Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс ӘПжӨТ тәрбиелік.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
148 Кб
Скачать
☆

Педагогикалық практикасын өткізудің күнтізбелік жоспары

______________________________университеті___курс___ топ студенті

_______________________________________________________________

студенттің аты-жөні

Уақыты

Тапсырманың мазмұны

Орындалу белгісі

1 күн

Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.б. мекеме жағдайында тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру. Мекеме басшыларымен, материал-дық-техникалық базамен танысу. Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің негізгі атқаратын рөлдерімен танысу, әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру барысындағы негізгі сұрақтарды нақтылау.

Практикалық тапсырма:

Жалпы практика кезеңдерінде өтетін тәрбиелік шаралары туралы жоспар құру. Күнтізбе құру.

2 күн

Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.б. мекемесіндегі жұмысшылардың лауазымдық қызметтерімен танысу. Мекеменің директоры. Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары. Тәрбиешілері. Дене тәрбиесінің және жүзу инструкторы. Үйірме жетекшісі. Топ тәрбиешісінің құқықтары мен міндеттері. Мекеменің бала денсаулығын және өмірін сақтау бойынша талаптар. Мекеменің санитарлық-гигиеналық талаптары. Бірінші дәрігерлік көмек.

3 күн

Сменаға тәрбие жоспарын құру. Күнтізбелік және болашақ жоспары. Бір күнге жоспар. Студенттер әлеуметтік педагогтың оқушыларды жан-жақты қабілетіне қарай дамыту, жұмыстары туралы практиканттардың білімдерін кеңейту өзін-өзі тану мұғалімінің тәрбиелік жұмыстарын талдап, жобалауға, бақылауға үйрету.

4-5 күн

Рухани-адамгершілік тақырыптарда лекция өткізу, әңгімелесу, кеңес беру. Практикалық тапсырма: Нақты мәселе бойынша лекция дайындау немесе әңгімелесу. Кеңес берудің және лекция оқудың жоспарын дайындау тапсырмаларын орындау үшін студенттер өздері бекітілген сыныптағы оқушылардың әлеуметтік дара және дербес ерекшеліктерін зерттеу арқылы жүзеге асады.

  • диагностикалық;

  • .ұйымдастырушылық;

  • мәдени- ағартушылық;

  • талдау-бақылаушылық;

  • аниматорлық.

6-7 күн

Ұжымды қалыптастыру кезеңдері. Топта өзін-өзі басқаруды қалыптастыру жұмыстары. Топ белсенділерімен жұмыс ерекшелігі. Танысуға арналған ойындар. Мәдени шараны өткізу әдістері: тағайындау, ереже және қағида.

Практикалық тапсырма: Топтың тізімін жасау (мекен жайы, байланыс телефоны, өзі туралы мәлімет, туылған күні). Топ белсенділерінің тізімін жасау

8-9 күн

Ұжымдық-шығармашылық жұмысты өткізу әдістемесі.

Өзін-өзі тану мұғалімінің көмегімен тақырыптық күндерді өткізу. Қажетті талаптар мен жағдайлар. Тақырыптық күндердің әр түрлілігі. Табысты іс-әрекеттердің нәтижесі. Залмен ойын ұйымдастыру. Рухани-адамгершілік шығармашылық шарасын ұйымдастыру ерекшеліктері.

10 күн

Тәрбиеші практиканттың безендіру жұмыстары.

Әдістемелік безендіру жұмыс түрлері және формасы. Сынып бұрышы. Практика күнделігін безендіру.

11-12 күн

Практика барысында студенттің аналитикалық қызметі.

Ұйымдастыру кезеңі өткен күнге талдау. Негізгі және аяқталу кезеңдеріндегі күнге талдау. Бір кезеңнің әлеуметтік педагогикалық жұмысына жалпы талдау.

13-14 күн

Тәрбиеленушінің жеке тұлғасын зерттеу

Психологиялық диагностика.

  • Анкета толтыру.

  • Тест алу.

  • Социометрия әдісі.

15 күн

Практикалық тапсырма:

  • Ұжымның бірлігіне зерттеу жүргізу, лидерді анықтау.

  • Зерттеудің негізінде топқа мінездеме жазу.

  • Топтан бір баланың жеке тұлғасына зерттеу жүргізу.

  • Зерттеу негізінде баланың жеке тұлғасына мінездеме жазу.

16 күн

Түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу

(Психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық диагностикалық бағыттағы жұмысты талдау)

17 күн

Ұжыммен қарым-қатынас орнату жұмыстарын жүргізу

(Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет түрі мәдени-ағартушылық бағыттағы жұмыс талдау)

18 күн

Әлеуметтік-педагогикалық және ұжыммен кері байланыс орнату жұмыстарын жүргізу. Студенттердің әлеуметтік-педагогикалық кәсіби іс-әрекет түрі болып саналатын:

  • тәрбиелік,

  • ұйымдастырушылық

  • мәдени-ағартушылық,

  • аниматорлық қуыршақ театрын құру

жұмысы арқылы алған дағдыларын қорытындылау, ұсыныс, пікір алмасу. Студенттердің қорытынды іс-шарасын ұйымдастыру.