Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИЯ ОВЗДО каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Орын ауыстыратын жүктердің түрлері мен қасиеттері және көлік құралдарын жіктеу

Жүк түрлері және физика-механикалық қасиеттері

Жүктер ретінде тасымалдауға қабылдау моментінен бастап қабылдаушыға тапсырғанға дейінгі заттар мен материалдарды есептейді. Көлік құралдарына түсетін жүктер дайындауға, тиеуге, тасымалдауға, түсіруге, ал ейде көліктік сақтауға жатқызылады. Осы процестерді ұйымдастыру жүктердің сипаты мен олардың санына байланысты.

Жүктерді дайындау ораумен, бағыты бойынша сұрыптаумен, таңбалаумен, өлшеумен, пакеттеумен, тиеумен және тасымалдау құжаттарын құрастырумен шектеледі.

Жүкті тиеу мен түсіруді түрлі, оның ішінде механикаландырылған тәсілдермен, жүктердің физикалық қасиеттеріне және оларды орау түрлеріне байланысты жүргізеді. Тиеу және түсіру кезінде көлік құралы (үздіксізден басқа) тұрып қалады, бұл көбінесе тасымалдау құнын анықтайды.

Жүктерді тасымалдау оларды белгіленген орнына толық сақталған күйінде және мерзімінде жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс, бұл тасымалдаудың маңызды шартының бірі болып табылады.

Жүктерді сақтау қоймаларда жүргізіледі. Қоймалар типі мен өлшемдері, қоймаларда орналастыру тәсілдері және сақтау режимі жүктердің физикалық қасиеттеріне, оларды орауға, сақтау мерзіміне, жүктер санына және климаттық жағдайларына байланысты.

Физика-механикалық қасиеттері бойынша жүктерді келесі түрлері бойынша жіктеуге болады: үймелі (пайдалы қазбалар, тау жынысы, төгілмелі ауыл шаруашылық жүктері – қант, бидай және т.б.), даналанған (машина, жабдық, өнеркәсіп тауарлары және басқалары), құйылатын (су, жанар-жағармай материалдары, эмульсия, сұйылтылған және сығылған газдар) және газ тәріздес (табиғи газ, оттегі және т.б.).

Үймелі жүктер кесектілігімен (гранулометрлік құрамымен), үйінді массасымен, табиғи қиябет бұрышымен, жемірлігімен, ылғалдығымен, жабысқақтығымен, өздігінен тұтануға бейімдігімен, күмбез түзумен, жабысқыштығымен және т.б. сипатталады.

Үймелі масса (тығыздық) у т/м3— үймелі жүк көлемі бірлігінің массасы, ол физикалық қасиеттеріне, ұсақтау және тығыздау дәрежесіне байланысты. Үймелі тығыздығы әрқашан ұсақталмаған табиғи түрдегі материал тығыздығынан аз. Үймелі тығыздығына байланысты жүктер жеңіл (0,6 т/м3 дейін), орташа (0,6 - 1,1 т/м3), ауыр (1,1-2 т/м3) және анағұрлым ауыр (2,0 т/м3 жоғары) болып бөлінеді.

Табиғи қиябет бұрышын горизонталь беті бар еркін үйілген материалдың бүйір бетінен түзілетін бұрыш бейнелейді. Ол бөлшектер арасындағы үйкеліс күшіне, ылғалдылыққа, жабысқақтыққа және өлшемдеріне байланысты, сондықтан да тұрақты шама болып табылмайды. Табиғи қиябет бұрышы тыныштықта және қозғалыста болып бөлінеді. Ол көлденең қима ауданына және өнімділігіне (жүк айналымына) әсер етеді. Үймелі жүктер бойынша кейбір деректер 1-кестеде келтірілген.

1-кесте – Кейбір жүктердің үйме тығыздығы және табиғи қиябет бұрышы

Жүк

т/м3

,град

,град

Кептірілген көмір

0,8-0,95

30-40

19-28

Магниттік теміртас

2,5-3,5

50-55

32-40

Әктас

1.3-1,5

40-45

26-30

Саз

1,85-1,9

38-40

25-30

Құм

1,7-1,8

37-41

24-30

Қатты тау жыныстары

1,8-2,35

40-45

29-35

Тасшақпа

2,0-2,5

45-50

25-30

Қара топырақ грунты

0,6-0,8

40-45

35-40

W ылғалдығы 105 °С температура және t=4с уақыты кезінде кептіргіш камераларда кептіру арқылы анықталатын су мөлшерін көрсетеді:

%, (3.1)

Жемірлік, бұрын айтылғандай, - бұл жүктердің үстіңгі бетті үйкеу қасиеті. Жемірлік дәрежесі бойынша жүктер жемірлі емес А (түйіршік, цемент және т.б.), жемірлігі аз В (саз, көмір), орташа жемірлі С (құм, антрацит) және қатты жемірлі С (руда, букситтер) болып бөлінеді.

Құйылатын жүктер (сұйықтық) де меншікті салмақпен, тығыздықпен және тұтқырлықпен сипатталады.

Берілген нүктеде сұйықтықтың меншікті салмағы (кг/м3) деп сұйықтық массасының (сұйықтық салмағы) оның көлеміне қатынасын атайды

, кг/м3 , , (3.2)

мұнда G- сұйықтық салмағы;

m – сұйықтық массасы;

V- көлем.

Тұтқырлық – бұл сұйықтықтың - сұйықтық бөлшектерінің салыстырмалы ығысуына (қозғалысына) кедергі жасау қасиеті.

Сонымен қатар жүктер сапалық белгілері мен тасымалдау шарты бойынша жіктеледі [2]. Салалық белгісі бойынша жіктеу – бұл тасымалдарды халық шаруашылығының негізгі салалары: өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, коммуналдық шаруашылық, пошта байланысы мен тұрғындарды тасымалдау бойынша топтастыру.

Тасымалдау шарттары бойынша жіктеу төмендегілерге байланысты жіктеледі:

- ораудың болуына – ыдыссыз және ыдыспен;

- бір жүк орнының массасы – қалыпты, жоғары массалы және ауыр салмақтылар. Қалыпты жүктер ұсақ даналы (250 кг дейін) және жәміштелген (бөшкелер, орауыштар және басқалары, 500 кг дейін), жоғары массалы (250 кг дейін 30 т дейін) және ауыр салмақты даналанған массасы 30 т және одан артық болып саналады. Ұсақ даналы жүктер – бұл бір-бірінен оңай ерекшеленетін және үйіп тиеуге жол бермейтін заттар жиынтығы (плиталар, кірпіштер және басқалары);

- өлшемдері – қалыпты, ірі габаритті және габаритті емес;

- тиеу – түсіру – даналанған, төгілетін, үймелі, құйылатын, ұнтақ тәріздес және газ тәріздес тәсілдер;

- шамасы 1 бастап айтарлықтай төмен құбылатын жүк көтерімділік коэффициентімен анықталатын жүк көтерімділікті пайдалану.

- қауіптілік дәрежесі, яғни адамдарға, жануарларға, жылжымалы құрамға, құрылысқа, жолға зиянды әсер ету мүмкіндігі. Осындай жүктерді бірнеше топқа бөлуге болады:

а) қаупі аз (азық-түліктік және өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, құм және т.б.);

б) тез тұтанатындар (бензин, ацетон, целлулоид);

в) шаңдатқыш және жанғыш (цемент, әк, асфальт);

г) күйдіргіш сұйықтықтар (қышқылдар, сілтілер);

д) баллондардағы сығылған және сұйылтылған газдар;

ё) уландырғыш, радиобелсенді және жарылғыш;

- сыртқы әсерлерден қорғау шарттары – әдеттегі және жауын-шашындардан, температуралық әсерлерден, соққылар мен селкілеуден ерекше қорғауды талап ететіндер (шыны, ыдыс, аспаптар және басқалары).

- тасымалдау және сақтау режимдері – әдеттегі, тез бұзылатындар (көбінесе азық-түлік өнімдері), өткір иісті, санитарияға қарсы (қоқыс, кір), тіршілік иелері (мал, құс).

Өнеркәсіп көлігі құралдарын жіктеу

Өнеркәсіп көлігі түрі, мақсаты, әрекет ету мерзімі мен әрекет ету тәсілі бойынша жіктелуі мүмкін.

Түрі бойынша келесі: теміржол, автомобиль, өзен және арнайы көлік құралдарына бөлінеді. Арнайы көлік түріне гидравликалық пневматикалық, «құбыржол» терминімен бірігетін, монорельсті, аспалы жатады. Осы түріне рольгангты, ілмекті және пластиналы конвейерлер, платформалар, арбашалар, авто және электрокарлар жатады.

Өнеркәсіптік көлік мақсаты мен жұмыс сипаты бойынша сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы кәсіпорын шикізатты, дайындамаларды, жарты фабрикаттар мен материалдарды жеткізуге және дайын өнімді алып шығуға арналған.

Ішкі жүктерді, дайындамаларды және басқаларын кәсіпорын ішінде, яғни цехтар арасында немесе цехтар ішінде тасымалдауды жүзеге асырады. Зауыттарда ішкі көлікті - зауыт ішілік, ірі құрылыстарда – іштей салынатын, шахталарда - шахта ішілік немесе жер асты, карьерлерде ашық өндіру тәсілі кезінде карьерлік деп атайды.

Зауыттарда ішкі көлікті цехтық және цех аралық деп бөледі. Осыған орай цех ішілік көлік ретінде, әдетте - конверейерлік немесе арнайы көлікті, сонымен қатар автотиегіштерді, электр- және автоарбашаларды, ал цех аралық ретінде теміржол, автомобиль, құбыржол көліктерін және басқаларын пайдаланады.

Әрекет ету тәсілі бойынша циклдік немесе үзілістік және үзіліссіз көлік түрлеріне бөлінеді.

Үзілістікке (циклдікке) теміржол, автомобиль, монорельстік, аспалы, пневмоконтейнерлік, арбаша көліктер жатады.

Үзіліссіздерге конвейерлік, құбыржол және гравитациялық көліктер жатады (ауырлық күші әсерінен жүк науалар, төсемдер бойымен орын ауыстырады).

Соңғы жылдары жұмыс технологиясының дамуымен және жаңа көлік түрлерін жасаумен қатар циклдік және үздіксіз түрлерінің қасиеттерін біріктіретін циклдік-ағымдық көлік ұғымы енгізілді. Осы түрінің өкілдері тұтас технологиялық процеспен байланысты элеваторлар, конвейерлік поездар, бункер – поездар болып табылады.

Әрекет ету мерзімі бойынша көлік тұрақты және уақытша болуы мүмкін. Уақытша көлік ретінде тасымалдануы, қысқаруы, ұзаруы және т.б. мүмкін уақытша (жылжымалы) жолдармен қозғалатын түрлерін түсінген жөн. Ережеге сай, осындай түрлері пайдалы қазбаны ашық (карьерлер) немесе жер асты (шахталар, кеніштер) тәсілімен өндіру кезінде қолданылады (2-суретті қараңыз).

Сыртқы және магистральды көлік өндірістік процесті жалғастыру міндетін орындайтынын байқаған жөн. Көбінесе осы мақсатта теміржол көлігі пайдаланылады, оның көмегімен кәсіпорынға шикізат, отын, жарты фабрикаттар үлкен көлемде және айтарлықтай қашықтыққа жеткізіледі. Құрылыс материалдарының, шаруашылық жүктерінің және басқаларының көп санын жақын жерлерден жеткізу автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Шикізат көздеріне жақын орналасқан кейбір өнеркәсіптік кәсіпорындарға жеткізуді құбыржол, өзенмен, контейнерлік немесе басқа көлік түрлерімен жүзеге асыруға болады, оның үлесі соншалық болмашы.

Өнеркәсіп көлігінде тасымалдау көлемінің қатынасы келесі пропорцияда көрінеді: сыртқы көлікке - 30 % жуық, ал ішкіге барлық тасымалданатын жүктердің 70 % жоғары келеді [7].

Келтірілген деректерден шамамен жүктің үштен бірі - қара металлургия кәсіпорындарында, 15 % астамы – көмір шахталарында, 12 % жуығы құрылыс индустриясында және т.б. тасымалданады. Автомобиль көлігімен, теміржолға қарағанда екі есе көп жүк тасымалданады, оның үстіне автотасымалдаудың орташа ұзындығы - 17 км, ал теміржол көлігімен 7 км құрайды.

Цех аралық тасымалдар үшін көліктің анағұрлым тиімді түрін таңдау кезінде, кәсіпорын көлігі – бұл негізгі өндіріс технологиясымен тығыз байланыста және бір ырғақта жұмыс істейтін көліктің әр түрінен, жүк көтергіш машиналардан, тиеп-түсіру механизмдерінен, жиналмалы механикаландырылған кешендерден тұратын тұтас кешен екенін ескерген жөн.

Көбінесе ішкі көлік ретінде қолданылатын өнеркәсіптік көлік тасымалдану тәсілі, тартқыш орган типі, жүк таситын элементтер типі, тұтынатын энергия тегі және т.б. бойынша жіктеледі.

Тасымалдау тәсілі бойынша көлік қондырғылары жүкті сүйрелеу арқылы жылжытатын қондырғыларға (қырғыш конвейерлер, бекіткіштер, бульдозерлер), сырғанау (гравитациялық, өздігінен ағатын), жүк таситын элементтерде (таспалы және пластиналы конвейерлер, вагондар, автомобиль шанақтары), су және ауа ортасында (құбыржол бойымен гидравликалық немесе пневматикалық көлік).