Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед., вет. биотехнология.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
696 Кб
Скачать
☆

Негізгі сынауды қою техникасы

Сары судың әр бір үлгісінің көлемін 1:10 есе арттырып инактивирлейді, 0,5 мл екі сынауықтарға құяды. Штативке сары сулармен сынауықтардың екі қатарын қояды және бақылау сары сулардың (оң және норма сары сулары) екі қатарын қояды. Бірінші қатардағы сары сулардың бәріне 0,5 мл антиген қосады. Екінші қатардағы сары суларға (антигенсіз) 0,5 мл физиологиялық ерітінді қосады. Кейіннен сынауықтардың екі қатарына да 0,5 мл комплемент қосып, сілкіп, су моншасына 20-40 минутке 37-38 градуске қояды. Осы бактериолитикалық жүйе. Су моншасында ұстап болғаннан кейін, сынауықтардың барлығына гемолитикалық жүйенің компонеттерін салады (0,5 мл гемолизин және қойдың эритроциттері). Сілкіп қайтадан 15-20 минутке су моншасына қояды.

Бақылау екі кезеңде өткізіледі:

  1. Су моншадан алынған кезде.

  2. Су моншадан алып үй бөлменің температурасында 12 сағат тұнбалары қалыптасу мақсатымен ұстап бақылау.

Оң реакция (++++) – гемолиздің толығынан кешігуі (эритроциттер тұнбаға түсу); (+++) - гемолиздің кешігуі, эритроциттер тұнбаға түсу, тұнбаның үстіндегі суйықтық қызғылт түсті.

Қосымша зерттелуге жататын реакция - (++); (++-) гемолиз жартылай кешігеді, тұнбада эритроциттер бар, суйықтық қызыл түсті; (+) – гемолиз бар, тұнба аз көлемді, суйықтық қызыл түсті; теріс реакция (----) – толық гемолиз, тұнба жоқ.

Бақылау сұрақтары:

  1. Комплемент байланыстыру реакциясымен қолдану мақсаты.

  2. Комплемент байланыстыру реакциясының түрлері.

  3. Комплемент байланыстыру реакциясын қою тәртібі.

  4. Комплемент байланыстыру реакциясын бақылау және бағалау.

ТАҚЫРЫП 5. Зертханалық жануарлармен жұмыс істеу әдістері

Сабақ мақсаты. Медициналық және ветеринариялық биотехнологияда зертханалық жануарларды қолдану мақсаты. Сынаудағы жануарлардың жұқтыру жұмыстарының әдістері. Өлген жануарлардың ішін жарып зерттеу жұмыстарының ретімен танысу.

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар. Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар.

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

  1. Сынаудағы жануарлардың жұқтыру жұмыстарының әдістері.

  2. Өлген жануарлардың ішін жарып зерттеу жұмыстарының ретімен танысу.

Патогенді микробтың таза дақылын бөліп алу үшін немесе оның вируленттігін анықтау үшін сынаудағы зертханалық жануарларға жұқтыру жұмыстарын өткізеді. Зерттеудің мақсатымен байланысты және микробтың қасиеттеріне байланысты бір белгілі зертханалық жануарды таңдап алады.

Сынаудағы жануарларды жұқтыру әдістері келесі:

  1. тері астына (субкутанды әдіс) – зерттелетін материал шприц арқылы тері астына еңгізіледі: теңіз шошқаларға сан жағына, тышқандарға бел жағына, үй қояндарға сан жағына;

  2. тері ішіне (интракутанды әдіс) – зерттелетін материал терінің ішіне еңгізіледі; осы әдіспен сирек қолданады;

  3. былшық еттің ішіне (интрамускулярля әдіс) – материал былшық еттің ішіне еңгізіледі;

  4. іш құрылыстың ішіне – материал іш құрылыстың ішіне еңгізіледі;

  5. қан тамырдың ішіне – материал инъекция арқылы қан тамырға еңгізіледі;

  6. субдуральді – материал мидың қатты қабыршығына еңгізіледі;

  7. интрацеребральді – материал мидың ішіне еңгізіледі.

Ағзаға материалды еңгізетін жерді дайындау керек: жүнді қырқып алып, теріні спиртпен сүртіп, йод жағады. Осы шаралармен жануардың терісінің үстінде болған микробтарды зерттелетін материалды еңгізгенде кіргізбес үшін қолданады.

Сынаудағы жануарларға жұқтыру жұмыстарын өткізгенде, оларды жақсылап, қозғалтпай ұстау керек. Үй қояндарды келесі әдіспен ұстайды. Көмекші үй қоянды арқа терісінен ұстап, көтеріп, артқы аяқтарын сол қолының астына қысып ұстайды. Осындай жағдайда үй қоянның арқасы төмен қарап, қоян қозғала алалмайды.

Теңіз шошқаларды қолмен қатты ұстап тұрады: бір қолымен артқы аяқтарын қысып, екінші қолмен алдынғы аяқтарын және басын қысып ұстайды.

Тышқандарды бір қолымен құйрығынан ұстап, екінші қолмен мойын терісінен ұстап көтереді. Осы жағдайда оларға жұқтыру жұмыстар өткізеді.

Мысықтарды әдейленген үстелдерге тіркейді немесе жәшіктерге салады.

Жұқтыру әдістің ең жеңілі – тері астына. Тамырға материалды салып жұқтыру – күрделі әдіс. Үй қояндарды құлақ тамырынан, теңіз шошқаларды мойын тамырынан, тышқандарды құйрық тамырынан, құстарды қанат тамырынан жұқтырады. Материалды еңгізетін жерде жүнді қырқады. Қан тамырды кеңейту үшін (материалды тамырға еңгізу мақсатымен) тамырды ксилолмен сүртеді.

Тамырдың ішіне жұқтырғанда жұқа инелермен қолданады. Қан тамырдың жолында теріні тесіп, иненің ұшын қан тамырға абайлап кіргізеді және зерттелетін материалды қан тамырға еңгізеді.

Мидың қатты қабыршығының астына еңгізумен өте сирек қолданады. Осы әдіспен үй қояндарды жұқтырады. Бас терісін кесіп, сүйекте трепан көмегімен немесе жуан инемен тесік жасап, мидың қабыршығына материалды еңгізеді.

Жануарларда жұқтыру жұмыстарды келесі жағдайларда өткізеді: белгісіз материалды зерттегенде, микробтардың патогендігін және вируленттігін анықтағанда.

Жұқтырылған сынаудағы жануарларды бояумен белгілейді; өткізілген жұқтыру жұмыстар тұралы бағдарламаны журналға жазады; тышқандарды шыны банкаларға отыртады. Жұқтырылған жануарлар отыратын жерде келесі бағдарлама болу керек: жұқтыру күні, жұқтырылған материал түрі, жұқтыру жұмыстар өткізген жұмыскердің аты-жөні.

Өлтірілген зертханалық жануарлардың ішін жарар алдында оларды дезинфекциялық ерітінділерге салады. Кейіннен оларды тіркейтін үстелге іштерін жоғары қаратып қатты байлайды. Тері кесілетін жер спиртпен сүртіліп, жандырылған спиртті мақтамен сүртіледі. Инструменттер қайнатумен зарарсыздандырылып, ішті жару алдында отқа қақталады.

Ішті кескенде алдымен теріні тіледі, одан кейін былшық етті және қарынның сірі қабыршығын тіледі. Қарынның сірі қабыршығын тілгенде, операция жерін кірлетпес үшін, ішекті жарып алмасқа тырысады. Кеудені ашқанда, қабырғалардың артқы жақтарын кесіп қайырады.

Ішкі мүшелерді қарайды, олардың сыртқы пішінін зерттейді, кейіннен алып шығып Петри табақшаларына салады. Экссудатты және қанды пастер пипеткаларына сорып алады. Бактериоскопияға мазоктар дайындайды, өлтірілген жануардың қалдықтарын жағып жібереді немесе автоклавта зарарсыздандырады. Алынған материалды зерттеулерге жібереді. Осы материалдан мазоктар жасап, қоректік орталарға себу жасайды.

Жануарды ашуға қолданған инструменттерді, ыдыстарды және басқа заттарды зарарсыздандырады.

Бас сүйегін ашу және миды зерттеу әдейленген зерттеулерде (мысалы құтыру ауруын зерттегенде) өткізіледі.

Ашу және зерттеу жұмыстардың қортындылары хаттамаға жазылады.

Зертханалық жануарлардан алған материалды келесі тәртіппен зерттейді:

  1. Мазок жасайды, бояп микроскоп астында микробтарды анықтау мақсатымен мазокты қарайды (мазоктар құжат ретінде сақталады).

  2. Тығыз қоректік орталарға себу жасап, термостатқа қояды.

  3. Бір тәүлік өткеннен кейін колонияларды зерттейді.

  4. Колонияларды қайтадан қоректік орталарға сеуіп термостатқа қояды.

  5. Колониялардан мазок жасап, мазоктарды бояп микроскоп астында зерттейді.

  6. Қоректік орталарда микробтардың өсу ерекшеліктерін зерттейді (микробтардың морфологиясын, қасиеттерін, колониялардың түсін, түрін).

  7. Алған мәліметтерді зерттеп, салыстырып, микробтын түрін анықтайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Зертханалық жануарларға жұқтыру жұмыстарын қандай мақсатпен өткізеді?

  2. Қандай жұқтыру әдістер бар?

  3. Мүшелерді алу мақсатымен зертханалық жануарлардың ішін жарғанда қандай жұмыстар өткізеді?

  4. Зертханалық жануарлармен жұмыс істегенде қандай құжаттар болу керек?

ТАҚЫРЫП 6. Антигендерді және антиденелерді алу

Сабақ мақсаты. Антигендер алу технологиясымен танысу. Антигендер және антиденелер алу жұмыстарының әдістемелерімен танысу. Негізінде антиденелер жататын сары сулар алу.

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар. Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар.

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

  1. Антигендерді алу технологиясымен танысу.

  2. Ақуызды антигендерге сәйкес антиденелері бар сарысуларды алу. Әдістің ұстанымы.

  3. Жұмыстың әдістемесі: жануарларды дайындап, қандарынан сарысу алуымен танысу.

Белсенді иммунитетті жаратуға арналған препараттар – вакциналар. Вакциналардың келесі түрлері болады:

  • тірі күші азайған микроағзалардан жасалған (аттенуирленген);

  • микроағзаларды өлтіріп жасаған (инактивирленген);

  • бүтін микробтық жасұшалардан жасалған (корпускулярлы);

  • антигендердің бөлшектерінен жасалған (химиялық);

  • анатоксиндер.

Тірі вакциналар. Құрамында микроағзалар немесе вирустер бар суйықтықты консерванттарсыз әдейленген қоректік орталарда, тауық эмбриондарында немесе ұлпалардың дақылдарында өсіреді. Биофабрикалардан шығарар алдында оларды вируленттікке, белсенділікке, тазалыққа тексереді.

Өлтірілген вакциналар. Штаммдар әдейленген сауыттарда (танкерлерде) қоректік орталарда бір белгіленген құрамға дейін өсіріледі. Осыдан кейін оларды физикалық (жылумен, ультракүлгін сәүлемен) немесе химиялық (формалинмен, фенолмен, спиртпен, мертиолатпен және т.б.) әдістермен инактивирлейді.

Химиялық вакциналар. Антигендерді микробтық жасұшалардан бөліп алып тазалайды. Антигендердің иммуногендік қасиеттерін күшейту үшін, оларға адьюванттарды қосады. Адьюванттар еңгізілген жерде антиген жиналып, иммундық жауап күшейеді. Адьванттар ретінде алюминий гидроксидін, әр түрлі майларды, синтетикалық полимерлерді алады.

Анатоксиндер. Экзотоксиндерді шығаратын микроағзаларды суйық қоректік орталарда токсин жиналу мақсатымен көп уақыт культивирлейді. Кейіннен қоректік ортаны микробық жасұшаларды бөліп алу үшін бактериалдық сүзгіштен өткізеді. Экзотоксині бар фильтратқе 0,4 пайыздық формалинді қосады, ұлы заттардың күшін төмендету үшін бір неше күн термостатта ұстайды (детоксикаттау). Кейіннен адсорбент және консервант қосады. Өлтірілген вакциналарды және анатоксиндерді белсенділікке, қауыпсыздыққа, зарарсыздығына тексереді.

Қоректік орталарға бактериялық тірі вакциналарды сепкенде тек қана вакциндік штамм өсу керек, ал қоректік орталарға тірі вирустік вакцина сепкенде еш қандай өсу болмау керек. Қауыпсыздықты зертханалық жануарларға вакцина еңгізіп тексереді, жануарлар өлмеу керек. Вакциналардың күшін тағы да зертханалық жануарларда тексереді. Вакциналарды ағзаға еңгізгенде жалпы немесе жергілікті реакциялар болады – дененің температурасы 1 градуске көтерілу, тамақтан бас тарту, вакцина еңгізген жерде ісік және аурған пайда болу.

Рекомбинаттық вакциналар. Бір неше кезенмен алынады: