Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IF...doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187 Кб
Скачать
☆

Акцияларға негізделген төлем операциялары

25В Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын алғаш рет қолданған кәсіпорынға 2002 жылғы 7 қарашада немесе одан бұрын ұсынылған үлестік құралдарға 2-«Үлестік құралдарға негізделген төлем» IFRS қолдану талап етілмейді, бірақ құпталады. Сондай-ақ Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын алғаш рет қолданған кәсіпорынға 2002 жылғы 7 қарашада немесе одан да бұрын берілген: (а) IFRS өту күні және (b) 2005 жылғы 1 қаңтарда ұсынылған үлестік құралдарға 2 ХҚЕС қолдану талап етілмейді, бірақ құпталады. Алайда, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын алғаш рет қолданған кәсіпорын 2 IFRS-ын осындай үлестік құралдарға қолдануды шешкен жағдайда, 2 IFRS-да айқындалғандай өлшеу күні айқындалған осы үлестік құралдардың әділ құнын жұртшылық үшін ашып қойған жағдайда ғана оны жүзеге асыруы мүмкін. 2 IFRS (мысалы, 2002 жылғы 7 қарашада немесе одан бұрын ұсынылған үлестік құралдар) қолданылмаған үлестік құралдарды ұсыну үшін 2 IFRS алғаш рет қолданған кәсіпорын 2 IFRS-ның 44 және 45-параграфтары талап ететін ақпаратты ашуы тиіс. IFRS алғаш рет қолданған кәсіпорын IFRS қолданылмаған үлестік құралдарын ұсыну мерзімін немесе талаптарын өзгерткен жағдайда, кәсіпорыннан өзгерту: (а) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өткен күннен және (b) 2005 жылғы 1 қаңтардан кеш болған жағдайда 2 IFRS 26-29-параграфтарын қолдану талап етілмейді.

25С ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорыннан Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күніне дейін реттелген акцияларға негізделген төлем операциялары негізінде пайда болған міндеттемелерге 2 IFRS қолдану талап етілмейді, бірақ құпталады. Сондай-ақ ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорыннан 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін реттелген міндеттемелерге 2 IFRS қолдану талап етілмейді, бірақ құпталады. IFRS қолданылатын міндеттемелер үшін IFRS алғаш рет қолданған кәсіпорыннан ақпараттың қай кезеңге немесе 2002 жылғы 7 қарашаға дейін қатыстылығына қарай салыстырмалы ақпаратты қайта есептеу талап етілмейді.

Сақтандыру шарттары

25D ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорын 4-«Сақтандыру шарттары» ХҚЕС IFRS бар өтпелі кезеңінің талаптарын қолдануы мүмкін. 4 IFRS, ХҚЕС алғаш рет қолданған кәсіпорын жасаған өзгерістерді қоса алғанда, сақтандыру шарттарына қатысты есеп саясатын өзгертуді шектейді.

Негізгі құралдарды қайта бұзу және жою, ортаны қалпына келтіру жөніндегі бар міндеттемелердің өзгерістері және сол секілді міндеттемелер негізгі құралдардың құнынан енгізілген

25Е. 1-«Негізгі құралдарды қайта бұзу және жою, ортаны қалпына келтіру жөніндегі бар міндеттемелердің өзгерістері және сол секілді міндеттемелердегі өзгерістер» IFRIC Түсіндірмесінде тиісті активтің өзіндік құнына негізгі құралдарды қайта бұзу және жою, ортаны қалпына келтіру жөніндегі бар міндеттемелердің өзгерістері және сол секілді міндеттемелердегі нақты өзгерістерді қосу немесе өзіндік құннан шығару туралы талаптар жазылған; активтің түзетілген амортизацияланған құны кейін оның қалған пайдалы қызмет мерзімінің ішінде амортизацияланады. Халықаралық стандарттарды бірінші рет қабылдаған ұйым Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына (IFRS) өту күніне дейін орын алған міндеттемелердегі өзгерістерге осы талаптарды қолдануға міндетті емес. Егер Халықаралық стандарттарды бірінші рет қабылдаған ұйым осы ерекшелікті пайдаланса, ол:

  1. 37 IAS Халықаралық стандартына өту күнгі жағдай бойынша міндеттемелерді бағалауға;

  2. 1 IFRIC қолданыс саласында болатын осы міндеттеме туындаған кездегі дәрежесінде тиісті активтің өзіндік құнына енгізілген соманы аралық кезеңнің ішінде осы міндеттемеге қолданылатын тәуекел түзетуіне тарихи ставканың (ставкалардың) ең жақсы бағасын пайдалана отырып, осы күнге міндеттемені дисконттау арқылы бағалауға; және

  3. Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары шеңберінде ұйым қабылдаған амортизациялық саясатты пайдалана отырып активтің ағымдағы пайдаланған қызмет мерзімі негізінде Халықаралық стандарттарға көшу күніндені жағдай бойынша осы сомаға жинақталған амортизацияны есептеп шығаруға міндетті.

ЖАЛДАУ

4-«Мәміледе жал қатынастарының барын анықтау» IFRIC түсіндірмесі

25F. Халықаралық стандарттарды бірінші рет қабылдаған ұйым 4-«Мәміледе жал қатынастарының барын анықтау» IFRIC ережелерін қолдана алады. Тиісінше Халықаралық стандарттарды бірінші рет қабылдаған ұйым осы күні орын алған жағдайлардың фактісіне орай ХҚЕС-на көшу күні жарамды болған мәміледегі жал қатынастарының барын анықтай алады.

Қаржы активтерін немесе қаржы міндеттемелерін әділ құны бойынша бағалау

25G. 7 және 9-параграфтардың талаптарына қарамастан, ұйым мына тәсілдердің кез келгенімен 39 IAS Халықаралық стандартының AG76 және AG76A параграфтарының соңғы сөйлемдерінде айтылған талаптарды қолдана алады:

  1. 2002 жылғы 25 қазаннан кейін жасалған мәмілелерге песпективалы негізде; немесе

  2. 2004жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған мәмілелерге песпективалы негізде.