Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экз отв квалим в маш.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
82 Кб
Скачать
☆

Экзаменационный билет №__6__

1. Показатели технологичности продукции. Өнімнің технологиялық көрсеткіштері

Бұйымды жасау және жөндеу барысында жоғары өнімділікті қамтамасыз ету үшін құрылымдық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы.

Бұйымның технологиялық көрсеткіші келесідей жіктеледі:

- технологиялық қасиетінің саны (жеке, комплексті);

- анықтау кезеңі (жобалы, өндірістік, эксплуатациялық);

- анализ саласы (техникалық, техника-экономикалық);

- бағалау жүйесі (базалық, жобалық құрылымдар, салыстырмалы);

- маңыздылықтар (басты, қосымша).

Бұйымның басты технологиялық көрсеткішіне келесілер жатады:

- жасау еңбексиымдылығы;

- технологиялық өзіндік құны;

- жасау еңбексиымдылығы бойынша құрылымның технологиялық дәрежесі.

2. Основы планирования качества продукции. Өнімнің сапасын жоспарлау негіздері

Өнімді сапалық жоспарлаудың басты міндеті:

- келешекке үмітпен нарықта сұранысқа ие болатын, барлық өзінің қасиетіне толық сәйкес болатын өніммен қамтамасыз ету;

- отандық және шетелдік үлгінің деңгейіндегі өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын жоғарылату;

- өнімнің сапасын жоғарылатуда тиімді экономикалық тапсырысты орнату;

- типтік өлшемінің қатарын оңтайландыру жолында өнім шығару құрылымын жоғарылату;

- сертификатталған өнімдердің санын үлкейту;

- бәсекеге қабілетті емес және моралды ескірген өнімдерді өндірістен уақытында қысқарту;

- Стандарттардың талаптарын, техникалық шарттарын және т.б. нормативті-техникалық құжаттамаларын қатаң сақтау және жаңадан жасалған стандарттарды уақытында ендіру;

- берілген сапа деңгейін жеткізуге қамтамасыз ететін шараларды жоспарлау және іске асыру;

- жоғарылатылған сапа өнімін қолдану, өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылату;

Өнімді сапалық жоспарлау өмірдің барлық кезеңінде жоспарлау, өндіріс және эксплуатацияларды қосқанда жүруі тиіс. Өнімді сапалық жоспарлау материалды, қаржылық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі керек, ал сапаны жоғарылату мақсатында жоспарланған көрсеткіштер мен шаралар мұқият экономикалық тиімділік есептеулермен дәлелену керек.

3. Потребительский и производственный допуски. Тұтынушылық және өндірістік ауытқулар

Өнім сапасын кепілді қамтамасыз ету үшін өндірісте нарыққа қарағанда сапа көрсеткішіне қатаң талаптар қойылады. Бұл жасаушымен бекітілген (орнатылған) өнімдердің сипаттамасының мүмкіндік ауытқуларын азайтумен болып табылады.

Сонымен екі мүмкіндік ауытқу бар:

- тұтынушылардың мүмкіндік ауытқулары;

- өндірістік мүмкіндік ауықтулар.

Екі мүмкіндік ауытулардың қатынасын диаграммандан көруге болады.

Экзаменационный билет №__7__

1. Показатели стандартизации и унификации продукции. Өнімнің стандарттау және үйлестіру көрсеткіштері

Бұйымның үйлестіру және стандарттау көрсеткіштері нақты бір бұйымда құрама бөліктердің, стандарттарлған бөлшектердің және т.б. құрама элементтерінің стандартталуын сонымен қатар үйлестіру дәрежесін қолдану сипатын айтады. Бұл көрсеткіштер бұйымның құрылымдық бірыңғайлығын анықтауға мүмкіншілігін береді.

Бұйымның үйлестіру және стандарттау көрсеткіштері бұйымның құрама элементтерінің аз мөлшерде керекті өлшем түрін қамтамасыз етіп, өнім сапасын жоғарылатып, өндірісті тиімді жасауға бағытталған.

Стандартталған элементтерге мемлекеттік, салалық және халықаралық стандарт бойынша жасалған құрама бөлшектер жатады.

Үйлестірілген элементтерге келесілер жатады:

- өндірістің стандарты бойынша жасалып, кемінде екі өлшем түрінде қолданып, берілген немесе оған көршілес өндірістің қолданысына жатады;

- сериялы өндірістегі өнеркәсіп толымдаушы құрама бөліктерді дайын түрде алуы;

- бастапқыда нақты бұйымға арналып түпнұсқа түрінде жобаланып, кемінде екі өлшем түрінде қолданғандар.

2. Обобщающие и комплексные показатели качества продукции, используемые в планировании. Жоспарлау кезінде қолданылатын өнім сапасының жалпылама және кешендік көрсеткіштері

Өнімді сапалық жоспарлауда және оған нақты жеткен дәрежесіне баға беруде жалпылама және комплексті көрсеткіштер қолданады. Оларға келесілер жатады:

- өнімнің сапа дәрежесі;

- өнімнің сапалық дәрежесінің комплексті көрстеткіші;

- өнімнің сапа индексі.

Өнімнің сапа дәрежесі келесі формуламен анықталады:

мұнда —бағаланып жатқан бұйымның жеке сапа көрсеткішінің мөлшері;

—үлгі-нұсқа бұйымның сапа көрсеткіші.

Өнімнің сапалық дәрежесінің комплексті көрстеткіші—бірнеше маңызды көрсеткіштер бар болған жағдайда орташа өлшенген мөлшерде қолданылады. Өнім сапасының әр жағынан сипаттайды:

мұнда —есептеудегі ескеретін сапа көрсеткіштердің саны;

—салмақтық коэффициенті;

—өнім сапасының салыстырмалы коэффициенті;

және —сәйкесінше талдаулы және базалық бұйымның сапа көрсеткіші.

Өнімнің сапа индексі—әр өнім өзінің қасиетін толығымен

3. Комплексные показатели качества. Кешендік сапа көрсеткіштері

Өнімнің сапалық дәрежесінің комплексті көрстеткіші—бірнеше маңызды көрсеткіштер бар болған жағдайда орташа өлшенген мөлшерде қолданылады. Өнім сапасының әр жағынан сипаттайды:

мұнда —есептеудегі ескеретін сапа көрсеткіштердің саны;

—салмақтық коэффициенті;

—өнім сапасының салыстырмалы коэффициенті;

және —сәйкесінше талдаулы және базалық бұйымның сапа көрсеткіші.