Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экз отв квалим в маш.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
82 Кб
Скачать
☆

Экзаменационный билет №__2__

1. Система показателей качества продукции. Өнімнің сапасын көрсететін көрсеткіштер жүйесі

Сапаны жақсарту мәселесін кесіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді. Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі - сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту. Өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады. Маркетинг деңгейінде - өнімге тапсырма берушілер және олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. Өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек. Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі де артады. Қолданыстан шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға зиянды әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді қолданыстан шығарумен бітпейді. Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым басталады. Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдістемесі, ресурстар мен процестер. Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады. Сапа жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сөйкестігін осының барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады. Құжаттар сапа жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.

2. Показатели безопасности продукции. Өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері

Қауіпсіздік көрсеткіші—өнімді қолдануда немесе пайдалануда, монтаждау мен жөндеуде, тасымалдауда және механикалық, электрлік, жылулық, улы немесе жарылғыш әсерінен және т.б. жұмысшыға қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуін айтады.

Қауіпсіздіктің келесі түрлері бар:

- химиялық;

- радиациялық;

- механикалық;

- электрикалық;

- магниттік;

- электрмагниттік;

- термиялық;

- санитарлы-гигиеналық;

Қауіпсіздік көрсеткіші адамның төтенше жағдайға түспеуін қарастыру керек.

3. Экспертные методы. Эксперттік әдістері

Квалиметрияда сараптамалық әдіс келесідей қолданылады:

1) сапа көрсеткішін өлшеу;

2) салмақ коэффициентінің мәнін анықтау.

Сараптамалық әдіс басқа да салаларда қолданылады. Мысалы, физикалық өлшемдерді анықтауда, медицина саласында (консилиум), өнерде (қазылар алқасы), әлеуметтік-саяси ортада (референдум). Бірақ, тек квалиметрия ғана бұл өлшеу әдісін қатаң ғылымми заңдылыққа алды.

Мақсаты мен мүддесіне байланыссыз сараптамалық әдіс келесі шарттарды сақтайды:

- Мәселені шешу үшін обьективті әдісті қолдануға болмайтын кезде ғана сараптамалық бағаның жүргізілуі керек;

- сараптамалық комиссияның жұмысына әділетсіздікке апаратын факторлар болмау керек, сарапшылардың ойы тәуелсіз болу керек.

- сарапшыларға қойылған сұрақ ешқандай бірыңғай болу керек.

- сарапшылар алдына қойылған мәселесіне білікті болу керек.

- сарапшылардың саны үйлесімді, қолайлы болу керек.

- сарапшылардың жауабы, шешімі бірыңғай болу керек және математикалық өңдеуді қамтамасыз ету керек.