- •1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану
- •1 Ifrs Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану мақсаты
- •Тану және бағалау хқес бойынша қолдану басындағы бухгалтерлік баланс
- •Есеп саясаты
- •Басқа хқес-ынан босату
- •Бизнесті біріктіру
- •Әділ құн немесе болжанатын құн ретінде қайта бағалау
- •Аралас қаржы құралдары
- •Қызметкерлерге сыйақы
- •Ақша аударудан жинақталатын айырма
- •Бұрын танылған қаржы құралдарын айқындау
- •Акцияларға негізделген төлем операциялары
- •Сақтандыру шарттары
- •Басқа ретроспективті қолдануды алып тастау
- •Ақпаратты ұсыну және ашып көрсету
- •Салыстырмалы ақпарат
- •Өткен кезеңдер үшін деректер жиынтығы
- •Қаржылық активтерді немесе қаржы міндеттемелерді айқындау
- •Әділ құнды бастапқы құн ретінде пайдалану
- •Аралық қаржы есептілігі
- •Бұл қосымша Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Қаржылық активтерді немесе қаржы міндеттемелерді айқындау
43А Кәсіпорынға пайда немесе шығын не 25А-параграфқа сәйкес сату үшін қолда барлар арқылы әділ құн бойынша қаржылық активтері мен қаржылық міндеттемелері ретінде бұрын танылған қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін айқындауға рұқсат етіледі. Кәсіпорын әрбір санат бойынша айқындалған кез келген қаржылық активтері мен қаржы міндеттемелердің әділ құнын және бұрынғы қаржы есептілігінің жіктелуі мен баланстық құнын ашып көрсетуі тиіс.
Әділ құнды бастапқы құн ретінде пайдалану
Егер кәсіпорын ХҚЕС қолданудың басындағы өзінің балансында әділ құнды негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар немесе материалдық емес активтер (16 және 18-параграфтарды қараңыз) баптары үшін болжамды құн ретінде пайдаланса, онда ХҚЕС бойынша бірінші рет дайындалған кәсіпорынның қаржы есептілігі ХҚЕС қолдану басындағы баланстағы әрбір жеке бап бойынша:
(а) осы әділ құнның сомасы; және
(b) бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес есепте көрсетілген баланстық құнды түзету сомасы ашып көрсетілуі тиіс.
Аралық қаржы есептілігі
45 34-«Аралық қаржы есептілігі» IАS Халықаралық стандартына сәйкес аралық қаржы есептілігін ұсыну кезінде 38-параграфқа сәйкестендіру үшін ХҚЕС бірінші рет дайындаған қаржы есептілігімен қамтылған кезеңнің бір бөлігі үшін кәсіпорын 34 IАS Халықаралық стандартының талаптарына қосымша мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
(а) әрбір аралық қаржылық есептілік, егер кәсіпорын тікелей кейінгі қаржы жылының салыстырмалы аралық кезеңі үшін осындай есептілікті ұсынған жағдайда, мыналарды салыстырып тексереді:
(і) осы күні ХҚЕС сәйкес меншікті капиталы бар осы салыстырмалы аралық кезең соңында бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес меншікті капиталды; және
(іі) осы кезең үшін ХҚЕС сәйкес пайдасы немесе залалы бар осы салыстырмалы аралық кезең үшін (жыл басынан бастап ағымдағы және өспелі қорытындымен) бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес оның пайдасы немесе залалын;
(b) ХҚЕС бірінші рет дайындаған қаржы есептілігімен қамтылған кезеңнің бір бөлігі үшін кәсіпорын 34 IАS талаптарына сәйкес бұрын жасалған кәсіпорынның аралық қаржы есептілігі (а) тармағында талап етілетін салыстырып тексерулерге қосымша 39(а) және (b) параграфында сипатталған (40 және 41-параграфтарда талап етілетін мән-жайлармен толықтырылған) салыстырып тексеруді немесе осы салыстырып тексеру кіретін басқа жарияланған құжатқа түйіспе сілтемені енгізуі тиіс.
46 34 IАS аралық қаржы есептілігінің пайдаланушылары да ең соңғы жылдық қаржы есептілігіне рұқсат алатындығына негізделген ең аз ашып көрсетулерді талап етеді. Алайда, 34 IАS сонымен бірге кәсіпорынның «ағымдағы аралық кезеңді түсіну үшін маңызды кез келген оқиғалар мен операцияларды» ашып көрсетуін талап етеді. Сонымен, егер кәсіпорын ХҚЕС бірінші қолданып отырған болса, бұрынғы БЕЖҚ-на сәйкес жасалған өзінің соңғы жылдық қаржы есептілігінде ағымдағы аралық кезеңді түсіну үшін маңызды ақпаратты ашып көрсетпесе, онда оның аралық қаржы есептілігі осы ақпаратты ашып көрсетуі керек немесе ол кіретін басқа жарияланған құжатқа түйіспе сілтемені енгізеді.
КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ
47 ХҚЕС бойынша бірінші рет дайындалған оның қаржы есептілігі 2004 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын кезең үшін жасалған болса, кәсіпорын осы Стандартты қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Егер ХҚЕС бойынша бірінші рет дайындалған оның қаржы есептілігі 2004 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін жасалған болса және кәсіпорын 8-«Есепке алудың негізін қалаушы ретінде бірінші рет ХҚЕС қолдану» ТТК-ның орнына осы Стандартты қолданса, онда осы факт ашылуы тиіс.
47A Ұйым 2004 жылғы 1 қыркүйектен немесе осы мерзімнен кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдер үшін 13(j) және 25E тармақтарындағы түзетулерді қолдануы тиіс. Егер ұйым Қолданыстағы пайдаланудан шығару, қайта құрулар және ұқсас пассивтер 1 IFRIC неғұрлым ерте кезең үшін қолданатын болса, бұл түзетулер осы үшін неғұрлым ерте кезең үшін қолданылуға тиіс.
47B Ұйым 2006 жылғы 1 қаңтардан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдер үшін 13(k) және 25F тармақтарындағы түзетулерді қолдануы тиіс. Егер ұйым Жалдау шартының мазмұны туралы анықтама 4 IFRIC неғұрлым ерте кезең үшін қолданатын болса, бұл түзетулер осы үшін неғұрлым ерте кезең үшін қолданылуға тиіс.
47C Ұйым 2006 жылғы 1 қаңтардан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдер үшін 36B тармағындағы түзетулерді қолдануы тиіс. Егер ұйым Минералдық ресурастарды барлау және бағалау 6 IFRS неғұрлым ерте кезең үшін қолданатын болса, бұл түзетулер осы үшін неғұрлым ерте кезең үшін қолданылуға тиіс.
47D Ұйым 2006 жылғы 1 қаңтардан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдер үшін 20A тармағындағы түзетулерді қолдануы тиіс. Егер ұйым Қызметкерлерге қосымша жеңілдіктер мен төлемдер – Актуарлы пайда және залал, топтық сақтандыру және ақпаратты ашу IAS 19 неғұрлым ерте кезең үшін қолданатын болса, бұл түзетулер осы үшін неғұрлым ерте кезең үшін қолданылуға тиіс.
47E Ұйым 2006 жылғы 1 қаңтардан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдер үшін 13(l) және 25G тармақтарындағы түзетулерді қолдануы тиіс. Егер ұйым Қаржы құралдары: тану және өлшеу – қаржы актвитері мен қаржы міндеттемелерінің көшуі және бастапқы танылуы IAS 39 неғұрлым ерте кезең үшін қолданатын болса, бұл түзетулер осы үшін неғұрлым ерте кезең үшін қолданылуға тиіс.
А ҚОСЫМШАСЫ Терминдер анықтамасы
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
ХҚЕС-ын қолдану басындағы баланс |
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне жасалған (жарияланған немесе жарияланбаған) кәсіпорынның балансы |
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күні |
Кәсіпорын ХҚЕС бойынша бірінші рет дайындаған өзінің қаржылық есептілігінде Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес толық салыстырмалы ақпарат ұсынатын ең ерте кезеңнің басы |
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары (ХҚЕС) |
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарының Басқармасы қабылдаған стандарттар мен түсіндірмелер. Олар: (а) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарынан (IFRS); (b) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарынан (IАS); және (с) Халықаралық қаржы есептілігінің түсіндірмелері жөніндегі комитет (IFRIC) немесе бұрын қолданылған Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитет (SIC) дайындаған түсіндірмелер. |
есепті күн |
Қаржы есептілігін немесе аралық қаржы есептілігін қамтитын ең соңғы кезеңнің соңы |
ХҚЕС бойынша бірінші есепті кезең |
ХҚЕС бойынша кәсіпорынның бірінші қаржылық есептілігінің есепті күні аяқталатын есепті кезең |
болжанатын құн |
Осы күнге құн немесе амортизацияланған құн үшін айырбас ретінде пайдаланылатын сома. Негізгі құралдардың немесе материалдық емес активтердің кейінгі амортизациясы осы күнге кәсіпорын активтерді немесе міндеттемелерді бастапқы таныған жағдайда және оның құны болжанатын құнға тең болғанда болжайды. |
ХҚЕС бірінші рет қолданған кәсіпорын |
ХҚЕС бойынша бірінші рет дайындалған өз қаржы есептілігін ұсынған кәсіпорын |
Бұрынғы БЕЖҚ (Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаттары) |
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын тікелей қолдану алдында ХҚЕС бірінші рет қолданған кәсіпорын пайдаланған бухгалтерлік есептің әдістері |
әділ құн |
Осындай мәмілені жасауға ниетті тәуелсіз тарап жақсы хабардар кәсіпорындар арасындағы мәмілелер жасау кезінде активі айырбасталған немесе міндеттемелері орындалған сома |
ХҚЕС бойынша бірінші рет дайындалған қаржы есептілігі |
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына (IFRS) сәйкес нақты және сөзсіз өтінішке сәйкес Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын (IFRS) қолданатын кәсіпорынның бірінші жылдық қаржылық есептілігі |
ХҚЕС-на өткеннен кейінгі бірінші есепті кезең |
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша ұйымның бірінші есептілігінің есепті күніне аяқталатын есепті кезең |
В ҚОСЫМШАСЫ: Бизнесті біріктіру
