- •Қоршаған ортаның физикалық факторлары, сипаттамасы және оның адам ағзасына әсері
- •Микроклиматты және ауаның басқа параметрлерін анықтауға арналған құралдар. Құрылымы, анықтау және жұмыс жасау ережесі, нормативтері
- •Кесте 2. Өңделу процесі кезіндегі суда түзілетін химиялық заттар
- •Кесте №4. Ауыз суының радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштері
- •Кесте №5. Ауыз судағы зиянды заттардың тізімі және олардың құрамына гигиеналық нормативтер
- •Кесте №6. Ауыз суы сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері
- •Кесте №7. Су алу орындарында алынған су сынамаларының саны мен алу кезектілігі
- •Кесте 8. Таратушы желіге түспестен бұрын зерттелетін ауыз су сынамаларының саны мен көрсеткіштер тізімі
- •Топырақ маңызы. Өздігінен тазару процесі. Топырақ эпидемиологиясы
- •Кесте №9. Микробиологиялық және органолептикалық зерттеулерді жүргізуге үшін алынатын таратушы құбырлар желілеріндегі сынамалар саны
- •Сараптамаға топырақ сынамасын алу және даярлау. Топырақтың зертханалық сараптамасы
- •Кешенді интегралдық бағалау және халық денсаулығына қоршаған ортаның ластану қауіптілік дәрежесін анықтау үшін кешенді интегралдық бағалаудың мәні
- •Атмосфералық ауа ластануын интегралдық бағалау
- •Кешенді көрсеткіш бойынша атмосфераның ластануын бағалау (р)
- •Кесте 11. Ингредиенттердің әр түрлі саны кезіндегі «р» кешенді көрсеткіші бойынша атмосфералық ауа ластануының деңгейі
- •Су ластануын интегралдық бағалау
- •Кесте 12. Шаруашылық ауыз су және мәдени тұрмыстық су қолдану жағдайларын эпидемиологиялық бағалау
- •Кестe 13.Су ластану дәрежесі келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- •Топырақ ластануын интегралдық бағалау
- •Қоршаған орта ластануын кешенді интегралдық бағалау
- •Халық денсаулық көрсеткіштерін интегралды бағалау
- •Орта мен денсаулықтың өзара байланысын бағалау әдістері (корреляциялық, дисперсиялық және регрессиялық талдау)
Кешенді интегралдық бағалау және халық денсаулығына қоршаған ортаның ластану қауіптілік дәрежесін анықтау үшін кешенді интегралдық бағалаудың мәні
Ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасындағы өндірістік күштердің дамуы экологиялық жағдайға орынды көңіл бөлінбей жүргізілді.
Түсті, қара металлургияның, химия және мұнай өнеркәсібінің, автокөліктің интенсивті дамуына байланысты ауа бассейніне адам ағзасына әсер етуі дәрежесі бойынша қауіпті қорғасын, оның қосылыстары, бенз(а)пирен, күкірт қышқылы, көмірқышқылы, азот пен күкірт қышқылдары, көмірсутек қосылыстары, сынап, кадмий, фтор қосылыстары және т.б. түседі. Атмосфералық ауа ластануының жоғары дәрежеі (ШРЕК-тен 3-5 есе жоғары) ірі өнеркәсіптік қалаларда байқалады: мысалы, Өскемен, Риддер, Зырян, Шымкент, Тараз, Теміртау, Алматы қалаларында.
Қоршаған орта ластаушылардың көптігініне қарамастан олардың көп бөлігі химиялық заттар болып келеді. Егерде адам үшін және қоршаған ортада таралуына қарай қауіптілік дәрежеі бойынша бағалайтын болсақ, онда осыған байланысты бірінші орында ауыр металдар тұр.
Тірі ағзаларда барынша аз мөлшерде кездесетін металдар (микрограммдар, миллиграммдар) 1 кг массаға микроэлемент деген атпен белгіленген. Адам мен жануарлар ағзасында негізінен барлық микроэлменеттер бар, тек олар әртүрлі орган мен жасушада (қан, сүйек жасушасы, бүйрек және т.б.) табиғи физиологиялық құрам шегінде кездеседі.
Бірақта өнеркәсіптің (түсті, қара, химия, мұнай-газ) және энергетиканың, автокөліктің, Қазақстан Республикасынының ауылдық жергілікті жерлерінде агрохимикаттарды тұтынудың өсуіне байланысты халыққа токсикалық микроэлементтердің көп тобының әсері күшейді.
Мүмкін гонадотоксикалық әсерінің дәрежесі бойынша адам ағзасына металдар келесідей таратылады: таллий, кадмий, қорғасын, күміс, барий, нкель, мырыш. Нейротоксикалыққа қатысты: таллий, сынап, күміс, барий, кадмий, никель, мырыш. Нефротоксикалыққа қатысты: кадмий, сынап, таллий, мырыш, никель, күміс.
Көптеген химиялық қосылыстар мутагенді және бластомогенді әрекетке ие. Рактың 80-90 пайызы қоршаған орта факторларымен байланысты екені анықталған.
Кадмиймен ластанған тамақ өнімдерін қолданған кезде адам үшін жаңа Итай-Итай ауруының туындауына, қорғасынмен ластанғанда – Минамата ауруына, полихлорланған бифенилмен ластанғанда – Юшо ауруына әкеледі.
Ауыр металдардың токсикалығына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішінде, олардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі де әсер етеді.
Қалалардың атмосфералық ауасының интенсивті күкірт және азот қышқылдармен түтінденуі қышқыл жаңбырлардың өсуін тудырды. Қышқыл жаңбырлар топыраққа және өсімдікке түскен көптеген металдардың еруін жоғарылатады және металдардың токсикалық (қозғалмалы) түрінің қалыптасуына ықпал етеді, бұл олардың су қоймалары, өсімдіктерге, адам ағзасына, жануарларға және су ағзаларына (бентос) түсуін тездетеді. Қышқылды су қоймаларындағы балық тағам ретінде пайдалануға жарамсыз, себебі ол өзіне көп көлемді металды жинақтайды.
Бәріміз білетіндей, адам үшін тағам рационында мыстың бір көлемі молибденнің құрамына байланысты жеткіліксізде немесе артықта болуы мүмкін.
Адам плазмасында немесе қан сарысуында мырыш концентрациясының өзгерісі мыс концентрациясының қарама-қарсы өзгерісін тудырады. Мырыш пен мыстың қатынасының өзгерісі салқын тигенде, қатерлі ісіктерде, бауыр ауруларында байқалады. Тіпті қорғасын мен кадмийдің аз көлемді өзгерісі адам ағзасындағы басқа микроэлементтер концентрациясының өзгерісін тудырады (мырыш, мыс, темір), бұл ерте қалайы мен кадмийдің токсикалығының пайда болуына жағдай жасайды, бұл жағдай рационда кобальт, темір, мыс сияқты заттардың жетіспеушілігі (яғни, ШРЕКтен төмен) кезінде де көрініс табады. Ағзада кальцийдің жетіспеушілігі асқазан-ішек трактатындағы қорғасынның тез сорылуына және қорғасынның экскрециясының (шығарылуына) төмендеуіне жағдай жасады. Мырыштың жетіспеушілігі қорғасынның токсикалығын жоғарылатады. Темірдің қорғасынның эритроциттермен жұтуына әсер етуші әрекеті суреттелген.
Сондықтанда қазіргі жағдайда гигиеналық ғылымның бірден бір міндеті халық денсаулығы үшін қауіптілік деңгейін анықтайтын қоршаған орта ластануының бағалау көрсеткіштерін жасау. Мұндай көрсеткіштер қоршаған орта нысандарының нақты ластануымен халық денсаулығының жағдайы арасындағы сандық байланыстар негізінде есептеледі.
Қазіргі жағдайда адамға комбинациялы, кешенді және сәйкесті көрсетілетін жағымсыз факторлардың кең спектрі әсер етеді. Сондықтанда алғашқы міндет қоршаған ортаның бағалаушы сапалық кқрсеткіштерін негіздеу болып табылады.
Бағалаушы көрсеткіштер кешенді болуы қажет, яғни зерттелетін ортаның (атмосфералық ауа, су, топырақ) зиянды химиялық ингредиенттерінің мүмкіін көп санын көрсету қажет.
Атмосфераның, судың, топырақтың ластануы туралы айтуға болады және оны биологиялық нысандар (өсімдіктер, жануарлар органдары, адам биоорталары) және де атмосфералық қалдықтар жолымен зерттеуге болады.
Адам үшін қауіптілік дәрежесі бойынша қоршаған ортаны көптеген химиялық ластаушыларды бағалау кезінде ең бірінші орынды ауыр металдар алады. Жоғары токсикалықпен қоса (қауіптілік кластары 1,2), олардың көбісі мутагенді, концерогенді, эмбри-гонадотоксикалық әрекетке ие. Сондықтанда қоршаған ортада ауыр металдардың күрделі қоспаларының болуы гонатотоксикалық әрекеттердің пайда болу қауіптілігін жоғарылатады. Сондықтанда қоршаған ортада ауыр металдардың қиын қоспаларының болуы аталған әсерлердің пайда болу қауіптілігін жоғарылатады және халық денсаулығы үшін тәуекел дәрежесіне қарай ластаушылардың кешенді бағалау қажеттілігін анықтайды.
Егерде химиялық ластаушылардың қосылысы ШРЕК-тен 1 тең үлесінде суммада болса, комбинирленген әрекет сипаты адекваттылықтың пайда болуы сияқты бағаланады.
Бірақта химиялық ластаушылардың қосылысы ШРЕК-тен 1-ден төмен үлесіндегі суммада болса потенциалды әсер (жоғарылаушы) тудыруы мүмкін.
Ластаушы заттардың қосылысы суммарлық концентрациясы бірден асып кетсе, антогониз жайында айтылып отыр (өзара қарама қарсы әрекет).
