Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дидактика каз лек.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
624 Кб
Скачать
☆

Оқыту нәтижелелері тексерудің жинақталған әдісі

Ең жалпылама білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды жинақталған деп атаймыз. Жинақталган білімдерДскерліктер, жеке және құрамдас бөліктерден тұрады. Графикалық түрде оны ағаш сызбасы ретінде елестетуге болады. Жоғарғы бөлігі -бастапқы түсінік болса, ал тамыры -пайда болған жинақталған білімдер мен іскерліктер, дағдылар. Жинақталған оқу әрекетін орындау бір қалыпты меңгеру мен жеке іс-әрекеттер, операциялар болып келетін құрамдас бөліктерін меңгеруден тұрады (6 - сызба нұсқа). Пән тақырыптары .Тақырыптың негізгі түсініктері

А.Г.Б. топтарындағы түсініктерді немесе жеке түсініктерді, меңгеруді қамтамасыз ететін оқу әрекеті. Жинақталған әрекет.(ж)

Білімдер мен іскерліктердің бүкіл жүйесін бақылау дегенісіз бастапқы түсініктер мен әрекеттердің неғұрлым көп мөлшерін талап ететін жауаптарға сәйкес тапсырмалар мен сұрақтар таңдау деген сөз. Егер окушы осы тапсырмаларды орындаса, қойылған сұрақтарға жауап берсе, онда оның белгілі білімдер, іскерліктер, дағдылар жүйесін жүйесін меңгергендігін ол көрсетеді. Бұл әдістің негізінде барлық түсініктердің меңгергенділігін көрсететін жинақталған әдіс жалпылама түсініктерді таңдау жатыр. Барлық түсініктердің меңгергенділігін көрсетеді. Синтезді тәсіл арқылы білім жүйесін бақылау үшін бақылау мақсатын анықтау, яғни білім, іскерлік, оқытудың басқа нәтижелерін; оқытудың бағытын анықтау (сұрақтар, тапсырмалар, белгілі тапсырманың сұрақтарына жауап беру арқылы меңгеру деңгейін көрсету) болып табылады.

Оқыту нәтижелерін тексерудің ықтимал әдісі

Көп жағдайда оқытылатын түсініктер өзара байланысты емес. Егер оқушы бір түсінікті меңгерсе, онда оның өзгелерінде меңгергендігі емес. Оқу әрекетінің бір түрін орындау, әлбетте оның басқа түрлерін орындау шарты емес.

Әр түрлі пән және оның тақырыптары арасындағы білімдер байланысы біркелкі болмайды. Кейде, белгілі тақырыпты меңгеру үшін міндетті түрде оның алдындағы тақырыпты білу керек. Басқа кезде мұндай тәуелділік тым қатаң болмайды: оқушы бір тақырыпты сұрақтарды білмей-ақ, сұрақты оқып ала алады, тақырып. Мұндай кездерде тек меңгерудің мүмкіндіктерін айтуға болады. Осындай білім дер жүйесін тексеруде біз ықтимал әдісін қолдануды ұсынамыз.

Осындай мақсатпен біз сұрақтың диагнотикалық салмағы түсінігін еңгіздік. Барлық сұрақтарга берілген жауаптар белгілі сұрақтармен олардың топтарының мүмкіндігін анықтайды.

Бұл жағдайда сөз шарттың мүмкіндік бағалау туралы, яғни бір әрекеттің ұсыныстағы басқа әрекеттердің орындалған мүмкіндіктерін анықтайды. Бүкіл білім жүйесінің меңгеруін анықтауды сұрақтар қою керек, яғни диагностикалық салмағы көп сұрақтар арқылы білім жүйесін меңгергендігі тексеріледі.

Ықтимал тексеру әдісін орындау үшін: тексеру мақсатын, тапсырма тізімін құрып, бүкіл білімді меңгеру сұрақтарына жауап, әр сұрақ немесе сұрақтар жүйесіне дұрыс жауаптарды анықтау, сұрақтардың диагностикалық салмағын анықтау, білім жүйесін диагностикалық сұрақтар арқылы анықтау керек.

Сұрақтың диагностикалық салмағын қалай анықтау керек? Ол үшіи тақырып бойынша сұрақтардың барлығына жауап берегн оқушылар санын анықтау керек. Және

белгілі сұрақтар тобы мен сұрақтарға жауап берген оқушылар санын да анықтау керек. Бірінші санды мен екінші санға бөлу арқылы біз сұрақтың диагностикалық салмағын анықтаймыз.

Ықтимал және жинақталған синтездік тексеру әдістері арқылы білім жүйесінің дидактикалық міндеттер шешуге болады.

Бүкіл курсты меңгеруін тексеруде минимум сүрақтарды іріктеу үшін, оны тақырыптарға және кішігірім тақырыпшаларға бөлу керек. Әрбір тақырыпқа сұрақтар таңдалады, берілген жауаптары арқылы тақырыпты толық тексеруге мүмкіндік береді. Әрі қарай сұрақтардың диагностикалық салмағы анықталады. Бүкіл тақырыпты тексеру үшін 2-3 диагностикалық салмағы үлкен сұрақтар құрылады. Бұл сұрақтарға жауап тақырыптың меңгерілгендігін көрсетеді. Осылай, мұғалім әр тақырып бойынша сұрақ түрін сұрыптайды.

Ықтимал әдісі курстың толық меңгерілгендігін тексеруде қолданылады. Қандай курс болмасын мұғалім үш бақылау бағдарламасын қолдана алады.

Бірінші бағдарлама жеңіл, яғни диагностикалық салмағы төмен сұрақтардан тұрады, ол оқушылардың курспен таныстығы мен оңай сұрақтарға жауап бере алатындарын көрсетеді.

Екінші бағдарлама курсты меңгеруінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Бұл деңгейде оқушылар біраз қиын сұрақтарға жауап береді және қиын тапсырмаларды орындайды. Сұрақтар мұнда біріншіге қарағанда жоғары диагностикалық салмаққа ие.

Үшінші бағдарлама ең жоғарғы меңгеру деңгейін көрсетеді. Курс толық меңгеріліп, оқушылар аса қиын тапсырмаларды орындайды. Білім тексеру диагностикалық салмағы жоғары сұрақтармен өткізіледі.

Мұндай бағдарламаларда қорытынды тексеруде қолданған дұрыс. Басқа қолданатын бақылау жұмыстарға қарағанда бұл тексеру әдісі курстың меңгерілуінің жоғары деңгейін анықтайды.