- •Қоршаған ортаның физикалық факторлары, сипаттамасы және оның адам ағзасына әсері
- •Микроклиматты және ауаның басқа параметрлерін анықтауға арналған құралдар. Құрылымы, анықтау және жұмыс жасау ережесі, нормативтері
- •Кесте 2. Өңделу процесі кезіндегі суда түзілетін химиялық заттар
- •Кесте №4. Ауыз суының радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштері
- •Кесте №5. Ауыз судағы зиянды заттардың тізімі және олардың құрамына гигиеналық нормативтер
- •Кесте №6. Ауыз суы сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері
- •Кесте №7. Су алу орындарында алынған су сынамаларының саны мен алу кезектілігі
- •Кесте 8. Таратушы желіге түспестен бұрын зерттелетін ауыз су сынамаларының саны мен көрсеткіштер тізімі
- •Топырақ маңызы. Өздігінен тазару процесі. Топырақ эпидемиологиясы
- •Кесте №9. Микробиологиялық және органолептикалық зерттеулерді жүргізуге үшін алынатын таратушы құбырлар желілеріндегі сынамалар саны
- •Сараптамаға топырақ сынамасын алу және даярлау. Топырақтың зертханалық сараптамасы
- •Кешенді интегралдық бағалау және халық денсаулығына қоршаған ортаның ластану қауіптілік дәрежесін анықтау үшін кешенді интегралдық бағалаудың мәні
- •Атмосфералық ауа ластануын интегралдық бағалау
- •Кешенді көрсеткіш бойынша атмосфераның ластануын бағалау (р)
- •Кесте 11. Ингредиенттердің әр түрлі саны кезіндегі «р» кешенді көрсеткіші бойынша атмосфералық ауа ластануының деңгейі
- •Су ластануын интегралдық бағалау
- •Кесте 12. Шаруашылық ауыз су және мәдени тұрмыстық су қолдану жағдайларын эпидемиологиялық бағалау
- •Кестe 13.Су ластану дәрежесі келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- •Топырақ ластануын интегралдық бағалау
- •Қоршаған орта ластануын кешенді интегралдық бағалау
- •Халық денсаулық көрсеткіштерін интегралды бағалау
- •Орта мен денсаулықтың өзара байланысын бағалау әдістері (корреляциялық, дисперсиялық және регрессиялық талдау)
Кесте №9. Микробиологиялық және органолептикалық зерттеулерді жүргізуге үшін алынатын таратушы құбырлар желілеріндегі сынамалар саны
х |
Қызмет көрсетіліп жатырған аймақтағы халық саны, мың адам |
1 айдағы сынақтардың саны |
1 |
2 |
3 |
1 |
10-ға дейін |
2 |
2 |
10-20 |
10 |
3 |
20-50 |
30 |
4 |
50-100 |
100 |
5 |
100-ден астам |
әр 5 мың адамға 100+1 сынама |
3) сынақтардың саны жөндеуден кейінгі және таратушы желіде басқа да техникалық жұмыстан кейінгі міндетті бақылау сынамасына кірмейді.
Ішуге, әртүрлі дене шынықтыру және шаруашылық мақсаттарға арналған су физикалық, химиялық және эпидемиологиялық тұрғысынан судың таза сапасын қарастыратын гигиеналық талаптарды қанағаттандыру қажет.
Судың физикалық қасиеті судың мөлдірлігімен, иісінің болмауымен және дәмсіз болмауымен сипатталады. Егер бұлай болмаса өз зияндылығын тигізіп, эпидемиологиялық жағдайынан күмәнді болуы мүмкін. Судың радиоактивтілігі, егер нормадан асып кетсе, су сапасының маңызды теріс көрсеткіші болып табылады.
Судың химиялық құрамы минералдық тұздардың концентрациясымен тұрақты болып, ағзаға өзінің зиянды әсерін тигізбей және судың органикалық көрсеткішін төмендетпейтіндей болуы керек. Суда улы заттар болмауы қажет. Кейбір тұздар мен еритін газдар мөлшерінің болуы судың фекальдармен, шаруашылық қалдықтармен және шіріген тамақ өнімдерімен ластанудың жанама көрсеткіші болуы мүмкін.
Судың бактериалды құрамы, гельминттердің, судың микрофлоралар мен микрофауналарының болуы эпидемиологиялық тұрғыдан қауіп тудырмауы қажет. Ауыз суда гельминт жұмыртқаларының және патогенді микроағзалардың болуына жол берілмеуі тиіс.
Ашық су қоймасын жалпы санитарлық бағалау үшін су сынамасын 0,5-1 м тереңдікте, су қоймасының ортасынан және жағалаудан 10 м қашықтықта су тұтыну аумағының жоғары және төменгі шекараларынан (су қоймасының ағысы бойынша) алады.
Топырақ маңызы. Өздігінен тазару процесі. Топырақ эпидемиологиясы
Топырақ деп климаттың, өсімдіктертің, рельефтің, топырақты мекендеуші ағзалардың әсерінен литосфераның беткейлі қабатының түзілімінен қалыптасатын сыртқы горизонттарды айтамыз. Қоршаған орта факторларының бірі ретіндегі топырақ және оның таулық түрі (грунт)адам денсаулығына және оның өмірінің санитарлық жағдайына үлкен әсер етеді.
Гигиеналық тұрғыдан ауа және су өткізгіштігі бар топырақ өте жақсы болып келеді, себебі, бұл қасиеттер өздігінен тазару процестері ықпал ете отырып, атмосфераның жер үсті қабаттарына қалыпты жылулық режимін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Мұндай топырақтар, әдеттегідей, бұзылысқы ұшырамайды, сондықтан ғимарат құрылыстары үшін ірі топырақты жер аймақтарын таңдайды.
Топырақтың температурасы топырақ ағзаларының өмір сүруіне және өздігінен тазару процесіне мәнді ықпал етеді.
Топырақтағы тірі ағзалар негізінен микробтар болып табылады. Олардың жалпы саны 1 г топырақта 2 млрд-қа дейін жетуі мүмкін. Олардың арасында саңырауқұлақтар,балдырлар,бактериялар,қарапайымдылар және вирустар бар. Олардан басқа топырақта қарапайым жануарлар,дернәсілдер мен масаның қуыршақтары, жәндіктер де мекен етеді.
Микроағзалар топырақтың өздігінен тазару процесінде өте маңызды рөл атқарады,яғни, органикалық заттардың бейорганикалық заттарға айналу процесінде үлкен рөл атқарады. Топырақтағы органкалық заттардың минералдану және бөліну процесібактериялар әсерінен аэробты және оттегінің қатысуынсыз анаэробты жүргізілуі мүмкін. Гигиеналық тұрғыдан аэробты процес барынша жағымды,өйткені ол өте шіріткіш иіссіз және аммиак, күкіртсутегі, метан,индол,скатол, метилмеркаптан және басқа зиянды заттарсыз жүргізіледі.
Топырақ өте үлкен эпидемиологиялық мәнге ие. Онда көптеген инфекциялық ауруларды қоздырғыштар, және де гельминт жұмыртқалары мен дернәсілдері болуы мүмкін және олар адамға берілуі мүмкін. Таза, ластанбаған топырақ патогенді спорасыз микробтар үшін қолайсыз орта болып табылады. Сонымен қоса, әсіресе органикалық заттармен ластанған топырақ олар өз өмірлерін ұзақ уақыт сақтайды. Мысалы, топырақта тифопаратифоздық топтың бактериялары - 400 күнге дейін,дизентериялар - 100 күнге дейін,полиомиелит вирустары,ECHO,Коксаки - 150 күнге дейін,аскарида жұмыртқасы – 1 жылға дейін өмір сүре алады. Газ гангренасын,сіреспені, бірнеше тамақ токсинфекцияларын қоздыратындар тұрақты топырақты мекен ететіндер болып табылады. Сібір жара споралары өмірін 10 жылға дейін сақтауға қабілетті. Әсіресе, топырақтың рөлі аскарида мен трихоцефалезаның кең таралуында өте маңызды. Онда инвазиялық сатыға дейін жұмыртқа пісіп жетіліп,одан кейін олар ағзаға ластанған топырақ көкөністерімен,су және топырақ шаңдарымен,шыбындармен түседі.
Шошқа немесе бұқа цепені (цепень) биогельминттерінің таралуында топырақ үлкен роль атқарады. Ішектері зақымданған адамнан олардың жұмыртқалары топыраққа, одан кейін ірі қарамалдарға немесе шошқатамағына түседі. Жануар ағзасында бұл жұмыртқалар құртқа айналады және малдардың бұлшықеттерінде орналасып, қайтадан олар адам ағзасына ет арқылы түседі.
Химиялық элементтер жер бетінде бірқалыпты таралмаған, бұл негізінен ең алдымен геологиялық және топырақ түсушы факторлардың ерекшеліктеріне негізделген. Кейбір аймақтар топырақтарында келесідей микроэлеметтердің, йод,кобальт,фтор, молибден,марганец, мыс,бор,стронций,селен және т.б. элементтердің жетіспеушлігі немесе құрамында артық кездесуі байқалады. Микроэлементтердің жетіспеушілігі немесе артық болуы судың және көптеген өсімдіктердің химиялық құрамында көрініс табады. Бұл өз кезегінде жануарлар мен адамдардың арасында геохимиялық эндемия деп аталатын аурулардың дамуына әкеледі. Көпшілігінде олар келесідей алмасулардыуң бұзылуымен сипатталады: флюороз,эндемиялық зоб,молебденоз(эндемиялық подагра),қорғасын артықшылығында нерв жүйесінің бұзылысы, стронций артықшылығында хондро-және остео-дистрофияда, селен артықшылығында асқазан-ішек тракт қызметі мен бауыр қызметірнің бұзылысы.
Топыраққа көп көлемді химиялық тыңайтқыштардың, пестицидтердің, өнеркәсіптік қалдықтардың түсуі топырақ құрамы мен қасиетінің өзгерісімен жасанды геохимиялық провинциялардың қалыптасуына ықпал етеді. Топырақтың шамадан тыс немесе ұзақ мерзімді ластануы денсаулыққа зиянды сынап,қорғасын,мышьяк,фтор, улы химикаттар және басқа да заттар жинақталуы мүмкін, олар адам ағзасына тікелей және жанама әсер ете отырып үлкен қауіп төндіреді.
Топырақ ластануының маңызды бір көрсеткіштерінің бірі азот гумусының топырақтағы жалпы органикалық азотқа қатынасын білдіретін санитарлық сан болып табылады.Кез келген типтегі топырақтың өздігінен тазару процесінде азот гумусының көлемі өседі, сәйкесінше санитарлық сан өседі, яғни бірге жақындайды. Топырақтың ластану дәрежесі туралы коли-титр,анаэробты титрі, гельминттер жұмыртқасы, құрттар саны мен синонтропты шыбын қуыршақтардың болуы бойынша бағалауға болады.
Топырақты санитарлық қорғау санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің ең маңызды гигиеналық міндеттер қатарына жатады.
Топырақты санитарлық қорғау бойынша негізгі шаралардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
- заңды, ұйымдастырушылық және әкімшілік шаралар;
- қалдықтардың қалыптасуын минимумға дейін төмендедетін және азайтатын өндірістің қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық сызбаларын құрастыруға бағытталған, қалдықтарды заласыздандыру технологияларын жетілдіруге бағытталған технологиялық шаралар;
- топырақты ластайтын қалдықтарды жинау, жою, залалсыздандыру және утилизациялау бойынша санитарлы-техникалық шаралар;
- жер учаскелерін таңдау, автокөлік қозғалыс сызбасын таңдау, тұрғын ғимараттар мен тазаланған ғимараттар арасындағы санитарлы-қорғаушы зоналардың мөлшерін сақтау және ғылыми негіздемеге қатысты жоспарлық шаралар;
- тазалаушы ғимараттар; топыраққа органикалық, биологиялық (патогенді және шартты-патогенді вирустардың, бактериялардың, қарапайымдылардың, гельминт жұмыртқаларының) және химиялық (пестицидтердің, ауыр металдардың және т.б.) ластаушылардың түскен кездегі санитарлық жағдайды бағалау үшін гигиеналық нормаларды жасау.
