Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Pedagogikadan_lektsialar_zhina_1171_y.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
722 Кб
Скачать
☆

2. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары.

Педагогика ғылымының зерттеу нысаны. Педагогикалық зерттеулердің нысаны – «педагогикалық дерек (құбылыс)». Нысан – ғылымның зерттеу саласы. Педагогиканың ғылымының зерттеу нысаны - қоғамның мақсаттына сай жеке тұлға қалыптасуына әсер ететін педагогикалық құбылыстар. Ол тәрбие мен білім беру құбылыстары

Педагогика ғылымының зерттеу пəні. Білім беру жүйесі, процесі, іс-әрекеттері жатады.

Педагогиканың мақсаты: арнайы мақсатты, бағдарлы ұйымдастырылған, қойылған мақсатқа жетуге және жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім мен тәрбиені жүзеге асыру. Мұнда педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақта даму жолын көрсетеді.

Педагогиканың міндеттері:

Педагогиканың негізгі және жеке категориялары. Педагогиканың негізгі ұғымдарына - тәрбие, білім беру, оқыту жатады. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.

Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі.

Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады. Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.

Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не?“Жас бала- жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді”-дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.“Тәрбие ,кең мағынасымен алғанда , қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді ,адамзат туралы айтылғанда , адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізілнді” (М. Жұмабаев.)

Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И.Песталоцци. Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс: 1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.

2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.

Сонымен бірге педагогиканың жеке категорияларына «дамыту», «өзін-өзі тәрбиелеу», «қалыптасу» ұғымдары жатады.

Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады. Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Педагогика ғылымының атқаратын қызметтері.

Педагогика ғылымы бірнеше қызметтер атқарады. Олар: түсіндіру, диагностикалау, болжамдау, жобалау, түрлендіру, рефлексивтік және түзетушілік, тәрбиелік (5,8).

Сонымен қатар педагогиканың атқаратын қызметтерін ғалымдар теориялық және технологиялық (практикалық) деп екіге бөледі.

Теориялық қызметтерге жатады:

- түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;

- болжамдау – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.

- анықтау – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс - əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;

Теориялық қызметтің бұл қызметтері педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп - төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс - əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рөл атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.

Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:

- жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс - əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;

- жаңалау – тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе, пайдалану;

- ықпал таныту (рефлексивтік) жəне реттеу - түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу - тəрбие ісіне болған əсер - ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс - əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу - түзетулерді іске асыру.