- •050301- «Заңтану» бакалавриат мамандығы бойынша
- •3. Алғашқы pet енгізілген.
- •Пәннің мазмұны
- •Мазмұны
- •Тема 17. Әскери қылмыстар.........…………………………...........…………...24
- •111. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі............………....………………………..29
- •Тақырыптық жоспар
- •Пәннің мазмұны
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі орны
- •2. Пәннің мазмұнының деңгейіне талаптар:
- •3. Пәннің негізгі мазмұны
- •2. Пәннің мазмұны
- •2.1 Дәрістер
- •2.Семинар сабақатары
- •2.3 Жеке оқуға ұсынылатын тақырыптар (ожсөж, сөж)
- •3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі.
- •3. Пәннің постреквизиттері:
- •4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6.Пәннің мазмұны
- •9. Курстың саясаты мен рәсімдері Оқуда студенттерге қойылатын талаптар
- •Глосарий
- •Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
- •2 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап)
- •3 Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •4 Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап)
- •3 Адамзатқа қарсы қылмыстар Геноцид (160-бап)
- •4 Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі
- •3 Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар
- •4 Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар
- •2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері
- •3 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
- •2 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар
- •3 Адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •2 Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар
- •3 Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тимді пайдалануға қол сұғатын қылмыстар
- •4 Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
- •5 Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
- •1 Көліктегі қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары
- •12.2 Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
- •1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- •2 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар
- •3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар
- •4 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар
- •2 Сот әділдігін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары
- •3 Заң бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға көмек беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары
- •1 Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
- •2 Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар
- •3 Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы қылмыстар
- •4 Әскери кезекшілікке және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қр қылмыстық құқығы (ерекше бөлім) пәнін оқыту бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Семинар сабақтарды өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Тапсырма№1
- •Тапсырма№2
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттердің өздік жұмысын өткізу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттер білімін бақылау және бағалау жүйесі
- •Қр қылмыстық құқық пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
4 Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар
Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-бап)
Бөтен адамның мүлкін едәуір зиян келтіру аркылы қасақана жою немесе бүлдіру ғана қылмыстық іс-әрекет деп танылады. Едәуір зиян деп айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін зиян мөлшерін айтамыз (187-баптың ескертуі).
Осы қылмыстың затына кез келген мүлік: қозғалатын немесе қозғалмайтын, оның ішінде азаматтық айналымнан алынған мүліктерде жатады. Қылмыстық кодекстің 258, 299, 324-баптарында көрсетілген заттарды жою немесе бүлдіру жеке қылмыс құрамы болып табылатындықтан онда көрсетілген заттар осы қылмыс құрамына жатпайды.
Көрсетілген баптағы қылмыс объективтік жағынан бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Бөтеннің мүлкін жою деп оны мақсатты пайдалануға мүлдем жарамсыз етіп тастауды, нәтижесінде ол түкке жарамсыз болып өзінің шаруашылық-экономикалық құндылығын толық жоюын айтамыз.
Бөтеннің мүлкін бүлдіру деп оны ішінара жарамсыз ету, соның нәтижесінде мүлік өзінің мақсатты пайдаланылуының бір бөлегін жоғалтады, сөйтіп ол өз қалпына келтірілмесе немесе толық жөнделмесе пайдалануға жарамсыз болады.
Бұл қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған, есі дүрыс азамат танылады, ал ауырлататын мән-жайлар негізінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 2, 3-тармақтары) үшін қылмыстық жауаптылыққа 14 жасқа толған адам тартылады.
Субъективтік жағынан қылмыс кінәлінің қасақаналык нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте касақаналык тікелей немесе жанама да болуы мүмкін.
Кінәлі адам бөтеннің мүлкін құкыққа кайшы қасақана жою немесе бүлдіру арқылы өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның меншік иесіне едәуір мүліктік зиян келтіруі мүмкін екенін алдын ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді немесе осы зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол береді. Қылмыстық ниет және мақсаттың істі саралауы үшін, яғни осы қылмыс құрамын өзіне ұқсас немесе жақын, коғамға қауіпті іс-әрекеттерден жіктеу үшін маңызы зор. Мысалы бұзақылық ниетпен бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті осы көрсетілген баппен емес, Қылмыстық кодекстің 257-бабьшен сараланады. Кінәлінің ұрланған мүлікті қылмысының ізін жасыру мақсатымен жоюы Қылмыстық кодекстің 175-бабымен қамтылатындықтан, осы баппен қосымша саралануға жатпайды.
Өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауіпті әдістермен; абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан; жәбірленушінің өзінің қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзінің жақын туыстары жөнінде нақ сондай себептермен жасаса; әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздықты себептер бойынша жасалса, онда олар осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (187-баптың 2-тармағы).
Абайсызда адам өліміне, тарих, мәдениет ескерткіштерін немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе кұжаттарды жоюға немесе бүлдіруге әкеп соққан осы іс-әрекеттер бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдірудің аса ауырлататын түріне жатады (187-баптың 3-тармағы).
Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап)
Заңға сәйкес бөтен адамның мүлкін ірі зиян келтіріп абай-сызда жою немесе бүлдіру ғана қылмыс болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан құқыққа қайшы іс-әрекеттерден — мүлікті жою немесе бүлдіру, сондай-ақ іс-әрекет пен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады. Қылмыс заңда көрсетілген зардап орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Ірі зиянның түсінігі ҚК-тің 175-ба-бының ескертуінің 2-бөлігінде көрсетілген.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана абайсыздықпен асырылады. Қылмысты менмендікте адам өз іс-әрекет қоғамға қауіпті зардап — бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру болуы мүмкін екенін алдын ала біледі, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңіл ойлылықпен болғызбау мумкіндігіне сеніп, қылмысқа жол береді.
Қылмысты немқұрайдылықта адам кажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда занда көзделген зардапты болжап білуге тиіс және болжай алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмей қылмысқа жол береді.
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген азамат танылады.
Осы қылмыс кұрамының екі түрлі ауырлататын түрі көрсетілген: а) отпен немесе езге де аса қауіпті көздермен абайсыз жұмыс істеу арқылы жасалған; б) не ауыр зардаптарға әкеп соқкан әрекеттер аркылы бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру.
Аса қауіпті көздерге — көлік құралдары, жанар, жағар майлар, атылатын, жарылатын заттар, электр жабдықтары т.б. жатады.
Ауыр зардаптарға — адамның денсаулығына орта, ауыр зиян келтіру, оларды уландыру, ауруға шалдықтыру, сондай-ак кәсіпорын қызметін тоқтауға немесе доғаруға, міндеттемелік шарттарын орындамауға әкеліп соғатын экономикалық зардаптар жатады. Абайсызда адам өлтіру осы қылмыс құрамы бойынша қамтылмайды, сондықтан мұндай іс-әрекеттер орын алғанда қылмыс жиынтығы бойынша (188-бап, 101-бап) сараланады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Меншікке қарсы қылмыстар тобы неше бапта қарастырылған.
2. Ұрлық қылмысының обьектісі болып не табылады?
3. Автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену дегеніміз не?
Дәріс тақырыбы 6. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
Негізгі сұрақтар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
1 Қылмыстық кодекстің 7-тарауы "Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға" арналған.
Осы тарауға енген қылмыстардың топтық объектісі — экономикалық қызмет саласын құқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады. Осы тарауға енген қылмыстардың барлығы дерлік экономикалық қызметтің әр түрлі саласында көрініс табады.
Қылмыстың тікелей объектісі — экономикалык кызмет саласын реттейтін нақты қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстардың құрамы қосымша тікелей объектіге қол сұғуы мүмкін.
Көптеген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі — оның заты болып табылады. Мысалы: жалған акша немесе бағалы қағаз (206-бап); тауарлық белгі (199-бап); осы топқа жататын қылмыстардың объективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздікпен сипатгалады. Біршама экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың құрамының міндетті белгісі — қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді істеу тәсілі болып табылады. Мысалы: экономикалық контрабандыны істеу тәсілдері (209-бап); салық төлеуден жалтару (221, 222-баптар); кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тәсілдері (214-бап).
Көптеген қылмыстардың объективтік жағының белгісі — қоғамға қауіпті зардаптың — зиян келтірудің орын алуы болып табылады. Зиян келтіру — едәуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін, бұларға тиісінше түсінік кейбір баптардың ескертуінде берілген (мысалы, 189, 190, 193-баптар).
Объективтік жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы кінәнің қасақаналық түрімен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың ішінде бірде-бір абайсыздықпен істелген қылмыс құрамы жоқ. Бірақ та жекелеген қылмыс түрлері кінәнің екі нысанымен жасалады (іс-әрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты абайсыздықпен) (мысалы ҚК-тің 189-бабы).
Қылмыстың субъектісі — жалпы, сондай-ақ арнаулы субъекті болуы мүмкін. Осы тараудағы барлық қылмыстар үшін субъектінің жауаптылығы 16-жастан басталады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субъектілері болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе басқа ұйымдардың басқарушылары немесе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін.
