Көтерілістің тарихи маңызы
Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
басқарған көтерілістің орасан зор
тарихи маңызы болды.
Бұл
патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық
бірліктің аумағында қазақтардың
отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді.
Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды.
Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан
кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір
ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай
Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып
өтті.
Жәңгір
хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын
орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда,
халықтан жиналатын алым-салық көлемін
едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне
наразылық білдірген старшындардың
пікірімен санасу керектігін түсінді.