- •5B070300 - «Ақпараттық жүйелер»,
- •5B070400 - «Есептеуіш техника және программалық қамтамасыз ету»
- •1.2. Жіңішке коаксиалды кабель
- •1.3. Жуан коаксиалды кабель
- •Кабельдер типі
- •Екі типті коаксиалды кабелді салыстыру
- •Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық
- •Коаксиалды кабельдер класстары және өрт қауіпсіздігінің талаптары талаптары.
- •1.5 Оптикалық талшықты кабель. Оптикалық қосылғыш
- •Жергiлiктi компьютер желiсiндегi пэем жұмысы үшiн программалық қамтамасыз етудi күйге келтiру.
- •Жергілікті корпоративті компьютерлер желісін жобалау.
- •Apache веб сервері конфигурациясы және оны Windows xp-де (php, jsp және MySql қосымшалар көмегімен) орнату
- •Аймақтық желідегі желілік ресурстарға өту технологиясы
- •Сымсыз желі Wi-Fi мен жұмыс істеу және баптау, Іnternet желісіндегі ресурстарға өту технологиясы.
- •Интернет желісінде іздеу машиналарымен жұмыс.
- •Internet – те іздеу
- •Орындау әдісі
- •Орындау әдісі
- •Орындау әдісі
- •Internet Explorer интерфейсі
- •Компьютерлік желідегі ақпаратты қорғау.
Аймақтық желідегі желілік ресурстарға өту технологиясы
(тапсырма атауы)
Мақсаты:Mіcrosoft Exchange программаларымен және алғашқы мәліметтерді (кері сілтеу, редакторлау, архивтеу) дайындау мысалында Outlook жұмыс технологиясын тәжірибеде компьютерлерді келтіру технологиясын ұғу.
OUTLOOK EXPRESS электронды почтасы
OUTLOOK EXPRESS программасын қосыңыз. АДРЕСТІК КІТАПТАН таңдай отырып сіздің e - mail бөлімшеңіздің тіркелген абоненттердің біріне сізге жауап беруін сұрай отырып хабар дайындаңыз да жіберіңіз. Осы хабардың копиясын өзіңізге жіберіңіз.
|
|
|
Алынған хабарды оқып шығыңыз. Сіз алған хабарды жіберушіге, хабар мәтініне алғашқы хабарды қосып жауап беріңіз. Осы хатқа тағы жауап беріңіз, бірақ бұл жолы алғашқы хабарды қоспаңыз.2. Бірінші пунктегі хабарға үлкен емес текстік файлды салып басқа абонентке жіберіңіз. Бұл хабар алушыға қалай жеткенін, хабарды алуды растау жайлы мәліметті ала отырып тексеріңіз. Жаңа хабарды құр. Оған OLE әдісімен дайын файлды қойыңыз не кез- келген программа арқылы өз файлыңды құр және желі бойынша хабарды жібер. Өз абоненттіңізден жауап беруді сұраңыз және осы жауапты оқып шығыңыз.
|
|
3. "ВХОДЯЩИЕ" қапшығында өз атыңызбен жаңа папка құрыңыз және сол папкаға қабылдаған барлық хаттарды салыңыз. Бір файлда бірнеше хабарды сақтаңыз. Сіздің почталық жәшігіңізден жіберілген хаттарды тақырыбы ал содан кейін жіберілген адресі бойынша реттеңіз (кімге) |
|
Тақырып бойынша реттеу
|
Бақылау сұрақтары
1. Хабарларды жіберетін және қабылдайтын сервер үшін пошталық хатамаларды атаңыз.
2.Пошталық программалармен жұмыс кезінде ақпаратты қорғаудың қандай әдістері қарастырылады?
3.Қарапайым пошта мен электронды поштаның артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар. MS Outlook және Internet Explorer программаларын пайдаланатын пошталық серверлер бір бірінен қалай ажыратылады? Өзіңізге электронды пошта адресін ойлап табыңыз, ол DNS нақты синтаксисін пайдалануы керек.
4. Кез-келген серверде пошталық жәшік құрыңыз және кез-келген абонентке хабар жіберіңіз.
Зертханалық жұмыс жасалғаннан кейін қорғалу қажет. Максималды бал сұрақтарға толық жауап берген және тапсырманы уақытында жасап тапсырған студентке қойылады.
7 - зертханалық жұмыс
бағалау баллы - 12
тапсыру уақыты 8 - апта
Сымсыз желі Wi-Fi мен жұмыс істеу және баптау, Іnternet желісіндегі ресурстарға өту технологиясы.
(тапсырма атауы)
Мақсаты: Сымсыз желі Wi-Fi-ды баптау, қысқаша конспект жасап қорғау. Ғаламдық Іnternet желісіндегі жұмыс сонымен қатар электрондық поштаның телекомуникация пакеттері және Іnternet-Explorer броузер- программамен жұмыс технологиясы үшін тәжірибеде компьютерлерді келтіру технологиясын ұғу.
Тапсырма 1. Wi-Fi байланыс жүйесін баптау
«Сымсыз желі Wi-Fi ді монтаждау және баптау.»
Оқып есте сақтаңыз!!!
Қазір әлемде Wi-Fi сымсыз желілері кеңінен қолданыс табуда, олар клиенттерге желі ресурстарына, мысалы Internet-ке ноутбуктан немесе дербес компьютерден мәліметтерді жіберу ортасы ретінде радиоарнаны қолдана отырып қатынас құруға рұқсат береді, бұл клиенттердің желімен арнайы сыммен байланысуын талап етпейді және осылайша олардың мобильділігін қамтамасыз етеді.
Wi-Fi артықшылықтары:
Сымдардың болмауы. Желіде мәліметтерді беру радиоарна бойынша жүзеге асырылады. Кейбір себептерге байланысты өткізгіш желілерді төсеуге болмайтын орындарда (мысалы көрмелерде, жиналыс орындарында) орнату мүмкіндігі.
Жұмыс орындарының, сонымен қатар кеңсенің мобильділігі. Сымсыз желі сымдарға байланыспағандықтан, сіз қатынау нүктесі аймағында байланыстың бұзылуынан қорықпай өз компьютерлеріңіздің орнын ауыстыра аласыз. Желі оңай монтаждалады/демонтаждалады, басқа ғимаратқа көшкен кезде сіз өз желінізді бірге алып кете аласыз.
Wi-Fi кемшіліктері: - Жабдықтың салыстырмалы түрде құнының жоғары болуы - Әрекет етудің шағын қашықтығы – 50-100 метр - Бөгде қолданушылардың желіге рұқсатсыз қосылу қаупі жоғары
Ұсынылған зертханалық жұмыста біз Wi-Fi қатынау нүктесіне статикалық және динамикалық IP-адрестеуді қолдана отырып ноутбуктерді қосу мысалы арқылы қарапайым Wi-Fi желісін құруды меңгереміз.
Желі сұлбасы келесідей болады:
Желінің монтажы.
Оқытушыдан Wi-Fi-адаптерді алыныз. №2 ноутбуктің USB-портына адаптерді қосыңыз (желі сұлбасын қараңыз).
Ноутбуктерді қосыныз. Операционды жүйенің ноутбуктерде жүктелгенінен кейін екі адептерде де сигнал лампалары жану керек, олар адаптерлер мен байланыс нүктесі арасында радиоалмасудың орнағанын дәлелдейді.
Желі жиналды, енді оны баптау керек.
Жұмыстың 1-ші бөлімі. Статикалық адресі бар клиент компьютерінің желісін баптау.
Желіні баптау клиент ноутбугының хаттамаларын орнату болып табылады, олар оның жұмысы үшін қажет, сонымен қатар нүктеде орналасқан DHCP-серверді қосу және баптау.
Есте сақтаңыз. Хаттама – бұл арнайы программа, оның көмегімен желі компьютерлері арнайы ережелер арқылы бір-бірімен мәліметтер алмаса алады. Біздің желімізде жұмыс хаттамасы ретінде TCP/IP хаттамасы болады. Компьютерлер бір-бірімен мәліметтермен алмаса алуы үшін бұл хаттама желіде орналасқан барлық компьютерлерде орнатылуы қажет.
Сервер ноутбукте TCP/IP хаттамасы орнатылып қойылған, бізге енді бұл хаттаманы клиент ноутбукте орнату және баптау қалды (желі сұлбасын қараңыз). Баптаудың барлық тармақтары көрсетілген ретпен орындалу керектігін есте сақтаңыздар. Баптаудың ретін бұзбаңыздар.
№2 ноутбугінде келесі іс-әрекеттерді орындаңыздар:
«Мое сетевое окружение»
белгісінің үстіне тінтуірдің оң жағын
шертіңіз, мәзірден «Свойства»
пунктін таңдаңыз. Желілік қосылулар
тізімі ашылады (1-сурет).
1-сурет.
Тізімнен «Беспроводное сетевое соедниение» бөлімін таңдаңыз, оның үстінен тінтуірдің оң жағын шертіңіз және «Свойства» пунктін таңдаңыз. Қосылулардың қасиеттерінің терезесі ашылады (2-сурет).
2-сурет.
Пайда болған терезеде «Протокол Интернета (TCP/IP)» пунктін таңдаңыз, «Свойства» пунктін басыңыз. Хаттамаларды баптау терезесі ашылады (3-сурет). «Использовать следующий IP-адрес» жалаушасын активтендіріңіз. IP-адрес және Маска подсети өрістеріне 3-суретте көрсетілген орнатулардың адрестерін енгізіңіз.
3-сурет.
Мұндағы
192.168.0.10 – бұл желідегі компьютердің IP-адресі.
255.255.255.0 – ішкі желінің маскасы. Бұл арнайы параметр, ол адреспен бірге бір мағынада компьютер орналасқан желіні анықтайды.
Баптауларды енгізгеннен кейін «ОК» батырмасын басыңыз, «Свойства: Протокол Интернета (TCP/IP)» терезесі жабылады. «Беспроводное сетевое соединение» терезесінде «OK» батырмасын басыңыз (2-сурет).
Біз сымсыз желімен жұмыс істеу үшін клиент ноутбукті баптадық. Ноутбук үшін статикалық IP-адрес тіркелді, бұл біз ноутбукке ерекшеленген, тұрақты IP-адресті және басқа да баптауларды бердік дегенді білдіреді, оларды тек қолмен өзгертуге және тағайындауға болады. Статикалық IP-адрес бізге Wi-Fi қатынау нүктесіне қосылу үшін және желідегі басқа компьютерлер онымен байланыса алуы үшін керек.
Wi-Fi желісі жұмыс істей бастау үшін қатынас нүктесін баптау қажет.
Wi-Fi және DHCP-сервердің қатынас нүктесін баптау.
Internet Explorer шолушысын жүктеңіз. Оның адрестік жолына келесі адресті енгізіңіз: http://192.168.0.50/ Бұл Wi-Fi қатынау нүктесінің IP-адресі. Осы адрес бойынша оның конфигурация жүйесі орналасқан. Конфигурация жүйесіне кіру логинмен және парольмен қорғалған және экранда осы мәліметтерді енгізу үшін терезе пайда болады.
П
ользователь
– admin, Пароль – 12345678 енгізіңіз және
«OK» батырмасын басыңыз.
Wi-Fi қатынау нүктесінің конфигурация жүйесінің бас терезесі ашылады.
суретін шертіңіз.
Қатынау нүктесінің кеңейтілген баптаулар
терезесі ашылады.
суретін шертіңіз.
DHCP-серверінінің баптауларын
өзгертуге арналған терезе ашылады.
DHCP-дің келесі параметрлерін орнатыңыз, не болмаса бар параметрлерін өзгертіңіз, егер олар көрсетілгендермен сәйкес келмесе:
Function Enable / Disable – Enabled
IP Assigned From – 192.168.0.51
The Range Of Pool (1-255) – 200
SubMask – 255.255.255.0
lease Time (60 – 31536000 sec) – 10000000
Status – ON
Жасалған
баптауларды сақтау
үшін
суретін шертіңіз.
Точка доступа
Wi-Fi
қатынас нүктесі
қайта жүктеуге
кетеді, ол
жарты минуттай
уақыт алады.
Есте сақтаңыз. Жоғарыдағы баптауларды орындау келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:
Function Enable / Disable –DHCP-серверді қосады (Enabled) немесе өшіреді (Disabled).
IP Assigned From – бастапқы IP-адресті береді, осы адрестен пайдаланушыларға динамикалы ерекшеленетін (уақытша қосылатын пайдаланушылар) IP-адрестердің диапазоны басталады.
The Range of Pool – IP-адрестердің диапазонының соңын береді, IP-адрестің соңғы санының соңғы мәнін.
Осылайша, біздің мысалда біз IP-адрестердің 192.168.0.51 бастап 192.168.0.200 дейінгі диапазонын бердік.
SubMask – ішкі желінің маскасы. Бұл арнайы параметр, ол адреспен бірге бір мағынада компьютер орналасқан желіні анықтайды.
Lease Time – пайдаланушыға бөлінген желілік баптаулардың «өмір» уақыты. Динамикалық адресациялау кезінде пайдаланушының баптаулары белгілі бір уақыт қана болады, одан кейін алынып тасталады және пайдаланушының программалық қамтамасыздандыруы жаңа баптауларды сұрайды. Бұл жерде пайдаланушыға бөлініп берілген баптаулардың өмір сүру уақыты беріледі (секундпен).
Status – арнайы параметр, ол ON мәніне қойылады, егер желіде динамикалық және статикалық адресациялар бірге қолданылса. Біздің жағдайда бұл параметр ON мәніне қойылған, себебі клиент ноутбукте тұрақты статикалық адрес жазылған.
Сымсыз желінің жұмысын тексеру.
Желі бапталғаннан кейін, оның жұмысын тексеру керек және компьютерлер бір-бірімен мәлімет алмаса алатындығына көз жеткізу керек. Желіде әр түрлі қызметтер мен қызмет көрсетулер болатынын және олардың әрқайсысы өз қызметін атқаратынын білу керек. Біз баптаған желіде екі қызмет жұмыс атқарады: желіде HTML-беттерін орналастыруға арналған локальды WEB-сервер және файлдармен алмасу мен клиенттермен бірлескен жұмыс жүргізілетін Microsoft желісі.
Алдымен WEB-сервердің жұмысын тексереміз. WEB-сервер сервер ноутбукте орнатылған. WEB-сервердің жұмысын тексеру үшін №2 ноутбукте Интернеттің Internet Explorer шолушысын іске қосыңыз және оның адрестік жолына келесіні енгізіңіз: http://192.168.0.3/wifi/.
Егер бет жүктелсе, сол бетте жазылған нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер бет жүктелмесе, онда желі дұрыс бапталмаған. Онда төмендегідей жасаңыздар:
Клиент ноутбуктың TCP/IP хаттамасын тағы да баптаңыз және олардың дұрыс енгізілгендігіне көз жеткізіңіз.
Егер қате жойылмаса, оқытушыны шақырыңыз.
Есте сақтаңыз. Статикалық IP-адрестеудің келесідей кемшіліктері бар:
Желінің барлық баптауларын білу үшін желі администраторына жүгіну керек, ол әрбір клиент үшін жеке қайталанбайтын IP-адрес бөліп беру керек. Бұл клиент үшін де, администратор үшін де ыңғайсыз болып келеді.
Басқа бір сымсыз желіге қосу кезінде, клиенттің компьютерінің баптауларын жаңа желіге сәйкес өзгертуге тура келеді, оларды администратордан білу керек.
Егер кездейсоқ сіздің баптауларыңыз басқа клиенттің баптауларымен сәйкес келсе, онда сіз желіге қосыла алмайсыз.
Көрсетілген кемшіліктер динамикалық IP-адрестеуде жоқ.
Жұмыстың 2-ші бөлімі. Динамикалық адресі бар клиент компьютерінің желісін баптау.
Динамикалық IP-адрестеу DHCP-серверінің көмегімен жүзеге асырылады, ол қатынас нүктесінде орналасқан. Бұның не екендігімен танысайық.
Есте сақтаңыздар. DHCP-сервер DHCP хаттаманы пайдаланады протокол (англ. Dynamic Host Configuration Protocol — түйіннің динамикалық конфигурацияларының хаттамасы) — бұл желілік хаттама, ол TCP/IP желісінде жұмыс істеу үшін керекті, компьютерлерге автоматты түрде IP-адресті және басқа параметрлерді алуға мүмкіндік береді. Бұл үшін желіге қосылған компьютер DHCP серверіне қатынайды, ол желімен жұмыс сеансын жүргізу уақытында оған динамикалық IP-адресті береді. Бұл желі компьютерлерін қолмен баптаудан құтылуға мүмкіндік береді, қателер санын азайтады және хаттамаларды қолмен баптауға уақыт кетірмей клиенттерге желіге жылдам қосылуға мүмкіндік береді.
Ноутбукті динамикалық IP-адрестеуге баптау.
Зертханалық жұмыстың №2 ноутбуктың желісн баптауды жүргізуд жүзеге асырған жерне оралайық. ( «Желн бартау» бөлмі).
1-3 қадамдарды қайталаңдар, 3-қадамда ғана статикалық IP-адресті енгізген жердегі «Получить IP-адрес автоматически» жалаушасын активтеңіз. Бұл опция динамикалық IP-адрестеуді қосады.
«ОК» батырмасын басыңыз, «Свойства: Протокол Интернета (TCP/IP)» терезесі жабылады. «Беспроводное сетевое соединение» терезесінде (2-сурет) «OK» батырмасын басыңыз.
Ноутбуктегі динамикалық IP-адрестеуді баптау аяқталды!
Динамикалық IP-адрестеуді тексеру.
«Безопасного извлечения устройства» процедурасын қолдана отырып клиент ноутбуктағы Wi-Fi адаптерді өшіріңіз. Ол флеш-картаны өшру кезіндегідей жүзеге асырылады.
USB тетігінен адаптерді алып тастаңыз.
Бірнеше секунд күте тұрыңыз да адаптерді қайта USB тетігіне қосыңыз. Клиент ноутбуктың Wi-Fi сымсыз желісіне автоматты түрде қосылуы жүзеге асады және динамикалық түрде IP-адрес және басқа да желілік баптаулар беріледі.
Желілік баптаулар динамикалық түрде берілгендігіне көз жеткізу үшін төмендегідей істеу керек:
«Пуск / Стандартные / Командная строка» ашыңыз. Операциондық жүйенің командаларын енгізуге арналған жол пайда болады.
Жолға келесі команданы енгізіңіз:
ipconfig
және Enter басыңыз
Бұл команда сіздің компьютеріңіздің TCP/IP хаттамаларының баптауларын экранда көрсетеді.
4-сурет.
Егер командамен көрсетілген компьютердің IP-адресі 192.168.0.51 – 192.168.0.200 диапазонында болса, онда динамикалық IP-адрестеу қалыпты жұмыс істейді.
Егер командамен көрсетілген компьютердің IP-адресі 192.168.0.51 – 192.168.0.200 диапазонында БОЛМАҒАН жағдайда келесілерді жасау керек:
Желінің баптауын жаңадан жасау, статикалық IP-адресті орнату арқылы, кейіннен Wi-Fi қатынау нүктесіне қосылып, DHCP-сервердің қосылғандығын және оның параметрлерінің дұрыс қойылғандығын тексеріңіз.
Егер қате жойылмаса, оқытушыдан сұраңыз.
Сымсыз желінің жұмысын тексеру.
Алдымен WEB-сервердің жұмысын тексерейік. WEB-сервер сервер ноутбукте орнатылған. WEB-сервердің жұмысын тексеру үшін, оны клиент ноутбукте Internet Explorer Интернет шолушысын іске қосыңыз және оның адрестік жолына келесіні енгізіңіз: http://192.168.0.3/wifi/
Егер бет жүктелсе, сол бетте жазылған нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер бет жүктелмесе, онда желі дұрыс бапталмаған. Онда төмендегідей жасаңыздар:
№2 ноутбуктың TCP/IP хаттамасының баптауларын қайта тексеріңіз және олардың дұрыс енгізілгендігіне көз жеткізіңіз. IP-адрес динамикалық түрде қойылуы керек, егер олай жасалмаса динамикалық адрестеуді қосыңыз.
