Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otbasy_lektsia.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
528 Кб
Скачать
☆

13Дәріс. Азаматтық хал актілері

Жалпы ережелер.

Заңды фактілерді тіркеу.

Жалпы ережелер

Туу, қайтыс болу, неке кию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда, ал мұндай органдар жоқ жерлерде аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолык) округте - тиісті әкім аппаратында тіркелуге тиіс.

Азаматтық хал актілерін тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдер, ал мұндай бөлімдер жоқ жерлерде жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Азаматтыќ хал актілері жазбаларың өзгерту, қалпына келтіру және күшін жою тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ак азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарыны нысанын және осы таптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысанын, акт кітаптарын сақтаудың тәртібі мен мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу ережелері, сондай-ақ некеге тұратын адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы туралы бipiн-бipi хабардар ету, олардың болашақ epлi-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі тиісті Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актімен белгіленеді.

Тууды тіркеу, әке болуды анықтау, бала асырап алу, неке кию, некені бұзу, тегін, атын және әкесінің атын, ұлтын және жынысын өгерту үшін, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктер және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталап куәліктер беру үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.

Қайтыс болуды тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты куәліктер беру Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж алынбай жүргізеді. Жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі адамдардың арасында дау тумаған жағдайда азаматтық хал aктiлepi жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау туған жағдайда азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу, оларды түзету мәселелері сот тәртібімен шешіледі. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы арыздар арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшіліктеріне немесе консулдық мекемелеріне беріледі. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерулер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жазылған жер бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган жүргізеді. Азаматтық хал актілерін жазуға өзгерулер, толықтырулар мен түзетулер енгізуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы арыз сол арызды берушінің тұрақты тұратын жері бойынша азаматтық хал актілерін жазатын органга, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ак азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне беріледі Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғанын растайтын құжаттар болған жағдайда немесе сот шешімінің негізінде жасалады.

Азаматтық хал актілері жазбасының жоғалғаны сол жоғалған жазба болған жер бойынша азаматтық хал актілері жазбасының облыстық (қалалық) архиві растауға тиіс. Азаматтық хал актілерін жазатын органдардың жоғалған жазбаны қалпына келтіруі мүмкін болмаған жағдайда азаматтық хал актілерін тіркеу фактісі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен анықталады. Азаматтық хал актілерінің қалпына келтірілген жазбаларын тіркеуді жоғалған жазба болған жердегі азаматтық хал актілерін жазатын орган жүргізеді.

Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды жою:

сот шешімінің негізінде; мүдделі адамдардың арызы бойынша; жойылуға тиісті бастапқы, қалпына келтірілген немесе қайталап жазылған жазбаны тапқан азаматтық хал актілерін жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкін;

Азаматтық хал актілері жазбаларын жою туралы арыз сол арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша — сотқа немесе азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшіліктеріне немесе консулдық мекемелеріне беріледі. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою жойылуға тиісті жазба болған жерде жүргізіледі.

Лауазымды адамдар азаматтық хал актілерін тіркеуден негізсіз бастартқаны үшін, халықтың табиғи қозғалысын есепке алу жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде тапсырмағаны немесе теріс мәліметтер тапсырғаны үшін, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге тиіс.

Некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актілерін жазатын органдарға жалған мәліметтер бергені үшін азаматтар заңдарға сәйкес жауап береді.

Тууды тіркеу тәртібі

Балалардың тууын тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Туу туралы арызды ата-аналары немесе олардың бipeyi, ал ата-аналары қайтыс болған, науқастанған жағдайда немесе басқа да себептермен арыз беру мүмкін болмаған ретте мүдделі адамдар немесе бала туған кезде шешeci жатқан емдеу мекемесінің әкiмшілігi жазбаша немесе ауызша түрде береді. Арызға емдеу мекемесінің анықтамасы, ал бала үйде туған жағдайда дәрігердің, басқа бір медицина қызметкерінің немесе олар болмаған жағдайда кемінде екі куәнің арызы қоса беріледі Азаматтық хал актілері жазылатын кітаптарға ата-анасын, ата-анасының атын, әкесінің атын, тегін, ұлтын жазу заң талаптарына сәйкес жүргізіледі. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын тіркеу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

Некеде тұрған кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке бұзылғаннан кейін не неке заңсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын тіркеу, егер әкесі қайтыс болған немесе неке бұзылған не ол заңсыз деп танылған күннен екі жүз жетпіс күннен аспаған болса, жалпы негізде.

Туу туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу органдарына бала туған күннен, бастап екі айдан, ал бала өлi туған жағдайда босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей жасалуға тиіс.

Тауып алынған баланың туылғаны, егер ол бұрын тіркелмеген болса, оны тауып алған адамның, балалар мекемесі немесе ішкі істер органдарының мәлімдемесі бойынша тауып алынған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей тіркелуге тиіс. Мәлімдемеге бала тауып алынған уақытты, орынды және мән-жайларды көрсетіп, ішкі істер органы немесе аудандық (қалалық) атқарушы органдар жасаған хаттама қоса тігіледі.

Ата-аналардың тілегі бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың тууын салтанатты жағдайда — азаматтық хал актілерін жазу органының үй-жайында, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазатын органдар мен жаңа туған баланың ата-аналарының кeлiciмiмeн өзге жерде тіркелуi азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібіне сәйкес қамтамасыз етеді.

Баланың туу туралы жазбалар кітабына баланың туған уақыты, туған жері, жынысы, оған қойылған аты, тeгi, әкесінің аты, сондай-ак ата-аналарының аты, әкесінің аты, тегі олардың тұрақты тұратын жері және ата-ананың тілегі бойынша олардың ұлты жазылуға тиіс. Жазылған жазбаға сәйкес тууы туралы куәлігі беріледі. Бала өлі туған жағдайда туу туралы жазбалар кітабындағы ерекше бағанада тиісті белгі Әке болуды анықтауды тіркеу

Әке болуды анықтауды тіркеу Заңда көзделген жағдайларда ата-ананьнң біреуі тұратын жер бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарында, ал Заңның 47-бабында көзделген жағдайларда әке болуды анықтау туралы сот шешімi шыіарыліан жердегі азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі. Кәмелетке толған адамдар жөнінде әке болуды анықтауды тіркеуге олардын келісімімен ғана жол беріледі.

Әке болуды анықтауды тіркеген кезде азаматтық хал актілерін жазу органдары әке болуды анықтау туралы актілерді тіркеу кітабына бала, оның анасы мен әкесі туралы мәліметтерді жазады, әке болуды анықтау туралы куәлік және баланың тууы туралы жаңа куәлік береді.

Некені тіркеу

Некесін тіркегісі келетін адамдар арыз берушінің біреуі тұратын жердегі не өздерінің ата-аналары тұратын жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына арыз береді.

Некеге тұратын адамдар: жеке басын куәландыратын құжаттарды;

белгіленген неке жасын кеміту қажет екенін растайтын, құжаттарды; бұрынғы некелері туралы мәліметтерді; балалары туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті. Некені тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында (бөлімдерінде), ал мұндай органдар жоқ жерлерде — аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолык) округте — әкім аппаратында Неке қиюға кедергі жок болған жағдайда азаматтық хал актілері жазылатын кітапқа неке туралы жазба жасалады, оған некеге тұратындар қол қояды және оны азаматтық хал актілерін жазу органының лауазымды адамы қол қойып бекітеді.

Некені тіркеу салтанатты жағдайда — азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені салтанатты түрде тіркеуге арнайы белгіленген үй-жайларында, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазу органдары мен некеге отыратын адамдардың кeлicyi бойынша өзге жерлерде де жүргізілуі мүмкін.

Неке туралы жазба жасалғанға дейін некені тіркеу үшін кедергілер бар екендігі туралы арыз түскен жағдайда лауазымды адам жазбаны тоқтата тұруға және арыз берушіден белгіленген мерзімде тиісінше деректі айғақтар беруді талап етуге міндетті. Бұл мерзім бір айдан аспауы керек. Некені тіркеу өткізілгеннен кейін ерлі-зайыптыларға неке туралы куәлік

Сот шешімі бойынша некенің бұзылуын тіркеу некенің токтатылуын соттың заңды күшіне енген шешімi негізінде тіркеу сот шешімі шығарылған жердегі азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі және сот шешімi бойынша өндіріп алынуға тиісті соманың төленгені туралы T%o6ipineKTiH> негізінде жүргізіледі. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара бойынша некенің бұзылуын тіркеу ерлі-зайыптылардың немесе біреуі тұратын жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына некені бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлесіп берген арызы негізінде жүргізіледі. Некенің бұзылуын рәсімдеу және некенің бұзылғаны туралы куәлікті epлi-зайыптыларға беру олар өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі.

Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некенің бұзылуын тіркеуді екінші жұбайдың арызы мен соттың заңды күшіне енген шешімнің немесе үкімнің көшірмесін не шешім немесе

жүргізіледі. Жоғарыда аталған органдардың лауазымды адамы: некеге тұру ниеті туралы берілген арыздарды жария етеді; некелесушілерге болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; некеге туруға келісетінін және жұбайлардың қалап алатын тектерін анықтайды. Ең алынған үзіндіні көрсету негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы жүргізеді. Азаматтық хал актілерін жазу органы арыз түскен күннен бастап бір апта мерзімде қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлама алынған күннен бастап он бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті, осы мерзім ішінде олар арыз бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы хабарлауға құқылы.

Некенің бұзылуын тіркеу жасалғаннан кейін тараптардың әрқайсысына олардың арызы бойынша некені бузылғаны туралы куәлік беріледі. Егер неке сот тәртібімен бұзылса, некенің бұзылуы туралы куәлікте некенің бұзылуы туралы сот шешімінің занды күшіне енгізілетін күні көрсетілуге тиіс.

Бала асырап алуды тіркеу

Бала асырап алу соттың заңды күшіне енген бала асырап алу туралы шешімi негізінде бала асырап алу азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеледі. Бала асырап алуды тіркеу бала асырап алу туралы сот шешімi шығарылған жерде жүргізіледі. Азаматтық хал актілерін жазу органдары бала асырап алу туралы куәлік береді. Асырап алынған баланың тегін, атын және әкесінің атын өзгерткен жағдайда, сондай-ақ туу туралы жазбалар кітаптарына бала асырап алушыны асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазғанда туу туралы жаңа куәлігі беріледі.

Бала алу туралы жазба бала асырап алудың күшін жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жойылады. Егер бала асырап алудың күшi олардың (өтінішi бойынша жойылса, бала асырап алуды жою туралы өтінішi баланың ата-анасы, егер оның талап етуі бойынша бала асырап алудың күшін жою жасалса, қорғаншы немесе қамқоршы орган береді.

Атын, әкесінің атын және тегін өзгертуді тіркеу Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін, атын, әкесінің атын өзгертуіне олар он алты жасқа толғаннан кейін рұқсат беріледі. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді және оны тіркеуді арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін жазу органдары жүргізеді. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуден бас тарту жөнінде сотқа заңда белгіленген мерзімде шағым жасалуы мүмкін. Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы өтініштерді қарау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

Қайтыс болу жағдайы, сондай-ақ азаматты өлді деп жариялау туралы және өлу фактісін анықтау туралы сот шешімдері азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеледі. Қайтыс болуды тіркеу өлген адамның тұрған жеріндегі немесе ол қайтыс болған жердегі азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізліеді. Адамды өлді деп жариялау туралы және өлу фактісін анықтау туралы сот шешімдерін тіркеу шешім шығарылған жерде жүргізіледі.

Қайтыс болу туралы мәлімдеме жеті тәуліктен кешіктірмей, ал адам зорлықпен өлтірілсе, өзін-өзі өлтірсе, жазатайым жағдайдан өлсе; сондай-ақ өлік табылған жағдайда өлген немесе өлік табылған кезден бес күннен кешіктірмей бepiлугe тиіс.

Қайтыс болу туралы мәлімдемені өлген адаммен бірге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көшірмелері, тұрғын үй пайдалану ұйымдарының қызметкерлері немесе адам қайтыс болған жердегі мекемені өлікті тапқан ішкі істер органы жазбаша немесе ауызша түрде жасайды.

Қайтыс болу туралы мәлімдемеде мәлімдеуші өлген адам туралы мына мәліметтерді: өлген адамның аты, әкесінің аты, тегі, туған жылы, соңғы тұрған жері және оның отбасылық жағдайы, қайтыс болған жылы, айы мен күні, қайтыс болу ceбeбi, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған адамның аты, әкесінің аты, және тұрғылықты жері көрсетіледі.

Қайтыс болу фактісін куәландыру

Қайтыс болу фактісі дәрігердің куәлсімен, ал оны беру мүмкін болмаған жағдайда екі куәнің айғағымен куәландырылады. Өліктің табылғаны туралы мәлімдемеге тиісті мемлекеттік органдар хаттама қоса тіркеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]