- •Педагогикалық әлеуметтік:Тәрбиелік практиканың
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практиканың мазмұны
- •Практика базасы
- •Практика мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар Практиканы өткен студент:
- •Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практика бағдарламасы студенттке келесі жұмыс түрлерін қамтамасыз етеді:
- •Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практиканы ұйымдастыру
- •Студенттер практика барысында келесі тапсырмаларды орындауы тиіс:
- •Педагогикалық практика бойынша есеп беру құжаттары
- •Педагогикалық практиканы қорғау
- •«Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практикаға жетекшілік
- •І. «Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практика жетекшілерінің міндеттері
- •«Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практиканың тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Педагогикалық практикасын өткізудің күнтізбелік жоспары
- •Тақырыптардың қысқаша мазмұны
- •1 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру.
- •2 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекемесіндегі жұмысшылардың лауазымдық қызметтерімен танысу.
- •4 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық лекция өткізу, кеңес беру;
- •5 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында балалар ұжымын дамыту
- •6 Тақырып. Тәрбиелік-шығармашылық жұмысты өткізу әдістемесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 2000.
- •1. Www.Edu.Gov.Kz. Официальный сайт Правительства Республики Казахстан.
5 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында балалар ұжымын дамыту
Ұжымды қалыптастыру кезеңдері. Топта өзін-өзі басқаруды қалыптастыру жұмыстары. Топ белсенділерімен жұмыс ерекшелігі. Танысуға арналған ойындар. Мәдени шараны өткізу әдістері: тағайындау, ереже және қағида.
Практикалық тапсырма: Топтың тізімін жасау (мекен жайы, байланыс телефоны, өзі туралы мәлімет, туылған күні). Топ белсенділерінің тізімін жасау
6 Тақырып. Тәрбиелік-шығармашылық жұмысты өткізу әдістемесі.
Білім беру мекемелерінде, балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.б. мекеме жағдайында тақырыптық күндерді өткізу Қажетті талаптар мен жағдайлар. Тақырыптық күндердің әр түрлілігі. Табысты іс-әрекеттердің нәтижесі. Залмен ойын ұйымдастыру. Дене-сауықтыру шарасын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Практикалық тапсырма:
Жалпы мәдени шараларға бағдарлама жасау (кемінде 3 дана).
Жалпы мәдени шара ұйымдастыру және өткізу (кемінде 1).
Жалпы топтық әндер топтамасын құру.
Түрлі бағыттағы топтық шаралар құрастыру. (кем дегенде 15 ) әдістемелік қамтамасыз етумен.
Ашылу салтанатын өткізу (практика жетекшісінің қатысуымен, әлеуметтік педагог, әріптестер)
Топтық шаралар түрлі бағыттағы (кем дегенде 3).
7 Тақырып. Тәрбиеші практиканттың безендіру жұмыстары
Әдістемелік безендіру жұмыс түрлері және формасы. Сынып бұрышы. Практика күнделігін безендіру.
Практикалық тапсырма: Сынып бұрышының эскизін дайындау.
8 Тақырып. Практика барысында студенттің аналитикалық қызметі.
Ұйымдастыру кезеңі өткен күнге талдау. Негізгі және аяқталу кезеңдеріндегі күнге талдау. Бір кезеңнің әлеуметтік педагогикалық жұмысына жалпы талдау.
Практикалық тапсырма: Бір кезеңнің әлеуметтік педагогикалық жұмысын орындау.Практика нәтижесі бойынша есеп жазу.
9 Тақырып. Тәрбиеленушінің жеке тұлғасын зерттеу
Психологиялық диагностика. Анкета толтыру. Тест алу. Социометрия әдісі.
Практикалық тапсырма: Ұжымның бірлігіне зерттеу жүргізу, лидерді анықтау. Зерттеудің негізінде сыныпқа, топқа мінездеме жазу. Сыныптан бір баланың жеке тұлғасына зерттеу жүргізу. Зерттеудің негізінде баланың жеке тұлғасына мінездеме жазу.
Практиканы бағалау талабы бойынша қажетті құжаттар
1. Жалпы практикалық шараларға бағдарлама жасау (1 сменаға);
2. Практика барысында атқарылған жұмысты күнделікке тіркеу;
3. Практика барысында жасалған сабақтың күндік кестесі;
4. Практика барысында студенттің жинақтаған материалдар тізімі;
5 Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесінің сабақ жоспары;
6. «Әлеуметтік педагогтың құқығы және міндеті». Конспект;
7. Топ тізімін жасау;
8. Топ белсенділерінің тізімін жасау;
9. Топ лидерін анықтау. Социометрия әдісі. Диаграммасын түсіру;
10. Топ бұрышының эскизі. Фото;
11. Ойын түрлері (танысу, татулыққа, лидерді анықтауға т.б. түрлі жастағы балаларға арналған ойындар) сценариін жасау. Фото;
12. Жалпы практикада топтық әндер топтамасы. Диск;
13. Түрлі бағыттағы топтық шаралар құрастыру (кем дегенде 15) әдістемесімен қамтамасыз ету (грамота, кроссворд безендіру, ребусы т.б.). Фото;
14. Жалпы шараларға бағдарлама жасау (кемінде 3 дана). Сценарий;
15. Топқа мінездеме жазу. Диаграмма;
16. Топта бір балаға психологиялық-педагогикалық мінездеме беру;
17. Практика қорытындысы бойынша студенттердің есебі және ұсыныстары;
18. Студенттің жұмысына мінездеме (Мекеме директоры, әлеуметтік педагог) қолымен.
19. Мінездеме мекеме мөрімен басылуы қажет.
20. Жалпы практика барысында атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс түрлернің технологиясы бойынша альбом дайындау арқылы есеп беру.
