Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Менің елім, менің отаным – Қазақстан.

Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 шақырымнан астам. Батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстанның жер көлемі ұлан-байтақ. Аумағы 2717,3 мың шаршы шақырым. Халқының саны 16 миллионнан астам. Қазақстанда көп ұлттардың өкілдері тұрады. Онда жүзден астам ұлттардың өкілдері қазақ халқымен бірге тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Республикамызда 14 облыс, 90- ға жуық қала, 200- ден астам аудан бар.

Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келеді. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстандағы ең ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле және т.б. Ең үлкен көлдері мен теңіздеріне Балқаш пен Зайсан көлдері, Каспий мен Арал теңіздері жатады. Қазақстан қара және түсті металдарға, көмір, мұнай, газ, бағалы металдарға (алтын, күміс, платина), сирек кездесетін металдарға (тантал, индий, иридум т.б.) бай.

Қазақстан ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі дамыған ел. Өнеркәсіптің негізгі салалары—металлургия, машина жасау, металл өңдеу, отын-энергетика, химия және басқа салалар. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары -- егіншілік пен мал шаруашылығы.

Ауыр және жеңіл өнеркәсіптің орталықтары – Қарағанды, Өскемен, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Екібастұз, Шымкент және тағы басқалар.

Сонымен қатар Қазақстан – ғылымы мен мәдениеті жоғары дамыған ел. Қазақстанда Ұлттық Ғылым Академиясы, ғылыми—зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, опера және балет театры, драма театрлары, кинотеатрлар, мектептер, кітапханалар, мәдениет сарайлары сияқты көптеген ғылым мен мәдениет ошақтары бар.

62-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес бес сұрақ әзірлеңіз.

63-тапсырма. Төмендегі өлеңді, мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, жаттап алыңыз.

Түркістан

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңір берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран деген,

Тұранда ер түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер өткен...

Тұранның таулары бар аспанға асқан,

Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан,

Баурында ерке бұлақ салады ойнақ,

Жаралып таудан аққан салқын жастан.

Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,

Шалқыған ені – шетсіз теңіз, Арал.

Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің

Баурында дүние көрген түрік көкжал...

Мағжан Жұмабаев.

Аққу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.

Ел іші – алтын бесік.

Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Г.Т. Тұрақты сөз тіркестері.

Тілімізде ойды бейнелеп, әсерлеп айту үшін қолданылатын арнайы сөз тіркестері бар. Ондай тіркестердің құрамындағы сөздердің орын тәртібі берік, тұрақты болады, орын тәртібін ауыстыруға болмайды. Сондықтан оларды тұрақты тіркестер немесе фразеологизмдер деп атайды. Сонымен бірге тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздер мағынасымен тікелей байланыста бола бермейді. Міне, осы қасиеттері жағынан тұрақты немесе фразеологиялық тіркестер еркін сөз тіркестерінен ажыратылады. Мысалы: «Мұзға отырғызып кетті» дегенде, бұл тіркестің құрамындағы сөздерді өзгертуге де, араларына сөз салуға да болмайды. Еркін тіркесте сөздердің орнын ауыстыруға бола береді. Далаға қалдырып кетті - далаға баласын қалдырып кетті - далаға бүгін қалдырып кетті т.б.

64-тапсырма. Мына тұрақты тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жазыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

Тайға таңба басқандай, көзге түртсе көргісіз, қас пен көздің арасында, қас қарайды, ат төбеліндей, төбесі көкке жету, төбе шашы тік тұрды, су жүрек.

65-тапсырма. Мәтінді қазақшаға аударып жазыңыз.

Алматы

У подножья горного Заилийского Алатау раскинулся утопающий в зелени город Алматы. Из любого его уголка видны горы: тысячеметровые вершины с вечнозелеными снегами. Город окружают почти со всех сторон горы, и только на севере бескрайняя степь, где весной цветут ярко- синие ирисы, разноцветные тюльпаны и алые маки. На каждого жителя здесь приходится более двух десятков деревьев.

Пирамидальные тополя и белые акации дают тень улицам- аллеям, дарит прохладу и свежесть горная вода, которая течет вдоль улиц по арыкам, и многочисленные фонтаны в скверах, садах и парках. Алматы славен своими яблоками. Широко известен за пределами республики ароматный «Апорт».

66-тапсырма. Өз туған еліңіз, жеріңіз жайлы шағын шығарма жазыңыз.

2.6

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтарды қорытындылап, студенттердің

сауаттылықтарын тексеру.

Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ә.Егіншібаева, С.И.Жапақов «Ауыл

шарушылығы мамандықтарының студенттеріне

арналған бақылау мәтіндерінің жинағы»

Алматы-2004.

67-тапсырма. Бақылау диктанты.

Қазақ елі

Қазақ елі – Қазақстан. Оның жері кең байтақ. Орталығы – Астана қаласы. Қазақтар туған жерін жақсы көреді. Бұл елдің тарихы ел қорғаған батыр бабалар есімімен тығыз байланысты. Тәуелсіздік үшін күрескен Қабанбай, Бөгенбай, Сыпатай, Райымбек сынды батырлар есімдерін қазақтар өз жүрегінде мәңгі сақтайды.

Қазақ елі соңғы кезде түрлі демократиялық күштердің топтасуымен нағыз азат, егеменді ел болу үшін күресуде.

Қазақстан нарықтық экономикаға біртіндеп көшіп келеді. Жекешелендіру, кәсіпкерлік, сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуда шешуші қадамдар жасай бастады.

1995 ж. 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды. (87 сөз, «Қазақстан хрестоматиясы» кітабынан).

68-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін көшіріп жазып, жаттап алыңыздар.

Елтаңба – герб

Қанатты пырақ – крылатый конь

Мәңгілік – бессмертие

Шексіз даму – бесконечное развитие

Рухани байлық – духовное богатство

Бейне – образ

Бейбітшілік – мир

Туған жер – родная земля

Ту – флаг

Адалдық пен тазалық – честность и верность

Дарқандық пен қырағылық – щедрость и зоркость

Ұлт – национальность

Әнұран – гимн

Тәуелсіздік – независмость

69-тапсырма. Қате жазылған сөздерді тауып, дұрысын жазыңыз.

Мойін, шінтәк, тыл, дыбіс, мүшалар, сібдыр, коз, айақ.

70-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Туған жер, бұлақ, үлкен көше, әсем табиғат, бау-бақша.

71-тапсырма. «Туған ауылым» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

72-тапсырма. Тақырыпқа арналған тест тапсырмаларын шешіңіз:

  1. Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторын көрсетіңіз:

А) Абай, Шоқан, Ыбырай.

В) Сәкен, Бейімбет, Ілияс.

С) Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.

Д) Ә.Қастеев, Г.Исмайлова.

Е) Ғ. Қайырбеков, Ж.Дәрібаева.

  1. Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданған уақыт:

А) 1989 ж. 22 қыркүйек.

В) 1991 ж. 16 желтоқсан.

С) 1993 ж. 15 қараша.

Д) 1995 ж. 30 тамыз.

Е) 1996 ж. 1шілде.

  1. Қазақстан Республикасы Туының авторын көрсетіңіз:

А) Ә.Қастеев

В) Д.Шоқпаров

С) Г.Исмайлова

Д) Ш.Ниязбеков

Е) Е.Құлжабаев

  1. Қазақстан Республикасы Әнұранының сөзін жазғандарды көрсетіңіз:

А) С.Мәуленов, Ә.Сәрсенбаев т.б.

В) Ф.Оңғарсынова, М.Айтхожина т.б.

С) Жүмекен Нәжімеденов

Д) М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б.

Е) Ж.Дәрібаева, Ғ.Қайырбеков т.б.

  1. Отан, туған жерге байланысты мақал-мәтелді көрсетіңіз:

А) Оқу - инемен құдық қазғандай.

В) Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

С) Отан— оттан да ыстық.

Д) Ерді намыс, қоянды қамыс өлтірер.

Е) Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]