Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уголовное право РК (особ.ч.) каз.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері

Терроризм (233-бап)

Терроризм — қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктірген екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі терроризм - мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі - терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 33-бабы бойынша: "Теорроризм, жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатқа жасаймын деп қорқыту" болып табылады.

Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздігі қамтамасыз ететін, реттейтін коғамдық қатынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері осы қылмыстың қосымша тікелей объектісі болады.

Қылмыстық кодекстің 233-бабында көрсетілген қылмыс объективтік жағынан: 1) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау; 2) аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталған. Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа өзге де іс-әрекеттерге көліктердің апатқа ұшырауын, күйреуін, ғимараттардың, мәдени және діни құрылыстардың киратылуын сондай-ақ радиоактивті, химиялык, бактериологиялық немесе басқадай-ақ радиоактивті, химиялык, бактериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға, кұрылыстарға, аландарға су жіберіп, толтыру сияқтылар жатады.

Терроризмнің объективтік жағынан ерекшелік белгісі — осы баптың диспозициясында көрсетілген (қылмыс зардаптардың нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни өрт қою, жарылыс жасау немесе өзге де әрекеттерді жүзеге асыру аркылы іс-әрекет істелгенімен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да, қылмыс аяқталған деп табылады, өйткені мұндай әрекет адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін кауіпті басқа зардаптардың болу каупін тікелей төндіріп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы формальдық болып табылады. Субъективтік жағынан терроризм тек кана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу каупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісіне заң – қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен.

Қылмыстың субъектісі - 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-тармағына осы қылмыстың ауырлататын түрлері: бірнеше рет; атыс қаруын колдана отырып жасалған терроризм үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстық кодекстің 11-бабында бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі берілген. Атыс қару-жарағының түсінігі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымынан мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңында берілген.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер: а) жаппай кырып-жоятын қаруды, радиоактивті материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және жаппай уландыру, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сондай-ақ адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де іс-әрекеттерді жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға ұштасса; б) абайсызда адам өліміне немесе езге де ауыр зардаптарға әкеп соқса онда бұл қылмыстың аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық туындайды. Жаппай қырып жоятын қарудың, радиоактивті материалдар, уландыру заттарының эпидемия, мен эпизотияның түсінігі Қылмыстық кодекстің 243,247, 265, 267, 280-баптарында берілген.

Өзге де ауыр зардаптарға (абайсызда адам өлімінен басқа) екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын келтіру, көп адамның денсаулығына орта дәрежелі жарақат салу, көлік құралдарының жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату, жарылыс жасау немесе өрт қою арқылы құрылыстарды жою т. б. әрекеттер жатады. Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соққан терроризмнің субъективтік жағы кінәнің екі нысанымен сипатталады. Бұл ретте кінәлінің істеген әрекеті — қасақаналық, ал одан болатын зардапқа катынасы абайсыздық болады. Егер кінәлінің әрекеті және одан туатын зардап — адам өліміне деген қатынасы қасақаналықтан құрылатын болса, онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 96-бабы 2-тармағының тиісті тармағы және 233-бап) бойынша сараланады.

Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттін немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай кызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам кайраткерінің өміріне қастандық жасау осы кылмыс құрамынан аса ауырлататын түрі болып табылады. Бұл тұрғыдағы қылмысты іс-әрекеттердің жәбірленушілері белгілі бір шешім кабылдауға ықпал ететін адамдар немесе мемлекет, қоғам қайраткерлері болады. Адамның белгілі бір шешім қабылдауға ықпалының болған, болмағаны нақты жағдайларға байланысты анықталады.

Мемлекет қайраткері деп — еліміздің тікелей баскару, экономикалық, саяси, әлеуметтік саясатымен тікелей айналысатын жауапты мемлекеттік өкімет билігінің лауазымды адамдарын айтамыз. Оған жататындар: Парламент депутаттары, Премьер-Министрі, Вице-премьерлер, Министрлер, Вице-министрлер, Жоғарғы Сот төрағасы, Жоғарғы Сот мүшелері, Конституциялык Кеңестің төрағасы, оның мүшелері, Бас Прокуратураның, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жауапты қызметкерлері, облыстың әкімдері және т.б.

Қоғамдық қайраткерлердің қатарына әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың жетекшілері немесе көрнекті мүшелері жатады.

Қылмыстық кодекстің 233-бабының ескертуінде: "Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескерту мен немесе баска жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстык жауаптылықтан босатылады", — делінген.

Жарылыс жасау, өрт кою немесе әзге де іс-әрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдесуге адамның өзінің жарылысты, өртті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады.

Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы (мысалы қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды ұрлау т.б.) болмаса, ол терроризм үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауга жария түрде шақыру (233-1-бап)

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды таратқандық үшін жеке қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық кауіпсіздік. Қылмыс заты терроризмді насихаттайтын әр түрлі материалдар. Объективтік жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы: терроризмді насихаттау; терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру; соларға байланысты материалдарды тарату арқылы жүзеге асырылады.

Терроризмді насихаттау деп ауызша, жазбаша немесе басқа да тәсілдермен көпшілік арасында осындай іс-әрекеттерді істеу үшін жүргізілген әр түрлі ұйымдастырушылық қызметтерді айтамыз.

Жария тұрыс шақыру деп ашық түрде көпшілік алдында терроризм актісін жасауға бағытталған тікелей әрекеттерді айтамыз.

Материалдарды тарату деп бөтен адамдарға жазбаша түрде жазылған терроризмді насихаттайтын немесе сол терроризм актісін жасауға итермелейтін мазмұнда жазылған мәтіндерді үлестіруді айтамыз.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және терроризм актісін жасау немесе оны насихаттау мақсатымен істеледі. Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дұрыс адам.

Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып не бұқаралык ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған әрекеттер терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырудың ауырлататын түріне жатады (233— 1-бап 2-бөлігі).

Қызмет адамдарының түсінігі Қылмыстық кодекстің 228, 307-баптағы ескертулерінде берілген. Бұқаралық ақпарат кұралдарына — газет, журнал, телерадио хабар т.б. жатады.

Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу (233-2-бап).

Террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террорлык топ) сондай-ақ оған басшылық еткені үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 233—2-бап 1-бөлігінде көрсетілген.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда белсенді әрекет арқылы — террористік қылмыстарды жасау үшін топ, ұйым кұру немесе оған басшылық ету арқылы жүзеге асырылады. Террористік ұйымға террористік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым, сондай-ақ осы ұйымның басқарушы органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі террористік іс-әрекетті жүзеге асыратыны болса онда оларда террористік ұйым деп танылады.

Қылмыстық топтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 1 бөлігінде берілген. Ал осы топқа басшылық ету деп, террористік топты құрған, оған адамдар тартқан, осы топтың кызметін тікелей ұйымдастырған іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыс құрамы келте, террористік топты құрған сәттен бастап аяқталған деп саналады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыс субъектісі — 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Осы баптың екінші бөлігінде — қылмыстың ауырлататын түрі — террорлық топтың қызметіне немесе ол жасаған террорлық актілерге қатысушылық үшін жауаптылық көзделген. Кінәлі адам қасақана түрде террорлық топтың барлық қызметіне, сондай-ақ террорлық актілерге белсене катысады. Террорлық акт — жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүлікті зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардңн шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу максатында қастандық жасау болып табылады.

Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді істеу осы қылмыстың (ҚК-тің 233-бабының 3-бөлігі) өте ауырлататын түрі болып табылады. Қылмыс субъектісі арнаулы лауазым иесі немесе қоғамдық бірлестік басшылары.

Адамды кепілге алу (234-бап)

Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар қылмыс болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда "Адамды кепілге алуға қарсы күрес туралы" халықаралық конвенция қабылдаған.

Қылмыстың тікелей объектісі — кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының кауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады.

Кепілге алу — кез келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану арқылы адамды бостандығынан айырып, қолға түсіру болып табылады.

Кепілдік ретінде ұстау — адамды өз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады.

Адамды кепілге алу — формальдық құрамға жатады. Қылмыс жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам адамды заңсыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрғанын сезеді, біледі және соны тілеп әрекет істейді.

Заңда қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі — қылмыстың мақсаты тікелей керсетілген. Ол — мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандайда бір іс-әрекет жасауға немесе қандайда бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету болып табылады. Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсіздік түрінде жасалады. Кінәлінің мәжбүр ететін әрекеттеріне: мысалы оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады.

Әрекетсіздікті істеуді мәжбүр етулерге: кылмысты істі тергеуді доғаруды немесе белгілі бір ұйымның қызметін тоқтатуды, саяси, әлеуметтік немесе экономикалық акцияларды жүзеге асырмауды талап етулер жатады.

Қылмыстың субъектісі — 14-ке толған, есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген: а) осы қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасауы (ҚК-тің 31-бабының 2-тармағын караңыз);

б) бірнеше рет (ҚК-тің 11-бабын караңыз);

в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып жасау: жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл, орташа ауырлықтағы, ауыр зиян келтіру, ұрып-соғу, оларды суық немесе өте ыстық жайларда ұстау, ұзақ уақытқа қол-аяғын байлап, аузын тығындап тастау, т.б.;

г) қаруды (атылатын немесе суық) немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды (таяқ, балта, монтировка және т.б.) қолдана отырып жасау;

д) көрінеу кәмелетке (18-ге) толмаған адамға қатысты жасау;

е) айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мәлім әйелге қатысты;

ж) көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға (өте жас, кәрі, есалаң, ауру адамдарға) қатысты;

з) екі немесе одан да көп адамға катысты. Қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-тармағында адамды ғана кепілге алғандық үшін жауаптылық белгіленген;

и) пайдакүнемдікпен немесе жалдану арқылы жасалса. Пайда табудың немесе жалданудың түсінігі КК-тің 96-бабының 2-тармағының "а" тармақшасында берілген.

Қылмыстық кодекстің 234-бабының 3-тармағында адамды кепілге алуды ұйымдасқан топ (қараңыз: Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-тармағы) жасаған не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (жәбірленушінің немесе оның туыстарының ауыр наукасқа душар болуы, ауыр дене жарақатын алуы немесе оларға едәуір мөлшердегі мүліктік залал келтірілсе және т.б.) әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық кодекстің 234-бабының ескертуінде: "Кепілге алынған адамды өз еркімен немесе әкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде езге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады",— делінген. Осыған орай қылмыстық жауаптылықтан босатылудың шарттары: а) кепілге алынған адамды өз еркімен босату; б) өкіметтің талап етуі бойынша босату болып табылады. Кепілге алынған адамды өз еркімен босату деп кепілге алған адамның кепілге алынған адамды ұстап тұруға толық мүмкіндігі бола тұра, оны босатуын айтамыз. Өкіметтің талап етуі бойы-ша босату да осылай жүзеге асырылады. Кепілге алынған адамды амалсыздан босату өз еркімен босатуға жатпайды.

Кепілге алынған адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адамның әрекетінде басқа қылмыс кұрамы (мысалы, кепілге алынған адамды зорлауға, оған ауыр, орта, жеңіл дене жарақатын келтіру: адам өлтіруі, қару-жарақ, оқ, дәріні ұрлауы т.б.) бар болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.

Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап) Көрсетілген қылмыс құрамы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне тұңғыш рет енгізіліп отыр. Ұйымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет ұшін аса қауіп тудыратыны жалпыға мәлім. Осыған орай осы қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық немесе мемлекеттік қауіпсіздік болып табылады. Өйткені ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің, коғамдық ұйымдардың әр түрлі құрылымдарының бірқалыпты дұрыс қызмет атқаруына кедергі келтірумен бірге, олардың дұрыс қызметіне сан қилы тоскауылдар жасап, нақты кауіп төндіреді. Объективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 235-бабында көрсетілген қылмыс құрамы төмендегіше түрде сипатталады:

а) ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқару (235-баптың 1-тармағы);

б) қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауырнемесе аса ауыр қылмыс жасау үшін кұру;

в) қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған кіретінкұрылымдық бөлімшелерді басқару;

г) кылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктерін кұру (235-баптың 2-тармағы);

д) қылмыстық қоғамдастық ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге өкілдерінің бірлестігіне катысуы (235-баптың 3-тармағы);

е) жоғарыда керсетілген әрекеттерді адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасауы (235-баптың 4-тармағы).

Ұйымдасқан қылмыстық топты кұру, сондай-ақ оны басқаруға — бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын екіден кем емес адамдардың біріккен тұрақты тобын құру, құрылған топқа басшылық істеу әрекеттері жатады. Осы әрекеттерді істеген адам Қылмыстық кодекстің 235-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады.

Қылмыстық коғамдастықты (ұйымды) құруға осы коғамдастыққа қатысушыларды тарту, оларға кіретін құрылымды бөлімшелерді құру, қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларын, басшыларын, өзге де өкілдерін белгілеу, олардың міндеттерін анықтау, ұйымдастырушылық нысандағы жоспарлар жасау болып табылады. Қылмыстық қоғамдастық ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшін немесе осындай қылмыстарды жүзеге асыру үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында кұрылады. Осындай мақсатты жүзеге асыру — қылмыстық қоғамдастықты немесе оған кіретін бөлімшелерді басқарушыға да тән болып табылады. Осыған орай онша ауыр емес, ауырлығы орта қылмыстарды істеу үшін қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) құру және оның немесе оған кіретін бөлімшелерді басқару көрсетілген қылмыс құрамына (235-баптың 2-тармағы) жатпайды, мұндай әрекеттер ҚК-тің 235-бабының 1-тармақшасымен камтылады.

Қылмыстық қоғамдастық банда кұрамына ұқсас, бірақ одан окшау, өзіндік өзгешеліктері де бар.

Қылмыстық қоғамдастық көп жағдайларда заң тыйым салған басқадай әрекеттер: наркотикалық нәрселерді ендіру, тасымалдау, тарату, жалған ақша жасау, жасырын түрде алкоголь ішімдіктерін, дәрі-дәрмек, улар, қару-жарактар, жаппай зақымдау заттарын дайындау, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық сияқты іс-әрекеттерді істеумен байланысты болады. Ал банда болса азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында құрылады. Қылмыстық қоғамдастықтың міндеті әр уақытта шабуыл жасаумен байланысты емес. Банда мүшелері сиякты қылмыстық қоғамдастыққа кіретіндер де қаруланған болуы мүмкін. Бірақ қылмыстық қауымдастықтағы қару шабуыл жасау үшін емес, олардың өзін, оған кіретін бөлімшелерді басқа қылмыстық топтан, ұйымнан, қауымдастықтан қорғау үшін ғана қажет болады. Егер қылмыстық кауымдастық бандитизм кұрамындағы кылмысты әрекеттерді істесе, онда іс-әрекетте Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабында (235, 237-бап-тар) көрсетілген қылмыстардың жиынтығы бар.

Қылмыстық қоғамдастықты басқаруға оны немесе оған кіретін бөлімшелерді тікелей басқарып, жұмысын ұйымдастыру, олардың құжаттарын дайындау, қоғамдастыққа кіретін адамдардың, олардың бірлестіктерінің міндеттерін, рөлдерін айқындау, оларға міндет жүктеу әрекеттері жатады.

Қылмыстық қоғамдастыққа катысуға, осы қоғамдастықтың міндеттерін тікелей жүзеге асыру үшін қылмыстық әрекеттердің тікелей орындаушысы болу немесе қылмысты жүзеге асыру үшін көмекші міндеттерді атқару немесе қылмыстық қоғамдастықты кажетті құжаттармен, басқа материалдармен жабдықтау әрекеттерін жүзеге асырушылықтар жатады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады: кінәлі ұйымдасқан қылмыстық, топ, қауымдастық (ұйымды) құрудың, оны басқарудың немесе оған катысудың қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді, біледі, бірақ соған қарамастан оны кұруды, оған басшылык етуді немесе оның қызметіне қатысуды тілейді.

IIҚылмыстық кодекстің 235-бабының 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстардың субъектісі болып 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам, ал осы баптың 4-тармағында көрсетілген қылмыстың субъектісі болып — арнаулы субъект (қылмысты әрекеттерді істеуге өз лауазымдық жағдайын пайдаланған лауазым иелері немесе өкімет өкілдері) танылады.

Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап) Қылмыстық кодекстің 236-бабында: "Заңсыз әскерилендірілген құрама (бірлестік, отряд, жасақ немесе әзге де топ) кұру, сондай-ақ ондай құраманы басқарғаны" үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстың объектісі — заңмен белгіленген әскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан мынадай белгілермен сипатталады: а) әскерилендірілген құрама құру және басқару; б) құраманың қарулануы; в) мұндай құраманы кұрудың заңға негізделмеуі.

Әскерилендірілген құрама деп атылатын немесе суық қарумен қаруланған тұрақты, берік ұйымдасқан адамдардың тобын айтамыз.

Құраманы құру деп оған адамдар тарту, оларды қаруды колдануға үйрету, кару-жарақ жасау, оның немесе олардың қорын жасау әрекеттерін айтамыз. Заңсыз әскерилендірілген құрамға — оның Қазақстан Республикасының заңына қайшы, оған негізделмей құрылған құрамалар жатады. Әскерилендірілген құраманы басқаруға оған катысушылардың кызметін бөліп беру, әскери құрамалардың топтарының, олардың жекелеген мүшелерінің іс-әрекетіне, бұйрықтардың орындалуына бақылау жасау, қарулы қақтығыстарды жоспарлау әрекеттерін жүзеге асырулар жатады.

Қылмыс құрамы жағынан формальдық. Қылмыс заңсыз әскерилендірілген құраманы — бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге топты құру әрекетін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың, субъектісі — 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 236-бабының 2-тармағында заңсыз әскерилендірілген құрамаға — бірлестікке, отрядқа, жасаққа немесе әзге де топқа қатысқаны үшін жауаптылық белгіленген.

Бұл жерде қатысу деп әскери құраманы кұрмаған немесе ондай құраманы басқармаған адамның құраманың қатардағы жауынгер немесе оның белгілі бір бөлігінің командирі ретінде көрінуін айтамыз.

Осы баптың ескертуіне сәйкес: заңсыз әскери құрамаға қатысуын ерікті түрде тоқтатқан және қаруы мен әскери жабдығын тапсырған адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Бандитизм (237-бап)

Бандитизм — аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса кауіптілігі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.

Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік.

Қосымша тікелей объектісі — адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделері.

Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша сипатталады: 1) азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру; 2) осындай топтық (банданы) басқару; 3) тұрақты қарулы топқа (бандаға) қатысу; 4) бандылық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да карулануы.

Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз.

Банданы құру деп бандыны жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, бандының құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рөлдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Бандыны кұрушы, әдетте оның ұйымдастырушысы болып табылады.

Банданың тұрақтылығы каруланған топтың мүшелерінің қылмысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімінің нәтижесі аркылы анықталады.

Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстык іс-әрекет деп айтамыз.

Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ақ әр түрлі жарылғыш құралдары да жатады.

Бандитизм құрамы кұрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады. Сондықтан да қылмыс қарулы топ (бандыны) құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан бандитизм құрамы аяқталған деп табылады.

Бандыны баскдру деп құрылған банданың қылмыстық іс-әрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуыл жасайтын нақты объектілерді таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен "тәрбиелік" сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен куәлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз.

Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану қаупін туғызуын айтамыз.

Егер шабуыл жасау барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына зиян келтірілуі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 237-бабында көрсетілген әрекеттерді істейтінін сезеді және оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет — әр түрлі болуы мүмкін, оның негізгісі — пайдакүнемдік ниет.

Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі — арнаулы мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам. Егер бандаға 14 пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар адам өлтіргені, әйел зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 1-тармағындағы қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық кодекстің 237-бабының 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысқаны үшін жауаптылық көрсетілген.

Бандаға қатысу деп — олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу, сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен камтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.

Шабуылға катысу деп — бандалық топпен бірге қылмыстық нәтижеге жету үшін жәбірленушіге күш қолдану немесе оның нақты қолдану қаупін туғызуды айтамыз.

Қылмыстық кодекстің 237-бабының 3-тармағы бандитизм әрекеттерін адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық белгілеген. Мұндай әрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны пайдалану сырын жете білетін полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер істеуі мүмкін. Осы бап (237-баптың 3-тармағы) бойынша қылмыс субъектісі болып лауазым адамдары (КК-тің 307-бабының ескертуі) коммерциялық немесе өзге ұйымдардың басқарушылары (ҚК-тің 228-бабының ескертуі) болады.

Үйлерді, құрылыстарды, катынас және байланыс кұралдарын басып алу (238-бап)

Қылмыстық кодекстің 238-бабында бұрынғы Қылмыстық кодексте жоқ жаңа норма түрі көрсетілген. Бұл қылмыстың мәні: Басып алғандардың босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру, оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытумен ұштасуда болып табылады (ҚК-тің 238-бабының 1-тар-мағы).

Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік. Объективтік жағынан қылмыс: а) үйлерді, қүрылыстарды, катынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру; б) оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту арқылы сипатталады.

Кінәлі адам көрсетілген объектілерді заңсыз басып алады немесе заңсыз басып алған объектілерін одан әрі ұстап тұрады.

Кінәлі адам осы заңсыз басып алынған объектілерді жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл жерде қорқытуға — басып алынған немесе ұстап тұрған объектілерді шын мәнінде жоюды немесе бүлдіруді нақты жүзеге асыруға жеткілікті негіздердің бар болуы жатады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе ұстап тұруды, оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытудың қоғамға кауіпті екенін сезеді және соның болуың тікелей тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі — мақсаты заңда басып алғандардың босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету деп көрсетілген. Яғни көрсетілген объектілерді басып алудың, ұстап тұрудың, оларды жоямын немесе кұртамын деп қорқытудың негізі — белгілі бір шарт кою. Ол шарт мемлекетке, ұйымға, жеке адамға қойылады. Шарттың мәні әр түрлі болуы мүмкін. Тұтқын орнынан адамды немесе адамдар тобын босату, жұмысқа қайта қабылдауды талап ету, жеке адамның белгілі бір іс-әрекетті істеуін (карызды кешіру, алған затын қайтарып беру, қаражат беру тілегін қанағаттандыру т.б.) талап етулері болуы мүмкін.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып;

г) қару немесе кару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды қолдана отырып;

д) пайдакүнемдік ниетімен немесе жалдау арқылы жасалған, ал осы баптың 3-тармағында: осы қылмыстың өте ауырлататын түрлері: ұйымдасқан топ немесе абайсызда кісі өліміне немесе езге ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жа уаптылық белгіленген.

Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2, 3-тармақтарында көрсетілген оеы белгілердің анықтамасы ҚК-тің 234-бабынын 2, 3-тармақтарындағы қылмыстардың анықтамасымен ұқсас.

Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты қолға түсіру (239-бап)

Әуе, су кемесін немесе жылжымалы темір жол составын өз бетімен айдап әкету, соларды қолға түсіру арагідік көрініс беретін құбылыс. Бұл тұрғыдағы кылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік. Көрсетілген қылмыстың қосымша тікелей объектісі — адамдардың өмірі, денсаулығы сондай-ақ меншігі болады.

Қылмыстың объективтік жағы екі түрлі әрекеттен тұрады: әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету; осы көлік құралдарын айдап әкету максатында басып алу.

Әуе көлігі кемесіне — адамдар немесе жүк тасуға бейімделген газ, ауа қысымы күшімен қозғалатын ұшу аппараттары жатады. Оған ұшақтың, тікұшақтың барлық түрлері, сондай-ақ спорттық әуе шарлары, дирижабильдер, планерларда жатады.

Су көлігі кемесі — мұхиттарда, теңіздерде, өзен көлдерде адам немесе жүк тасуға арналған көлік құралы. Бұған теплоходтардың сан түрі, су асты қайығы, катерлер, теңіз яхталары, өзі жылжитын баржалар жатады. Жылжымалы темір жол составына — рельстер арқылы қозғалатын, адам немесе жүк тасуға арналған көліктер жатады. Бұған: локомотивтің барлық түрлері, электр күшімен қозғалатын вагондар, платформалар жатады.

Осы көрсетілген көлік құралдарына өз бетінше иелік етіп оны өзінің қалауынша пайдалану айдап әкету деп табылады.

Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың баска адамдардың көлікті рұқсатсыз, белгіленген маршруттарды өзгерте отырып, өз кажетіне пайдаланса мұндай әрекеттер айдап әкетуге жатады.

Басып алуға күш қолдану, қорқыту, немесе алдау арқылы әуе, су кемесін немесе жылжымалы темір жол составын кұқыққа қайшы түрде иелік етулер жатады.

Күш қолдану экипаж мүшелеріне, жолаушыларға дене жарақатын келтірумен көрініс табады. Қорқытуға, өлтіруге, көлікті апатқа үшыратуға, жарылыс жасауға байланысты ниет білдірушіліктер жатады. Алдауға әр түрлі амал-айлалар қолдану (экипаж мүшелерін, көлік жүргізушілерін, жолаушыларды жаңылыстыру арқылы маршрутты өзгерту, т.б.) әрекеттер жатады.

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Адам келікті заңсыз айдап әкеткенін немесе келік құралын басып алғанын сезеді және соны істеуді тілейді. Басып алудың мақсаты — көлік құралын айдап әкету болып табылады.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам. Қылмыстық кодекстің 239-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлерін жасағаны үшін жауаптылық көрсетілген. Олар: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша (ҚК-тің 31-бабының 2-тармағын қараңыз);-

б) бірнеше рет (ҚК-тің 11-бабын караңыз);

в) өмірге немесе денсаулыкка кауіпті күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып (ҚК-тің 179-бабын қараңыз);

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасалса (ҚК-тін 179-бабын қараңыз).

Қылмыстық кодекстің 239-бабының 3-тармағында өте қауіпті қылмыс үшін жауаптылық белгіленген. Онда осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса делінген көрсетілген ұйымдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 234-бабының 3-тармағындағы осыған ұқсас құрамдарды талдағанда толық берілген.

Теңіз қарақшылығы (240-бап)

Теңіз қарақшылығы — ертеден белгілі және қауіпті қылмыстардың бірі. Қылмыстың бұл түрі үшін халықаралық құқық нормасыдажауаптылықбелгілеген. Женеваконвенциясы (1953 және 1958 жылдары) теңіз қаракшылығымен халықаралық күрес шараларын белгілеген. Теңіз қарақшылығы туралы қылмыстық кұкықтық норма Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде түңғыш рет халықаралық кұқық нормасына сәйкес орын алып отыр (ҚК-тің 240-бабы).

Теңіз қарақшылығы (240-бап) құрамының диспозициясы әуе немесе су көлігі не жылжымалы темір жол составын айдап әкету оны немесе сондай мақсатта басып алу (239-бап) кұрамына сырттай ұқсас.

Қылмыстың тікелей объектісі - теңізде жүзудін халықаралық кауіпсіздігі және бөтеннің меншігі. Косымша тікелей объект — адамдардың өмірі. Қылмыстың заты — бөтеннің меншігі (жүк, кеме, жанар май, отын, т.б.).

Объективтік жағының қылмыс теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп корқытып, шабуыл жасау әрекетімен сипатталады.

Қылмыс құрамы формальдық. Ол шабуыл жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осы қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың жасалу орны болып табылады. Теңіз қарақшылығы ашық теңізде немесе көлде, не өзенде, я болмаса өзен, көл жағалауында жасалуы мүмкін.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл жасап, теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында қарақшылық жасайтынын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.

Қылмыстын, субъективтік жағының міндетті белгісі — бөтеннің мүлкін басып алу (кеме, катер, жүктерді, жабдықтарды ақша, басқа заттарды) болып табылады.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 240-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген. Олар бірнеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған әрекет.

Қылмыстық кодекстін 240-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық белгіленген. Олар егер теңіз қарақшылығы ұйымдасқан топпен жасалса (ҚК-тің 31-бабының 3-тармағын қараңыз) не абайсызда кісі өліміне не өзге ауыр зардаптарға (мысалы ауыр дене жарақатына, кеменің күйреуіне, ірі материалдық залалға) әкеліп сокса. Егер теніз қарақшылығы әрекетінен кісі өлімі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы (96 және 240-баптар) бойынша сараланады.

Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (242-бап)

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру көп жағдайларда адамдар арасында абыржу, тәртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да мекемелердің, кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын бұзады. Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тойтару үшін ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізуге мәжбүр болады. Осыған байланысты бұл қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға өзге де қауіпті зардаптардың болуы қаупін тудыратын жарылыс, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттердің дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлау әрекеттері арқылы жүзеге асырылады (ҚК-тің 242-бабы).

Бұл жерде хабарлау деп жоғарыда көрсетілген жалған мәліметтерді тиісті органдарға, лауазым адамдарына жеткізу туралы сөз болып отыр. Бұларға құқық органы немесе басқа мемлекеттік органдар, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдары жатады. Хабарламада тұрғын-жай, қоймаларға, көлікке немесе басқадай объектілерді жаратын немесе жандыратын қондырғылар қойылғаны туралы айтылады.

Мұндай хабарлама кайсыбір реттерде жекелеген адамдарға да жеткізілуі мүмкін. Мысалы өзі тұрған мекен-жайға немесе мінетін көлігіне жарылғыш заттар койылғаны туралы хабар алған адамдар.

Хабарлама жасаудың тәсілі сан қилы (ауызша, жазбаша, телефон арқылы) және т. б. болады.

Қылмыстық жауаптылықтың басты шарты — жеткізілген хабарламалардың шындыққа сай емес, көрінеу ойдан шығарылғандығы, жалғандығы болып табылады.

Қылмыс құрамы формальдық, сондықтан ол занда көрсетілген органдардың немесе адамдардың көрінеу жалған хабарлама алған уақытынан бастап аяқталған деп саналады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын сезеді, бірақта соны тілеп әрекет жасайды. Қылмыстық ниет сан түрлі болуы мүмкін. Көп жағдайларда мұндай әрекет бұзақылық ниетпен істеледі, ал кейбір реттерде кек алу, жұмысты немесе оқуды болғызбау ниетімен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субъектісі — жалпы, жасы 14-ке толған кез келген азамат.

Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау (243-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметіндегі жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерінің орындалуын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың заты жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау үшін қажетті технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және қызмет көрсетулер болып табылады. Технологиялық құжаттандыруды, сондай-ақ технологиялык циклдарды жандандыруға мүмкіндік беретін жабдықтарды технология деп айтамыз.

Қызмет көрсетулерге — шетелдік әріптестерге ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық, өндірістік-технология жөнінен және басқадай тұрғыда әр түрлі көмек берулер жатады.

Қылмыс объективтік жағынан әрекет арқылы заңсыз экспорттау жолымен жүзеге асырылады.

Қылмыстық жауаптылық — заң тыйым салған заттарды экспорттық бақылаусыз шет елге шығарғаны үшін туындайды. Экспорттық бақылаусыз шет елге шығарылуға тыйым салынған технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтердің, сондай-ақ жаппай зақымдау қаруларының, қару-жарақ және әскери техниканың тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы белгіленеді.

Қылмыс құрамы формальдық. Сондықтан да қылмыс жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ, әскери техника жасауда пайдаланылатын технологиялық, ғылыми-техникалық ақпаратты жөнелткен немесе шетелде нақты бір қызметті көрсеткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ, әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттауды жүзеге асырып отырғанын сезеді, біледі және соны заңсыз түрде жүзеге асыруды тілейді.

Осы қылмыстың субъектісі — тиісті бағдарлама өзіне лауазымдық жағдайы немесе сарапшылық қызметі бойынша мәлім болған, жасы 16-ға толғандар болып танылады.

Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (244-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі — атом энергетикасы объектілерін орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану қауіпсіздігі тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың заты атом энергетикасын өндіретін зауыттар: атом қалдықтарын көметін көмбелер, атом сұйықтарын өндіретін зауыттар, радиоактивті нәрселермен жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институттары.

Қылмыс объективтік жағынан кісі өліміне немесе коршаған ортаның радиоактивтік зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін, атом объектілерін орналастыру, жобалау, салу немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу арқылы сипатталады.

Қылмыстық кодекстің көрсетілген бабының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Атом энергетикасы объектілерінде Қауіпсіздік ережелерін сактаудың тәртібі арнаулы нормативтік Құқықтык нормалар арқылы реттеледі.

Атом энергетикасы объектілеріне — атом (ядролық) энер-гияны пайдалану арқылы жұмыс істейтін кез келген қондырғылар мен құрылыстар жатады. Заң бойынша атом энергетикасы объектілерінің кауіпсіздік ережелерін бұзу, оларды орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану кезінде болуы мүмкін. Бұл операцияларды жүзеге асырудың тәртібі арнаулы нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Қылмыстың объективтік жағының белгісі — атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін сактамау, кісі өліміне немесе коршаған ортаның радиоактивтік зақымдануына әкеліп соқтыру мүмкіндігі болып табылады.

Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс занда көрсетілген әрекеттерді істеген уақыттан және сол әрекеттер арқылы зардаптың нақты орын алу қаупі төнгенінен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан кылмыс қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істелуі мүмкін.

Қылмыстьщ субъектісі — арнаулы атом энергетикасы объектілерін орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану жұмыстары өзіне тапсырылған 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 244-бабының 2-тармағында "абайсызда кісі өліміне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік зақымдануына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырған дәл сол әрекеттер" үшін жауаптылық белгіленген.

Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (245-бап)

Жалпыға мәлім, тау-кен немесе кұрылыс жұмыстарын жүргізу әр уақытта да адамдарға, қоршаған ортаға, жануарлар немесе өсімдіктер әлеміне белгілі бір қауіп туғызуы мүмкін. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше мән берген жөн.

Қылмыстың тікелей объектісі — тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізгенде қауіпсіздік ережелерін бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соғу арқылы сипатталады.

Тау-кен жұмысына жер асты байлығын ашық карьерлерден, шахталардан, үңгірлерден алу, қазу, бұрғылау құрылыс жұмыстары, шахталарды жабдықтау, шахта құрылыстарын салу т.б. жұмыстар жатады.

Құрылыс жұмыстарына — үйлерді, көпірлерді, жолдарды, кәсіпорындарды салу, оларды жөндеуге, тұрғызуға байланысты әрекеттер жатады.

Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі арнаулы нормативтік құқықтың актілерімен реттеледі. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 245-бабының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстың зардабы абайсызда адамға ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру (ҚК-тің 103, 104-баптары). Бұл қылмыстың құрамы болу үшін іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау қажет.

Қылмыс субъективтік жағынан кінәнің абайсыздық нысаны (менмендік немесе немқұрайдылық) арқылы жасалады.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 245-бабының 2-тармағында абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (ұйымдарға немесе азаматтарға ірі материалдық залалдар) әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу (246-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі — жарылыс қаупі бар объектілердің, қауіпсіздік ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қосымша тікелей объект адамдардың өмірі, денсаулығы, көлік қызметінің кауіпсіздігі және меншігі.

Объективтік жағынан қарастырылып болған қылмыс жарылыс қаупі бар объектілерде немесе жарылыс күші бар цехтарда қауіпсіздік ережелерін бұзу, егер бұл кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін болса — деп сипатталған.

Жарылыс заттарын сақтайтын қоймалар, ғимараттар жарылыс қаупі бар объектілер деп аталады.

Жарылатын заттар, жарылғыш қондырғылар, оқ-дәрілер, Жару құрылымдарын өндіретін зауыттың бір бөлімін — жарылыс қаупі бар цехтар деп айтамыз.

Жарылыс заттарына әдетте аммиак, ацетон, бензол, бутан, Метан, спирт, оқ-дәрі, тағы басқалар жатады.

Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзуға өндірістік процестерді жүргізудің техникалық талаптарын сақтамау; жабдықтардын. жұмыс режимінің технологиялық талаптарын бұзу; осы объектілерде жұмыс істеуге бөтен адамды немесе мас адамдарды жіберу; сондай-ақ осы объектілерде от ұшқынын беретін заттарды іске қосу, темекі тарту немесе пайдалануға жарамсыз электрагрегаттарын пайдалану т.б. әрекеттер жатады.

Қылмыстың объективтік жағының белгісіне осы көрсетілген қауіпсіздік ережелерін бұзудың кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкіндігі де жатады.

Зардаптарға әкеп соқтыру мүмкіндігінің орын алғанын немесе орын алмағанын әрбір іс бойынша сот, тергеу органдары нақты жағдайларға байланысты шешеді. Қылмыстық кодекстің 246-бабының 1-тармағындағы қылмыс формальдық кұрамға жатады. Сондықтан да ол жоғарыдағы көрсетілген әрекеттерді істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осы қылмыстың объективтік жағының тағы бір қажетті белгісі қылмыс істеу орны — жарылыс каупі бар объект болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыздықпен де істелуі мүмкін. Оны дұрыс анықтау үшін жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөніндегі арнаулы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына кінәлі адамның қатынасын дәлме-дәл анықтау қажет.

Қылмыстың субъектісі арнаулы — 16-ға толған жарылыс қаупі бар объектілерде кауіпсіздік ережелерін сақтауға байланысты жұмыс атқаратын адамдар. Олар лауазым адамы немесе қатардағы қызметкер болуы мүмкін.

Кылмыстық кодекстің 246-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру; мүлікті жою, тұрғындарды эвакуациялау т.б.) әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Радиоактивті материалдарымен зансыз жүмыс істеу ережелерін бұзу (247-бап)

Радиоактивті материалдарды нормативтік кұқықтык және технологиялық талаптарға сай дұрыс пайдалану қоғамға, адамзатқа зор пайда келтіруі мүмкін. Бірақ та радиоактивті материалдармен ұқыпсыз немесе қылмысты түрде жұмыс істеу аса зор қауіпті зардаптарға әкеліп соғады.

Қылмыстың тікелей объектісі радиоактивтік материалдар мен қауіпсіз жұмыс істеуді реттейтін қоғамдық катынастар.

Қосымша тікелей объект — адамдардың өмірі немесе денсаулығы.

Осы қылмыстың заты болып - тек қана радиоактивті материалдар танылады. Оларға радиоактивті нәрселер, радиоактивті калдықтар т. б. заттар жатады. Радиоактивті заттармен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы заңымен белгіленген".

Қылмыстық кодекстің 247-бабынын 1-тармағында көрсетілген кылмыстың объективтік жағы: радиоактивті материалдарды заңсыз иеленіп алу, сақтау, тасымалдау, пайдалану, бүлдіру немесе көму әрекеттері арқылы сипатталады. Мұнда көрсетілген заңсыз алуға — радиоактивтік материалдарға КК-тін, 248-бабында көрсетілгеннен басқа кез келген тәсілмен (сатып алу, айырбастау, сыйға алу) арқылы қолға түсіру немесе радиоактивтік материалдарды үшінші жаққа тегін немесе белгілі бір ақы алып беру жатады, бұл әрекеттер заңға негізделмеген болуы қажет.

Сақтауға - көрсетілген заттарға шын мәнінде иелік етіп, қожалықта ұстау әрекеттері жатады.

Радиоактивті материалдарды пайдалануға оны мақсатты немесе басқадай мақсатсыз қолданып, игілікке жарату әрекеттері жатады.

Бүлдіру деп — радиоактивтік материалдар сақтаған ыдыстар мен басқа да бұйымдарды қиратуды, сындыруды айтамыз.

Заңсыз тасымалдау немесе көму деп — занда белгіленген талаптарды көрінеу бұза отырып, қауіпті жағдайда радиоактивті материалдарды тасу немесе кему әрекеттерін айтамыз.

Қылмыс формалдық құрамға жатады. Қылмыс жоғарыда көрсетілген балама әрекеттердің біреуін заңсыз істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей касақаналықпен істеледі. Кінәлі адам радиоактивтік материалдарымен заңсыз жұмыс істейтінін сезеді және соны тілеп әрекет істейді.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, кез келген есі дүрыс адам.

Радиоактивті материалдарды заңсыз өткізу, сондай-ақ өткізу мақсатымен радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау үшін жауаптылық Қылмыстык кодекстің 247-бабының 2-белігінде көрсетілген. Қылмыстың мақсаты —заңсыз өткізу немесе осындай мақсатпен радиоактивті материалдармен заңсыз әрекеттер жасау.

Қазақстан Республикасының "Атом энергиясын пайдалану жөніндегі", сол сияқты "Халықтың радиациялык, қауіпсіздігі туралы" заңдарға және басқа арнаулы нормативтік құқықтық актілерге кайшы іс-әрекеттер заңсыз деп танылады.

Қылмыстық кодекстің 247-бабының 3-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Өзге ауыр зардаптарға бірнеше адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру, қоршаған ортаны радиоактивті уландыру, ірі материалдық залал келтірулер жатады.

Қылмыстық кодекстің 247-бабының 3-тармағындағы қылмыстың субъективтік жағы кінәнің екі нысаны арқылы жүзеге асырылады (ҚК-тің 22-бабын қараңыз).

Радиоактивті материалдарды талан-таражға салу немесе қорқытып алу (248-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі болып радиоактивті материалдардың белгіленген айналым тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар, ал қосымша тікелей объектісі — адамның өмірі немесе меншік қатынастары болады. Осы қылмыстың затына радиоактивті материалдар жатады. Қылмыстың жәбірленушісі — радиоактивті материалдар занды түрде ез иелігінде немесе күзетінде болған адамдар болады.

Объективтік жағынан керсетілген қылмыс радиоактивтік материалдарды талан-таражға салу немесе қорқытып алу арқылы сипатталады.

Талан-тараж деп заңға қайшы тегін, пайдакүнемдікпен радиоактивті материалдарды алып, оны өз пайдасына немесе үшінші жақтың пайдасына айналдыруды айтамыз. Талан-тараждың тәсілі әр түрлі (жасырын, ашық, күш қолданып, алдау немесе сенімге қиянат жасау) болуы мүмкін. Қылмыстың істелу тәсілдерінің іс-әрекетті саралауға әсері болмайды.

Қорқытып алу — яғни бөтеннің радиоактивті материалдарын күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы, сол сиякты жәбірленуші немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау арқылы талап етуі болып табылады.

Радиоактивті материалдарды талан-таражға салудың құндылығы ерекше. Осыған орай талан-таражға байланысты пайда болған құрам — материалдық болып табылады. Қылмыс радиоактивті материалдарға талан-тараж арқылы иелік еткен уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Осы қылмыстың басқа нысаны — қорқытып алу формальдық құрамға жатады. Қорқытып талап ету уақытынан бастап ол қылмыс аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыстық ниет пайдакүнемдік және баскадай әр түрлі болуы мүмкін.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстін, 248-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын мынадай түрлері көрсетілген: бірнеше рет (ҚК-тің 248-бабының ескертуін қараңыз); адам өз қызмет бабын пайдаланып жасаса (мысалы инженерлер, лаборанттар, коймашылар және т.б.); өмірге немесе денсаулыққа кауіпті емес күш қолдана отырып, не осындай күш қолданамын деп корқыта отырып жасаса (Қылмыстық кодекстің 178-бабының 2-тармағының "а" тармақшасын караңыз).

Радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу (249-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі және заты Қылмыстық кодекстің 247-бабындағы осындай түсінікпен ұқсас. Қылмыс объективтік жағынан радиоактивті материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерін және олармен жұмыс істеудің басқа да ережелерін бұзу, егер бұл әрекеттердің кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін болса — деп сипатталған. Яғни бұл жерде радиоактивті материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау заңға сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Бірақ оған жауапты адам радиоактивті материалдармен жұмыс істеудің ережелерін бүзып, соның салдарынан кісі өлімі немесе өзге де ауыр зардаптардың болу мүмкіндігі пайда болады. Қылмыстық кодекстің 249-бабындағы құрам объективтік белгілері жөнінен ҚК-тің 247-бабындағы қылмысқа сырттай ұқсас, бірақ екеуінің арасында айырмашылық бар. ҚК-тің 247-бабында радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу үшін жауаптылық белгіленсе, ал 249-бапта осындай материалдармен жұмыс істеу заңға сәйкес жұргізіледі, бірақ олармен жұмыс істеудің ережелерін бұзу орын алады. Осы қылмыстың субъективтік жағы, субъектісі және ауырлататын түрлерінің белгілері де ҚК-тің 247-бабындағы осындай ұғымдармен ұқсас.

Айналыстан алынған заттардын немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы (250-бап)

Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру кұралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтарды декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттің кеден шекарасы арқылы өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 250-бабында арнайы көрсетілген. Экономикалық контрабанда үшін жауаптылық ҚК-тің 209-бабында берілген. Қылмыстық кодекстің 250 және 209-баптарында көрсетілген қылмыстардың өзара айырмашылығы қылмыстың объектісінде және затында. Бұл екі қылмыс құрамының объективтік және субъективтік белгілері бірдей.

Айналыстан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап) қылмысының тікелей объектісі — коғамдық қауіпсіздік. Яғни осы көрсетілген заттармен контрабандалық әрекеттер жасау әруақытта коғамның қауіпсіздігіне тікелей қатер келтіреді.

Осы кылмыстың заты 250-бабының диспозициясында тізбектеліп көрсетілген. Олар: есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттар, қару-жарақ, әскери техника, жарылғыш құрылғылар, атыс қаруы, оқ-дәрі, жаппай кырып-жоятын қарудың ядролық, химиялык, биологиялық және басқа да түрлері, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтар. Қылмыстың заты болып табылатын осы ұғымдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген арнаулы баптарында көрсетілген. Оларға біз кейінірек сол баптарға талдау барысында тоқталамыз.

Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс мемлекеттік кеден шекарасы арқылы кедендік бақылаудан тыс немесе жасырьін жасалған құжаттарды, кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып айналымнан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттарды декларацияламай немесе жалған декларациялау арқылы өткізумен сипатталады.

Кеден шекарасы, кеденді бақылау, кедендік теңдестіру құралдары, декларация, жалған декларация, кедендік өткізудің түсініктеріне Қылмыстық кодекстің 209-бабын талдағанда арнайы тоқталып өткенбіз.

Қылмыстық кодекстің 250-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: бірнеше рет, лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалған әрекеттер үшін, ал осы баптың 3-тармағында осы қылмыстың өте ауырлататын түрі — осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді ұйымдасқан топ жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыстық кодекстің 250-бабының 2, 3-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттердің түсінігіне Қылмыстық, кодекстің осыларға ұқсас 209-бабының 2, 3-тармақтарын талдағанда толық түсінік бергенбіз.

Субъективтік жағынан 250-бапта көрсетілген қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған жай адам немесе лауазымды адам (250-баптың 2-тармағының "б" тармақшасы).

Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-бап)

Қарудың кез келген түрімен заңсыз іс-әрекеттер жасау ете қауіпті. Қарулы адам әруақытта да орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан заң осындай заттармен айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілеген.

Көрсетілген қылмыстың тікелей объектісі — қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды айналымға қауіпсіз шығаруды реттейтін коғамдық Қауіпсіздік болып табылады.

Қылмыстың заты — қару, ок-дәрі, жарылғыш заттар және жарылғыш кұрылғылар, суық кару болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы желтоқсанның 30-ында қабылданған "Жекелеген қару түрлерінін айналымы на мемлекеттік бақылау жасау туралы" заңында осы көрсетілген заттарға анықтамалар берілген.

Осы заңға сәйкес қаруға конструкциялық жағынан алғанда тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар жатады. Өзінің бағытталған мақсаты мен негізгі өлшемдері, сипаттамалары бойынша қару: жауынгерлік, қол атыс қаруы мен суық қару; азаматтық қару; қызметтік қару болып бөлінеді. Жауынгерлік қол атыс қаруына — оқ-дәрі немесе өзге де заряд қуатының әсері нәтижесінде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қарулар жатады (автомат, карабиндер, винтовкалар, пистолеттер, пулеметтер т.б.)-

Суық каруға — нысананы тікелей закымдайтын, құралы адамның бұлшық еті күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қарулар жатады.

Азаматтық каруға Қазақстан Республикасының азаматтары өзін-өзі қорғауға қажетті: спортпен шұғылдану және аң аулау мақсатында пайдаланатын қарулар жатады. Азаматтық атыс аруы оқты түйдектете атуды болғызбауға тиіс. Азаматтық қару былайша бөлінеді: 1) өзін-өзі қорғау қаруы; тегіс, ұзын ұңғылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асырған уәкілетті орталық атқарушы органның нормаларына сәйкес келетін, жарақат салатын, әсер ететін патрондары бар атыс каруы; Қазақстан Республикасының азаматтарынын денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органының нормаларына сәйкес келетін, жарақат салатын, газбен және сәулелі дыбыспен әсер . ететін патрондары бар ұңғысыз атыс қаруы; газды қару — Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органы қолдануға рұқсат еткен көз жасын ағызатын және тітіркендіретін заттармен оқталған газды, оның ішінде патрондармен қоса пистолеттер мен револьверлер, механикалық тоңазытқыштар, аэрозолды және басқа да құрылғылар.

Спорттық қаруларға: а) ойық ұңғылы атыс қаруы; б) тегіс ұңғылы атыс қаруы; в) сұқпа суық кару; г) үрлемелі қуаты 25 Дж-дан жоғары пневматикалық қару.

Аңшылық қарулар: а) ойық ұңғылы атыс каруы; б) тегіс ұңғылы, оның ішінде ойық бәлігінің ұзындығы 140 милиметрден аспайтын атыс қаруы; в) аралас ойық және тегіс ұңғылы), оның ішінде алмалы-салмалы және жиналмалы ойық ұңғылы атыс каруы; г) үрлемелі қуаты 25 Дж-дан аспайтын пневматикалық қару; д) сұқпа суық қару; и) белгі беретін қару.

Қызметтік қаруға мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес қызметі мемлекеттік қызметшілердің жоғары және бірінші санаттарына жатқызылған лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, судьялардың, прокурорлардың жеке басының, сондай-ақ ұйымдардың оларға заңмен жүктелген немесе өз жарғыларында (ережелерінде) көзделген, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғау, қоршаған орта объектілерін және табиғи ресурстарды, бағалы және қауіпті жүктерді, арнаулы корреспонденциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналған қару жатады. Қызметтік қаруға қысқа ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы атыс қаруы, сондай-ақ ұзын ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы қару жатады. Қызметтік қару түйдектете оқ атуды болғызбауы тиіс. Қызметтік қару патрондары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарт талаптарына сай болуы кажет.

Газды қару — қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тітіркендіргіш заттарды пайдалануға негізделген қару; Электрлі қару — қолданылуы электр зарядының күшіне негізделіп арнайы бейімделген тетік.

Пневматикалық қару — нысананы зақымдайтын кұралы сызылған, сұйытылған немесе катайтылған газдық куаты есебінен бағыты қозғалыс алатын қару.

Белгі беру қаруы — дыбыс, жарық және түтін белгілерін беру үшін пайдаланылатын кару.

Лақтырылатын қару — нысананы тікелей зақымдайтын құрал адамның бұлшық еті күшінің немесе механикалық құрылғының көмегімен бағытталып козғалысқа түсетін қару.

Оқ-дәрі (патрондар) — конструкциялық жағынан қарудың тиісті түрінен ату үшін және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар.

Ок-дәрілер, тротил, нитроглицерин, пироксилин, аммонал, жарылатын басқа да химиялық заттар мен жарылғыштық касиетке ие, оларды алуға немесе сақтауға арнайы рұқсат талап етілетін қоспалар — жарылғыш заттар деп аталады. Жарылғыш кұрылғыларға әр түрлі зарядтардың күшімен (соның ішінде радио жарылыстар арқылы да) нысананы құртатын, зақымдандыратын құралдар жатады.

Қылмыстың объективтік жағы заңда көрсетілген заттарды немесе құрылғыларды заңсыз алу, біреуге беру, өткізу, сақтау тасымалдау немесе алып жүру арқылы сипатталады.

Бұл жерде көрсетілген заттарды алу деп қаруды сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретінде заңсыз алулар жатады. Осы заңсыз иеленген заттарды бетен адамға уақытша немесе мәңгілікке әр түрлі тәсілдерді колдана отырып өткізуді біреуге беру деп айтамыз.

Өзінде заңсыз сақталған осындай заттарды біреуге сату, айырбастау немесе тегін беру оны өткізу деп танылады. Көрсетілген заттарды кінәлінің сол күйінде ұстап тұруы оны сақтау деп саналады. Көліктің барлық түрі бойынша көрсетілген заттарды кеңістікте алып жүру оны тасымалдау деп танылады.

Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың кінәлінің тікелей өз бойында болуы оны алып жүру деп танылады.

Осы қылмыс құрамы үшін жауаптылықтын негізгі шарты — атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру заңсыз, яғни тиісті мемлекеттік органдардың, лауазым адамдарының рұқсатынсыз істелуі керек.

Қылмыс құрамы формальдық және осы Қылмыстық кодекстің 251-бабында көзделген әрекеттердің біреуін істегеннен кейін-ақ аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қарастырылып отырылған қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Адам заңсыз атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе құрылғыларды алғанын, біреуге бергенін, өткізгенін, сақтағанын, тасымалдағанын немесе алып жүргенін сезеді және соны тілеп, заңға қайшы әрекеттер істейді.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам. Қылмыстық кодекстің 251-бабының 2-тармағында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы немесе бірнеше рет жасалған сол әрекеттер үшін жауаптылық көрсетілген. Осы баптың (251-бабы) бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді ұйымдасқан топ жасаса, онда кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 251-бабының 3-тармағы бойынша сараланады.

Суық қаруды алып жүру (аңшылық кәсіпшілікке байланысты болатын реттерді қоспағанда) қанжарларды, фин пышақтарын немесе басқа да суық қаруды заңсыз алып жүргені немесе сатқаны үшін жауаптылық ҚК-тің 251-бабының 4-тармағында көзделген.

Осы бапта көрсетілген заттарды ез еркімен тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады (ҚК-тің 251-бабының ескертуі).

Қаруды заңсыз жасау (252-бап)

Бұл қылмыстың заты Қылмыстык кодекстің 251-бабында көрсетілген қылмыс құрамындағыдай, сонымен бірге осы қылмыс құрамының заты болып жинақтаушы бөлшектер жатады. Қылмыстың тікелей объектісі қару түрлерінің өндірілу және айналым саласындағы қоғамдық қауіпсіздігі.

Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерін заңсыз жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын заңсыз жасау арқылы сипатталады.

Атыс қаруын және басқа да заттарды мақсатты пайдалануға толық жарамды, дайын ету — оны жасау деп танылады. Жарамсыз қаруды оның бөлшектерін түзеп толық іске қосу оны жөндеу деп танылады.

Қылмыс құрамы формальдық. Ол каруды заңсыз жасау немесе оны жөндеу әрекеттерінің біреуі істелген сәттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі — жалпы, 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 252-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған немесе бірнеше рет жасалған әрекеттер үшін, ал осы баптың 3-тармағында осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді ұйымдасқан топ болып жасағаны үшін жауаптылық көрсетілген. Газ қаруын, суық қаруды, оның ішінде лақтырғыш қаруды заңсыз жасағаны үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 252-бабының 4-тармағында көзделген. Газ қаруы, суық қару, лақтырғыш қарудың түсінігін ҚК-тің 251-бабын зерттегенде анықтап кеткенбіз. Осы бапта көрсетілген заттарды өз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады (ҚК-тің 252-бабының ескертуі).

Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (253-бап)

Атыс қаруын ұқыпсыз сақтаудың (қоғамға қауіптілігі сол, ұқыпсыз қалған қаруды кез келген адам (оның ішінде ақыл-есі кемдер де) пайдаланып орны толмас қайғылы қасіреттер келтірілуі мүмкін. Қылмыстың тікелей объектісі — қарумен айналысу саласындағы қоғамдық қауіпсіздік.

Қылмыстың заты заңды түрде пайдаланылуға берілген қолдануға жарамды атыс қаруы болып табылады (ҚК-тің 251-бабын қараңыз). Суық қару осы қылмыстың затына жатпайды.

Қылмыстың объективтік жағы — атыс қаруын оны басқа адамдардың пайдалануы үшін жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол ауыр зардаптарға әкеп соқса деп (ҚК-тің 253-бабы) сипатталған.

Ұқыпсыз сақтауға атыс қаруын сақтаудың арнайы нормативтік актілермен белгіленген ережелерін, сондай-ақ жалпы сақтық шараларынын талаптарын сақтамаудан, оны бегде адам-ның пайдалануы үшін жағдайлар жасаулар (мысалы, атыс қаруы моншада, есігі ашық үйде, жас балалар немесе ақыл-есі кем адамдар көп жүретін орындарда қалдырылуы сияқты әрекеттер) жатады. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық орын алады. Қылмыс материалдық құрамға жатады. Ауыр зардаптарға ұқыпсыз қалған қаруды иеленген адамның өзін-өзі атып өлтіруі немесе басқа біреуді өлтіруі, жарақаттауы, адам шығынына немесе ірі материалдық залалға әкеп соққан өрттің пайда болуы және т.б. әрекеттердің орын алуы жатады. Атыс қаруын сақтау шараларын бұзумен орын алған ауыр зардаптың арасын байланыстыратын себепті байланыс болуы қажет.

Қылмыс субъективтік жағынан кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.

Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (254-бап)

Атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын күзету тапсырылған адамның өз міндеттерін тиісінше орындамауы, егер бұл олардың талан-таражға немесе жойылуына не өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса — кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Көрсетілген заттарды күзету жөніндегі міндеттерге салдыр-салақ қараудың зардабы да орасан. Өз міндетіне осылай қарау, осы заттардың талан-таражға түсуі немесе жойылуынан өзге де ауыр зардаптарға, мысалы қылмысты іс-әрекеттер істелуге де пайдаланылуы мүмкін.

Көрсетілген қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік.

Қылмыс заты Қылмыстық кодекстің 254-бабының 1-тармағы бойынша: атыс қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттар немесе жару құрылғылары (бұлардың түсінігін ҚК-тің 251-бабынан қараңыз); ал ҚК-тің 254-бабының 2-тармағы бойынша: жаппай қырып-жоятын қару; жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдар немесе жабдықтар.

Жаппай қырып-жоятын қаруларға ядролық, химиялық, биологиялық, басқа да (термоядролык, нейтрондық) қару түрлері жатады. Жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтарға осындай қару жасауға пайдаланылатын табиғи немесе жасанды ерітінділер, оларды өндіруге бейімделген, жүйелі түрде пайдаланылатын арнайы аспаптар жатады.

Суық қарулар осы қылмыс құрамының затына жатпайды.

Объективтік жағынан қылмыс Кодекстің 254-бабында көрсетілген заттарды немесе жару құрылғыларын күзету міндетін тиісінше орындамауы арқылы көрініс табады.

Міндеттерді тиісінше орындамау деп кінәлі адамның өзіне күзет жөнінде жүктелген міндетін тиісінше орындамауы немесе жауапсыз орындауын айтамыз. Мысалы: жұмыс уақытында ұйықтап қалу, жұмыс орнында мастықтың әсерінен ұйықтап қалу, объектілердегі күзет қондырғыларын іске қоспау, күзетілетін қоймаларды күзетпей қалдыру т.б. әрекеттер. Яғни күзетші өз міндетіне жауапсыз қарап, әрекетсіздікпен қылмысқа жол береді. Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстың зардабы Қылмыстық кодекстің 254-бабының 2-тармағында көрсетілген, заттардың талан-таражға немесе жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса деп тура айтылған.

Талан-тараждың түсінігі Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінің 1-бөлігінде берілген. Қарудың жойылуының мазмүны мүлікті жоюдың мазмұнымен бірдей (ҚК-тің 187, 189-баптарына берілген талдауды караңыз).

Өзге ауыр зардаптарға өрт болуы, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, тұрғын үй-жайды су басып кету т.б. әрекеттер жатады.

Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 254-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыс материалдық-формальдық құрамға жатады, өйткені бұл жерде қылмыстық жауаптылық ауыр зардапқа әкеп соғудан басқа, ауыр зардаптың пайда болу қаупін тудырғаны үшін орын алады.

Ауыр зардаптың пайда болу қаупі нақты іске асатындай болуы кажет.

Қылмыс объективтік жағынан абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, күзет жөнінен міндетті адам.

Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын талан-таражға салу не қорқытып алу (255-бап)

Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын талан-таражға салу не қорқытып алу жолымен иелену көп жағдайларда кісі өлтіру үшін жүзеге асырылады. Осыған орай бұл тұрғыдағы қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік болып табылады, ал қосымша тікелей объектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы болып табылады.

Қылмыстың заты ҚК-тің 251-бабында көрсетілген заттармен бірдей, ұқсас заттар.

Объективтік жағынан қылмыс атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерін, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын талан-таражға салу не қорқытып алу арқылы сиппатталады.

Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылымдарын талан-таражға салу деп кінәлінің кез келген тәсілмен заңсыз қолға түсірген осы заттарды өзінің иеленуі немесе оларды басқа адамға беруі, сондай-ақ оларға өз білгені бойынша билік жүргізуі болып табылады.

Қорқытып алудың түсінігі Қылмыстык кодекстің 181-бабында берілген, ол жөнінде осы кодекстің 248-бабына талдау жасағанда толық берілген.

Қылмыс материалдық-формальдық құрамға жатады. Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару қондырғыларын талан-таражға салу материалдық, ал осы көрсетілген заттарды қорқытып талап ету формальдық құрамға жатады және қылмыс кінәлінің көрсетілген заттарды алған немесе оларға иелік еткен немесе қорқытып талап еткен уақытынан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жзасалады. Кінәлі адам қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын талан-таражға салу немесе қорқытып алатынын сезеді және осы әрекеттерді жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстың субъектісі 14-ке толған, есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 255-бабының 2-тармағында жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сиякты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды (бұлар туралы Қылмыстық кодекстің 254-бабының 2-тармағын талдау кезінде түсінік берілген) талан-таражға салу не қорқытып алғаны үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық кодекстің 255-бабының 3-тармағында осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:

а) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса;

б) әлденеше рет;

в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану, не осындай күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы (ҚК-тің 178-бабын караңыз);

г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалса — (ҚК-тің 31-бабының 2-тармағын қараңыз).

Осы баптардың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, оларды:

а) ұйымдаскан топ (ҚК-тің 31-бабын қараңыз).

б) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану немесе осындай күш қолданбаумен қорқыту арқылы (ҚК-тің 179-бабын қараңыз).

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (256-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі өрт қауіпсіздігі ережелерін ресми белгілеп, реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың қосымша тікелей объектісі — адам өмірі мен денсаулығы болуы мүмкін.

Қылмыстың заты болып өрт қаупін туғызатын кез келген көздер — электр энергиясы, жанар-жағар май материалдары, жарылғыш заттар, өрттің ашық өрістеуі танылады.

Объективтік жағына талданып отырылған қылмыс (256-баптың 1-тармағы) өрт қауіпсіздігі ережелерін бүзу, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге әкеп соғу арқылы сипатталады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау Қазақстан Республикасының арнаулы заңымен белгіленген. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу әрекет арқылы (тез тұтанатын заттарға жақын от жағу, пісіру, күйдіру жұмысын жүргізу) немесе әрекетсіздік арқылы (өрт қаупі бар жерде темекі тарту, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етпеу, тұрғын-жайды, қоймаларды өрт қаупі бар заттардан тазаламау т.б.) жүзеге асырылуы мүмкін.

Қылмыстың зардабы — өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян (ҚК-тің 103, 104-баптарын караңыз) келтіру немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян (Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінің 2-тармағын қараңыз) келтіру болып табылады.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу мен одан пайда болған зардаптың арасында себепті байланыс болады. Қылмыс материалдық құрам.

Субъективтік жағынан қылмыс кінәнің абайсыздық нысаны (менмендікпен немесе немқұрайдылықпен) жасалады.

Қылмыстың субъектісі — арнаулы, 16-ға толған өзіне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау міндеті жүктелген адам.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-тармағында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауаптылықтың ауырлататын түрі көзделген. Бұган абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайлар жатады. Өзге де ауыр зардаптарға, мысалы, қоймалардың, жұмыс орындарының өрттен тұтас жанып кетуі, ұзак уакытқа кәсіпорын жұмысының тоқтап қалуы және т.б. әрекеттер жатады.