- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •1.1. Дидактика туралы жалпы түйін.
- •1.2. Дидактиканың пәні мен объектісі.
- •1.3. Дидактиканың функциялары мен қызметтері
- •1.4. Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар және оқыту моделдері.
- •1.5. Қазіргі заман дидактикасы жүйесінің қалыптасуы.
- •2.1. Оқытудың мәні және түсінігі
- •2.2. Тұтас жүйелік оқыту үрдісінің сипаттамасы
- •2.3. Оқыту үрдісінің циклдігі (кезеңдері)
- •2.4 Оқытудың қызметтері
- •2.5 Оқытудың әрекет ретіндегі пәндік сипаттамасы
- •2.6. Оқыту үрдісіндегі окушыныц таньшдыц әрекеті
- •2.7. Оқушы мен оқытушының оқудың әртүрлі моделъдеріндегі әрекеттері
- •2.8. Окушының оқыту барысында дербестігінің қалыптасуы
- •3.1. Оқытудың заңдылықтары
- •3.2. Дидактиканың ұғымдары ретіндегі оқыту ұстанымдары
- •3.3. Оқыту ұстанымдарының сипаттамасы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Тақырып 4. Жалпы білім мазмұны
- •4.1. Білім мазмұнының түсінігі және мәні
- •4.2. Мектептік білім мазмұнының қалыптасу көздерімен факторлары
- •4.3. Жалпы білім беретін мектептерде білім беру стандарттарын енгзу мәселесі
- •4.4. Жалпы орта білім беретін мектептің оку жоспары
- •4.5. Оқу бағдарламаларының, оқу құралдары мен оқулықтардың сипаттамасы
- •4.6. Ресейдегі вариативті білім берудің даму стратегиясы
- •Тақырып 5. Мектептеп оқыту әдістері
- •5.1. Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мәнімен ұғымы
- •5.2. Оқыту әдістерінің жіктемесі
- •5.3. Оқу әдістерін таңдау
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары және тапсырмалары
- •6.1. Оқу құралдары туралы түсінік
- •6.2. Қарым-қатынас құралдары
- •6.3. Оқу әрекетінің құралдары
- •6.4. Оқу кабинетін жабдықтау
- •6.5. Техникалық оқыту құралдары (тоқ)
- •7.1. Оқыту ұйымдастыру формалары және оларды жіктеудің негіздері туралы түсінік
- •7.2. Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың дидактикадағы дамуы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Тақырып 8. Сабақ - қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі.
- •8.1. Сабақ біртұтас жүйе ретінде оқытудын сыныптық-сабақтық жүйесінде педагогикалық үрдістің аяқталған бөлігі.
- •8.2.Сабақтың типтері мен құрылымы. Сабақ құрылымы туралы түсінік.
- •8.3. Оқушылардың сабақ оқыту барысындағы оқу әрекеттің ұйымдастырылуы
- •8.4. Оқушылардың сабақ үстіндегі өзбетінше жұмысы
- •8.5.Тақырып бойынша сабақтар жүйесі
- •8.6 Оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары.
- •Мектеп оқушысының үй жұмысы.
- •8.7 Мұғалімнің сабаққа дайындығы
- •8.8. Өз сабағын талдау және бағалау
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар мен тапсырмалар
- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •9.2. Оқушылар білімін әділ тексеру мен бағалауға әсер ететін факторлар
- •9.3 Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау үрдісі
- •9.4. Оқыту нәтижелерін тексерумен бағалау формалары мен әдістері
- •Оқыту нәтижелелері тексерудің жинақталған әдісі
- •Оқыту нәтижелерін тексерудің ықтимал әдісі
- •Білім тексерудегі сұрақтардың бірізділігінің анықталуы
- •9.5 Оқытудың бағалау жүйесінің дамуы
- •9.6 Оқушының төмен үлгермеушілігі
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •10.1 Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістің түсінігі және мәні
- •10.2 Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығы
- •10.3 Инновацияның жіктелуі
- •10.4 Инновацияны бағалаудың сипттамалары мен өлшемдері
- •10.5. Инновациялық оқу орындары
2.4 Оқытудың қызметтері
Философия бұл жүйеде белгілі бір объектінің қасиеттерінің сыртқы көріністерінің қызметтерін анықтайды. Ал оқыту үрдісінің қызметтері оның қасиеті болып, оның бөліктерінің кешенді түрде іске асырылуын байланыстырып, оқушының өздігінен тұлға ретінде дамуын қамтамасыз етіді.
Дидактика оқыту үрдісінің үш қызметін бөліп қарастырады. Оқыту, дамыту, тәрбиелеу, қызметтері.
Білімдік қызмет оқушының оқу үрдісі танымдық әрекеттерге Оқытудың білім керекті білім, дағды және тәжірибе қалыптастыруға бағытталған
беру қызметі педагогикидағы білім, арнайы теорияларды, фактілерді,
түсініктерді, заңдылықтарды, ережелерді оны сақтаумен анықталады. Меңгерілген білімдер, ғалымдардың
қорытындыларына сәйкес, толықтылығымен, жүйелілігімен, түсінуімен және әрекет етуімен сипатталады. Бұл оқыту үрдісінде оқушылардың ғылыми негіздері бойынша іргелі мәліметтер менбелгілер бір жүйеде берілген әрекет түрлері туралы мәліметтер, өз білімдерінің көлемімен құрылымы сезініп оларды оқу және практикалық жағдайды қолдана алуға қол жеткізеді деген сөз. Бұл білімділік қызметке сай білімдер оқыту үрдісінде оқушының жетістігіне айналады, оның танымдық тәжірибесінің құрылымына енеді, жаңа ерекше міндеттерді шешу үшін бұрынғы білімдерін жинақтай алу, қосымша ақпарат іздеу және жаңа білім табу қабілет артырады. Білім беру функциясына қатысты керекті білім окушының іскерлігінен байқалады.Оқушының оқу материалдырын ұғынуы, оны қорыта білуі және сол алған білімін әр қилы жағдайда қолдана білуі, оның жан-жақты білгір тәжірибелі маман болып қалыптасуына септігін тигізеді. Сондықтан оқытудың білімдік қызметі оқыту білімдер мен қатар іскерліктер мен дағдылар қалыптастыруға бағытталған.
Іскерлік. Іскерлікті біз әрекеттің белгілі бір шығармашылық әдістерді меңгеру және оны меңгерген әдістермен олған қолдана білу болып табылады. Іскерлік арқылы меңгерген арнайы әдістемелік білім, ғылымның әр саласында істеуге мүмкіндік береді. Жалпы іскерліктер мен дағдыларға ауызша және жазбаша тілді ақпараттық материалдарды меңгеру, кітап оқу, кітаппен жұмыс, өзіндік жұмыстар жатады. Білімдік қызметі талдау оқытудың дамытушылық, қызметін сипаттауға әкеледі.Оқытудың дамытушы үрдіс жан-жақты бағытта жүреді: сейлеу, ойлау, тұлғалық қозғалыс өрісі, эмоционапды-жігерлік және қажеттілік-мотивациялық салалары жағынан даму отандық ғылыми-психологиялық мектеп пенпедагагикалық зерттеулерде оқыту тұлға дамуының көзі, кұралы ретінде көрсетеді. Психологияның маңызды заңдылықтарының бірі, Л.С.Выготский анықтағандай, оқыту дамуға әкеледі. Тұлға әрекет кезінде дамиды. Бұл оқытудың ұстанымдары, білім беру мазмұны мен әдістерін сұрыптау олар оқушының сөйлеу, ойлау,
сезіну қабілеттерінің дамуына бағытталған және ғылымдар Д.В.Эльконин, В.ВДавыдов, Н.А.Менчинская және т.б. зерттеу жұмыстарымен қатар даму мәселесінің теориалық және қолданбалы түрде зерттеуіне үлес қосты.
Осы зертеулер арқасында отандық дидактика үлкен жетістіктерге жетті:
Ойлау әрекеттерін кезеңдік қалыптастыру теориясы (П.А.Гальперин) мәселелі білім
берудің әдістері. (М.Н.Скаткин,И.Я.Лернер,М.И.Махмутов.) оқушылардың танымдық
әрекеттерін белгіленудіру амалдары, және т.б.
Оқытудың қазіргі кездегі ұйымдастыру мақсаттары тек білімдерді қалыптастыруға,
сонымен қатар оқушының ойлау жан-жақты даму, талдау, салыстыру, жүйелеу, байқау,
қорытынды жасау, әрекеттің мақсаты көрінеді.
Атап кететін бір жай, оқушының сенсорлық, қимыл-іс, сезім өрістері, интелектуалды
өріске қарағанда баяу дамиды. Сонымен қатар оқыту үрдісіндегі ең маңыздысы, қоршаған
ортада болып жатқан құбылыстарды толық және тура анық сезіну, қабылдау (кеңістік, түс,
жарық, дыбыс, қозғалыс, және т.б.
Баланың қимыл-іс өрісін дамыту үшін, оның оқуда, еңбекте, ойнағанда өздігінен талпыну
әрекеттерін қалыптастыру керек. Сонымен қатар оқушының белсенді түрде жан-жақты
дене еңбегінің дамуын қамтамасыз етуі керек, өйткені бұл оның денсаулығына пайдасын
келтіріп, интелектуалды, шығармашылық дамуына маңызды септігін тигізеді.
Эмоционалды өрістің дамуы, табиғаттың ықпалын,айналадағы адамдардың шеберлігін,
жалпы қоршаған ортаның құбылысын сезіну, оқытудың тағы бір мақсаты болып
табылады.
Сонымен тағы да бір еске түсірсек: кез-келген білім алу, арнайы дайындалған материал
бойынша өткізілсе, оқушының жан-жақты дамуын білім мазмұнында мақсат етіп көздесе,
оқушы өздігінен талпынып дамиды.
Оқытудың тәрбиелеу Оқыту үрдісі сонымен қатар тәрбиелік сипатқа ие.
қызметі Педагогика ғылымы, оқыту мен даму сияқты
тәрбиелеу, кейбір сыртқы фактор (отбасы, микроорта, т.б.) әсерлердің ықпалынан қиындатылады, сондықтан да тәрбиелеу қиын үрдіске айналады. Оқытудың тәрбиелеу қызметінің маңыздылығы, бұл оқыту үрдісі барысында өнегелік және эстетикалық түсініктер, әлемге деген қөзқарас жүйесі, белгілі бір ортада арнайы нормалық ережеге сай заңдылықтарға бағыну түсінігі қалыптасады. Оқыту үрдісінде тұлғаның фактары, бұл ең алдымен оқытудың мазмұны бірақ пәндердердің көпшілігін тәрбиелік әлеуеті бірдей емес, ал гуманитарлық және эстетикалық пәндерде ол жоғары деңгейде болады.
Музыка, әдебиет, тарих, психология. көркем мәдениет өздерінің пәндік мазмұнына байланысты, адамды тұлға етіп қалыптастыруға мүмкіндігі мол.
Бірақ, бұл пәндер негізінде, автоматты тәрбиелеу туралы пайымдауға болмайды. Өйткені, оқу материалының мазмұны, кейде кенеттен оқушыларда ойдағыдай теріс реакция алып келуі мүмкін. Бұл оқушының тәрбие деңгейіне, қоғамдық-психологиялық, педагогикалық оқыту жағдайына, класстың ерекшелігіне, оқыту мен уақытына байланысты. Пәндердің мазмұны көп жағдайда оқушының әлемге, өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, мытады, қажеттіліктерді, әлеуметтік мінез-құлқы, қүндылықтары, құндылық бағдары, дүниетанымы қалыптасады. Жанама түрде тұлғаны қалыптастырады. Сонымен бірге, оқыту мен тәрбиелеу бір-біріне бғынышты екенін білу керек. Оқыту оқушының тәрбиелілігін белгілі бір дүниенің, оқушы ынтасының мінез-құлқы мен қарым-қатынастың дағдыларының, қоғамдық этикалық норманы қабылдамайынша мүмкін емес. Бұл дәлел тәрбиесі қиын балалардың мектепттен шығып қалуы.
Оқытудың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерінің арасыидағы байланысы. Сонымен, педагогика ғылымы оқытутың үш қызметін бөліп көрсетеді.Олар өзара өте күрделі байланыста, шартты байланыста: бір-бірінен бұрың іске асады, бірінің -бірі себебі болып табылады, бірінің бірі салдары болады. Бұнда олрдың бірлігінің
диалектикалық сипаты көрінеді. Олардың қызметі практикада, біріншіден, оқушылардың білім алуын, тәрбиесін және дамуын қамтитын сабақтың кешенді міндеттері арқылы, екіншіден, мұғалім мен оқушылардың әрекетінің мұндай мазмұны сабақтың әрбір кезеңінде шешілуімен, үшіншіден, бұл қызметтердің бірлігі оқытудың турлі әдістердің, формалары мен кұралдарының бірлігімен төртіншіден, оқытуды бақылау мен өзін-өзі бақылауда осы үш қызметтің орындалуын бағалаумен іске асады (Ю.К.Бабанский). Міне осылар оқытуда қойылатын талаптар қазіргі дидактика қағидаларына сәйкес келіп, оны сапалы және табысты етпек.
