Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАҚЫРЫП 4+++.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
805 Кб
Скачать
☆

4.4. Еңбек өнімділігі мен өнімнің еңбек сыйымдылығын талдау

Кәсіпорында еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген өнім санымен анықталатын еңбек өнімділігі сипаттайды.

Еңбек өнімділігі – бұл кәсіпорын жұмысшыларының еңбегінің экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш. Кәсіпорында еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін жалпылама, жеке және көмекші көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Жалпылама көрсеткіштерге: бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру көлемі, құндық өлшемдегі бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өндіру көлемі жатады. Ал жеке көрсеткіш болып 1 адам-күндегі немесе адам-сағаттағы заттай нысандағы өнімнің белгілі бір түрінің еңбек сыйымдылығы табылады.

Көмекші көрсеткіштерге: жұмыстың белгіленген бір түрін орындауға кететін уақыт шығындары немесе уақыт бірлігінде орындалған жұмыс көлемі жатады.

Еңбек өнімділігінің жалпы көрсеткішінің ең маңыздысы – бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіру көлемі (ЖӨ):

(4.4)

мұндағы, – құндық өлшемдегі тауарлы өнімнің көлемі;

– жұмысшылар саны.

Бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіру көлеміне келесі факторлар әсер етеді:

  1. Өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың жалпы санындағы жұмыс жасайтындардың үлес салмағы (Үж). Жұмысшылардың жалпы санындағы жасайтындардың үлес салмағы неғұрлым жоғары болса, онда барлық жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан белгілі бір кезеңдегі бір жұмысшының өнім өндіру көлемін талдаудың маңызы зор.

  2. Белгілі кезеңдегі бір жұмысшының жасаған күнінің орташа саны (К);

  3. Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы (Ұ);

  4. Жұмысшының орташа сағаттық өндіру көлемі (Өс).

Бұдан бір жұмысшының орташа жылдық өндіру көлемінің мультипликативті төрт факторлы үлгісін құруға болады:

(4.5)

Төменде келтірілген мысалда абсолютті айырмалар әдісін қолданып, факторлардың еңбек өнімділігіне әсерін талдаймыз.

4.3-мысал:

Көрсеткіш

Өткен жыл

Есепті жыл

Абсолютті ауытқу

Ауытқу әсері ЖӨ

Өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың жалпы санындағы жұмыс жасайтын-дардың үлес салмағы, % (Үж)

70

72

2

+

Бір жылдағы бір жұмысшының жасаған күнінің орташа саны, күндер (К)

215

214

-1

-

Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағат (Ұ)

6,5

6,6

0,1

Жұмысшының орташа сағаттық өндіру көлемі, теңге (Өс)

100

102

2

Өткен жылдағы орташа жылдық өнім өндіру көлемі мынаған тең:

Ал есепті жылдағы орташа жылдық өндіру көлемі:

  1. Жұмысшылардың жалпы санындағы жұмыс жасайтындардың үлес салмағының 2%-ға өсуінен бір жұмысшының орташа жылдық өндіру көлемінің өзгерісі 2795 теңгені құрады, яғни:

  1. Бір жұмысшының жұмыс жасаған күнінің бір күнге қысқаруы орташа жылдық өндіру көлемін 468 теңгеге азайтты, яғни:

  1. Жұмыс күнінің ұзақтығының 6 минутқа ұзаруының есебінен бір жұмысшының орташа жылдық өндіру көлемінің өзгерісі 1540,8 теңгені құрады:

  1. Бір жұмысшының орташа сағаттық өндіру көлемінің 2 теңгеге өсуі орташа жылдық өндіру көлемін 2033,86 теңгеге өсірді:

Сонымен бір жұмысшының орташа жылдық өндіру көлеміне кәсіпорынның жұмысшыларының жалпы санындағы жұмыс жасайтындардың үлес салмағының өсуі, жұмыс уақытын жоғалтулардың қысқаруы және жұмысшының орташа сағаттық өндіру көлемінің өсуі оң әсер етсе, ал жұмысшының жұмыс жасаған күнінің қысқаруы кері әсерін тигізген.

Өнімнің еңбек сыйымдылығы (ЕСө) өнімнің бір бірлігін өндіруге кеткен заттай насындағы жұмыс уақытының шығындарын көрсетеді.

(4.6)

мұндағы, - барлық өнімді өндіруге кеткен уақыт, норма-сағат;

– белгілі кезеңдегі заттай нысанда өндірілген өнімнің көлемі.

Бұл көрсеткіш орташа сағаттық өнім өндіруге кері шама болып табылады.

Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету – еңбек өнімділігін арттырудың маңызды факторы. Еңбек өнімділігінің өсуі ең алдымен өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуінен болады. Оған ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану, өндіріс пен еңбекті жаппай автоматтандыру және т.б. арқылы қол жеткізуге болады.

Талдау барысында еңбек сыйымдылықтың серпіні, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуы, оның өзгеру себептері мен еңбек өнімділігіне әсері зерттеледі. Ол үшін өнімнің түрлері бойынша еңбек сыйымдылықтың үлестік көрсеткіштері талданады. Үлестік еңбек сыйымдылықтың орташа деңгейінің өзгерісі өнімнің жекелеген түрлері бойынша оның деңгейі мен өндірістің құрылымының өзгеруінен болуы мүмкін. Еңбек сыйымдылығы неғұрлым жоғары өнімнің үлес салмағы өскен сайын оның деңгейі өседі және керісінше:

(4.7)

Жалпы еңбек сыйымдылықтың деңгейін талдау барысында бұйымның жекелеген түрлері мен тұтастай кәсіпорын бойынша өнімнің үлестік еңбек сыйымдылығын төмендету резервтері анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]