Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәуелсіз Қазақстан.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
223 Кб
Скачать
☆

Мұғалім: /Жукенова Кәмшат/

Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. "Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас құбылыс.

Мұғалім: /Авдхалым Әсия/

Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Сонау сақтардың әйел патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың асқақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет "елім-ай" деп, шер төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды. "Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған" демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас – азатыққа жасалған бір қадам.

 

Мұғалім: /Жукенова Кәмшат/

Орыс империясының екі басты самұрығы біздің даламызға екі жүзбен келіп қонды. Бірі жан-жағына білім шашып, нұрын төксе, бір басы жан-жағына от бүркіп, жалмады. Адам өміріндегі ең ыстық, ең жақын нәрсе – Отан, төрт ана. Осы дәуірде, әсіресе қызыл империяның қол астындағы жетпіс жылда, Отан өгей анаға айналып, тұтас бір халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Ресей бізді, тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. "Жаулаған елің өзіңе бағынсын десең - оның тілі мен дініне қол сұқпа", - деген екен Шыңғыс хан. Төрт анасынан түбірімен айырылған қазақта енді мәңгүрт, "қазақ емес" ұрпақ пайда бола бастады. Бірақ, бұл кезде де халқымыздың ауырын көтерер Қайрат, Ләззат сынды азаматтар табылды.

 

Мұғалім: /Авдхалым Әсия/

"Өжет адам өлімді жеңеді. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің". Қазақ жастары жылдар өте өзінің өжеттілігімен, қайтпас қайсар рухымен дегеніне жетті. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке жасалған бір қадам. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір "соқтықпалы" соқпақтағы ең соңғы ірі адым болды. "Мың өліп мың тірілген", енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді.

   Құрметті ұстаздар мен оқушылар енді Желтоқсан оқиғасына қатысушы Сырғагүл Сайлаубекқызына сөз берейік. /Оқушылар өз сұрақтарын қояды./

 

1-оқушы: 1980 жылдардың басында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық Республикаларында аса ауыр әлеуметтік –экономикалық жағдайлар айқын біліне бастады. Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі, ғылыми -техникалық ағымда артта қалушылық, тауар зәрулігі, ұлттаралық қатынастардағы шиеленістер, адамгершіліктің азуы, ұрлық маскүнемдік пен нашақорлық, коррупция етек алды. Миллиардтаған табыстың Республикаға титімдей ғана бөлігі бөлініп, жергілікті тұрғындарға ештеңе тимеді, ел мүддесі есепке алынбады. 1954-1986 жылдары қазақ тіліндегі 600 мектеп жабылды. Қазақ тілі тұрмыстық тілге айналып, өрісі тарылды. Тілге деген менсінбеушілік пайда болды. Мәңгүрттер көбейді. Ұлттық көңіл күй ауырлады. Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың өзіне сөз жүзінде ғана жарияланған егемендік жағдайында жұмыс істеуіне тура келді. Анағұрлым маңызды саяси шешімдер Мәскеуде ғана қабылданып, онымен келіспеушілік, «партиялық тәртіпті бұзушылық» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып жазаланды.

2-оқушы:

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың тағдыры кремльде шешілді. 1986 жылы 16-желтоқсанда таңертең болған Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Ү пленумы Қазақстан Одақтық Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің басшысы Г.П. Разумовский жүргізіп, 16минуттың ішінде ұйымдастыру мәселесін шешті.

3-оқушы: 1986 жылы 16-желтоқсанда таңғы сағат 10да Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев Қазақстан Коммунистік партиясы орталық Коммитетінің Үпленумы шешімімен қызметінен алынып, орнына Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Ульянов облыстық комитетінің бірінші хатшысы Геннадий Васильевич Колбин Қазақстан Коммунистік париясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды.

Келесі сөз кезегін тарихи оқиғаға қатысқан апаларымзыға береміз. 

/Оқушылар тарпынан әр түрлі сұрақтар қойылып жауап берілді./