Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otbasy_lektsia.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
528 Кб
Скачать
☆

10Дәpic. Қорғаншының (қамқоршының) және қамқорлыққа алынғандардың құқықтық жағдайы

10.1. Қорғаншылықты және қамқоршылықты токтату.

10.2.Патронат.

Қорғ аншылыққа (қамқоршылыққа) алынған адамдардың құқықтары:

  • өздерінің адамдық қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне;

  • қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қамқорлық көруге;

Неке және отбасы туралы Заңының 112-бабының 4- тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, онымен бірге тұруға; өздеріне тиісті алименттерін, зейнетақыларын, жәрдемақыларын және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға; тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға; қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қиянат етушіліктен қорғануға құқығы бар.

Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар жоғарыда аталған құқықтардан басқа: қорғаншының (қамқоршының) отбасында тәрбиелену;

оларды асырап-бағу, тәрбиелеу, білім беру және жан- жақты дамытуы үшін жағдайлардың қамтамасыз ету; тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оны алу құқықтарына да;

заңмен көзделген өзге де құқықтарға ие болады.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз калған, тәрбие, емдеу және басқа да мекемелеріндегі балалардың: асырап-бағылуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуға, здерінің адамгершілік қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерін қамтамасыз етуіне; өздеріне тиесілі алименттерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқада әлеуметтік төлемдерді алуға; тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй- жайды пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй-заңдарына сәйкес тұрғын үй-жай алу құқығына ие болуға; аталған мекемелерде тұруы аяқталған соң еңбек туралы заңдарда көзделген жұмысқа орналасу кезіндегі жеңілдіктерге ие болуға құқығы бар.

Қорғаншы және қамқоршы органдар аталған мекемелерде тұрып жатқан балаларды асырау, тәрбиелеу, оларға білім беру жағдайларын бақылауды жүзеге асырады. Осы мекемелер түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және аталған мекемелерде тұратын балалар жоғарыда көзделген құқықтарға да ие болады.

Қорғаншылардың (қамқоршылардың) міндеттеpi. Қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажета мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды. Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ. Мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және мідеттерін атқаруына көмек көрсетеді, сондай-ақ оларды бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.

Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін атқарылады. Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушының алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.

Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде, қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды. Қорғаншылар мен қамқоршылар өздерінің қамқорлығына алынғандарды асырап-бағуға, оларды бағып-күту мен емдеуді қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қамқорлық жасауға міндетті. Аталған міндеттер сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың қамқоршылығына жүктелмейді.

Спирта ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адам жөніндегі негіздер жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы және одан қорғаншылық пен қамқоршылықты алып тастау туралы сотқа өтініш беруге міндетті.

Баланың қорғаншысы (қамқоршысы) қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасауға құқылы және міндетті. Қорғаншы (қамқоршы) баланың пікірі мен қорғаншы және қамқоршы органның ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ Заңда көзделген талаптар сақталған жағдайда қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеуді дербес белгілеуге құқылы.

Қорғаншы (қамқоршы ) баланың пікірін ескере отырып, ол орта білім алғанға дейін балаға білім беру мекеме мен оқытудың нысанын таңдауға құқылы және баланың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығындағы баланы өздерінде заңды негіздерсіз ұстап отырған кез келген адамнан, соның ішінде баланың жақын туыстарынан қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы. Баланың өз ата-аналарымен және басқа жақын туыстарымен қарым-қатынас жасауына, мұндай қарым-қатынас баланың мүдделеріне сай келмеген жағдайларды қоспағанда, бөгет болуға қорғаншының (қамқоршының) құқығы жоқ. Қамқорлыққа алынушылар, балалар немесе емдеу мекемелерінде тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары мен қамқоршылары өздері қамқорлыққа алғандармен бірге тұруға мғндеттғ. Қамқоршының он алты жасқа толған қамқоршылыққа алынушыдан бөлек тұруына, бұл қамқоршылыққа алынушының тәрбиесіне және оның құқықтары мен мүдделерін корғауға қолайсыздық туғызбайтын жағдайда, қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен жол

Қорғаншылар мен қамқоршылар тұрғылықты жерінің өзгеруі туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға хабарлап отыруға міндетті. Қорғаншы кемінде жылына бір рет қорғаншы және қамқоршы органға қамқоршылыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөніндегі, сондай-ақ оның мүлкін басқару жөніндегі жұмыс туралы есеп бepiп отыруға міндетті.

Денсаулық жағдайы бойынша өз құқығын жүзеге асырып, қорғай алмайтын және міндеттерін орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның (өтініші бойынша оған қамқоршылық белгіленуі мүмкін. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқоршы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүліктік сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.

Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамды қамқорлыққа алу осы адамның талабы бойынша тоқтатылуы мүмкін.

Қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кipicтepiн, қамқоршылыққа алынушының өзi дербес билік етуге құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды. Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға кeлiciм беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға немесе оның атынан кепіл болу шартын жасасуға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілге беруге, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиісті құқықтарынан бас тартқызуға әкеп соғатын мәмілелер жасауға, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Аталған мәмілелер нәтижесінде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаншы және қамқоршы орган белгілейді. Қамқоршылыққа алынушының мүлкін басқару тәpтiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқоршылыққа алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ.

Қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалмастан бұрын туындаған қамқоршылыққа алынушының қорғаншысына (қамқоршысына), оның жұбайына немесе туыстарына қарыздары қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен төленеді.

Қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған қамқоршылыққа алынушы өз ата-анасына қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда, қорғаншыны немесе қамқоршыны өз міндеттерін атқарудан босатады. Қамқоршылыққа алынушыны тәрбие, емдеу мекемесіне, халықты әлеуметтік қорғау мекемесіне немесе басқа да мекемеге орналастыру кезінде, егер бұл қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншы және қамқоршы орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны олардың өз міндеттерін атқарудан босатады.

Дәлелді себептер болған кезде (сырқаттану, мүліктік жағдайдың өзгеруі, қамқорлыққа алынушымен өзара түсініспеушілік және т.е.с) қорғаншы немесе қамқоршы оның өтініші бойынша өз міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін. Қорғаншы немесе қамқоршы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атќармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған жағдайда, қорғаншы және қамқоршы орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттеуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мүмкін.

Қорғаншылықты және қамқоршылықты тоқтату

Қамқоршылыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану немесе қорғаушының, қамқоршының немесе қорғаншы және қамқоршы органның арызы бойынша оның әрекет қабілеттілігіi шектеулігінің күшін жою туралы сот шешім шығарған жағдайларда кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық тоқтатылады. Жасөспірім қамқоршылыққа алынушы он төрт жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық он сегіз жасқа жеткен кезде арнайы рұқсатсыз, сондай-ақ ол некеге отырған кезде және кәмелетке толғанға дейін ол әрекетке толық қабілетті болған басқа да жағдайларда қамқоршылық тоқтатылады.

Қорғаншылардың және қамқоршылардың әрекетіне кез келген адам қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай қорғаншы және қамқоршы органға не оның тұрғылықты жері бойынша сотқа шағым жасай алады. Қорғаншы және қамқоршы органдардың барлық мәселелер жөінндегі шешімдеріне мүдделі адамдар сот тәртібімен шағым жасай алады.

Патронат. Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек бiлдipyшi адам (патронат тәрбиесі) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негізі болып табылады. Патронат туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешінің құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешіге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуі тиіс. Бала патронат тәрбиешіге аталған шартпен белгіленген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу және тәрбиелеуге алынған балалар санына қарай берілетін жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:

- дәлелді себептері (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзrepyi, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;

- баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша;

- бала ата-анасына қайтарып берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады. Оларға осы заңда көзделген тиісті талаптар қойылады. Патронат тәрбиешілерді іріктеп алуды қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады.

Шарт бойынша оны патронат тәрбиешілерге беру үшін баланы (балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келісім бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады. Ағалы-інілерді, апалы-сіңілерді (қарындастарын) ажыратуға жол берілмейді, бұған олардың мүдделеріне сай келетін жағдайлар қосылмайды. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келісімімен ғана берілуі мүмкін. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне тиесілі алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға жєне басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуіне құқығы бар. Әpбip баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді. Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешілерге кажетті көмек көрсетуге, баланың (балалардың)өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге міндетті, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған білім беру міндеттерін орындауға бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]