Қунанбайға тесіле қарамайды. Игілік Ұлытаудан бергі елдерді аралап қайтып еді. Сол күнгі ауаның райы да әлі күнге есімнен қалмайды. Өткен түнгі оқиға қала халқын теңселтіп жіберді. Жұрттың он алтыдағы баласы кісіге жалданып, я үйінде кәсіп етіп, әке-шешесін асырап отыр.
Жабай өзінің білместігінен ұялыңқырап қалды. Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды.Мұндай кезде Барлас Абайға кундізгі Барластан тіпті басқа боп көрінеді. Игіліктің шойындай күрең қошқыл бетінен еш нәрсенің елесі байқалмайды. Ешнәрсе демесе де, жолдасымның осы қарасынан жүрегім лоқсып қалғандай болды. Ұлағатты ұстаздан талай шәкірт тәрбие альт шықты. Ішінде қазақтан төртеуміз. Ендеше, осы естіген, көрген жайдан жыр туғызса нетеді?.Раушан Марияммен сүйісіп амандасты.Жақсы ісімен жақсы. Екеуі әзірше өткелсіз екі жғгада ... Кеше урядник осы хабарды әкелген екен, бүгін ел іші шапқын. Мен енді анамын! Қазір жұмыстың ауыры да, асығысы да осы.
Халық сөзі әрі мақтан, әрі міндет. Ол — ғалым, ақын және прозаик. Кетпеннің жоғары көтерілуі де, төмен түсуі де бір қалыпқа түсті. Төрт бөлмелі кең үйі салқын да жайлы. Үйге бардым да жата қалдым.Олар - Алатаудың сәнді де көрікті тұлғасына жалтақ-жалтақ қарап келеді. Оқушылар бірде оған, бірде маған сәлем береді. Үйге ұзын бойлы, бота тірсек жігіт кірді. Әке-шешем мен жолдасымнан аярым жоқ. Өзім туралы да, сен туралы да айтып бердім. Балам жөніңді айтшы бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңмен сәлем беріп тұрсың ба? Жоқ Бөжеке әкем емес өзім беріп тұрған сәлемім сізге (М.Ә.). Бұл етті тұрап бересің бе, нағашы? — деді Ботагөз.- Жоқ, шырағым, осы қалпында жейсіңдер(СМ.). Өлеңім, шарла ауылды! Тыңда, дала, Жамбылды! (Жамбыл). Менің білуімше, ол — аса сабырлы, салмақты, ізетті адам. Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Ендеше, бүгінгі күш сол Астананы салу үшін жұмсалсын, салыңдар, күшті! Сен, қыз, өзің, байқаймын, өткір көрінесің (С. Сарғ.).
Байқаймын, көңілі көтеріңкі. Балалар да, әрине, бұған үйренген. Мүмкін, сен де барарсың? Сол арада, шынын айту керек, аздап қуанып та қалдым. Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы! Жұмаш, бері келші, қалқам! Пай-пай, мына аттың аяқ басысын-ай! О, бәрекелді, мынау қандай ер еді? Ой, кәрі қыраным-ай, қанатын бір-ақ қақты-ау. Ойбай, Балжан-ау, менің ойымда сенің тілеуіңді тілегеннен басқа ештеңе жоқ қой! Әттеген-ай, оғы құрғыр да жоқ болды-ау! (С. С.). Құдай-ай, айырылып қалдым-ау! Түу, бассаңдаршы аяқтарыңды! Ой, қайдан жүрсің? Пай-пай, шіркін, жастық шақ-ай, кейде көзді де байлап тастайсың-ау! Пәлі! Ақын ғой мынауың! Ойбай, қасқырды қара!
Тоқтат, Бокин, ана көлікті! Әйтпесе қан төгіс болады, - деді ол (З.Ж.). «Мен босқа келгенім жоқ», - деп, Әсия маған қарады («Қаз.әдеб».). – Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? – деп сұрады ол менен. – Бар, - дедім мен, басымды изеп (А.Л.). Қарағандының қары биыл бұлқан-талқан күрт еріп еді. Сай-сайлар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр. Өкпек жел күртік етектерін түре соғып, тез кеміріп барады. Қатты желдің салмағынан жер соқылдағандай сезіледі. Қырқалардың күнгей беттері қотыр болғандай шұбартып қалыпты. Қыс бойы қар астында жылы жатқан тобылғы мен қараған түптері қазір белдеулеп ашылып қалыпты да, кәрлі желден дір қағып тұр (Ғ.Мүсірепов). Боқырау өтіп, күзектегі ел күземін де алып болды. Қыстауға қайта көшетін күндер жақын. Бірақ күн суық болмай, күзек оты әлі де мол болғандықтан, жұрт іркіліп отыр… Қоңыр күзде малдың тойыны күннен күнге асқынып барады. Шаруа мұңын ойлаған ауылдар сол күйге сүйсіне түседі… Кішілеу, шағын үйдің ішіне айнала текемет, түскиіз, түкті кілем ұсталған.
Жел саябырлап, қар енді қалбаңдамай , бір келкі мамырлап түсіп жатты. Күні кеше күн жылы еді. Сол жылу әлі бойынан қашпаған бұталар қарды лезде ерітіп, жұтып жіберіп жатыр. Оң қол жақтағы жалаңаш жартасқа қар жұқпай, беті суланып, қарауытып,, қалың ойға кеткендей мелшиіп қалған. Қар түскен сайын шөп сыбдырлайды… Қар толастар емес, мая шөбі сансыз сыбдырмен сыбызғы тартып,жүрек жылытатын мұңлы бір ұзақ күйге ұласты (Ш.Мұртаза).Қас қарая бұлар Шалқар қаласының шетіне ілікті. Еламанды дереу дәрігерге апарды… Ертеңіне Еламан кештеу оянды… Төсегінің бас жағында орындықта еңгезердей біреу отыр екен. Бұл назар аударам дегенше анау Еламаннның оянғанын байқай атып түрегелді. Еламан оны осы арада ғана таныды (Ә.Нүрпейісов).
Бұл жігіттің сөзіне мен әрі кейіп, әрі ойланып қалдым.(С.Шаймерденов). Тұнық көшеде сөздер саңқ-саңқ естілді. Сейіт бұл маңайға былтырдан бері келген жоқ еді (Ғ.Мүсірепов).
Бақылау тапсырмалары: «Күрделі синтаксистік тұтастық және абзац» тақырыбына ғылыми жоба әзірлеу
Әдебиет:
Есенов Қ. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі. – А., 1995
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – А., 1998
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – А., 1992
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
