- •5B070300 - «Ақпараттық жүйелер»,
- •5B070400 - «Есептеуіш техника және программалық қамтамасыз ету»
- •1.2. Жіңішке коаксиалды кабель
- •1.3. Жуан коаксиалды кабель
- •Кабельдер типі
- •Екі типті коаксиалды кабелді салыстыру
- •Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық
- •Коаксиалды кабельдер класстары және өрт қауіпсіздігінің талаптары талаптары.
- •1.5 Оптикалық талшықты кабель. Оптикалық қосылғыш
- •Жергiлiктi компьютер желiсiндегi пэем жұмысы үшiн программалық қамтамасыз етудi күйге келтiру.
- •Жергілікті корпоративті компьютерлер желісін жобалау.
- •Apache веб сервері конфигурациясы және оны Windows xp-де (php, jsp және MySql қосымшалар көмегімен) орнату
- •Аймақтық желідегі желілік ресурстарға өту технологиясы
- •Сымсыз желі Wi-Fi мен жұмыс істеу және баптау, Іnternet желісіндегі ресурстарға өту технологиясы.
- •Интернет желісінде іздеу машиналарымен жұмыс.
- •Internet – те іздеу
- •Орындау әдісі
- •Орындау әдісі
- •Орындау әдісі
- •Internet Explorer интерфейсі
- •Компьютерлік желідегі ақпаратты қорғау.
Интернет желісінде іздеу машиналарымен жұмыс.
Интернетке қосылған барлық компьютерлер адрестеріне ерекше талаптар қойылады: біріншіден, Internet мәліметтерді беруді бір өзі атқаратындықтан, хост- компьютерлер адрестері компьютерлер автоматты түрде өңдей алатын форматқа ие болу керек. Екіншіден, ең болмаса иесі жайлы қандай да бір ақпарат ала алатын адрестерді қолдану жөн. Сондықтан, Internet – те әрбір хост – компьютерде бірден екі адрес болады: бірдей құқықты қолдана алатын компьютерге сандық IP адрес және қолданушыға DNS (Domain Name System – атауларының доменді жүйесі ) домендік адрес.
IP адресация компьютердің желідегі адресін және желі адресін білдіреді. IP адрес бұл әрқайсысы 8 бит, 4 октеттен тұратын, барлығы 32 битті желідегі әр компьютерге берілетін номер. Бұл адресті Internet протоколдарының уникалды параметрлерін және компьютерлердің логикалық адресін белгілейтін халықаралық агенттік береді. Мысалы: 123.45.67.89 – мұнда бірінші екі цифр – желі адресі, соңғы екі цифр – осы желі ішіндегі хост компьютер адресі болып табылады.
Атаулардың доменді жүйесі адрестерді белгілі бір хост компьютерлер тобын анықтайтын әртүрлі домендер (Domain - область) иерархиясы бойынша жіктейді. Домендер географиялық және тематикалық белгілер бойынша топталады. Толық домендік адрес FQDN (Fully Qualified Domain Name) деп белгіленеді және сандық адреске қатысты керісінше оқылады. Толық домендік адресте алдымен қажет хост- компьютер көрсетіледі, содан кейін деңгейлерінің өсуі бойынша домендер көрсетіледі. Яғни, сізден басқа компьютерге «Іздеу траекториясы » анықталады. Қажет компьютерді іздеуге берілген домендік адрес оңнан солға қарай оқылады. Келесі домендерді мысал ретінде келтіруге болады: Com – коммерциялық кәсіпорындар; edu – жоғары оқу орындар; gov - әскери емес үкімет органдар; mil - әскери органдар; net – желілік ұйымдар; org – басқа да ұйымдар.
Internet жұмыс барысында сонымен қатар, URL (Universal Resource Locator) универсалды ресурстар меңзегіші жиі қолданылады. URL бұл - серверге қандай протокол арқылы қатынау және қандай программаны жүктеу, нақты қандай файлға жүгіну керектігін көрсететін меңзегіші бар кез – келген интернет ресурсы адресі. Жалпы түрі:
Протокол: // хост – компьютер / файл
Мұнда, қос нүктеге дейінгі бөлім – ресурске қатынау әдісі (протокол).
// әрі қарай хост – компьютер адресі бар екеніне сілтейді. / файлға толық жол.
Тапсырма 2. INTERNETТТЕ ІЗДЕУ.
Іздеу барысында іздеу тізбегін жазып отырыңыздар(сұраныс қалыптастыруын, табылған ресурстардың мөлшерін)
Барлық табылған ресурстарға бейнебет жасап, ал аса қызықтысын жергілікті ресурс ретінде сақтаңдар.
1. Қапшықталған және ізделінетін индекстелінген жүйелер арасындағы айырмашылықты қалыптастырыңдар Осы және басқа жүйелер бойынша мысалдар келтіріңдер.
2. Жүйедегі әңгімелесу кезінде желіде арнайы белгілер көмегімен өз көңіл-күйіңізді білдіру мүмкіндігі бар, ағылшынша олар smileys(“рожицы” орысша). Екі әртүрлі іздеу жүйелерінен (мысалы, Яndex және Rambler) осы белгілер тізімін тауып, табылған құжаттардың сапасы мен санын салыстырыңыз.
