- •Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған іс-шаралар
- •1.Шалғынбай Жұмәділ Ботабайұлы.
- •2.Сатымбаева Ұрхия Қалтайқызы
- •"Тәуелсіздік белестері" тәрбие сағаты
- •Әнұранды орындау
- •Сұрақ-жауап сайысы
- •Мақал-мәтелдер сайысы.
- •Сабақтың тақырыбы: «Мен – егеменді елдің болашағымын»
- •3 Кезең. Сыни көзқарастар.
- •4 Кезең. Қорытынды.
- •2 Кезең. Түсіну. Өткенге көз тастау.
- •Қазақ киносы заманауи кинорежиссерымен бақытты! Қалила Нематұлымен кездесу
- •Мұғалім: /Жукенова Кәмшат/
- •Мұғалім: /Авдхалым Әсия/
- •Мұғалім: /Жукенова Кәмшат/
- •Мұғалім: /Авдхалым Әсия/
- •7 «Ә» сынып оқушысы Бибек Нұрсұлтанның орындауынды «Желтоқсанның алаңы» өлең оқиды.
- •Қайрат:
- •Қайрат:
- •8 «Г» сынып оқушысы Құдияр Нұрдәулеттің орындауында «Қайрат ағама» өз шығармашылығынан. Қорытынды:
2 Кезең. Түсіну. Өткенге көз тастау.
«Егеменді елдің болашағы» дегенді қалай түсінесіңдер? Әр топ осы жұмыс бойынша өз ойларын маркерлермен ватманға түсіреді немесе интерактивті тақтамен жұмыс жүреді.
Әрекет жасай отырып оқушылар жаңа мазмұн, жаңа ақпарат, идея, жаңаша ойлауға ұмтылады. Бұрынғы білімі мен жаңа мазмұнды интеграциялайды.
Отан патриоты болу үшін өз Отанының, жерінің, елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін құрметтеуді айтады.
3 Кезең. Сыни көзқарастар.
Конституция – халық пен биліктің қарым-қатынасын білдіретін, біздің өміріміз бен тұрмысымызды айқындайтын құқықтық құжат.
Мемлекеттің тұрақтылығы мен гүлденуі, Ата Заңның орындалуында. Әрбір Қазақстан азаматы осы ойды есте сақтауы керек. Заңға бағыну – тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық, адамгершілік т.б. адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер ғана қоғамның гүлденіп дамуының негізі, болашағымыздың алтын арқауы болады.
Оқы да білім ал деген,
От бол да мәңгі жан деген.
Ата Заңым менің!
Еңбек ет, еркін жүр деген,
Асыр сап, ойнп-күл деген.
Ата Заңым менің!
Қорғаған аспан, күнімді,
Қолдаған бостандығымды.
Ата Заңым менің!
Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын.
Ата Заңым менің!
Тәуелсіз, еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім –
Ата Заңым менің!
Санама құйған таң нұрын
Бақытым, бағым, тағырым –
Ата Заңым менің!
4 Кезең. Қорытынды.
Сараптаулар, синтездеу жұмыстары жүреді. Оқушылар Отан туралы бірнеше мақал-мәтелдер үлгісін жасайды.
Аман қалған шабуылдан жүздеген
Батыр халық екенбіз ғой біз деген
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен,
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.
Өткізген: Иманкалиева С.
“Нұрлы балалық шақ”
Ò1-жүргізуші: Армысыздар жаны жайсан қазақ елі!
Ò2-жүргізуші: Қайырлы күн, қарыштаған Қазақстан!Ò Асқақтаған Астана жұртшылығы.Ò Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Ò Бүгінгі бастауыш сыныптар аралығында өтіпÒ отырған нұрлы балалық шақ атты ән байқауына хош келіпсіздер!
Ò 1-жүргізуші:
Ò Жүректен жасыл жырым жалын қылар,
Ò Білімді биіктерді бағындырар,
Ò Байқауға бүгінгі жиналыпты,
Ò Бүлдіршіндер, талантты дарындылар!
Ò Бүгінгі күн жүрекке нұр енеді,
Ò
Бәрімізде таланттың
иегері,
Ò Қазақтың жалындағағ ұл, қызы барда
Ò Ешқашан шет қалмайды, ән өнері!
Ò1-ж: Намысын ақиқаттың халық қуған,
Ò Болмайды әділ биде сірә туған,
Ò Келіпті ортамызға әділ жандар
Ò Аулақ қып, бойын ұстар, әркез шудан
ÒҚұрметті көрермендер, әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.
Ò2-ж: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар деп, Абай атамыз айтқандай бүгінгі ән байқауы, жас бүлдіршіндеріміздің жүрегінен үлкен орын алатынына кәміл сенеміз.
Ò1-ж: Шашу, шашу шашайық,
Ò Ән-думанға басайық,
Ò Көктем келді далама
Ò Наурыз келді қалама! Олай болса, Наурыз көктем әнімен бірінші сайыскерімізді 3-А сынып оқушысы, Берікқазы Нұрзатты кошеметпен ортаға шақырайық.
Ò2-ж: Күй ойнайды қазағымның қанында,
Ò Күй ойнайды қазағымның жанында,
Ò Жүрегімнің, жүрегімнің дүрсілі,
Ò Қазағымның домбырасы барында, деп Қадір ақын жырлағандай,
Ò3-Ә сыныбының оқушысы, Жұбанышова ардақты “Қасиетті домбыра” әнімен ортаға шақырамыз.
Ò1-ж: Отаным кең дала орманды,
Ò Болаттан соғылған қорғанды,
Ò Бақыттың, шаттықтың мекені
Ò Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды! “Ел қорғауға әзірміз” әнімен 3-В сынып, оқушысы Пернеқұл Заңғарды ортаға шақырайық.
Ò2-ж: Келесі сайыскеріміз 4-К сыныбының оқушысы, Дүйсенбаева Аяулымды “Ертегілер әнімен” ортаға шақырамыз.
Ò1-ж: Солғанша гүлім күзде тонып,
Ò Анамен деп, ән салам
Ò Кетейін мейлі жүзге толып,
Ò
Бөбекпін мен саған!
ÒАнаға салем әнімен 3-Г сынып оқушысы, Құралбекова
ÒДананы ортаға шақырамыз.
Ò2-ж: Келесі сайыскеріміз 2-Б сынып оқушысы,
ÒАманжол Мұхаммедті “Бала тілегі ” әнімен ортаға шақырамыз.
Ò1-ж: 2-Д сынып оқушысы, Жұмакадирова Мадинаны Жас дәуірдің түлегіміз атты әнімен ортаға шақырамыз.
Ò2-ж: Қадамың бар, баспаған
Ò Асуың бар аспаған,
Ò Халқың жетсін мұратқа,
Ò Ей, бас қала-Астанам! 4-Д сынып оқушысы,
ÒБузданова Камиланың орындауындағы
ÒМаленькая страна әнімен қабыл алыңыздар.
Ò1ж: Анашым шалқып күлсең,
Ò Алдымда ұзақ жүрсең,
Ò Жүрегім жыр толғайды
Ò Көңілім ортаймайды,
Ò Анасы бар адамдар
Ò Ешқашан қартаймайды! 4-Ә сынып оқушысы, Қайратқан Динараны “Анашым” әнімен щақырамыз.
Ò2-ж: Шәкірттер мектеп үшін толғанады,
Ò Толқыған шәкірті үшін, терін төккен
Ò Мектепке сәлеміміз арналады, 1-Е сынып оқушысы, Ткач Кириллді “Мен мектепке” барамын атты әнімен ортаға шақырамыз.
1-ж: Келесі сайыскеріміз 3-Б сынып оқушысы, Алпысбай Диасты ”Бала махаббаты” атты әнімен ортаға шақырамыз.
2-ж: Бүрмелі
әсем койлек, кәмшәт бөрік,
Жарасқан тал бойына көрік беріп,
Турленген гүл шоғындай көзді қарып,
Қыздары киген сәнді жеңсіз зәріп!
“Үкілі кәмшәт” әнімен 1-Ә сынып оқушысы, Жакупова Аминаны ортаға шақырамыз.
1-ж: Келесі сайыскеріміз 2-В сынып оқушысы, Құралбекова Анельдің орындауындағы
Қамажай әнін қабыл алыңыздар.
2-ж: “Мен бақытты баламын”, 1-А Аманжол Маликаны ортаға шақырамыз.
1-ж: Шалқытып сайыстарда ән салайық,
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,
Ән-шашуын біздерге алып келген,
Кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Ендеше бүлдіршіндерімізді марапаттау үшін әділ-қазылар алқаларына сөз береміз. 2-ж: Осымен бүгінгі байқауымызды жабық деп жариялаймыз. Хош сау болыңыздар!
