- •Біртұтас көлік жүйесі және әр түрлі көліктің өзара әрекеттесу негіздері
- •1.4 Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері
- •1.5 Жылжымалы құрам сапасын пайдалану көрсеткіштері
- •Көлік машиналарын таңдау бойынша пайдалану шарттары және жалпы ұсыныстар
- •Орын ауыстыратын жүктердің түрлері мен қасиеттері және көлік құралдарын жіктеу
- •Жіктеу белгілері
- •Тартқыш элементтер типі
- •Жетек типі
- •Көлік құралдарын таңдауға қойылатын жалпы ұсыныстар мен талаптар
- •5 Циклдік және ағынды әрекеттегі құралдардың негізгі параметрлерін анықтау
- •6 Машиналардың істен шығуының физикалық негіздері және көлік құралдарының сенімділігі
- •7 Көлік құралдарын салыстыру әдістемесі және техникалық деңгейін бағалау
- •8 Өзара әрекет ету режимдерін есептеу негіздері
ӘРКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПІ
ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛІ
ЖҰМЫС ҰЗАҚТЫҒЫ
ӘРЕКЕТ
ЕТУ ПРИНЦИПІ БОЙЫНША КӨЛІК ҚҰРАЛЫ
гравитациялық
құбыржол
өзі ағатын
конвейерлер
үздіксіз
элеваторлар
Циклдік (үздіксіз)
электровоздарр
дизеловоздар
Өзі жүретін вагондар
автомобильдер
шексіз
арқандық
ауа
тасушылар
Циклдік ағымдық
Бункер-поездар
Конвейерлі поездар
тиеушілер
Жіктеу белгілері
Тартқыш элементтер типі
Жетек типі
2-сурет - Көлік құралдарын жіктеу
Көлік құралдарын тартқыш органдарының типі бойынша тізбекті, таспалы немесе арқанды органы (конвейерлік көлік), доңғалақтары (теміржол, автомобиль немесе өзі жүретін көлік) бар, сондай-ақ тартқыш элементтерсіз (құбыржол көлігі, гравитациялық және тербелетін қондырғылар) қондырғыларға бөледі.
Жүк тасушы элементтер типі бойынша қозғалыстағы жүк тасушы элементтері бар қондырғылар (вагондар, автомашиналар мен тіркемелер шанақтары, платформалар, арбашалар, конвейерлер, элеваторлар), тербелістегі (тербелетін, дірілдік қондырғылар) және жылжымайтын (науалар, төсемдер және т.б.) болып бөлінеді.
Тұтынатын энергия тегі мен жетегі бойынша - электр жетекті (конвейерлер, электровоздар, өзі жүретін вагондар), дизельдік (тягачтар, тепловоздар, автомобильдер), карбюраторлық (автомобильдер, тиеушілер), пневмо-гидравликалық (құбыржол) жетектері бар және гравитациялық (науалар, төсемдер бойымен өзі ағатын) қондырғылар және т.б.
Өнеркәсіптің кейбір салаларында көлікті технологиялық бағыттылығы бойынша да жіктеу болады, оның негізіне еңбек құралына бөлу жатыр [8].
Осы белгілері бойынша көлік машиналарын келесі кластарға бөлуге болады: технологиялық, көліктік және көліктік-технологиялық.
Көлік машиналары өндіріс процесінде жүктерді түрлі тәсілдермен жылжытуды жүзеге асырады, сондықтан да олар негізгі сегіз класқа бөлінеді:
- тартқыш машиналар тарту құралы болып табылады және тіркеме экипаждарды жылжыту үшін, сондай-ақ жарты тіркемелермен және төсемдік жабдықпен жұмыс істеу үшін қызмет етеді;
- тарту құралы ретінде де қолданылатын, сондай-ақ тұрақты (машинаға орнатылған) немесе ауыспалы бола алатын жеке тасымалдау ыдысы болатын тартқыш-көлік машиналары. Оларға моторлы автоарбашалар, моторлы вагондар, ауыспалы жабдықпен жұмыс істеуге арналған ершікті және бір осьті тартқыштар, сондай-ақ өзі жүретін шасси-вагондар жатады.
Тіркемелі көлік құралдарында жеке энергетикалық қондырғы болмайды, бірақ машинаның барлық белгілері болады, олар көбінесе тиеу-түсіру құрылғыларына жанасатын қондырғыларымен жабдықталған. Оларға автомобиль тіркеме-самосвалдар, төңкеретін шанағы бар өзі түсіретін вагондар, думпкарлар,тракторлық топырақ таситын арбашалар және басқалары жатады.
Тасымалданатын органы бар машиналар жүктерді осы органның созылыңқылығы немесе қол жетерлігі шегінде жылжытады. Оларға таспалы және тізбекті конвейерлер, арқанды лебедкалар және басқалары жатады.
Көтергіш машиналарға бірнеше кластар кіреді, олар жүктерді түрлі тәсілдердің көмегімен, иілгіш органдарды (тальдар, тельферлер, көтергіш крандар), бұрандалы жабдықтарды (домкраттар, телескопиялық мұнара) немесе гидравликалық соташықпен қоса, көтеру және түсіруді жүзеге асырады.
Тиегіш машиналар немесе тиеушілер жүктерге материал түріне байланысты түрлі аспаптардың көмегімен орын ауыстыру жүргізеді. Мысалы, конвейерлік тиегіштерді жемірлігі аз жүктермен (қар, цемент) жұмыс істеу үшін қолданады, ашалы тиегіштер жәшіктермен, машиналармен, теңдермен және басқа ыдысты жүктермен операция жасауға қолайлы. Шөміштің немесе ілгекті траверсаның орнына сусымалы жүктерді салуға болады.
Сору немесе айдау принципі пайдаланылатын арынды орын ауыстыру машиналары сұйықтықтар мен газдарды, сондай-ақ сұйық және газ тәріздес орталарда материалдарды, мысалы бетон қоспаларын құбыр жолдары бойымен тасымалдау үшін қолданылады. Осы кластағы топтар сорғылармен, компрессорлармен, ауа үрлегіштермен және басқа құрылғылармен берілген.
Көліктік - технологиялық машиналар еңбек мәнін өзгертіп қана қоймай, бір мезгілде көліктік операцияны орындай отырып, мысалы жүкті жылжытумен қатар қопсыту, сол немесе басқа заттарды кесу барысымен жүзеге асырылады. Осы жіктеу тазарту, жер қазу, пішіндегіш-таратқыш және материалдардың технологиялық қасиеттерін сақтай отырып, тасымалдауға арналған машиналар болып бөлінеді.
Тазартқыш машиналар объектілерді орманнан, бұталардан, түбіртектерден, қар жамылғысынан және т.б. босатуға арналған. Көбінесе бұл тракторлар, оларға қосымша жұмыс жабдығы ілінеді (мысалы, шнекті-роторлық қар тазартқыш, болат тарақты қорғаны бар түбіртектерді тамырымен жұлғыш-жинағыш және басқалары).
Жер қазатын машиналар топырақты діңгектен немесе массивтен бөлу бойынша жұмыс істейді, бұл топырақ қасиеттерінің өзгеруімен қатар жүреді, ал орын ауыстыру қазу процесін үздіксіз құраушы болып табылады. Мысалы, шұңқырлар, орлар, құдықтар қазу кезінде топырақтың бір бөлігі шығарылады және жылжытылады. Осы класқа түрлі машиналар, оның ішінде қырғыштар, грейдерлер, бульдозерлер, котлован қазғыштар және т.б. енеді.
Пішіндегіш-таратқыш машиналар топырақтың өңделетін беттеріне немесе сусымалы материалдарға (көмірге, балластқа) қажетті кескін береді. Оларға өзі түсірілетін балластық вагондар, асфальт төсегіштер, бетон төсегіштер, үйінді қиябетін бекітуге арналған машиналар және басқалары жатады.
Қатаю, суыну және т.б. салдарынан өзгеруі мүмкін жүк қасиеттерін сақтай отырып, материалдарды тасуға арналған машиналар. Осындай машиналардың мысалы дайын бетон бөлігін қозғалыс кезінде араластыра жүріп, тасымалдайтын бетон араластырғыштар орнатылған автомобильдер, сонымен қатар битумды қыздырылған күйінде жеткізуге арналған автогудронаторлар болып табылады.
Технологиялық машиналар жіктеуін еңбек құралына әсер ету айырмасына жіктеуге негіздейді, осыған орай оның қасиеттері өзгереді. Мұнда кесу, бұрғылау, жону, ұсақтау және т.б. бойынша машиналардың көптеген түрлері болады. Технологиялық машиналардың осы разряды бөлгіш, қопсытқыш, араластырғыш, табанын бекіту және топырақты кептіруге арналған машиналар болып бөлінеді.
Бөлгіш және қопсытқыш машиналар механикалық құрамы әр түрлі жүктерді бөліктерге бөлу үшін қолданылады. Бұған ұсақтау, үгіту, қопсыту арқылы қол жеткізеді. Бұған ұсақтағыштар, бор үккіштер, сұрыптау жіктегіштері, дірілдеткіш қопсытқыштар және т.б. енеді.
Араластырғыш машиналар бірнеше құраушылардан, мысалы бетоннан, қалайтын және сылақ ерітінділерінен, жол жабындарына арналған асфальттан және т.б. біртекті қоспалар жасауға арналған.
Тығыздағыш машиналар жүктерді дірілдету немесе амплитудалық-жиілік тербелістерінің көмегімен тығыздау үшін қызмет етеді.
