- •Тақырып 4. Кәсіпорында еңбек ресурстары мен еңбекақы қорын пайдалануды талдау
- •4.1. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау
- •4.2. Еңбек ресурстарының қозғалысын талдау
- •4.3. Кәсіпорында жұмыс уақытын пайдалануды талдау
- •4.4. Еңбек өнімділігі мен өнімнің еңбек сыйымдылығын талдау
- •4.5. Кәсіпорында еңбекақы төлеуді талдау
4.2. Еңбек ресурстарының қозғалысын талдау
Кәсіпорында еңбек ресурстарын пайдалануды талдауда жұмыс күшінің қозғалысы зерттеледі. Өйткені еңбек ресурстарының құрылымында болатын кез келген өзгерістер кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді. Жұмысшылардың тізімдік санындағы өзгерістер оларды жұмыстан шығару және жұмысқа жаңа жұмысшыларды алумен байланысты болады.
Персоналдың жекелеген санаттары мен топтары бойынша кәсіпорындағы кадрлардың болуы жөніндегі мәліметтерге қарай кадрлардың қозғалысын сипаттайтын мынадай көрсеткіштер есептеледі:
жұмысқа алу бойынша айналым коэффициенті;
жұмыстан шығару бойынша айналым коэффициенті;
кадрлардың ағымдылығының коэффициенті;
кадрлар құрамының тұрақтылық коэффициенті;
орын алмастыру коэффициенті (2-кесте).
Кесте 2. Еңбек ресурстарының қозғалысының көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Есептеу формуласы |
Экономикалық мәні |
Жұмысқа алу бойынша айналым коэффициенті, Кжа |
|
Кезең ішінде жұмысқа қабылданғандардың үлес салмағын сипат-тайды. |
Жұмыстан шығару бойынша айналым коэффициенті, Кжш |
|
Кезең ішінде жұмыстан шыққанғандардың үлес салмағын сипаттайды. |
Кадрлар ағымдылығының коэффициенті, Кағымд |
|
Жағымсыз себептермен жұмыстан шығару деңгейін сипаттайды. |
Кадрлардың тұрақтылық коэффициенті, Кт |
|
Белгілі бір кезеңдегі кәсіпорында тұрақты жұмыс жасайтындар деңгейін сипаттайды. |
Орын алмастыру коэффициенті, Коа |
|
|
Еңбек ресурстарының қозғалысын талдау жоғарыда келтірілген жұмыс күші қозғалысының коэффициенттерінің негізінде соңғы бірнеше жылдағы жасалады.
4.1-мысал:
Кәсіпорындағы жұмысшылардың қозғалысы
Көрсеткіштер |
Жұмысшылар барлығы, адам |
Кезең басындағы жұмысшылардың тізімдік құрамы |
1080 |
Қабылданған жұмысшылар – барлығы, Rжа |
232 |
Оның ішінде қосымша ашылған жұмыс орындарына |
4 |
Шыққан жұмысшылар – барлығы, Rжш оның ішінде: |
197 |
Жұмысшылар санының қысқаруымен байланысты |
4 |
Жаппай жұмыстан шығарумен байланысты |
- |
Өз
еркімен,
|
193 |
Оның
ішінде еңбек тәртібін бұзғаны үшін,
|
9 |
Есепті кезеңнің соңындағы жұмысшылардың тізімдік құрамы |
1115 |
Кезең бойынша жұмыс жасаған жұмысшылар саны, Rт |
883 |
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, Rот |
1108 |
Жұмысқа алу бойынша айналым коэффициенті, Кжа |
0,209 |
Жұмыстан шығару бойынша айналым коэффициенті, Кжш |
0,178 |
Жұмыс күшінің жалпы айналымы, Кжалпы |
0,387 |
Кадрлар ағымдылығының коэффициенті, Кағымд |
0,174 |
Еңбек тәртібінің деңгейі, Кет |
0,992 |
Кадрлардың тұрақтылық коэффициенті, Кт |
0,797 |
Кәсіпорындағы жұмыс күшінің жалпы айналымын қалыпты деп санауға болады, алайда жұмыстан шығу айналымы коэффициентінің өсуі жағымсыз жағдай болып табылады. Сондықтан жұмыстан шығу көрсеткішін төмендету мақсатымен өндіріс көлемін арттыратын қосымша жұмыс орындарын құру қажет. Кадрлардың ағымдылық коэффициентінің мәні салыстырмалы жоғары 17,4% құрады (оңтайлы мәні – 8%). Сондай-ақ еңбек тәртібінің деңгейі де жоғары – 99,2%.
Жалпы кәсіпорында жұмыс күшінің қозғалысын талдауда жұмысшылардың еңбек тәртібін бұзып жұмыстан шығарылу себептері жан-жақты зерттеледі, өйткені бұл шешімін таппаған әлеуметтік мәселелермен байланысты болуы мүмкін.
